Қазақстан Республикасының "Жоғары бiлiм туралы" Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Жоғары оқу орындарын мемлекеттiк аттестациялау туралы Ереже бекiтiлсiн (қосымша).
2. Жоғары бiлiм бас басқармасы (Мухаметқалиев Т.М.) Республикалық ұйымдастыру-педагогикалық инспекциясымен (Икрамов К.И.) бiрiге отырып, 1993 жылдың желтоқсанының 01-не дейiн жоғары оқу орындарын аттестациялауды жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша ұйымдастыру әдiстемелiк құжаттар дайындасын.
3. Қазақстан Республикасының бiлiм министрлiгiнiң 1992 жылы шiлденiң 2-де шығарған N 300 бұйрығының Жоғары оқу орындарын аттестациялаудан өткiзетiн бөлiгi өз күшiн жоғалтты деп есептелсiн.
4. Аталған Ереже осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдiң орынбасары Е.Ө. Медеуовке жүктелсiн.
Министр
Қазақстан Республикасы
Бiлiм Министрлiгiнiң
1993 ж. 7.10. N 427 бұйрығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарын
мемлекеттiк аттестациялау туралы
Ереже Жалпы ережелер
1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарын, олардың ведомстволық бағыныштылығына және меншiк түрлерiне қарамай мемлекеттiк аттестациялау (бұдан былай - аттестациялау) мақсатын, принциптерiн, ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн анықтайды.
2. Жоғары оқу орындарына аттестациялау жүргiзу мақсаты олардың беретiн бiлiмiнiң сапасын бағалау, оның мемлекеттiк бiлiм беру - кәсiби бағдарламаларға сәйкестiгiн анықтау, жоғары бiлiмге мемлекет бөлетiн бюджеттiк қаржыларды ұтымды пайдалану, мамандар даярлау мен ғылыми зерттеулердiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету, жоғары оқу орындары ұжымдарының творчестволық белсендiлiгiн ынталандыру, жоғары оқу орнының мемлекеттiк мәртебесiн (үлгiсi мен түрiн) анықтау, жоғары бiлiмдi мамандар дайындаудағы үйлесiмдiлiк жүйесiн және құрылымын жетiлдiру, жоғары оқу саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру.
3. Аттестациялаудың шешетiн негiзгi мәселелерi - жоғары оқу орындарының iс-қызметiне мемлекеттiк бақылау жүргiзу, олардың потенциалды мүмкiндiктерiне баға беру және осы мәлiметтер негiзiнде, бiлiмнiң тиiстi мемлекет стандарттарын қанағаттандыратын жоғары мектепте дайындалатын мамандардың бiлiктiлiгiнiң деңгейiн анықтау.
4. Аттестациялаудың негiзгi принциптерi - оның мемлекеттiк-қоғамдық сипаты, объективтiлiгi және мiндеттiлiгi мен қайталанылуы. Аталған принциптердiң жүзеге асырылуы төмендегi шарттардың орындалуы арқылы қамтамасыз етiледi:
- аттестация жүйесiн жоғары мектебi басқарудың жалпы жүйесiне заңдастырылған негiзде енгiзу;
- аттестацияланатын бiрыңғай объектiлердiң жұмысына қойылатын нормативтiк талаптардың, аттестациялау тәртiбi мен бағалаудың әдiстемелiк тұтастылығы;
- аттестацияланған оқу орны мәртебесiнiң сақталу мерзiмiн анықтау;
- жоғары оқу орнының жекелеген бағыттары бойынша дайындаған мамандарына мемлекеттік үлгiдегi диплом беру құқы мiндеттi түрде әр мерзiмде қайталанып бекiтiлу.
5. Аттестациялаудан барлық мемлекеттiк жоғары оқу орындары етуге тиiстi.
6. Мемлекеттiк үлгiдегi жоғары бiлiм туралы құжаттарды беруге үмiткер мемлекеттiк емес оқу орындарын аттестациялау олардың Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiмен жасаған келiсiм негiзiнде жүргiзiледi.
Аттестациялауды ұйымдастыру және жүргiзу
тәртiбi
1. Жоғары оқу орындарын аттестациялау Бiлiм министрлiгiнiң Жоғары бiлiм Бас басқармасымен келiсе отырып осы министрлiктiң жоғары оқу орындарын аттестациялау жөнiндегi мемлекеттiк инспекция қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволардың жоғары оқу орындарын басқару органдарының, мүдделес мемлекеттiк, қоғамдық мекемелердiң және Бiлiм министрлiгiнiң құрылым бөлiмдерiнiң қатысуымен жоспарлы негiзде кем дегенде бес жылда бiр рет жүргiзiледi.
Аттестация бағдарламасымен жоғары оқу орнының жұмысын рейтингiлiк бағалау жүйесiн Бiлiм министрлiгiнiң жоғарыда айтылған инспекциясы жоғары оқу орындарының басқару органдарын, ассоциациялар мен оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерiн қатыстыра отырып жасайды және оны жоғары бiлiм бас басқармасы бекiтедi.
2. Аттестациялау комиссиясы инспекцияның ұйымдастыруымен жоғары мектептiң бiлiктi ғылыми - педагогикалық қызметкерлерiнен және оқу-әдiстемелiк бiрлестiктерiнiң мүшелерiнен құрылады. Комиссия құрамына мүдделі министрлiктер, ведомстволар, ғылыми-зерттеу институттары, мекемелер, кәсiпорындар, қоғамдық мекемелер және жергiлiктi басқару орындары өкiлдерi кiредi.
3. Аттестациялау комиссиялары өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңдарын. Бiлiм министрлiгiнiң нормативтi актiлерiн, осы Ереже және аттестациялау бағдарламасын басшылыққа алады.
Аттестациялау комиссиясының нақты жоғары оқу орнында жұмыс iстеу мерзiмi, әдетте 20 күннен аспауы керек.
4. Аттестациялаудан өту жоспарында енгiзiлген жоғары оқу орындары Бiлiм министрлiгiне өзiн-өзi аттестациялау материалдарын, кейiн жүргiзiлетiн мемлекеттiк аттестацияның нәтижелерiмен салыстыру, оларды талдау және жоғары оқу орнының потенциалын анықтау үшiн, алдын ала тапсыру керек.
5. Жоспары түрде қайталанып жүргiзiлетiн аттестациялауға байланысты шығындар, басқару органының осы мақсатқа әдейi арнап алдын ала белгiлеуi бойынша, жоғары оқу орнының қаржы есебiнен төленедi. Мәртебесiн өзгерту үшiн жоспардан тыс мемлекеттiк аттестация жоғары оқу орнының қаржы есебiнен жүргiзiледi.
6. Аттестациялау комиссиясы өзiнiң жұмысының нәтижесi бойынша қорытынды дайындайды. Мұндай оқу орны iс-әрекеттерiнiң нақты нәтижелерi анықталуға тиiстi. Қорытынды бойынша жоғары оқу орнының ғылыми кеңесiнiң мәжiлiсiнде мәлiмет берiледi.
Аттестациялау туралы шешiм қабылдау
1. Аттестациялау комиссиясының сараптау материалдары бойынша, Жоғары бiлiм Бас басқармасы және жоғары оқу орындарын аттестациялау жөнiндегi Мемлекеттiк инспекция мен бiрге дайындаған ұсынысымен жоғары оқу орнын аттестациялау туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң алқасы қабылдайды.
2. Аттестациялаудан өткен жоғары оқу орнына Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi алқасының шешiмi бойынша аттестацияланған жоғары оқу орны мәртебесi және осы министрлiктiң куәлiгi берiледi.
Аттестациядан өтпедi деп танылған жоғары оқу орнының алдағы iс-әрекеттерi жайында шешiмдi Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң алқасы қабылдайды.
3. Аттестациялық сараптаудың ұйымдастырылуы, жүргiзiлуi және нәтижелерi туралы даулы мәселелер белгiленген заң тәртiбiне сүйене отырып шешiледi.
Жоғары бiлiм бас
басқармасының бастығы