Паспорттар, жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту Ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 684 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 326 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2016 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы" 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған Заңына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Паспорттар, жеке куәлiктер мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгертудiң ұсынылған Ережесi бекiтiлсiн. 
       Ескерту. Тақырып пен 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14 N 140 қаулысымен.
      2. Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді олардың жазбаша өтініштері бойынша берілген арызының негізділігін растайтын тууы туралы куәлік пен басқа құжаттардың негізінде ішкі істер органдары бір рет жасайтын болып белгіленсін.
      Азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi АХАТ органдары азаматтың өтiнiшi негiзiнде ол қажеттi құжаттарын бергеннен кейiн жүргiзедi. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14 N 140, 2011.06.30 N 736 Қаулыларымен.
       2-1. "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына сәйкес берілетiн ақтау туралы анықтамалар негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағына қуғын-сүргiн кезеңiнде күштеп қоныс аударылған Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы, жеке куәлiктерi мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертуге ерекше түрде рұқсат етiлсiн.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.14 N 140 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi қолданылып жүрген ведомстволық актiлердi осы қаулымен сәйкестендiретiн болсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы         
Министрлер Кабинетiнiң         
1992 жылғы 17 тамыздағы         
N 684 қаулысымен            
Бекiтiлген                
 

               Паспорттар жеке куәлiктер мен азаматтық хал
       актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының 
                  ұлты туралы жазбаны өзгерту 
                          Ережесi

         Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14 N 140 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақ КСР Неке және үйелмен туралы Кодексiнiң 63-бабын толықтыру туралы" 1992 жылғы 26 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының бұрын таңдаған ұлтын ата-анасының бiрiнiң ұлтына өзгертудiң мынандай тәртiбi белгiленсiн:
      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспортындағы және жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуді ішкі істер органдары жүргізеді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 N 736 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлігіндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы өтінішті арызданушының тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органына міндетті мынадай құжаттармен қоса береді:
      1) екі фотосуреті;
      2) тууы туралы куәлігі;
      3) айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 N 736 Қаулысымен.
      3. Ұлты туралы жазбаны өзгерту жөніндегі өтініш негізді болған жағдайда ішкі істер органы тарапынан ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортын немесе жеке куәлігін беру туралы қорытынды жасалады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 N 736 Қаулысымен.
      4. Өтiнiш иесiнiң тууы туралы куәлiгiне ұлтының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспорты немесе жеке куәлiгi жаңа паспорт берiлгенi туралы белгi қойылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14 N 140 қаулысымен.
      5. Ф-1 өтiнiшiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн айырбастау себебi және соның негізiнде Қазақстан Республикасы азаматының паспортындағы немесе жеке куәлiгiндегi ұлты туралы жазба өзгертілген туу туралы куәлiктiң нөмiрi көрсетiледi.
      Егер бұрын Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін басқа ішкі істер органы берген болса, оған Ф-1 өтінішінде белгі қою үшін Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы хабарлама жіберіледі.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.02.14 N 140, өзгеріс енгізілді - 2011.06.30 N 736 Қаулыларымен.
      6. Азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгертудi АХАТ органдары жүргiзедi. 
      Ұлты өзгертiлген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлiгiн алғаннан кейiн некеде тұрған немесе балалары бар азамат некеге тiркелген және балалары дүниеге келген жергiлiктi жер бойынша АХАТ органдарына немесе өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАТ органдарына азаматтық халдың тиiстi актi жазбасындағы ұлты туралы мәлiметке өзгерiс енгiзу және жаңа құжаттар алу үшiн өтiнiш беруге тиiс.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14 N 140 қаулысымен.
      7. Жоғарыда аталған өзгерістерді АХАЖ органдары қорытынды жасамай-ақ азаматтың өтініші, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі, ұлты өзгертілген Қазақстан Республикасы азаматының жаңа паспортының немесе жеке куәлігінің берілгені туралы ішкі істер органының анықтамасы және айырбастауға жататын куәлік негізінде енгізеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 N 736 Қаулысымен.
      8. АХАТ-тың аудандық, қалалық, қаладағы аудандық бөлiмдерi (бюро) өзгерiстер енгiзгеннен кейiн дәл осындай өзгерiстердi актiлiк жазбалардың екiншi даналарына енгiзу туралы хабарлар АХАТ-тың облыстық, Алматы қалалық архивтерiне жiберiледi. 
      9. Азаматтардың паспортындағы және жеке куәлiгiндегі ұлты туралы жазбаны өзгерту жөнiндегi даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.
      Ескерту. ҚРМК-нiң 1993.01.12. N 31 қаулысын қараңыз. 
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.14 N 140 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады