Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 ақпанда № 26830 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 68-бабының 4) тармақшасына және 69-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 16 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-14
бұйрығына қосымша

Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімі

      1. Тұрақты психотикалық симптоматикасы және тұлғаның айқын өзгерістері бар психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары).

      2. Қол-аяқ функцияларының және жамбас мүшелері функцияларының тұрақты ауыр бұзылуы бар орталық нерв жүйесінің органикалық және жарақаттанудан кейінгі бұзылуы.

      3. Нәжіс, несеп және қынап жыланкөздері, қуық стомасы, жасанды анус.

      4. Жиі ұстамасы III дәрежелі асқынған тыныс алу функциясының жетіспеушілігі бар бронх демікпесінің ауыр нысаны, үздіксіз-қайталанбалы ағым.

      5. Қозғалу функциялары жоғалған тұқым қуалайтын үдемелі нервтік-бұлшықет дистрофиясының ауыр нысандары.

      6. I типтегі қант диабеті, ауыр нысаны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады