"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шардара ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | Б. Муталиев |
2025 жылғы 24 сәуірдегі № №36-196-VIII шешіміне 1-қосымша |
Шардара ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1. Тұрғын үй құнынан 10 %, бірақ әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 000 000 (бір миллион) теңгеден артық емес.
2025 жылғы 24 сәуірдегі № №36-196-VIII шешіміне 2-қосымша |
Шардара ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.
2. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
3. Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбін қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.
4. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.
5. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
6. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
7. "Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26830 болып тіркелген) бекітілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар.
8. Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.
9. Толық емес отбасылар.
10. Мемлекеттік қызметшілер.
11. Бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері.
12. Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар.