Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Созақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 30 маусымдағы №171 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28726 болып тiркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Созақ ауданының әкімі | М. Турысбеков |