Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармасы туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi 1994 жылғы 11 наурыздағы N 19 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1994 жылғы 11 қазанда тіркелді. Тіркеу N 19. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

     "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы қаңтардың 22-сiндегi N 1915-ХII қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы желтоқсанның 17-сiндегi N 1270 P931270_ (5-тармақ) қаулысын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi қаулы етедi:
     1. Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармасы туралы тiркелiп отырған ереже бекiтiлсiн.
     2. Еңбектi қорғау департаментi (Ю.А.Романов жолдас) Ереженi еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларына жеткiзетiн болсын.

     Министр

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Еңбек министрлiгiнiң
                                       1994 жылғы 11 наурыздағы
                                            N 19 қаулысымен
                                               Бекiтiлген
 

Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармасы туралы
ҮЛГI ЕРЕЖЕ I-бөлiм. Жалпы ережелер

     1.1. Еңбектi қорғаудың аймақтық (облыстық, қалалық) басқармасы (бұдан былай еңбектi қорғау басқармасы) жергiлiктi жерлерде еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жөнiндегi территориялық басқару органы болып табылады және Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Еңбектi қорғау департаментiнiң тiкелей бағынышты.
     1.2. Еңбектi қорғау басқармасы өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Еңбектi қорғау туралы" Заңды, республиканың басқа заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Үкiмет қаулыларын, Еңбек министрлiгiнiң, Еңбектi қорғау департаментiнiң бұйрықтарын және осы Ереженi басшылыққа алады.
     1.3. Еңбектi қорғау басқармасының мiндеттi құрылымдық бөлiмшелерi мыналар болып саналады: еңбек жағдайларын мемлекеттiк сараптау, Мемлекеттiк еңбектi қорғау инспекциясы, сондай-ақ нормативтiк-құқықтық, және ақпараттық жұмыстарды қамтамасыз ететiн бөлiмшелер.
     1.4. Еңбек жағдайларын мемлекеттiк сараптау және Мемлекеттiк еңбектi қорғау инспекциясы олар жөнiндегi ережелерге сәйкес әрекет жасайды. Басқа құрылымдар туралы ереженi еңбектi қорғау басқармасының бастығы бекiтедi.

2-бөлiм. Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармасының
негiзгi мiндеттерi

     2.1. Басқарманың негiзгi мiндеттерi мыналар болып саналады:
     "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру;
     Еңбек жағдайларын сараптау және жұмыс орындарын аттестациядан өткiзудiң сапасын бақылау;
     қатынаста болуға тыйым салынған, шектелген және оларды қолдануға арнайы рұқсат берiлген өндiрiстiк процестердi, заттарды және реагенттердi анықтау;
     өндiрiстегi қауiптi жағдайларды анықтау және оларды жоюдың жолдарын қарастыру;
     еңбектi қорғау заңдарын және ережелерiн бұзған жағдайларда санкциялар қолдану;
     өндiрiстегi жазатайым жағдайлар мен кәсiби аурулар жөнiнде тергеу жүргiзу;
     еңбектi қорғау қызметкерлерiнiң мамандығын арттыру;
     аймақ деңгейiнде еңбектi қорғау жөнiнде ақпараттық жүйе құру.

3-бөлiм. Еңбектi қорғау басқармасының қызметi

     3.1. Еңбектi қорғау басқармасы оған жүктелген мiндеттерге сәйкес:
     еңбектi қорғауды кешендi басқаруды жүзеге асырады;
     мүдделi ұйымдармен және кәсiпорындармен бiрлесе отырып, еңбектi қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды талдап жасауды ұйымдастыруды және олардың орындалуын бақылайды;
     қауiпсiз және зиянсыз еңбек жағдайларын қалыптастыру және қамтамасыз ету саласында басқарманың, кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң жергiлiктi органдарының қызметiн үйлестiредi;
     еңбектi қорғау жөнiндегi ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады және үйлестiредi;
     аймақ бойынша өндiрiстегi жазатайым жағдайлар мен кәсiби ауруларды есепке алудың және тергеудiң бiрыңғай тәртiбiн қамтамасыз етедi;
     еңбектi қорғау жөнiнде бiрыңғай аймақтық ақпарат жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
     аймақта еңбектi қорғау ахуалы туралы, өндiрiстегi зақымдану мен кәсiби аурулардың себептерi туралы Еңбектi қорғау департаментiне жыл сайын баяндама даярлайды және халықты жүйелi түрде хабарлап отыруды қамтамасыз етедi;
     Қазақстан Республикасының Мемкентехқадағалаудың жергiлiктi органдарымен және басқа да тиiстi органдармен бiрлесе отырып, ведомстволардың, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың және меншiктiң әр түрiндегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, соның iшiнде жекелеген жұмыс берушiлердiң "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және еңбектi қорғау жөнiндегi басқа да нормативтiк актiлерiн орындауын қадағалауды және бақылауды қамтамасыз етедi;
     "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолдану практикасын қорытындылайды және талдау жасайды, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар даярлап, енгiзедi;
     жұмыс iстеушiлердiң жеке басын қорғайтын құралдар, еңбек жағдайларын бақылайтын аспаптар мен аппараттар жасайтын кәсiпорындар құру және дамыту жөнiнде ұсыныстар даярлайды;
     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқармасының аймақтық органдарымен бiрлесе отырып, өнеркәсiп кәсiпорындары өнiмдерiнiң еңбектi қорғау талаптарына сәйкестiлiгiн сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
     еңбек жағдайлары қолайсыз жұмыстармен шұғылданатын қызметкерлердiң еңбек жағдайларына сараптау жүргiзедi, оларға белгiленген жеңiлдiктер мен өтемақылардың берiлуiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
     еңбек процесiнде адамның денсаулығына жұмысқа қабiлеттiлiгiн сақтауды қамтамасыз ететiн гигиеналық және емдеу-сақтандыру шараларын жүзеге асыруға мемлекеттiк бақылау жүргiзедi;
     қолданылып жүрген заңда белгiленген мерзiмде азаматтардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын қарайды және қажеттi шаралар қабылдайды;
     еңбектi қорғауды насихаттауды ұйымдастырады.

4-бөлiм. Еңбектi қорғау басқармасының құқықтары

     4.1. Еңбектi қорғау басқармаларының алдында тұрған мiндеттердi шешу және жүктелген жұмыстарды орындау үшiн оларға мынадай құқықтар берiледi:
     қызметкерлердiң еңбегiн қорғау мәселелерi жөнiнде кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, мекемелер мен ұйымдардың, және меншiк түрлерiне қарамастан басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жұмыстарын тексеруге, тексеру кезiнде анықталған кемшiлiктер мен тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiнде мiндеттi түрде орындалуға тиiстi нұсқаулар беруге; тәртiп бұзуға жол берген кiнәлi адамдарға заң бойынша белгiленген шаралар қолдануға;
     кәсiпорындар мен мекемелердiң бiрiншi басшыларын және еңбектi қорғау қызметiнiң басшыларын аттестациядан өткiзуге;
     аттестациядан өткiзудiң тәртiбi мен бағдарламасын, Еңбектi қорғау департаментi талдап жасайды және бекiтедi;
     белгiленген мерзiмде статистикалық, қадағалау және бақылау органдарынан, кәсiпорындар мен ұйымдардан қорытындылап, талдау жасау үшiн еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасының ахуалы, еңбек жағдайлары туралы, өндiрiстегi зақымданулар мен кәсiби аурулар туралы қажеттi ақпарат алуға;
     кәсiпорындарда еңбектi қорғау жөнiндегi құжаттар егер заңға қайшы келетiн болса, олардың күшiн тоқтатуға, қажеттi жағдайларда оларды жою туралы Республиканың Еңбектi қорғау департаментiне ұсыныстар енгiзуге;
     еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк-құқықтық, нормативтiк-әдiстемелiк және нормативтiк-техникалық құжаттардың, еңбектi қорғау қызметi туралы ережелердiң жобаларын, еңбектi қорғау және оның қауiпсiздiгiне қатысты құрылыс нормалары мен ережелерi бөлiмдерiн, еңбек жағдайларын қалыптастыруға, адамның денсаулығы мен өмiрiне қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардан қызметкерлердi қорғауға байланысты стандарттарды, оқу-тематикалық жоспарлар мен басқа да құжаттарды қарауға, олар жөнiнде келiсуге;
     еңбектi қорғаудың жекелеген мәселелерiн қарау және талдап жасау, үшiн, сондай-ақ консультациялар мен сараптан өткiзу үшiн ғылыми-зерттеу, жобалау институттары мен кәсiпорындардың мамандарын қатыстыруға;
     еңбек жағдайларына талдау жасау және бағалау жұмыстарын жүргiзуге право алу үшiн кәсiпорындарды, ұйымдар мен жекелеген адамдарды аттестациядан өткiзуге және сертификаттар мен лицензиялар беруге;
     объектiлердi пайдалануға беруге қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиялардың жұмысына қатысуға;
     еңбектi қорғау жөнiндегi мамандардың жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген кезiнде мемлекеттiк емтихан комиссияларының жұмысына қатысуға;
     еңбектi қорғау және оның жағдайлары, сондай-ақ еңбектiң қауiпсiздiгi мен зиянсыздығының дәлелдерi жөнiндегi нормативтiк және заңдық негiздерi, ережелердi, нормаларды, стандарттар мен басқа да құжаттарды жетiлдiру жөнiнде Департаментке ұсыныстар енгiзуге.

5-бөлiм. Еңбектi қорғау басқармасының
жұмысын ұйымдастыру

     5.1. Басқармаға жергiлiктi әкiммен және Қазақстан Республикасының Еңбек министрiмен келiсе отырып, Еңбектi қорғау департаментiнiң төрағасы тағайындайтын бастық жетекшiлiк етедi. Бастықтың екi орынбасары болады, оларды жергiлiктi әкiмнiң келiсiмi мен оның өзiнiң ұсынуы бойынша Департамент төрағасы тағайындалады.
     5.2. Басқарма бастығы:
     басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жеке басымен жауап бередi, орынбасарлар, құрылымдық бөлiмшелер арасында мiндеттердi бөледi;
     еңбектi қорғау басқармасы аппаратының штат кестесi жөнiнде Еңбектi қорғау департаментiнiң бекiтуiне ұсыныстар енгiзедi;
     басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
     басқарма аппараты қызметкерлерiн (бастықтың орынбасарларынан басқасын) жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады;
     өзiнiң құзыры шегiнде бөлiмшелердiң орындауына мiндеттi болып саналатын бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi.
     5.3. Еңбектi қорғау басқармасы жанынан Басқарма кеңесi құрылады, оның құрамында басқарма бастығы (кеңестiң төрағасы), лауазымы бойынша орынбасарлар, бөлiмшелер басшылары мен кәсiпорындар өкiлдерi, еңбектi қорғау саласындағы мамандар болады.
     Кеңес мүшелерiн, оның құрамына лауазымдары бойынша кiретiн адамдардан басқасын, Еңбектi қорғау департаментi бекiтедi.
     Кеңес кеңесшi орган болып саналады, оның шешiмдерi хаттамалармен, және қажет болған жағдайларда, басқарманың бұйрықтарымен түзiледi.
     Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармасының кеңесi туралы үлгi ереженi Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң Еңбектi қорғау департаментi бекiтедi.
     5.4. Басқарма еңбектi қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң мамандығын арттыруды қамтамасыз етедi.
     5.5. Еңбектi қорғау басқармасы өзiнiң жұмысында өкiметтiң өкiлеттi және атқарушы органдарымен, Қазақстан Республикасының Мемкентехқадағалау органдарымен, жергiлiктi жерлердегi санитарлық қадағалау және басқа да қадағалау органдарымен өзара бiрлесiп әрекет жасайды.
     5.6. Еңбектi қорғау басқармасы дербес заңды тұлға болып саналады, банкте өзiнiң есеп шоты, өзiнiң қазақ және орыс тiлдерiнде аты жазылған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы салынған мөрi бар.

Типовое положение О региональном управлении охраны труда

Постановление Министерства труда Республики Казахстан от 11 марта 1994 г. N 50. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11.11.1994 г. N 19. Утратило силу - приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 7.02.2005г. N 37-п. Отменено - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 года N 124 (P050124)

      Во исполнение постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 декабря 1993 г. N 1270 (п.5) "О реализации постановления Верховного Совета Республики Казахстан от 22 января 1993 г. N 1915-XII "О введении в действие Закона Республики Казахстан "Об охране труда" Министерство труда Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое типовое Положение о региональном управлении охраны труда.
      2. Департаменту охраны труда (т.Романов Ю.А.) довести Положение до региональных управлений охраны труда.
 
      Министр
 

                                            Утверждено
                               постановлением Министерства труда
                                      Республики Казахстан
                                   от 11 марта 1994 г. N 50

                      Типовое положение
                о региональном управлении охраны труда

                      Раздел I. Общие положения
      1.1. Региональное (областное, городское) управление охраны труда (далее управление охраны труда) является органом территориального управления по осуществлению государственной политики в области охраны труда на местах и находится в непосредственном подчинении Департамента охраны труда Министерства труда Республики Казахстан.
      1.2. Управление охраны труда в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Законом "Об охране труда", другими законами республики, постановлениями Верховного Совета Республики Казахстан, указами, постановлениями и распоряжениями Президента Республики Казахстан, постановлениями Правительства, приказами Министерства труда, Департамента охраны труда и настоящим Положением.
      1.3. Обязательными структурными подразделениями управления охраны труда являются: Государственная экспертиза условий труда, Государственная инспекция охраны труда, а также подразделения нормативно-правового и информационного обеспечения.
      1.4. Государственная экспертиза условий труда и Государственная инспекция охраны труда действуют в соответствии с положениями о них. Положения о других структурах утверждает начальник управления охраны труда.

                   Раздел 2. Основные задачи регионального
                             управления охраны труда
      2.1. Основными задачами управления являются:
      проведение в жизнь Закона Республики Казахстан "Об охране труда";
      экспертиза условий труда и контроль качества проведения аттестации рабочих мест;
      определение производственных процессов, веществ и реагентов, контакт с которыми запрещен, ограничен и их применение требует специального разрешения;
      выявление производственных опасностей и поиск путей их устранения;
      принятие санкций в случае нарушения законодательства и правил охраны труда;
      проведение расследований несчастных случаев на производстве и профессиональных заболеваний;
      повышение квалификации работников охраны труда;
      создание информационной системы по охране труда на уровне региона;

                   Раздел 3. Функции управления охраны труда
      3.1. Управление охраны труда в соответствии с возложенными задачами:
      осуществляет комплексное управление охраной труда;
      организует разработку совместно с заинтересованными организациями и предприятиями региональных программ по охране труда и контролирует их выполнение;
      координирует деятельность местных органов управления, предприятия, объединений в области формирования и обеспечения безопасных и безвредных условий труда;
      организует и координирует научные исследования по охране труда;
      обеспечивает единый порядок учета и расследования несчастных случаев и профессиональных заболеваний на производстве по региону;
      обеспечивает функционирование единой региональной информационной системы по охране труда;
      готовит ежегодный доклад Департаменту охраны труда и обеспечивает регулярную информацию населения о состоянии охраны труда в регионе, причинах производственного травматизма и профессиональных заболеваний;
      обеспечивает совместно с местными органами Госгортехнадзора Республики Казахстан и другими соответствующими органами надзор и контроль за исполнением Закона Республики Казахстан "Об охране труда" и других нормативных актов по охране труда ведомствами, объединениями, предприятиями и другими хозяйствующими субъектами различных форм собственности, в том числе отдельными работодателями;
      обобщает и анализирует практику применения Закона Республики Казахстан "Об охране труда", подготовливает и вносит предложения по его совершенствованию;
      подготавливает предложения по созданию и развитию предприятий, производящих средства индивидуальной защиты работающих, приборы и аппаратуру контроля условий труда;
      организует совместно с региональными органами Главного управления по стандартизации и метрологии при Кабинете Министров Республики Казахстан работу по сертификации продукции промышленных предприятий на соответствие ее требованиям охраны труда;
      проводит экспертизу условий труда, осуществляет государственный контроль за предоставлением работникам, занятым на работах с неблагоприятными условиями труда, установленных льгот и компенсаций;
      осуществляет государственный контроль за проведением гигиенических и лечебно-профилактических мероприятий, обеспечивающих сохранение здоровья и работоспособности человека в процессе труда;
      рассматривает предложения, заявления и жалобы граждан в сроки, установленные действующим законодательством, и принимает необходимые меры;
      организует пропаганду охраны труда.

                   Раздел 4. Права управления охраны труда
      4.1. Управлениям охраны труда для решения стоящих перед ними задач и выполнения возложенных обязанностей предоставляется право:
      проверять работу предприятий, объединений, учреждений и организаций и других хозяйствующих субъектов, независимо от форм собственности, по вопросам охраны труда работников, давать обязательные для исполнения указания по устранению выявленных при проверках недостатков и нарушений; к лицам, виновным в допущенных нарушениях, принимать меры, установленные законодательством;
      проводить аттестацию первых руководителей и руководителей службы охраны труда предприятий и учреждений; порядок и программы аттестации разрабатываются и утверждаются Департаментом охраны труда;
      получать в устанавливаемые сроки от статистических, надзорных и контрольных органов, предприятий и организаций необходимую информацию о состоянии охраны труда и техники безопасности, условий труда, о производственном травматизме и профзаболеваниях для обобщения и анализа;
      приостанавливать действие руководящей документации по охране труда предприятий, если они противоречат законодательству, в необходимых случаях вносить в Департамент охраны труда Республики предложения об их отмене;
      рассматривать, согласовывать проекты нормативно-правовой, нормативно-методической и нормативно-технической документации по охране труда, положения о службе охраны труда, разделы строительных норм и правил, касающиеся охраны и безопасности труда, стандарты, учебно-тематические планы и другую документацию, связанную с формированием условий труда, защитой работников от опасных и вредных для здоровья и жизни человека производственных факторов;
      привлекать для рассмотрения и разработки отдельных вопросов охраны труда, а также для проведения консультаций и экспертизы специалистов научно-исследовательских, проектных институтов и предприятий;
      аттестовывать и выдавать сертификаты и лицензии предприятиям, организациям и отдельным лицам на право проведения работ по анализу и оценке условий труда;
      участвовать в работе государственных комиссий по приемке объектов в эксплуатацию;
      принимать участие в работе государственных экзаменационных комиссий высших и средних специальных учебных заведений при выпуске специалистов по охране труда;
      вносить в Департамент предложения по совершенствованию нормативной и законодательной базы, правил, норм, стандартов и других документов по охране и условиям труда, а также мотивации безопасного и безвредного труда;

            Раздел 5. Организация работы управления охраны труда
      5.1. Управление возглавляет начальник, назначаемый Председателем Департамента охраны труда по согласованию с главой местной администрации и Министром труда Республики Казахстан. Начальник имеет двух заместителей, назначаемых Председателем Департамента по его представлению, согласованному с главой местной администрации.
      5.2. Начальник управления:
      несет персональную ответственность за выполнение возложенных на управление задач, распределяет обязанности между заместителями, структурными подразделениями;
      вносит на утверждение Департамента охраны труда предложения по штатному расписанию аппарата управления охраны труда;
      утверждает положения о структурных подразделениях управления;
      назначает на должность и освобождает от должности работников аппарата управления (кроме заместителей начальника);
      издает в пределах своей компетенции приказы, дает указания, обязательные для исполнения подразделениями, проверяет их исполнение.
      5.3. При управлении охраны труда образуется Совет управления в составе начальника управления (председатель совета), заместителей по должности, руководителей подразделений и представителей предприятий, специалистов в области охраны труда.
      Члены Совета, кроме лиц, входящих в его состав по должности, утверждаются Департаментом охраны труда.
      Совет является совещательным органом, его решения оформляются протоколами и, в необходимых случаях, приказами управления.
      Типовое положение о Совете регионального управления охраны труда утверждается Департаментом охраны труда Министерства труда Республики Казахстан.
      5.4. Управление обеспечивает повышение квалификации работников системы охраны труда.
      5.5. Управление охраны труда взаимодействует в своей работе с представительными и исполнительными органами власти, органами Госгортехнадзора Республики Казахстан и санитарного надзора на местах и другими надзорными органами.
      5.6. Управление охраны труда является самостоятельным юридическим лицом, имеет счет в банке, печать с изображением Государственного герба Республики Казахстан и со своим наименованием на казахском и русском языках.