Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 30 маусымдағы "Созақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" № 171 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 13 ақпандағы № 24 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2025 жылғы 14 ақпанда № 6661-13 болып тiркелдi

      Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Созақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 30 маусымдағы №171 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28726 болып тiркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ ауданының әкімі М. Турысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады