"ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫН КҮШIНЕ ЕНГIЗУ ТУРАЛЫ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСIНIҢ 1993 ЖЫЛҒЫ 22 ҚАҢТАРДАҒЫ N 915-XII ҚАУЛЫСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1993 жылғы 17 желтоқсан N 1270. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.12.28. N 1920 қаулысымен.~P001920

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы N 1915-XII қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi қоса берiлiп отырған шаралар бекiтiлсiн.
      2. 1993 жылғы 15 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанынан Еңбектi қорғау департаментi (бұдан былай - Департамент), жергiлiктi жерлерде оның тиiстi құрылымдары - облыстарда және Алматы мен Ленинск қалаларында еңбектi қорғау басқармалары (бұдан былай - еңбектi қорғаудың аймақтық басқармалары) құрылсын, олар Департаментке бағынатын болсын.
      Департаменттiң орталық аппаратының құрамына Еңбек жағдайларын мемлекеттiк сараптау, Еңбектi қорғаудың мемлекеттiк инспекциясы, ақпарат және нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету, жазатайым жағдайлар мен кәсiби аурулардың алдын алу бөлiмшелерi кiретiн болып белгiленсiн.
      Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң "ССРО Министрлер Советiнiң "Еңбек жағдайын мемлекеттiк сараптау туралы" 1990 жылғы 13 тамыздағы N 812 қаулысын жүзеге асыру туралы" 1990 жылғы 3 желтоқсандағы N 475 қаулысына (Қазақ КСР ҚЖ, 1991 ж., N 4, 24 бап) сәйкес құрылған және жергiлiктi бюджеттен қаржы бөлу есебiнен жұмыс iстеп тұрған еңбек жағдайларын мемлекеттiк сараптау бөлiмшелерiнiң еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларының құрамына (лабораторияларымен) енгiзiлуi тиiмдi деп есептелсiн. Бұл мәселенi облыстардың және Алматы мен Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесе отырып шешу Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне тапсырылсын.
      Департамент пен оның еңбектi қорғаудың аймақтық басқармалары дербес заңды ұйымдар болып табылады, банкте есеп шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өздерiнiң аттары жазылған мөрлерi болады.
      3. "Еңбектi қорғау туралы" Заңға сәйкес Департамент еңбектi қорғауды кешендi басқаруды жүзеге асырады, министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының, кәсiпорындар мен бiрлестiктердiң осы саладағы жұмыстарын үйлестiредi, еңбектi қорғау жөнiнде ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады, еңбек жағдайларын мемлекеттiк сараптау мен еңбек қорғауды мемлекеттiк қадағалауды баянды етедi, еңбек қорғау шығындарын қаржыландырудың тәртiбiн айқындайды деп белгiленсiн. Департаменттiң шешiмi олардың ведомстволық бағыныштылығы мен меншiк нысандарына қарамастан барлық министрлiктер, комитеттер, ведомстволар, жергiлiктi әкiмдер, мемлекеттiк концерндер, холдингтер, корпорациялар, ассоциациялар мен кәсiпорындар орындауға мiндеттi болып табылады.
      4. Департаменттi лауазымы жағынан Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң орынбасары болып табылатын Төраға басқарады, оны Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң ұсынуы бойынша республиканың Министрлер Кабинетi тағайындайды.
      Департаментке Департамент Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының еңбек министрi тағайындайтын бiр орынбасарға ие болуға рұқсат етiлсiн.
      Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарларын жергiлiктi әкiмдермен және Қазақстан Республикасының Еңбек министрiмен келiсе отырып, Департаменттiң Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      5. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Еңбектi қорғау департаментi туралы және Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi жанындағы Еңбектi қорғау департаментiнiң Еңбектi қорғаудың мемлекеттiк инспекциясы туралы қоса тiркелiп отырған Ережелер бекiтiлсiн.
      Қазақстан Республикасының еңбек министрлiгi еңбектi қорғаудың аймақтық басқармалары туралы ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      6. Департаменттiң орталық аппаратын, еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларын қаржыландыру (еңбек жағдайларын мемлекеттiк сараптаудың жергiлiктi бөлiмшелерiнен басқасы) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi орталық аппаратының жалпы штат саны Департамент құру үшiн 10 адамға көбейтiлсiн. Департамент аппаратының саны 31 адам болып белгiленсiн, соның iшiнде оған Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң қазiргi жұмыс iстейтiн Еңбек жағдайларын мемлекеттiк сараптаудан 21 адам қосылсын. Жаңадан құрылатын еңбектi қорғау мемлекеттiк инспекциялары аймақтық басқармаларының қызметкерлер саны қызмет көрсететiн қызметкерлердi қоспағанда 353 адам болып белгiленсiн.
      Департаменттiң қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы және Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен мемлекеттiк комитеттерi жанындағы бас басқармалар, комитеттер мен басқа да республикалық мекемелер аппараты басшыларының, басшы қызметкерлерiнiң және мамандарының лауазымдық жалақылары, ал еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларының қызметкерлерiне тиiстi әкiмдер басқармалары, комитеттерi мен дербес бөлiмдер басшы қызметкерлерiнiң, мамандарының еңбекке ақы төлеу шарттары таратылсын.
      Еңбектi қорғауды қадағалау мен бақылауды үздiксiз жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн еңбектiң техникалық инспекторлары, еңбектiң құқықтық инспекторлары мен кәсiподақтардың сенiм бiлдiрiлген дәрiгерлер қызметiнiң кадрлар құрамының негiзiнде Еңбектi қорғаудың мемлекеттiк инспекциясын қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасы Кәсiподақтары федерациясы кеңесiнiң ұсынысы қабыл алынсын.
      8. Департамент пен еңбектi қорғау аймақтық басқармаларының құрылымы мен штат кестесiн Департамент Төрағасы бекiтедi (еңбек жағдайларын мемлекеттiк сараптау органдарының жергiлiктi бөлiмшелерi жөнiнде жергiлiктi әкiмдермен келiсе отырып).
      9. Департаментке кәсiпорындар мен ұйымдардың ерiктi қаржы бөлу есебiнен еңбектi қорғау қорын құруға рұқсат етiлсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiмде құрылып жатқан еңбектi қорғау органдарын қызмет үйiмен қамтамасыз ету мәселесiн шешетiн болсын.
      11. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Департаменттiң орталық аппаратын және еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларын телефон және телефакс байланысының қажеттi құралдарымен қамтамасыз ететiн болсын.
      12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң ұсынуы бойынша жаңа (қайта құрылатын) кәсiпорындардың, технологиялардың жобаларын, сондай-ақ қазiр жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердiң еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды сақтауын бағалау үшiн сарапшылар ретiнде қатыстырылатын мамандардың ғылыми зерттеуiн ұйымдастыру мен еңбегiне ақы төлеуге ғылымға бөлiнетiн қаржының шегiнде жыл сайын қаражат бөлудi қарастырсын.
      13. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Кәсiподақтары федерациясы кеңесiнiң және басқа мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен 1993 жылдың аяғына дейiн:

 

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Еңбектi қорғау

туралы" Заңмен сәйкестендiру;

     осы Заңға қайшы келетiн актiлердi қайта қарау және алып

тастау;

     осы Заңнан туындайтын нормативтiк актiлердi әзiрлеу және

бекiту жөнiнде ұсыныстар дайындасын.

     14. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары

өздерiнiң нормативтiк актiлерiн "Еңбектi қорғау туралы" Заңмен

сәйкестендiретiн болсын.

            Қазақстан Республикасының

              Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                     1993 жылғы 17 желтоқсандағы

                                         N 1270 қаулысымен

                                          Бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi

           жанындағы еңбектi қорғау департаментi туралы

                             Ереже


                   I бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ


 
       1. Қазақстан Республикасының еңбек министрлiгi жанындағы Еңбектi қорғау департаментi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органы болып табылады, ол министрлiктермен, ведомстволармен, бiрлестiктермен, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының атқарушы өкiмет органдарымен өзара байланысты әрекет жасай отырып, еңбектi қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты талдап жасау және жүзеге асыру жөнiнде жауап бередi.
      Бұдан былай - Департамент.
      2. Департамент оның жүйесiне кiретiн еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларының қызметiне басшылық етедi және өзiнiң құзырына енетiн мәселелер жөнiнде министрлiктер мен ведомстволардың, қадағалау және бақылау органдарының жұмыстарын үйлестiредi.
      3. Департамент өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Еңбектi қорғау туралы" Заңды, республиканың басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен шешiмдерiн, Үкiметтiң шешiмдерiн, Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн, қолданылып жүрген мемлекетаралық нормативтiк құжаттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
 
                    II бөлiм. ДЕПАРТАМЕНТТIҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI
      4. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып саналады: "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру;
      еңбектi қорғаудың нормативтiк және заң шығару базаларын, еңбек жағдайларын қалыптастыруға байланысты ережелердi, нормаларды, стандарттарды және басқа да құжаттарды қалыптастыру және жетiлдiре түсу;
      өндiрiстегi жазатайым жағдайлар мен кәсiби ауруларға тергеу жүргiзу;
      еңбектiң қауiпсiздiгi мен зиянсыздығын уағыздап дәлелдеу;
      еңбектi қорғау қызметкерлерiн кәсiби даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
      өндiрiстегi қауiптi жағдайларды анықтап, оларды болдырмаудың жолдарын iздестiру;
      Халықаралық еңбек ұйымы шеңберiнде құрылған қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлар туралы жедел хабарлаудың халықаралық жүйесiмен байланыс орнату;
      еңбектi қорғау жөнiндегi ақпарат жүйесiн құру;
      еңбектi қорғау заңдары мен ережелердiң бұзылу жағдайларында тиiстi шаралар қолдану;
      кәсiпорындарды жобалауды, салуды және iске қосуды, оларды қайта жабдықтау және қызметiн өзгерту қажеттiгiн, сондай-ақ жұмыс барысында пайдаланылатын жабдықтардың, технологиялардың қауiпсiздiгiн реттейтiн жағдайларды белгiлеу;
      жұмыс барысында байланыста болуға тыйым салуды, шектеудi қажет ететiн немесе оларды пайдалану үшiн тиiстi органның рұқсаты немесе бақылауы тиiс болатын өндiрiстiк процестердi, заттарды және агенттердi анықтау;
      еңбек жағдайларын сараптау және жұмыс орындарын аттестациялау;
      еңбекшiлердiң денсаулығы үшiн қауiптiк тұрғысынан химиялық, физикалық және биологиялық агенттердi зерттеу жүйесiн қолдану және ұлғайту;
      бiлiм мен кәсiби даярлықтың барлық деңгейде еңбектi қорғаудың бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу;
      өндiрiстiк ортадағы еңбек қауiпсiздiгi мен гигиенасы мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметiн үйлестiру.
 
                    III бөлiм. ДЕПАРТАМЕНТТIҢ МIНДЕТТЕРI
      5. Департамент пен оның еңбектi қорғаудың аймақтық басқармалары бұларға жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      еңбектi қорғауды мемлекеттiк деңгейде кешендi басқаруды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, басқа да министрлiктермен бiрлесе отырып, еңбектi қорғау жөнiнде мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды талдап жасауды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылайды;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк басқарудың басқа да органдарының, жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының, кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң қауiпсiз және зиянсыз еңбек жағдайларын қалыптастыру мен қамтамасыз ету саласындағы қызметiн үйлестiредi;
      еңбектi қорғау жөнiнде ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады және үйлестiредi;
      еңбектi қорғау жөнiндегi салааралық нормативтiк актiлердi, ережелердi, стандарттарды және заң актiлерiнiң жобаларын талдап жасауды, бекiтудi, қайта қарауды, бұзуды ұйымдастырады;
      өндiрiстегi жазатайым жағдайларды және кәсiби ауруларды есепке алудың және тексерудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi;
      еңбектi қорғау жөнiнде бiрыңғай мемлекеттiк ақпарат жүйесiн талдап жасайды және оның қызмет iстеуiн қамтамасыз етедi;
      республикадағы еңбектi қорғау ахуалы, өндiрiсте жарақат алу мен кәсiби аурулардың себептерi туралы жыл сайын халыққа баяндама және ақпарат даярлайды;
      Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомымен және басқа тиiстi органдармен бiрлесiп министрлiктер мен ведомстволардың, бiрлестiктердiң, меншiктiң әр түрлi нысандарындағы кәсiпорындардың, соның iшiнде жекелеген жұмыс берушiлердiң "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын және еңбектi қорғау жөнiндегi басқа да нормативтiк актiлердi орындауын қадағалауды және бақылауды қамтамасыз етедi;
      "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қолданылу практикасын қорытындылайды және талдайды, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар даярлайды және енгiзедi;
      жұмыс iстейтiн адамдардың жеке басын қорғайтын құралдарды, еңбек жағдайларын бақылайтын аспаптар мен аппараттарды жасайтын кәсiпорындарды құру және дамыту жөнiнде ұсыныстар даярлайды;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқармамен бiрлесе отырып, өнеркәсiп кәсiпорындары өнiмдерiнiң еңбектi қорғау талаптарына сәйкестiлiгi жөнiнде сертификаттау жұмысын ұйымдастырады;
      еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғау жөнiндегi құжаттамаларды сараптан өткiзедi. Еңбек жағдайлары қолайсыз жұмыстармен шұғылданатын қызметкерлерге тағайындалған жеңiлдiктер мен өтемақылардың берiлуiне мемлекеттiк бақылау жасайды;
      өндiрiстiк ортаның параметрлерiн өлшеу жөнiндегi лабораторияның қызметiн лицензиялайды;
      арнаулы киiммен, арнаулы аяқкиiммен және қызметкердiң жеке басын қорғаудың басқа да құралдарымен қамтамасыз етудiң нормаларын бекiтедi;
      еңбектi қорғау және өндiрiстiк ортаның гигиенасы жөнiнде шет елдермен ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      азаматтардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын қолданылып жүрген заңда белгiленген мерзiмдерде қарайды және қажеттi шаралар қабылдайды;
      еңбектi қорғауды насихаттауды ұйымдастырады.
 
                    IV бөлiм. ДЕПАРТАМЕНТТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
      6. Департаментке және оның еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларына өздерiнiң алдына қойылған мiндеттердi шешу және оларға жүктелген мiндеттемелердi орындау үшiн мынадай құқық берiледi:
      қызметкерлердiң еңбегiн қорғау мәселелерi жөнiнде министрлiктердiң, ведомстволардың, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, мекемелер мен ұйымдардың жұмыстарын тексеруге, тексерген кезде анықталған кемшiлiктер мен тәртiп бұзушылықты жою жөнiнде орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге, қажет болған жағдайда тәртiп бұзушылыққа жол берген кiнәлi басшыларды және басқа лауазымды адамдарды тәртiп жөнiндегi жауапкершiлiкке тарту туралы жоғарғы органдарға ұсыныстар түсiруге, оларға заңда белгiленген және басқа да шаралар қолдануға;
      министрлiктер мен ведомстволардан, қадағалаушы және бақылаушы органдардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан белгiленген мерзiмде еңбектi қорғау және оның жағдайлары, қауiпсiздiк техникасы туралы, қорытындылау және талдау үшiн өндiрiстегi зақымдалу мен кәсiби аурулар туралы қажеттi ақпарат алып отыруға;
      министрлiктер, ведомстволар шығарған еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк актiлер заңға қайшы келетiн болса, олардың күшiн тоқтатуға, қажеттi жағдайларда оларды бұзу туралы республика Үкiметiне ұсыныстар енгiзуге;
      еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк-құқықтық, нормативтiк-әдiстемелiк және нормативтiк-техникалық құжаттардың жобаларын, қызметкерлердiң еңбек жағдайын қалыптастыруға, оларды адам денсаулығы үшiн қауiптi де зиянды өндiрiстiк факторлардан қорғауға байланысты, еңбектi қорғау мен қауiпсiздiкке, стандарттарға, оқу-тақырыптық жоспарларға қатысы бар еңбек қорғау қызметi, құрылыс жүргiзу нормалары мен тәртiптерi туралы ережелердi қарауға, келiсуге және бекiтуге;
      еңбектi қорғаудың жекелеген мәселелерiн қарау және талдап жасау үшiн, сондай-ақ консультациялар өткiзу мен сараптау үшiн министрлiктердiң, ведомстволардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, кәсiпорындардың мамандарын қатыстыруға;
      еңбек жағдайларын талдау мен бағалау жұмыстарын жүзеге асыру құқына ие болу үшiн кәсiпорындарды, ұйымдарды және жеке адамдарды аттестациядан өткiзуге және оларға сертификаттар мен лицензиялар беруге;
      объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиялардың жұмысына қатысуға;
      еңбектi қорғау жөнiндегi мамандардың жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрер кезде мемлекеттiк емтихан қабылдайтын комиссиялардың жұмысына қатысуға.
 
                    V бөлiм. ДЕПАРТАМЕНТТIҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
      7. Департаменттi Төраға басқарады, ол лауазымы жағынан Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң орынбасары болып саналады, оны Қазақстан Республикасы еңбек министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды. Төрағаның Департамент Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек министрi тағайындайтын бiр орынбасары болады.
      8. Департаменттiң Төрағасы:
      Департаменттiң қызметiне басшылық етедi;
      Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына тiкелей жауап бередi, төраға орынбасарларының, құрылымдық бөлiмшелердiң арасындағы мiндеттердi бөледi және оларға жүктелген мiндеттердi орындаудың жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi;
      Департаменттiң орталық аппаратының, еңбектi қорғау аймақтық басқармаларының (еңбектi қорғауды мемлекеттiк сараптаудың жергiлiктi бөлiмшелерi жөнiнде - жергiлiктi әкiмдердiң келiсiмiмен) белгiленген қызметкерлер саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде құрылымын, санын және штат кестесiн, сондай-ақ Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      Департаменттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн (төрағаның орынбасарларынан басқасын) және еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларының басшы қызметкерлерiн жергiлiктi әкiмдермен және Қазақстан Республикасының еңбек министрiмен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      өзiнiң құзыретi шегiнде ведомстволық бағыныстағы еңбектi қорғаудың аймақтық басқармалары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi және олардың орындалуын тексередi.
      9. Департаментте (9 адамнан) алқа құрылады, оның құрамында Департаменттiң Төрағасы (алқа төрағасы), лауазымдары бойынша төрағаның орынбасарлары, Департаменттiң, министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, ғылыми-зерттеу институттарының басшы қызметкерлерi болады.
      Департамент алқасының мүшелерiн, оған лауазымдары бойынша кiретiн адамдардан басқасын, Қазақстан Республикасының Еңбек министрi бекiтедi.
      Алқа кеңесшi орган болып саналады, оның шешiмдерi хаттамамен, қажет болған жағдайда Департаменттiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
      10. Еңбектi қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметтерiн үйлестiру үшiн Департаментте ғылыми-техникалық кеңес құрылады.
      11. Департамент еңбектi қорғау жүйесiндегi қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi.
      12. Департаменттiң құрамында Еңбек жағдайларын мемлекеттiк сараптау, Еңбектi қорғаудың мемлекеттiк инспекциясы, ақпарат және нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету, жазатайым жағдайлар мен кәсiби аурулардың алдын алу бөлiмшелерi құрылады.
      13. Департамент және оның еңбектi қорғаудың аймақтық басқармалары өздерiнiң жұмысында өкiметтiң өкiлеттi және атқарушы органдарымен, Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы, санитарлық қадағалау органдарымен, басқа да қадағалау органдарымен өзара байланыста әрекет жасайды.
      14. Департамент және оның еңбектi қорғаудың аймақтық басқармалары дербес заңды ұйым болып табылады, банкте есеп шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және қазақ, орыс тiлдерiнде өзiнiң аты жазылған мөрi болады.
 
                    VI бөлiм. ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ
                             БАСҚАРМАЛАРЫ
      15. Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармалары еңбектi қорғаудың аумақтық басқару органдары болып табылады және өздерiнiң қызметiнде Департаментке бағынады.
      16. Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларын жергiлiктi әкiмдермен және Қазақстан Республикасының Еңбек министрiмен келiсе отырып Департаменттiң Төрағасы тағайындайтын бастық басқарады.
      Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларының Еңбек жағдайларын мемлекеттiк сараптау басшылары - Басқарма бастығының орынбасарлары - облыстардың (Алматы және Ленинск қалаларының) еңбек жағдайлары жөнiндегi Мемлекеттiк бас сарапшылары болып саналады.
      Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларының Еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясының басшылары басқарма бастығының орынбасарлары - облыстардың (Алматы және Ленинск қалаларының) Еңбектi қорғаудың мемлекеттiк инспекторлары болып саналады.
      17. Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармалары өздерiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi бекiткен үлгi ереженi басшылыққа алады.
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                     1993 жылғы 17 желтоқсандағы

                                         N 1270 қаулысымен

                                          Бекiтiлген



 
              Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi
         жанындағы Еңбектi қорғау департаментiнiң Мемлекеттiк
               еңбектi қорғау инспекциясы туралы
                              Ереже
      1. Мемлекеттiк еңбек қорғау инспекциясы (бұдан былай - Мемлекеттiк инспекция) Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң жанындағы Еңбектi қорғау департаментiнiң (бұдан былай - Департамент) құрылымдық бөлiмшесi, ал жергiлiктi жерлерде - еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларының құрылымдық бөлiмшелерi болып табылады және Қазақстан Республикасы "Еңбектi қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес еңбектi қорғау жөнiндегi заңдардың және басқа нормативтiк актiлердiң сақталуына мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк инспекция өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, нормативтiк актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Мемлекеттiк инспекцияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып саналады:
      "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру;
      еңбектi қорғау саласындағы саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
      өндiрiстегi қауiптi жағдайларды анықтау және оларды жоюдың жолдарын iздестiру;
      еңбектi қорғау заңдары мен ережелердiң бұзылуы жағдайында санкциялар қолдану;
      кәсiпорынның алдына қойылған мiндеттер мен еңбектiң нақты жағдайларына сәйкес серiктестер (әкiмшiлiктер, өндiрiс бастықтары, еңбектi қорғау жөнiндегi мамандар, жұмысшы өкiлдерi) арасында ынтымақтастықты дамыту;
      еңбектi қорғауды бақылауды кәсiподақ ұйымдарының өкiлдерiмен өзара iс-қимылда жүзеге асыру;
      еңбектiң қауiпсiздiгiн және зиянсыздығын дәлелдеу;
      еңбектi қорғаудың нормативтiк және заң шығарушылық негiзiн жетiлдiру.
      4. Мемлекеттiк инспекция өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      министрлiктер мен ведомстволардың, бiрлестiктердiң, меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындардың, соның iшiнде жекелеген жұмыс берушiлердiң "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк актiлердi орындауын қадағалайды және бақылайды;
      еңбектi қорғау мен оның қауiпсiздiгi саласында құжаттарды әзiрлеудi үйлестiредi;
      жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының еңбектi қорғау талаптарына сәйкестiлiгiне бақылау жасайды;
      өндiрiстегi жазатайым жағдайлар мен кәсiби аурулардың себептерiн тексерудiң және есепке алудың, оларды талдаудың бiрыңғай тәртiбiн қамтамасыз етедi;
      министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, еңбектi қорғау жөнiнде мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламаларды талдап жасауды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылайды;
      республикада және аймақтарда еңбектi қорғаудың жағдайлары, өндiрiсте зақымдану мен кәсiби аурулардың себептерi туралы жыл сайын баяндама даярлауды, осы мәселе жөнiнде халықты хабардар етудi ұйымдастырады;
      өндiрiстiң барлық түрлерiндегi жабдықтарға, өнiмдерге қауiпсiздiк сертификаттарының бар-жоғын бақылайды;
      арнаулы киiммен, арнаулы аяқкиiммен және адамның жеке басын қорғаудың басқа да құралдарымен қамтамасыз етiлу нормаларының орындалуын бақылайды;
      республиканың, таяу және алыс шетелдердiң кәсiпорындары мен ұйымдарында еңбектi қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың тәжiрибелерiн зерттейдi және қорытындылайды, өзiнiң өкiлдiгi шегiнде осы салада халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      кәсiпорындар мен ұйымдардағы еңбектi қорғау қызметтерiнiң жұмыстарына әдiстемелiк басшылық жасайды және оларды үйлестiрiп отырады;
      машина жасау өндiрiсi өнiмдерiнiң тәжiрибелiк үлгiлерiн қабылдау сынақтарынан өткiзу жөнiнде комиссияның жұмысына қатысады және тиiсiнше қорытынды пiкiр айтады;
      еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде жұмыс жүргiзедi.
      5. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн Мемлекеттiк инспекция мынадай құқықтарға ие:
      алдын ала хабарламастан және кез келген уақытта, меншiгi мен қожалық ету нысанына қарамастан, барлық кәсiпорындарда болуға (Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарынан, басқа министрлiктер мен ведомстволардың режимдегi және айрықша режимдегi кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар объектiлерiнен басқасы), министрлiктерден, мемлекеттiк басқарудың басқа да орталық және жергiлiктi органдарынан, кәсiпорындардан, жұмыс берушiлерден қажеттi ақпараттар алуға;
      кәсiпорындардың басшыларына және басқа лауазымды адамдарға орындауға мiндеттi жарлықтар беруге;
      кәсiпорындардың, жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуын тоқтатуға (тыйым салуға);
      еңбектi қорғау жөнiндегi заңдарды және басқа нормативтiк актiлердi бұзғаны үшiн кәсiпорындардың басшыларына, лауазымды адамдарына, жұмысшыларына заңда белгiленген тәртiппен айып салуға, аталған адамдарды атқаратын қызметтерiнен босату туралы ұсыныстар енгiзуге, қажет болған жағдайларда ондай адамдарды заңға сәйкес жауапкершiлiкке тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды прокуратура органдарына беруге;
      Еңбек жағдайларын мемлекеттiк сараптаудың қорытындылары бойынша жобалау - конструкторлық ұйымдардан, бұйым өндiрушi заводтардан және кәсiпорын басшыларынан еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарына сай келмейтiн технологиялық процестерге, станоктардың, машиналардың және басқа жабдықтардың құрылымдарына өзгерiстер енгiзудi талап етуге және оларды шығаруды тоқтату туралы мәселе қоюға;
      өндiрiске және әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердi салудың, қайта жаңарту мен техникалық жағынан қайта жарақтандырудың барысында еңбектi қорғау талаптарының сақталуына алдын ала қадағалау жасап отыруға;
      өндiрiстегi жазатайым жағдайларды тексеруге қатысуға;
      нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сай келмейтiн арнаулы киiмдердi, арнаулы аяқкиiмдердi және адамның жеке басын қорғайтын басқа құралдары қызметкерлерге беруге тыйым салуға, оларды өндiруге және өткiзуге тыйым салу туралы мәселенi тиiстi органдардың алдына қоюға;
      кәсiпорындар мен мекемелер әкiмшiлiктерiнiң ұжымдық шарттарда көзделген еңбектi қорғау жөнiндегi шараларды орындауын және еңбектi қорғауға арналған қаржылардың жұмсалуын бақылап отыруға;
      өзiнiң құзыры шегiнде бұларды барлық министрлiктер мен ведомстволар, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдар, басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер орындауға мiндеттi еңбектi қорғау жөнiнде әдiстемелiк нұсқаулар және басқа нормативтiк құжаттар шығаруға;
      еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi бюллетеньдердi, анықтамалықтарды, әдiстемелiк материалдарды белгiленген тәртiппен шығаруға.
      6. Мемлекеттiк инспекцияны Департамент Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Мемлекеттiк еңбектi қорғаудың бас инспекторы басқарады.
      Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларының Мемлекеттiк еңбектi қорғау инспекцияларын Мемлекеттiк еңбектi қорғау инспекторлары - Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармалары бастығының орынбасары басқарады, оларды жергiлiктi әкiмдермен және Қазақстан Республикасының еңбек министрiмен келiсе отырып, Департаменттiң Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Еңбектi қорғауды мемлекеттiк қадағалауды және бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мемлекеттiк еңбектi қорғаудың инспекторы, Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларының бастықтары және Мемлекеттiк инспекцияның инспекторлары жатады.
      7. Мемлекеттiк инспекция өзiнiң жұмысында Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетпен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауымен осы органдардың келiсiмi бойынша Департамент бекiткен Ереже негiзiнде өзара iс-қимыл жасайды.
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                     1993 жылғы 17 желтоқсандағы

                                         N 1270 қаулысымен

                                           Бекiтiлген



 
              Қазақстан Республикасының "Еңбектi қорғау туралы"
       Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы
      Кеңесiнiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы N 1915-XII қаулысын жүзеге
                       асыру жөнiндегi шаралар
                              (Кесте)
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады