"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 37 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 8954-16 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Н. Сактаганов |