Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балалардың тамақтану шығындарын өтеу туралы" 2023 жылғы 12 шілдедегі №156 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7225-07 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесідей мазмұндағы алтыншы, жетінші абзацпен толықтырылсын:
"мүгедектігі бар балаларға;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілерге.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Мендигалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |