Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы қаңтардың 12-iндегi "Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшiрiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртiбi туралы" N 31 P930031_ қаулысын хабарлай отырып бұйырамын:
1. Қуғын-сүргiн кезеңiнде Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшiрiлген азаматтардың паспорттарындағы ұлты туралы жазбаны өзгерту Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы тамыздың 17-iндегi N 684 P920684_ қаулысымен бекiтiлген "Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiне" және Қазақстан Республикасы IIМ 1993 жылғы тамыздың 27-iндегi N 266 бұйрығымен хабарлаған нұсқауға сәйкес жүзеге асырылсын.
2. Облыстық IIБ-ның, Алматы қалалық IIББ-ның және Ленинск қалалық IIБ-ның бастықтары паспорт аппараттарының жеке құрамының осы бұйрықпен хабарланған Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысын оқып бiлуiн ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы IIМ паспорт жұмысы мен виза және тiркеу бөлiмiне, IIБ-ның Алматы қалалық IIББ-ның және Ленинск қалалық IIБ-ның бастықтарына жүктелсiн.
Министр
Iшкi қызмет генерал-лейтенанты