Құрылыста мердiгерлiк конкурстар мен саудаласуларды
(тендерлердi) әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ереже I. Жалпы ереже
1. Осы ереже мердiгерлiк конкурстар мен саудаласулар (тендерлер) түрлерi мен қолданылу салаларын, оларды әзiрлеп, өткiзу тәртiбiн, қажеттi құжаттар құрамы мен оларға қойылатын талаптарды анықтайды, оларды әзiрлеп, өткiзудi ұйымдастыру және олардың Қазақстан Республикасы аумағында жаңа құрылыс салуға, жұмыс iстеп тұрған объектiлердi кеңейтуге, қайта құруға, техникалық қосымша жарақтандыруға және күрделi жөндеуге байланысты жұмыстың бүкiл кешенiн орындау мен қызмет көрсетуге келтiрер нәтижесiн реттеу шартын тәпiштейдi.
Мердiгерлiк конкурстар мен саудаласулар (тендерлер) туралы Уақытша ереже (одан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының құрылыс саласында қолданылып жүрген заңдарына сәйкес әзiрлендi.
2. Ереже тапсырыс берушiлер, коммерциялық құрылыс салушылар және мердiгерлер үшiн:
- толығынан немесе iшiнара мемлекеттiк бюджеттен, Экономиканы қайта құру қорынан, Жол қорынан, Кәсiпкерлiктi қолдау қорынан, мемлекеттiк сектордың осындай басқа қорларынан және банктiк кредиттен;
- өз қаражаты немесе мемлекеттiк кәсiпорындардың заем қаражаты есебiнен;
- егер конкурсты және саудаласуды ұйымдастыру туралы тапсырыс берушi шешiмiнде осы Ереженi қолдану көзделсе, басқа көздерден қаржыландырылатын құрылыстар бойынша жаңадан басталатын, қайта жасалатын, кеңейтiлетiн кәсiпорындарды, сондай-ақ техникалық қосымша жарақтандыруға және күрделi жөнделуге жататын объектiлердi жобалауға, салуға, мердiгерлiк қайсыбiр жұмыстар мен қызметтердi орындауға тапсырысты орналастырып, жүзеге асыру барысында мiндеттi болып табылады.
Басқа реттерде Ереже ұсыныстық сипат ұстайды.
3. Конкурстар мен саудаласуларды (тендерлердi) ұйымдастыру барысында:
- мердiгерлiк конкурс пен саудаласудың таңдалған түрiнiң инвестициялық-құрылыс қызметiнiң нақты жағдайына, соның iшiнде инвестордың мүмкiндiктерiне сәйкес болуы;
- үмiткер-мердiгерлердiң кеңiнен сайыстылығын қамтамасыз ету;
- меншiк түрiне, шаруашылықты жүргiзу нысанына және олардың орналасқан жерiне қарамастан үмiткер-мердiгерлердiң бiрдей құқығын қамтамасыз ету;
- үмiткер-мердiгерлер тарапынан монополдық сипатта ықпал ету шараларына жол бермеу;
- конкурстар мен саудаласуларға қатысушылардың мiндеттi процедуралардың орындалмағаны үшiн жауапкершiлiгiн қамтамасыз ету қағидаттары сақталуға тиiс.
4. Осы Ережеде пайдаланылған терминдер N 1 қосымшада келтiрiлген.
5. Күрделi құрылыстағы мердiгерлiк конкурстар мен саудаласулардың негiзгi түрлерi N 2 қосымшада аталған.
II. Конкурстар мен саудаласулар (тендерлер)
6. Жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамалардың барлық түрi, соның iшiнде аумақтарда кешендi құрылыс салу, тұрғын үйлер мен әлеуметтiк-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер жобалары конкурс нысаны бола алады.
7. Кәсiпорындарды, үйлер мен ғимараттарды, соның iшiнде тұрғын үйлердi және инфрақұрылым объектiлерiн жұмыс бабында жобалау және салу;
- құрылыс, монтаж, iске қосу-баптау жұмыстарының жекелеген кешендерiн орындау;
- күрделi де бiрегей жабдықтарды әзiрлеу, жеткiзу, монтаждау;
- инжирингтiк жұмыстар мен қызметтер;
- кәсiби басқару жөнiндегi (менеджмент) қызметтер;
- құрылыс саласындағы басқа мердiгерлiк жұмыстар мердiгерлiгi саудаласу нысаны бола алады.
8. Конкурстың немесе саудаласудың бас мердiгерлiкке, қосалқы мердiгерлiкке, бөлек немесе бiрлескен мердiгерлiкке өткiзiлуi мүмкiн.
Қосалқы мердiгерлiк жұмыстарға конкурстарды немесе саудаласуларды бас мердiгер ұйымдастырады.
Бөлек мердiгерлiкке арналған конкурс немесе саудаласу iрi кәсiпорындарды, объектiлер кешендерiн жеделдете салу қажеттiгi барысында өткiзiледi және мердiгерлiктiң жекелеген түрлерi (жалпы құрылыстық, арнаулы құрылыс, монтаж және iске қосу-баптау жұмыстары) бойынша конкурс немесе саудаласу өткiзудi қарастырады. Кейiннен тапсырыс берушi қызметi жекелеген мердiгерлер жұмысын үйлестiредi.
Iрi мердiгерлiкке арналған конкурсқа немесе саудаласуға қатысу үшiн бiрнеше мердiгер қолданылып жүрген заңға сәйкес бiрлесе қызмет ету үшiн бiрiге алады.
9. Құрылыс-монтаж және басқа жұмыстарды жобалауға лицензиясы бар кәсiпорын, меншiк түрi мен нысанына және шаруашылықты жүргiзудiң ұйымдық-құқылық нысанына қарамастан, сондай-ақ шетелдiк резидент емес кәсiпорындарды қоса алғанда жабдықтарды жасаушы ұйымдар, делдалдық ұйымдар конкурстар мен саудаласуларға қатыса алады.
Конкурстар мен саудаласуларға:
- шаруашылық қызметiн жүргiзу үшiн тiркелмеген;
- банкрот деп жарияланған;
- конкурс-саудаласуға қойылған тапсырысты орындау үшiн қажеттi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы жоқ заңды және жеке тұлғалар;
- конкурстық комиссия (тендерлiк комитет) мүшелерi;
- Қазақстан Республикасы аумағында тиым салынған ұйымдар қатыса алмайды.
10. Iрi де күрделi кәсiпорындар мен объектiлердi жобалау және салу барысында конкурсқа немесе саудаласуға қатысу үшiн басқа мемлекеттерден қатысушылар шақырыла алады.
Халықаралық конкурстар мен саудаласуларды ұйымдастыру осы Уақытша ереженiң 6-бөлiмiмен тәпiштеледi.
11. Ашық конкурс немесе саудаласу, әлбетте, техникалық жағынан онша күрделi емес қайта қолданылатын объектiлер үшiн өткiзiледi. Қорғаныс немесе басқа арнаулы мақсаттағы объектiлерде мердiгерлiктi орналастыруға арналған ашық конкурс немесе саудаласу өткiзуге жол берiлмейдi.
12. Жабық конкурс немесе саудаласу:
- ықтимал қатысушылардың шектеулi аясын көздейтiн жобалау немесе құрылыс салудың өзiндiк сипаты және шарты бар;
- олар бойынша ашық саудаласу тапсырыс берушi немесе үмiткерлер үшiн шығынға, мердiгерлiк жұмыстарды орындаудан күтiлетiн кiрiстiң сәйкессiздiгiне соқтыратын;
- ол бойынша бұрынырақ өткiзiлген ашық сауда оң нәтиженi қамтамасыз етпеген объектiлер үшiн жүзеге асырылады.
13. Техникалық онша күрделi емес объектiлердi жобалау немесе салу конкурсы немесе саудаласуды, әлбетте, бiр турда өткiзiледi.
Iрi де күрделi объектiлердi жобалау немесе салу конкурсы немесе саудаласудың екi турда өткiзiлуi мүмкiн. Бiрiншi турда бiрнеше таңдаулы үмiткер iрiктеледi, олар екiншi турға қатысуға шақырылады. Сонымен бiрге конкурс немесе саудаласу нысаны өзгертiлмейдi.
14. Жартылай жабық (ашық-жабық) конкурс немесе саудаласу екi турда және одан көп өткiзiледi.
15. Алдын ала квалификациялау арқылы ашық конкурсқа немесе
саудаласуға қатысушыларды реттеу N 9 қосымшаға сәйкес жүзеге
асырылады.
Алдын ала квалификациялау арқылы ашық конкурс немесе саудаласу, әлбетте, iрi де күрделi объектiлердi жобалауға немесе салуға немесе күрделi де бiрегей жабдықтарды конструкциялап жасауға, жеткiзуге және монтаждауға тапсырысты орналастыру барысында өткiзiледi.
Қайта квалификациялау арқылы конкурстық жұмыстарды беруге немесе ашық конкурсқа қатысуға шақыруды конкурстық iрiктеуден өткен үмiткерлер ғана алады.
16. Конкурстар мен саудаласулар жариялы болуға тиiс.
III. Конкурстарды ұйымдастыру
17. Конкурсты өткiзу туралы шешiм тапсырыс берушiнiң реттеушi
құжатымен (бұйрықпен, қаулымен, өкiммен) ресiмделедi. Онда
конкурстың түрi, өткiзу тәртiбi мен мерзiмi анықталады.
18. Конкурстарға арналған мiндеттi құжаттардың тiзбесi N 3 қосымшада көрсетiлген. Конкурстық құжаттама қатысушылардың бәрi оны бiрдей түсiне алатындай етiп жасалуға тиiс.
19. Конкурс шартымен конкурстық тапсырманы тiкелей тапсырыс берушi немесе шартты негiзде мамандардың уақытша тобы әзiрлейдi.
20. Конкурс шарты:
- конкурс тақырыбының атауын;
- конкурстық жұмысты орындау мерзiмiн;
- конкурстық жұмыстар тiлiне талапты;
- конкурстық сыйақы нысандарын (сыйлық, қаламақы, жүлде, тағы сол сияқтылар);
- конкурстық жұмыстарды беру орны, оның нақты мекен-жайын көрсету арқылы;
- егер конкурс бiрнеше турда өткiзiлетiн болса, онда конкурстың әр турын өткiзу мерзiмi мен тәртiбiн;
- конкурстық жұмыстарды бағамдау түйiндерiн;
- конкурстың, оның турларының қорытындысын шығару процедурасы мен күнiн;
- жүлделi конкурстық жұмыстарды пайдалану тәртiбiн қамтуға тиiс.
21. Конкурстық тапсырма:
- тақырып атауы мен конкурс нысанының ақшам сипаттамасын;
- конкурс мiндеттерi мен талаптарын;
- конкурстық тапсырманы орындауға арналған бастапқы деректердi;
- конкурсқа ұсынылатын сызбалар мен схемалардың құрамы мен санын, олардың көлемiн;
- қала құрылысы, келiмдi-кеңiстiктiк, техникалық-экономикалық, әлеуметтiк және басқа көрсеткiштер номенклатурасын;
- конкурстық жұмыстар көлемi мен ресiмделуiне талапты анықтайды.
22. Жарияланған ашық конкурсты өткiзбеуге болмайды.
Конкурстық жұмыстарды әзiрлеу үшiн белгiленген мерзiмнiң алғашқы жартысында ғана конкурс шарттарын өзгертуге жол берiледi. Конкурс шартына енгiзiлетiн iшiнара өзгертулер конкурстың мәнiн қамтымауға тиiс. Мұндай өзгертулер конкурстық жұмыстар көлемi мен оларды беру мерзiмiне ғана қатысты бола алады. Мұның барысында конкурстық жұмыс тақырыбы мен мақсатын өзгертуге жол берiлмейдi.
Тапсырыс берушi-конкурсты ұйымдастырушы конкурс шартын өзгерту туралы конкурс жарияланғандағыдай тәртiппен хабарлауға мiндеттi.
23. Конкурстың құрамы, реттiлiгi және шамамен ұзақтығы N 4 қосымшада көрсетiлген конкурсты ұйымдастыру бағанасында келтiрiлген.
Ашық конкурстар
24. Ашық конкурсты өткiзу туралы хабарландыру ол басталардан екi апта бұрын жариялануға тиiс. Ашық конкурс туралы хабарландырудың мiндеттi құрамы N 5 қосымшада келтiрiлген. Хабарландыруда Қазақстан Республикасының нормативтiк актiлерiне қайшы келмейтiн басқа шарттар да бейнелене алады.
Конкурс шарты мен конкурстық тапсырма конкурс туралы хабарландырумен бiр мезгiлде жарияланады.
25. Ашық конкурсқа қатысушы белгiленген негiзгi кезеңде конкурстық жұмысты және оған түсiнiктеме хатты әзiрлейдi. Конкурстық жұмыс құрамы конкурс шартына және конкурстық тапсырмаға сай келуге тиiс.
26. Ашық конкурсқа берiлетiн материалдар құрамына екi дана конкурстық жұмыс пен оған түсiнiктеме хат, ақпараттық бет және девиздiк конверт енедi.
Аталған материал конвертке салынып, желiмделiп берiледi, онда конкурстық жұмыстарды қабылдау үшiн белгiленген нақты мекен-жай көрсетiледi.
Желiмделiп жабылатын девиздiк конвертте ақпараттық бет салынады, ол конкурстық жұмыстың девизiн және (авторлар) туралы мәлiметтердi - фамилиясын, аты-жөнiн, автордың (авторлардың) мекен-жайын, сондай-ақ сыйлықты (сыйақыны) авторлар арасында проценттiк бөлу туралы анықтаманы баяндайды.
27. Егер конкурстық жұмыстар почта арқылы жiберiлсе немесе конкурстар шартында көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрiлмей жеке табыс етiлсе ол белгiленген мерзiмде ұсынылады деп есептеледi.
Автор конкурстық жұмысты почта арқылы жөнелту барысында конкурстық комиссияның мекен-жайына жедел хат жолдап, аталған жұмыстың жiберiлуiн куәландыратын түбiр қағаз нөмiрiн және девиздi көрсетуге тиiс.
28. Конкурстық комиссия құрамы тиiстi салалардағы жетекшi мамандардан құрылады. Және тапсырыс берушi - конкурсты ұйымдастырушы бұйрығымен бекiтiледi. Конкурстық комиссия құрамына салалық министрлiктен (ведомстводан), Экономика министрлiгiнен, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнен, жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарынан, тапсырыс берушi ұйымнан немесе коммерциялық құрылыс салушылардан, ұлттық, тұрғын үй-құрылыс, құрылысты қаржыландырушы басқа банкiлерден бiр өкiлден, жобалау, ғылыми-зерттеу, инженерлiк-iздестiру, сараптама және басқа ұйымдар атынан заңды тұлғалар енгiзiлуге тиiс.
Конкурстық комиссияға:
- берiлген конкурстық жұмыстардың конкурстық тапсырма мен конкурс шарттары талаптарына сәйкестiгiн тексеру, аталған жұмыстарды қабылдау немесе қабылдамау туралы шешiм шығару;
- конкурс қорытындыларын шығарып, сыйлық беру және мадақтаудың басқа түрлерi туралы шешiм қабылдау;
- мадақталған жұмыстарды одан әрi жетiлдiре беру жөнiнен ұсыныстар әзiрлеу жүктеледi.
Конкурстық комиссия мүшелерiнiң конкурсқа қатысуға және конкурстық жұмыстар бойынша кеңестер беруге, конкурстық комиссия жұмысына байланысты мәлiметтердi жария етуге құқығы жоқ.
29. Конкурстық комиссияның жауапты хатшысы дауыс беру құқығынсыз оның мәжiлiстерiне қатысады.
30. Ашық конкурстар қорытындыларын шығару оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсiнiң қатысуымен конкурстық комиссияның жабық мәжiлiсiнде әр жұмыс бойынша жеке-жеке көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы, егер конкурс шарттарында өзгедей көзделмесе, жүзеге асырылады. Жақтаған немесе қарсы дауыстар санының бiрдей болуы барысында конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Комиссия ашық конкурсқа ұсынылған конкурстық жұмыстарды қарау нәтижелерi бойынша конкурстық сыйақы туралы;
- конкурс шартына сәйкес конкурстық сыйақыны төлеу туралы;
- жекелеген күрделi орындар үшiн конкурстық сыйақыны беруден бас тарту туралы;
- бiрде-бiр конкурстық сыйақыны бермеу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
31. Конкурстық комиссия шешiмi дауыс беруге қатысқан комиссияның барлық мүшелерiнiң қол қоюы арқылы хаттамамен ресiмделедi. Хаттамада:
- жұмыстардың әрқайсысының девизi көрсетiлiп, қарауға қабылданған жұмыстар тiзбесi;
- конкурстық тапсырма талаптарын немесе конкурс шарттарын бұзушылықтан қарауға қабылданған конкурстық жұмыстар тiзбесi, осы ағаттықтардың сипаты;
- конкурстық сыйақыны және мадақтаудың басқа түрлерiн беру туралы шешiм;
- сыйлық берiлген конкурстық жұмыстарды одан әрi әзiрлей беру туралы ұсыныстар көрсетiлуге тиiс.
Конкурстық комиссия шешiмi түпкiлiктi болып табылады, конкурс шарттары бойынша ол тапсырыс берушi - конкурсты ұйымдастырушының бекiтуiне жататын реттер бұған кiрмейдi.
32. Ашық конкурс қорытындыларын шығару туралы конкурстық комиссия шешiмi қабылданғаннан кейiн сыйлық берiлген жұмыстардың ғана девиздiк конверттерi ашылады.
33. Ашық конкурс қорытындылары конкурс жарияланған тәртiпте оған қатысушыларға жария етiледi.
34. Ашық конкурс жеңiмпаздарына конкурстық сыйақы төлемi конкурс қорытындысы шығарылғаннан кейiнгi бiр ай iшiнде, егер конкурс шарттарында мейлiнше қысқа мерзiм айтылмаса, конкурстық комиссия шешiмiнiң негiзiнде төленедi.
35. Сыйлық берiлген конкурстық жұмыстар ашық конкурстың тапсырыс берушiсiнiң иелiгiне, пайдалануына және қарауына түседi. Егер интеллектуалдық меншiк нысаны болып табылатын жүлделi жұмыстарды пайдалану тәсiлi конкурс туралы хабарландыруда көрсетiлмесе, тапсырыс берушi мұндай жұмыстарды авторлық шартты жасасу барысында ғана пайдалана алады.
Конкурстық жүлделi жұмыстарға авторлық құқық (баспасөзде жариялау, көрмелерге қатысу, одан әрi пысықтау т.б.) интеллектуалдық меншiк туралы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңымен және конкурс шарттарымен көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
Конкурсқа ұсынылған, конкурс шарттарына немесе конкурстық тапсырмаға сай келмейтiн жұмыстар, сондай-ақ сыйақыға ие бола алмаған жұмыстар, егер конкурс шарттарымен өзгедей көзделмесе, авторларға қайтарылуға жатады.
Жүлделi емес жұмыстарды иелену, пайдалану және жұмсау құқы олардың авторларына толығынан тиесiлi болады.
36. Конкурсты ұйымдастырушылар пайдаланып жүрген жұмыстар үшiн сыйлық төлеу олардың авторларының, егер конкурс шарттарымен өзгедей белгiленбесе, авторлық құқық нормаларына сәйкес сыйақы алу құқығынан айырмайды.
Конкурс туралы хабарландыруда сыйлықты немесе төлемдi авторлық сыйақы есебiне алу құқығының көзделуi мүмкiн. Егер авторлық құқық нормалары бойынша есептелген сыйақы сыйлық мөлшерiнен асып түссе, мұндай есепке жол берiледi.
Жабық конкурс
37. Жабық конкурс шартты негiзде жүзеге асырылады және объектiнi жобалау мен салуды қабыстыруы (қосарланған мердiгерлiк) мүмкiн.
Конкурстық комиссия құрамы 28-тармақта анықталған.
38. Жабық конкурс барысында тапсырыс берушi - конкурсты ұйымдастырушы әлеуеттi мердiгерлердi iрiктеп алып, олардың әрқайсысына шақыру жiбередi. Онда конкурсқа қатысуға шақыруды өздерiнiң қабылдағаны (қабылдамағаны) туралы жауапты алудың шектi мерзiмi мiндеттi түрде көрсетiледi. Шақыруға конкурстық тапсырманың және конкурс шартының қоса берiлуi мүмкiн.
Конкурстық тапсырма ТЭН (ТЭЕ)-нi әзiрлеуге тапсырыс немесе жобалауға тапсырма, не жобалауға функционалды (жеке) тапсырма түрiнде ресiмделедi.
39. Инженерлiк iздестiрулердi жүргiзу үшiн тапсырыс берушi-конкурсты ұйымдастырушы бөлек мердiгерлiк шартын жасасады. Инженерлiк iздестiрулер материалдары конкурсқа қатысушылардың - бас жобалаушылардың бәрiне жiберiледi.
40. Үмiткер конкурсқа қатысудан бас тарта алады, бұл жайлы, егер шақыруда өзгедей мерзiм көрсетiлмесе, тапсырыс берушiге жетi күндiк мерзiмде жазбаша хабарлауға тиiс. Конкурсқа қатысуға өтiнiм аталған мерзiмде алынбаған ретте, егер конкурс шарттарында өзгедей айтылмаса, шақыру қабылданбады деп есептеледi.
41. Үмiткер шақыру, конкурс шарты және конкурсқа тапсырма негiзiнде конкурстық жұмысты орындау мердiгерлiгi шартты жобасын әзiрлеп, оны тапсырыс берушi - конкурсты ұйымдастырушының мекен-жайына жiбередi. Қосарланған мердiгерлiк барысында конкурстық жұмыс құрамында N 6 қосымшаға сәйкес мердiгерлiк саудаласуды өткiзуге арналған деректер болуға тиiс.
Конкурстық жұмысты орындаудың мердiгерлiк шартын жасасудың бұдан былайғы процедурасы қолданылып жүрген құрылыстағы шарттар туралы ережелермен көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
42. Егер конкурсқа (мердiгерлiк шарттар жобаларына) қатысуға кемiнде екi мердiгерден қатысу ұсынысы түссе, конкурстық жобалауға шарт жасалады. Өйтпеген жағдайда конкурсқа өтiнiм беру мерзiмiн ұзарту, не оның нысанын қамтымайтын конкурс шартын өзгерту қажет. Тапсырыс берушi конкурс шартын өзгерту туралы конкурс жарияланғандағыдай тәртiпте конкурсқа әлеуеттi қатысушыны хабардар етуге мiндеттi.
43. Жабық конкурсқа қатысушы бас жобалаушы немесе жобалау-құрылыс ұйымы (фирмасы) конкурстық немесе конкурстық емес негiзде мамандандырылған (ғылыми-зерттеу, жобалау, iздестiру, жобалау-iздестiру) ұйымдарын тартуға құқылы.
44. Конкурстық негiзде әзiрленген құжаттамаларды топтамасымен тапсыру-қабылдау конкурстық комиссия жұмысы басталғанға дейiн жүзеге асырылады. Конкурстық комиссия топталмаған құжаттаманы қабылдамайды.
45. Конкурстық комиссия әрбiр конкурстық жұмыс бойынша тұжырым бередi. Тұжырымда конкурс шарттарында қабылданған түйіндер ескерiлiп, әрбiр құжаттаманы қабылдамау себептерi және жүлделi құжаттамаларды таңдау дәлелдерi көрсетiлуге тиiс.
Жабық конкурс қорытындылары қорытындылар шығарылғаннан кейiнгi екi апталық мерзiмде оның барлық қатысушыларына хабарланады.
46. Сараптамаға және бекiтуге (егер бас құрылысшы белгiленсе) таңдаулы бiр конкурстық жұмыс қана жiберiледi. Осыған орай жобалаушылардың құжаттамаларды келiсуге, сараптамасына және бекiтiлуiне қатысуы жөнiндегi шығынын тапсырыс берушi жеке төлейдi.
Жартылай ашық конкурстар
47. Мұндай конкурстар iрi және күрделi объектiлер үшiн өткiзiледi. Әрi бiрнеше турдан тұрады. Алғашқы тур ашық болады.
Аталған конкурстың екiншi туры жабық болуға тиiс. Оған бiрiншi турдың жүлдегерлерi ғана қатысады. Оны әзiрлеу мен өткiзу осы Уақытша ереженiң 37-46-тармақтарымен көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
Қажетiне қарай конкурстың әрбiр келесi туры жабық түрде өтедi.
IV. Саудаласуларды ұйымдастыру
48. Саудаласуды өткiзу туралы шешiмдi, егер мемлекеттiк тапсырыс берушi орган немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы оны қарастырмаса, тапсырыс берушi қабылдайды.
Шешiм өкiмдi құжатпен (бұйрықпен, өкiммен, қаулымен) ресiмдейдi, онда өткiзiлетiн саудаласудың мақсаты мен түрi, сондай-ақ оны қаржыландыру көздерi көрсетiледi.
49. Тапсырыс берушi (коммерциялық құрылыс салушы) саудаласуды ұйымдастыру үшiн уақытша тендерлiк комитет құрады, оның құрамына салалық министрлiктiң (ведомствоның), Құрылыс тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң, жергiлiктi сәулет және қала құрылысы органдарының, қаржыландырушы банктiң, бас жобалаушының, инженерлiк-iздестiру, сараптама және басқа ұйымдардың бiр-бiр өкiлiнен енедi немесе саудаласуды әзiрлеу мен өткiзудi тиiстi министрлiктiң (ведомствоның), жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының жанынан тұрақты жұмыс iстейтiн тендерлiк комитетке тапсырады.
Тендерлiк комитеттiң құрамы саудаласуды өткiзу туралы шешiмiнде, не тапсырыс берушiнiң (коммерциялық құрылыс салушының) жеке шешiмiмен анықталады.
Тапсырыс берушi ұйымның (коммерциялық құрылыс салушының) немесе оның жетекшi қызметтерiнiң бiрiнiң жетекшiсi уақытша тендерлiк комитет төрағасы болуға тиiс.
Уақытша тендерлiк комитет құрамын тапсырыс берушiнiң (коммерциялық құрылыс салушының) жоғары ұйымы немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың жоғары органы, ал тапсырыс берушiнiң жоғары ұйымы болмауы барысында тапсырыс берушi-кәсiпорын (коммерциялық құрылыс салушы) жетекшiсi бекiтедi.
50. Саудаласуға қатысудан алдын-ала квалификациялаудан немесе
ұсыныста (офертада) қасақана жалған мәлiмет берген, бәсекелестiктi шектеу мақсатымен сөз байланысқан қатысушылардың ығыстырылуы мүмкiн.
51. Әлеуеттi мердiгердiң (оференттiң) өзiнiң жеке басын қуландыратын сенiм хаты мен құжаты болуға тиiстi өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы тендерлiк комитетпен өзара қатынасты жүзеге асыруға құқылы.
52. Тендерлiк комитеттiң нысан бойынша үйлеспейтiн және шарттарға сәйкес келмейтiн саудаласу ұсыныстарын қарамауға, сондай-ақ саудаласуды өткiзу күнiн кейiнге қалдыруға немесе ауыстыруға немесе саудалауды өткiзбеуге құқылы.
53. Мердiгерлiк саудаласуды ұйымдастырудың мiндеттi құжаттарының тiзбесi мен графигi N 6 және N 7 қосымшаларда келтiрiлген.
Саудаласуды өткiзу
54. Тендерлiк комитет әзiрлiк кезеңiнде:
- N 6 қосымшада көрсетiлген тендерлiк құжаттаманы әзiрлейдi;
- қажетiне қарай алдын ала квалификациялауды өткiзедi;
- қатысушылар сұранымы бойынша тендерлiк құжаттаманы жiбередi
(бередi) және ол бойынша түсiнiктеме бередi;
- қажетiне қарай қатысушылардың болашақ құрылыс алаңына баруын
ұйымдастырады;
- ұсынысты қабылдап, тiркейдi.
55. Тендерлiк құжаттама оны қатысушылардың бәрi түсiне алатындай етiп жасауға тиiс.
Тапсырыс берушiнiң (коммерциялық құрылыс салушының) шешiмi бойынша тендерлiк құжаттама қатысушыларға төлем үшiн (оны көбейту құны бойынша) немесе тегiн (оны қайтару талабымен немесе қайтару талабынсыз) бередi.
56. Ашық саудаласуды өткiзу туралы хабарландыру саудаласу шартымен танысу және оған қатысу туралы шешiм қабылдау үшiн кемiнде екi рет мерзiмдi баспасөзде немесе басқа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тапсырыс берушi (коммерциялық құрылыс салушы) алдын ала квалификациялау арқылы саудаласуды өткiзу барысында мұны хабарландыруда көрсетiп, саудаласу нысанының жалпы сипаттамасы және әлеуеттi мердiгерлер қажеттi құжаттамаларды (алдын ала квалификациялауға қатысушылар үшiн анкеталарды және нұсқаунамаларды) алу үшiн жүгiне алатын мекен-жайды келтiруге, не алдын ала квалификациялауды өткiзу туралы алдын ала хабарландыру беруге мiндеттi.
Осы хабарландырудың мiндеттi құрамы N 8 қосымшада келтiрiлген. Тапсырыс берушiнiң (коммерциялық құрылыс салушының) шешiмi бойынша хабарландыруларда қолданылып жүрген заңға қайшы келмейтiн басқа деректер де көрсетiле алады.
57. Алдын ала квалификациялаусыз жабық саудаласуларға қатысуға шақыру тапсырыс берушi (коммерциялық құрылыс салушы) таңдаған әрбiр әлеуеттi мердiгерге жiберiледi. Саудаласуға қатысуға шақырудың мазмұны бiрдей болып, барлық үмiткерлерге бiр мезгiлде жiберiлуге тиiс.
Жабық саудаласуға қатысуға шақырылатын үмiткерлердiң саны кемiнде үшеу болуға тиiс.
58. Саудаласуды өткiзу туралы хабарландыруда келтiрiлген мiндеттi шарттарға және қатысушыларға арналған нұсқамаларға мыналар жатады:
- саудаласу нысанының сипаттамасы;
- ұсыныстар берудiң шектi мерзiмi (күнi мен уақыты);
- алдын ала квалификациялау түйiндерi мен оны өткiзу мерзiмi (егер ол өткiзiлсе);
- шартты бағаның түрi (бiр түрi) (тиянақты, ашық т.б.);
- тендерлiк құжаттамалардың құны және оны алуға болатын мекен-жайы;
- ұсыныстардың мәнiнiң кемуiне қарай оны бағамдау түйiндерi;
- кепiл сомасы және оны енгiзу немесе кепiлдеме хатын беру мерзiмi;
- мердiгерлiк шартын жасасу тәртiбi.
Саудаласу туралы хабарландыруда (шақыруда) аталған шарттардың бiреуiнiң ғана болмауы барысында ол жарамсыз деп есептеледi.
Тендерлiк комитеттiң қарауына қарай хабарландыруда (саудаласуға қатысуға шақыруға) басқа шарттар да енгiзiле алады.
59. Егер саудаласуды өткiзу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейiн (саудаласуға қатысуға шақыруды бергеннен кейiн), дегенмен хабарландыруда (шақыруда) аталған ұсынысты қабылдаудың шектi мерзiмi өткенге дейiн хабарландыруда (шақыруда) немесе тендерлiк құжаттамада өзгерiстер енгiзу қажеттiгi туындаса, мұндай өзгертулер бастапқы құжаттарды бергендегiдей тәртiппен қатысушыларға жеткiзiлуi тиiс.
Тендерлiк құжаттама жөнiндегi қайсыбiр елеулi ақпарат қатысушылардың бәрiне бiр мезгiлде жеткiзiлуге тиiс.
60. Алдын ала квалификациялау арқылы саудаласу әрбiр әлеуеттi мердiгердiң толтырылған анкетаны және негiздемелi құжаттарды беруi жолымен жүзеге асырылады. Әлеуеттi мердiгерлер туралы ұсыныстарды беру мерзiмi мен квалификациялық деректер (N 9 қосымша) саудаласу туралы хабарландыруда (саудаласуға қатысуға шақыруда) көрсетiледi.
61. Тендерлiк комитет әлеуеттi мердiгерлердi жазбаша хабарландыру жолымен оларға алдын ала квалификациялау нәтижелерiн хабарлайды.
62. Бас мердiгерлiктi алуға арналған саудаласудың тендерлiк құжаттамаларының мiндеттi құрамы N 10 қосымшада келтiрiлген.
Тендерлiк комитет тендерлiк құжаттаманы:
- ашық саудаласудың;
- жабық саудаласуға қатысуға шақырылған;
- алдын ала квалификациялау арқылы саудаласуды өткiзу барысында алдын ала квалификациялаудан өткен;
- кепiлдiк енгiзген немесе тиiстi қаржы мекемесiнiң немесе сақтандыру қоғамының кепiлдi хатын берген әлеуеттi мердiгерлердiң бәрiне тапсырады.
Тендерлiк комитет тендерлiк құжаттама бойынша консультацияларды беретiн ақпарат қатысушылардың бiрде-бiрiне артықшылық берiлмейтiндей жағдайда тапсырылады.
63. Тендерлiк комитет қатысушылардың (оференттердiң) болашақ құрылысқа арналған құрылыс алаңымен тендерлiк құжаттамаларды жiберудiң (берудiң) шектi мерзiмi өткеннен кейiнгi он күн iшiнде, егер осы құжаттамада басқадай мерзiм көрсетiлмесе, танысу мүмкiндiгiн бередi.
Құрылыс алаңында болу күнi мен уақыты қатысушыларға арналған нұсқаунамада көрсетiледi. Болашақ құрылысқа арналған алаңмен (трассамен) танысу тапсырыс берушi өкiлiнiң қатысуымен өтедi.
64. Қатысушы тендерлiк құжаттама негiзiнде ұсыныс әзiрлейдi. Ұсыныстың негiзгi құрамы мен қатысушыларға арналған нұсқаунама N 11 және N 12 қосымшаларда келтiрiлген.
Аталған талапты орындамаушылық саудаласушылық шартын бұзушылық ретiнде қаралады және тиiсiнше негiзгi ұсыныс (оферта) қабылданбайды.
65. Қатысушының саудаласу шарты тұрғысынан қайсыбiр балама ұсынысы (офертасы) оның бағаға ықпалы және мердiгерлiктi орындау мерзiмiн көрсету арқылы дәлелдi болып, бөлек ұсыныс ресiмделуге тиiс.
Балама ұсынысты қарау негiзгi ұсыныспен бiр мезгiлде жүзеге асырылады.
66. Тендерлiк құжаттамада баяндалған негiзгi шарттық жағдайларды қабылдай отырып, қатысушының оған жеке өзгерiстi ұсыну құқығы бар. Осы ұсыныстар қабылданған ретте тапсырыс берушi ұсынысты тiркей алады.
67. Ұсынысты әзiрлеудiң ең аз мерзiмi тендерлiк құжаттаманы берудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн кемiнде жиырма күн болуға тиiс.
68. Жетекшiнiң қолымен және ұйымның мөрiмен бекiтiлген ұсыныс қосарланған конвертке салынған қызметтiк хатпен бiрге тендерлiк комитетке берiледi.
Егер саудаласу шарты бойынша кепiл ұсынысты берумен бiр мезгiлде енгiзiлсе, соңғысы кепiлдiк туралы қуаттайтын банктiк құжатпен бiрге қабылданады.
Конверттердi ресiмдеуге және берiлетiн ұсыныстар данасының санына қойлатын талаптар қатысушыларға арналған нұсқаунамаларда көрсетiледi.
69. Ұсыныстарды беру - қабылдау тәртiбi қатысушыларға арналған нұсқаунамаларда көрсетiледi. Және:
- артынан хабарландыру арқылы ұсынысты тапсырысты почтамен жiберу;
- ұсыныстарды тiкелей тендерлiк комитетке берудi немесе ұсынысты қолхатпен мөрленген арнайы жабдықталған жәшiкке салу қарастырылуы мүмкiн.
Ұсыныс тапсырыстық хатпен жiберiлген ретте ұсыныстың түсу күнi барған жерiндегi почта штемпелi бойынша анықталады.
70. Саудаласудың ашылу сәтiнен кейiн келiп түскен ұсыныс ашылмайды және қарауға қабылданбайды.
Ұсыныстың саудаласу ашылғаннан кейiн, демек тапсырысты беру туралы шешiм қабылданған күннен кешiктiрiлмей, егер кешiгушiлiк хабарландырудағы (шақырудағы) немесе тендерлiк құжаттамалардағы техникалық қателiктен туындаса, қабылдана алады.
71. Ұсыныстары қабылданбаған немесе одан бас тартылған қатысушылар себебi көрсетiлiп, осы жайлы бес күндiк мерзiмде хабардар етiледi.
Қарауға қабылданбаған және бас тартылған ұсыныстарды қатысушылардың жазбаша келiсiмi арқылы тендерлiк комитет қайталама саудаласуға әзiрлену барысында немесе басқа мақсаттар үшiн пайдалануы мүмкiн.
Аталған ұсыныстар, егер мұндай талапты қатысушылар қарастырса және олар ұсыныстардың қарауға қабылданбағаны немесе бас тарту туралы хабарландыру жiбергеннен кейiнгi жиырма күн iшiнде өздерi талап ететiн болса, қатысушыларға берiледi.
72. Саудаласу тендерлiк комитеттiң алғашқы ұсынысты ашумен ашылып, саудаласу нәтижелерi туралы хабарландыруды жариялаумен (хабарламаны жiберумен) аяқталады.
Ұсыныстар бағамдау кезеңi ұсыныстар салынған конверттердi ресми ашып, саудаласу нәтижелерi туралы хаттаманы жасау сәтiне дейiнгi уақытты қамтиды және саудаласу шарттарында көрсетiледi.
73. Тендерлiк комитет саудаласуға кез-келген қатысушының сұрауы бойынша ұсыныстың ауытқу себептерi, не қатысушының саудаласуға жiберiлмеу себептерi туралы ақпаратты оған дереу беруге мiндеттi.
Саудаласуды өткiзу
74. Қатысушы өзiнiң берген ұсынысы тендерлiк комитеттiң қарауына қабылданған сәттен саудаласуға қатысушы мәртебесiн алады.
75. Бас саудаласу ұсынысы алып, жариялау барысында оған қатысушылардың өкiлеттi өкiлдерi қатысуға құқылы. Жария емес саудаласу барысында мұндай құқық оған қатысушыларға берiлмейдi.
76. Жария емес саудаласуды өткiзу жағдайында жоғары ұйым немесе тапсырыс берушi басшылығы өкiлiнiң қатысуымен ұсыныстар салынған конверттер ашылады.
77. Әрбiр ұсынысты ашу барысында қатысушының фирмалық атауы, қорытынды шартты баға, жұмысты орындау ұзақтығы, орындау бағасы, ұзақтығы туралы басқа деректер оқылып, ұсыныстар тiзбесi жария етiледi. Ұсыныстың қалған ақпараты жария етiлмейдi.
78. Ұсыныстар салынған конверттi ашумен бiр мезгiлде хаттама жасалады, онда қарауға қабылданған, соның iшiнде балама ұсыныстар саны, қатысушылардың фирмалық атауы, олар ұсынатын техникалық-экономикалық көрсеткiштер аталады. Хаттамада дер кезiнде келiп түспеген ұсыныстар жеке аталады.
Жария саудаласуларда аталған хаттама қатысушылардың қатысуымен жария етiледi. Саудаласу өкiлдерiнiң хаттамаға ескерту енгiзу және тендерлiк комитет мүшелерiмен қатар оған қол қою құқығы бар.
79. Тендерлiк комитет:
- саудаласу шартын бұзу арқылы жасалған;
- құқығы жоқ қатысушылар әзiрлеген;
- бәсекелестiктi шектеу мақсатымен берiлген;
- банкрот деп жарияланған немесе өздерiнiң бiлiктiлiгi, өндiрiстiк қуаты немесе тиянақтылығы туралы жалған мәлiметтер берген қатысушылар әзiрлеген;
- тиянақты бағамен немесе орындау ұзақтығымен саудаласу барысында баға және жұмыс ұзақтығы жөнiнен балама ұсыныстарды қабылдамайды.
80. Тапсырыс берушi, егер:
- бiрде-бiр ұсыныс түспесе немесе түскен ұсыныстардың бәрi саудаласу шарттарына сәйкес келмесе;
- бiр ғана ұсыныс түссе;
- саудаласуға арналған негiздеме күшi жойылса, саудаласуды өткiзбей тастауы мүмкiн.
Саудаласуға қатысушылар саудаласуды өткiзбеу және мұндай шешiмнiң себептерi туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиiс.
Егер тапсырыс берушi (коммерциялық құрылыс салушы) саудаласуға арналған негiздеменiң болмауынан оны өткiзбеген ретте әлеуеттi мердiгерлерге, олардың талабы бойынша, тiкелей шығыны өтеледi.
81. Тендерлiк комитет мүшелерiнен басқа ешкiмнiң ұсыныстарды
бағамдап, iрiктеуге, қатысуға құқығы жоқ.
82. Тендерлiк комитет ұсыныстарды бағамдау барысында төмендегiдей факторларды:
- ұсыныстың техникалық деңгейiн;
- ұсынылып отырған күрделi қаржы мен пайдалану шығыны көлемiн;
- ұсынылып отырған төлем шарттарын;
- объектiнi кешiктiрiп немесе мерзiмiнен бұрын iске қосудың қаржылық салдарын;
- бiлiктi қосалқы мердiгерлер мен өнiм берушiлердi тарту
мүмкiншiлiгiн;
- басқадай коммерциялық, техникалық және ұйымдық артықшылықты
ескередi.
83. Тендерлiк комитет ұсыныстар көрсеткiштерiн қарапайым немесе баллдық бағамдау әдiсiмен ұсыныстарды бағамдауды жүзеге асырады.
Ұсыныстарды қарапайым бағамдау барысында, егер онда ең төмен құн, жұмысты орындау ұзақтығы немесе алдын-ала басқадай жетекшi көрсеткiш ұсынылса, қатысушы ұтып шықты деп танылады.
Баллдық бағалау барысында ұсыныстың негiзгi көрсеткiштерiне тапсырыс берушi үшiн олардың салыстырмалы мәнiн бейнелейтiн балл берiледi.
Баллдық жүйе алдын-ала саудаласу шарттарында белгiленедi.
Ең көп балл алған ұсыныс ұтып шықты деп танылады.
Ұтып шыққан ұсыныс (оферта) белгiленген тәртiпте сараптамадан өтедi.
84. Егер жабық саудаласуға берiлген ұсынысты қарау барысында қателiктер анықталса, тендерлiк, комитеттiң:
- қатысушыға ұсынысқа түзету енгiзу мүмкiндiгiн беру;
- ұсынысты бағалау барысында сөзбен жазылған қорытынды сома, егер ол бұған кiретiн элементтердi қосу нәтижесi болып табылмаса да, егер қатысушыларға арналған нұқсаунамаларда өзгедей айтылмаса да, дұрыс деп есептелетiн шешiм қабылдау;
- басқа қатысушының белгiленген тәртiпте сараптамадан өтетiн ұсынысын (оферетасын) қабылдау құқығы бар.
85. Жеңiмпазды таңдау тендерлiк комитет мүшелерiнiң үштен екiсiнiң болуы барысында қарапайым көпшiлiк дауыспен жүзеге асырылады.
Тендерлiк комитет жұмыстың аяқталуына қарай хаттама жасайды, оған қабылдаған шешiм мен оның негiздемесi жазылады.
86. Саудаласуда ұтып шыққан мердiгер мердiгерлiк шартына қол қою үшiн шақырылады.
Ашық саудаласу нәтижелерi ол туралы хабарландыру жарияланған сол бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, ал жабық саудаласу нәтижелерi туралы оған қатысушылар бiр мезгiлде жазбаша нысанда хабардар етiледi.
87. Тендерлiк комитеттiң екi-үш ұсынысты iрiктеп алып, болашақ мердiгерлiк шарттың техникалық және экономикалық жағдайларын анықтау үшiн оларды берген саудаласуға қатысушылармен келiссөз жүргiзуге құқылы.
88. Егер қатысушылардың бiрi тендерлiк комитет ұсынған құрылысты мерзiмiнде салып үлгермесе, соңғысының құрылысты белгiленген мерзiмiнде аяқтауды қамтамасыз ету үшiн мердiгерлiктi бiрнеше мердiгер арасында бөлiп, олармен бөлек мердiгерлiк шартын жасасуға құқылы.
89. Саудаласуда ұтып шыққан бас мердiгердiң қажеттi қосалқы мердiгерлердi тарту үшiн саудаласу жариялау құқығы бар.
90. Тендерлiк комитет саудаласу аяқталғаннан кейiн саудаласу туралы iстi ресiмдейдi, онда қарауға ұсынылған ұсыныстардың бәрi, конверттердi ашу хаттамасы мен жеңiмпазды анықтау хаттамасы, сараптамалық тұжырым, мердiгерлiк шарт немесе ниеттеме хаттамасының көшiрмесi, саудаласуға қатысушылар талап еткен қабылданбаған ұсыныстарды қайтару туралы құжаттар, тендерлiк комитеттiң ақтық шағымдары мен шешiмдерi, сондай-ақ тендерлiк комитет атына келiп түскен басқадай жазбаша ақпарат болады.
Саудаласуға қатысушылар шағымдарын қарау мерзiмiнiң өтуiне қарай саудаласу туралы iс мұрағатқа тапсырылады және өкiлеттi бақылау органдарының талап етуiмен оларға берiледi.
91. Тапсырыс берушiнiң (коммерциялық құрылыс салушының) мердiгерлiк саудаласуды ұтып шыққан ұйыммен шартын (контрактiсiн) ресiмдеу құрылыстағы шарттар туралы қолданылып жүрген ережеге сәйкес өткiзiледi.
V. Халықаралық конкурстар мен саудаласулар
92. Қазақстан Республикасында ұйымдастырылатын халықаралық конкурстар мен саудаласуларға өздерi орналасқан (тұрған) елдердiң және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, олардың бiрлестiктерi қатыса алады.
93. Осы бөлiммен белгiленген қағидаға сәйкес бұл Уақытша ереженiң нормалары конкурстар мен саудаласуларға шетелдiк қатысушыларға қолданылады.
94. Тапсырыс берушiнiң (коммерциялық құрылыс салушының) халықаралық конкурс пен саудаласуды өткiзуге арналған құжаттарды әзiрлеу барысында шетелдiк инженерлiк-консультациялық фирма қызметiн пайдалану құқығы бар.
95. Табиғат қорғау объектiлерiн жобалау мен (немесе) салуға халықаралық конкурсты немесе саудаласуды өткiзу барысында шетелдiк және жергiлiктi мердiгерлердiң бiрлескен қызметi туралы шарт мiндеттi талап болып табылады.
96. Ашық халықаралық конкурсты немесе саудаласуды өткiзу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде жарияланады. Жабық халықаралық конкурсқа және саудаласуға қатысуға шақыру Қазақстан Республикасының шетелдердегi консульдығына (елшiлiгiне) фирмаларды - ықтимал қатысушыларды хабарландыру үшiн жiберiледi.
97. Жабық халықаралық конкурсты немесе саудаласуды өткiзу барысында шетелдiк үмiткер тендерлiк құжаттамаларды алғанға дейiн, егер конкурс (саудаласу) шартымен және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңымен өзгедей қарастырылмаса, банкке немесе сақтық компаниясына шетелдiк валютамен алдын ала кепiлдiк беруге тиiс.
98. Ашық конкурсқа немесе саудаласуға шетелдiк қатысушылардың тендерлiк құжаттамаларды алуы конкурс (саудаласу) шартына және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңына сәйкес шетелдiк немесе ұлттық валютамен төлем үшiн жүзеге асырылады.
99. Конкурстық жұмыстар немесе ұсыныстар конкурстың немесе саудаласу шарттарының талаптарына сай ресiмделуге тиiс.
100. Тапсырыс берушi (коммерциялық құрылыс салушы) конкурсқа немесе саудаласуға шетелдiк қатысушылардың құрылыс алаңымен, алаңға кiрме жолдармен, тұрғын үй жағдайымен, құрылыс аймағындағы жұмысшы күшi жайымен танысу үшiн оңтайлы жағдай жасауға тиiс.
101. Саудаласуға шетелдiк қатысушылар ұсынған мердiгерлiк баға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi сыртқы экономикалық алыс берiс үшiн белгiленген бағам бойынша валютаға аударылады.
102. Шетелдiк мердiгерлермен конкурстық жұмысты орындағаны үшiн есептесу Қазақстан Республикасының заңына, жабық конкурс шартына және жасалған мердiгерлiк шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
VI. Конкурстар мен саудаласуларды өткiзудi
қамтамасыз ету
103. Мердiгерлiк конкурстар мен саудаласуларды өткiзуге бақылау жасауды, бюджеттiк құрылыстар бойынша әдiстемелiк басшылық ету мен саудаласу жүйесiн жетiлдiрудi Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесiп жүзеге асырады.
104. Ашық конкурсты немесе саудаласуды өткiзу шығыны N 13 қосымшаға сәйкес анықталады.
105. Конкурстарды немесе саудаласуларды ұйымдастырып, өткiзу жөнiндегi шығындарды қаржыландыру тапсырыс берушi қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Олар құрылыс құнының құрама сметалық есебiнде бейнеленедi.
Саудаласуды ұйымдастыру жөнiндегi шығын (тендерлiк құжаттама мен жоба сараптамасы үшiн төлемдi ұстап қалғанда) құрылыс құнының құрама сметалық есебiнiң "Басқа жұмыстар және шығындар" тарауында (7-бағанада), жобалау алдындағы, жобалау және iздестiру жұмыстарын орындауға конкурсты ұйымдастыру жөнiндегi шығын "Жобалау-iздестiру жұмыстары" тарауында (7-бағана) бейнеленедi. Сараптамаға арналған шығын "Жобалау-iздестiру жұмыстары" тарауында (7-бағана) бейнеленедi.
106. Конкурстық комиссия немесе тендерлiк комитет төрағалар мен мүшелерiне еңбекақы төлеу сараптамалық жұмыстарды бағалауды пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
107. Мердiгерлер мен тапсырыс берушiлердiң үстеме шығындары есебiнен ұсыныстарды әзiрлеу шығыны жүзеге асырылады. Бiрақ бөлек өтелмейдi. Жабық саудаласулар ерекшелiк болуы мүмкiн, оның шарттары бойынша қатысушылардан көптеген жобалау және ұйымдық-технологиялық құжаттамаларды әзiрлеу талап етiледi. Мұндай жағдайлар үшiн қатысушыларға арналған нұсқаунамаларда аталған нұсқаунамаға сәйкес әзiрленгендер, кезiнде берiлген әр ұсыныс үшiн төлем сомасы белгiленедi.
108. Саудаласуға қатысуға үмiткер банкке, тапсырыс берушi көрсеткен есепке кепiл енгiзуге немесе банкiнiң не сақтандыру ұйымының кепiлдеме хатын беруге мiндеттi.
Кепiл мөлшерi саудаласу шартымен қайсыбiр қатысушы үшiн бiрдей тиянақты сомада белгiленедi. Кепiлдiк сома саудаласуда ұтып шыққан қатысушының бас тартуынан, мердiгерлiк шартын жасасудан немесе жұмысты сапалы орындау кепiлдiгiн беруден бас тарауынан тапсырыс берушiде туындайтын шығында өтеу үшiн жеткiлiктi болуға тиiс.
Кепiлдiң қолданылу кезеңi ұсыныстың қолданылу кезеңiне тең болуға тиiс.
Кепiлдiк сома:
- саудаласу ашылғаннан оның нәтижелерi туралы шешiм жарияланғанға дейiн қайтарылып алынған;
- саудаласуда ұтып шыққан қатысушы мердiгерлiк шартына қол қоюдан бас тартқан ретте қайтарылмайды.
109. Саудаласуда ұтып шыққан қатысушы жұмысты сапалы орындау кепiлдiгiн беруге мiндеттi.
Қатысушының саудаласуды ашудың белгiленген мерзiмiне дейiн өз ұсынысын қайтарып алуға құқылы, осы жайлы тапсырыс берушiге жазбаша хабарлауды.
110. Ұсыныстарды қарау мен бағамдау туралы ақпарат ол жабылғаннан кейiн ғана саудаласуға ресми қатынасы жоқ тұлғаларға хабарлана алады.
111. Конкурсқа немесе саудаласуға қатысушылар конкурстық комиссияның немесе тендерлiк комитеттiң шешiмiне шағымды Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне немесе сотқа бередi.
112. Конкурсты немесе саудаласуды өткiзудегi кемшiлiктердiң анықталуы барысында оның нәтижелерi жарамсыз деп танылады, ал тапсырыс берушi барлық қатысушылардың шығынын өтейдi.
Өтем мөлшерi келтiрiлген iс жүзiндегi шығынды ескеру есебiмен анықталады.
113. Егер тапсырыс берушi мердiгерлiк шартын жасасудан негiзсiз бас тартқан ретте ол қалт жiберiлген пайдаға қоса конкурста немесе саудаласуда ұтып шыққан қатысушының осыған байланысты шығынын өтеуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Экономика министрiнiң Құрылыс, тұрғын үй және
мiндетiн атқарушы аумақтарда құрылыс салу
1994 жылғы 7 қазан министрiнiң бiрiншi
N 01-1735/15 орынбасары
1994 жылғы 7 қазан
N ФГ-18-21-1845
Құрылыстағы мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларда
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 1 қосымша
Пайдаланылған терминдер
-------------------------------------------------------------------
Терминдер | Анықтамалар
-------------------------------------------------------------------
1 | 2
___________________________________________________________________
Сыйақы (сыйлық, қаламақы) | Ашық конкурс жағдайында орындалған
| жүлделi конкурстық жұмыс үшiн төленетiн
| ақшалай сома
Конкурс | Жобалау алдындағы және (немесе) жобалау
| құжаттамаларын бiрнеше орындаушының
| бәсекелестiк талдамасының және кейiннен
| тапсырыс берушi үшiн аса тиiмдiсiн
| таңдаудың айрықша нысаны
Жария конкурс (саудаласу)| Конкурстық комиссия немесе тендерлiк
| комитет конкурсты (саудаласуды) өткiзу
| барысында оған қатысушылардың көз
| алдында конкурстық жұмыстарды
| (ұсыныстарды) жариялайды.
Жабық конкурс | Оған шектеулi үмiткерлер қатысады, оның
| техникалық деңгейi мен тиянақтылығы
| тапсырыс берушiге мәлiм болады.
Жариялы емес конкурс | Конкурстық комиссия немесе тендерлiк
| комиссия оны өткiзу барысында конкурстық
| жұмыстарды (ұсыныстарды) жария етпейдi
Ашық конкурс | Оған қатысуға тiлек бiлдiрген заңды және
| жеке тұлғалардың бәрi шақырылады. Ашық
| конкурсты (саудаласуды) өткiзу мен
| оның нәтижелерi туралы хабарландырулар
| жарияланады
Бастапқы конкурс | Не өтпеген, не заңды емес деп танылған,
(саудаласу) | не терiс салдары болған, не конкурста
| ұтып шыққан қатысушы немесе тапсырыс
| берушi құрылысты жобалау мен салуға
| шарт жасасудан бас тартқан бiрiншi
| конкурс
Қайталанған конкурс | Бастапқы конкурстан кейiнгi конкурс
(саудаласу) |
Жартылай жабық конкурс | Ол екi турда және одан көп өткiзiледi.
(саудаласу) | Сонымен бiрге алғашқы тур, әлбетте,
| ашық, ал келесiсi - жабық болады
Алдын ала квалификациялау| Оның алғашқы (алдын ала) турында N 9
арқылы конкурс өткiзу | қосымшада келтiрiлген түйiндер бойынша
| әлеуеттi қатысушылардың бiлiктiлiгi
| мен тәжiрибесi туралы ақпараттар
| негiзiнде оларды iрiктеп алу жүзеге
| асырылады
Конкурстық комиссия | Конкурстық жұмыстарды бағалап, сыйлық
| беруге құқылы орган
Конкурстық жұмыс | Конкурсқа қатысушы орындаған және
| конкурстық комиссияға берiлген жұмыс
Конкурстық тапсырма | Жұмысқа қойылатын талаптың
| дәлме-дәлдiктегi сипаттамасы, ол
| орындалуға тиiс
Қатысушы (оферент) | Қажетiне қарай алдын ала
| квалификациялаудан өткен, конкурсқа
| (саудаласуға) қатысу үшiн конкурстық
| жұмысты немесе ұсынысты (офертаны)
| берген, конкурсқа (саудаласуға)
| қатысушы
Ұсыныс (оферета) | Қатысушының конкурстық ұсыныстары
| баяндалған және мердiгерлiк алу
| саудаласуына қатысу үшiн тендерлiк
| комитетке берiлген құжаттар кешенi
| Ұсыныстың негiзгi құжаты-
| мердiгерлiк шарт жобасы
Қарауға қабылданбаған | Саудаласу шартын бұзу арқылы
ұсыныс | әзiрленген немесе мердiгерлiк
| саудаласуға қатысуға заң бойынша құқығы
| жоқ әлеуеттi мердiгер әзiрлеген
| ұсыныс
Қабылданбай қалған | Қарауға қабылданған, дегенмен
ұсыныс | тендерлiк комитет құқылық немесе
| экономикалық дәлелдеулер бойынша
| зерттеп, бағамдау барысында қабылдамай
| тастаған ұсыныс
Негiзгi ұсыныс | Саудаласу шартына сәйкес әзiрленген
| ұсыныс
Балама ұсыныс | Негiзгi ұсынысқа қосымша ретiнде
| әзiрленген және саудаласу шарты
| шегiнен тысқары болатын ұсыныс
Тендерлiк комитет | Тапсырыс берушiнiң тапсырмасы бойынша
| немесе оның атынан мердiгерлiк
| саудаласуды ұйымдастырушы уақытша
| немесе тұрақты орган
Тендерлiк саудаласу | Тапсырыс берушiнiң бiрнеше мердiгер-
| үмiткерлердiң ұсыныстарын бағамдау
| мен салыстыру негiзiнде құрылыс салу
| жөнiндегi (жобалау және құрылыс салу)
| мердiгердi бәсекелестiк таңдауының
| айрықша нысаны
Конкурс шарты | Конкурсты (саудаласуды) ұйымдастыру
| тәртiбi, конкурстық жұмыстарға
| (ұсыныстарға) қойылатын талап және
| оларды бағамдау түйiнi
Мемлекеттiк тапсырыс | Құрылысты жобалауға немесе салуға
берушi | мемлекеттiк тапсырыс берушi -
| өзiнiң ережесiне немесе жарғысына
| сәйкес құрылысты ұйымдастыру құқығы
| бар заңды тұлға. Тұрғын үй құрлысы
| барысында белгiленген тәртiпке сәйкес
| тұрғын үй құрылысы процесiн
| ұйымдастыруға лицензиясы бар
| коммерциялық құрылыс салушы тапсырыс
| берушi рөлiн атқарады
Құрылыста мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларды
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 2 қосымша
Құрылыстағы мердiгерлiк конкурстар мен саудаласулардың
негiзгi түрлерi
___________________________________________________________________
Нышаны | Конкурс, саудаласу түрi
___________________________________________________________________
Конкурсқа немесе саудаласуға қалалық (аудандық),
қатысушылар аясын аумақтық шектеу республикалық, халықаралық
Конкурсқа немесе саудаласуға ашық
қатысушыларды тарту тәсiлi және жабық
оның қорытындыларын жариялау жартылай жабық (ашық-жабық)
Конкурстық жұмыстарды немесе жария
тендерлiк құжаттамаларды ашу жариялы емес
барысындағы жариялылық деңгейi
Конкурсқа немесе саудаласуға алдын ала квалификациялау
қатысушыларды iрiктеу тәсiлi арқылы
алдын ала квалификациялаусыз
(тура)
Турлар саны Бiр турда
екi турда
үш турда және одан көп
Бiр объектi бойынша конкурстар бөлек (бөлек мердiгерлiк)
(саудаласулар) жүйесiн дәйектi (бас мердiгерлiк)
ұйымдастыру қосалқы мердiгерлiк
(дубль-қосалқы мердiгерлiк)
Бiр объектi бойынша конкурстың бастапқы
(саудаласудың) реттiк нөмiрi қайталама (екiншi, үшiншi)
Құрылыста мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларды
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 3 қосымша
Конкурсқа арналған мiндеттi құжаттардың тiзбесi
___________________________________________________________________
Құжат |конкурстар үшiн
| жасалады
___________________________________________________________________
I. Әзiрлiк сатысы
Тапсырыс берушiнiң конкурсты ұйымдастыру кез-келген
туралы өкiмдi құжаты
Конкурс өткiзу туралы хабарландыру ашық
Конкурсқа қатысуға шақыру жабық
Конкурсқа қатысуға өтiнiм жабық
Конкурстық тапсырма кез-келген
Жобалауға тапсырма (конкурстық тапсырманың
нысаны) жабық
Конкурстық жұмыс және оған түсiнiктеме ашық, ашық-жабық
хат
Конкурстық жоба және оған түсiнiктеме
хат (конкурстық жұмыс нысаны) жабық
II. Негiзгi саты
Конкурстық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасы ашық
Жобаның, ТЭН-нiң, ТЭЕ-нiң сараптамалық жабық,
тұжырымы ашық-жабық
Конкурстық комиссия шешiмiнiң хаттамасы кез-келген
Конкурс нәтижелерi туралы хабарландыру ашық
III. Аяқталу сатысы
Конкурстың жабылуы туралы қатысушыларды
хабарландыру жабық
Талап етiлген конкурстық жұмыстарды
қайтару туралы құжаттар ашық
Конкурсты өткiзу туралы шағымдар кез-келген
Конкурс туралы iстер тiзiмi кез-келген
Құрылыста мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларды
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 4 қосымша
Конкурсты ұйымдастыру графигi
___________________________________________________________________
Жұмыс барысы | Атқарушы | Жұмыстың ұзақтығы, күн
| |_____________________________
| | ең азы |үдей түскен
| | |қорытындыға қоса
| | |жалпы
___________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
I. Әзiрлiк сатысы
Конкурсты өткiзу тапсырыс 1 1
туралы шешiм әзiрлеу берушi
Конкурс тапсырмасын конкурстық 2 3
(жобалауға тапсырманы) комиссия
және конкурс шартын
әзiрлеп, бекiту
Конкурс туралы тапсырыс
хабарландыру (конкурсқа берушi,
қатысуға шақыру) конкурстық 7 10
комиссия
Конкурстық жұмысқа тапсырыс берушi,
мердiгерлiк шартын конкурсанттар 3 13
Конкурстық конкурсанттар 13+t
жұмыстарды -----
әзiрлеу (конкурстық 10+t
жобаны әзiрлеу)
Конкурсқа жауапты хатшы 13+t
қатысушыларға ------
консультация беру 10+t
Конкурстық жұмыстарды жауапты 3 16+t
(жобаларды) жөнелту конкурсанттар -----
(беру) және қабылдау 13+t
II. Негiзгi саты
Конкурстың ашылуы конкурс 1 17+t комиссиясы -----
14+t
Конкурстың жұмыстарды 32+t
бағамдап, iрiктеу "-" 15
29+t
Iрiктелген жобаның сараптама
сараптамасы (егер бас органы 30 62+t
құрылысшы анықталса)
29+t
Конкурс нәтижелерi конкурстық 7 62+t
жарияланым (хабардар комиссия ----
ету) 36+t
Қажетiне қарай жобаны конкурсанттар, 9 71+t
пысықтау, қайталап сараптама органы, ----
сараптау және бекiту тапсырыс берушi 36+t
III. Аяқталу сатысы
Конкурс жеңiмпаздарына тапсырыс 5 76+t
сыйақы ----
41+t
Жүлде алмаған және конкурстық 10 76+t
конкурсқа кешiккен комиссия ----
жұмыстарды жiберу 51+t
Шағымдарды қарау конкурстық 0 76+t
комиссия ----
тапсырыс берушi 51+t
Конкурс туралы iстi жауапты хатшы 2 78+t
ресiмдеп, оны мұрағатқа ----
тапсыру 53+t
Ескерту. 1. t-конкурстық жұмыстарды әзiрлеудiң ұзақтығы
2. 4-бағанада сызықшаның үстiнде жабық конкурстың,
сызықшаның астында ашық конкурстың өткен
ұзақтығы көрсетiлген
Құрылыста мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларды
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 5 қосымша
Ашық конкурс туралы хабарландырудың
мiндеттi құрамы
Тапсырыс берушiнiң фирмалық атауы
Конкурс нысаны
Конкурс нысанының атауы және турлар саны, егер олар
қарастырылса
Негiзгi бастапқы деректер және конкурстық жұмыстарға
талаптар
Конкурстық жұмыс құрамы
Конкурсқа қатысушылар құрамы жөнiндегi шектеулер
Конкурстық сыйақы және (немесе) мадақтаудың басқа түрлерi
Конкурс жұмысы тiлiне талап
Конкурстық жұмыстарды беру мерзiмi
Конкурстық жұмыстарды ресiмдеу мен беруге қойылатын талап
Конкурсқа қатысушылардың авторлық құқығы туралы ақпарат
Қабылданбаған және жүлделi емес жұмыстарды қайтару тәртiбi
Конкурс мәселелерi бойынша консультация алу мерзiмi және
уақыты
Конкурсты ұйымдастырушының фирмалық атауы мен заңды
мекен-жайы (соның iшiнде телефоны, телексi, факсi)
Құрылыста мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларды
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 6 қосымша
Мердiгерлiк саудаласулардың мiндеттi
құжаттарының тiзбесi
___________________________________________________________________
Негiзгi құжаттар | саудаласулар үшiн жасалады
___________________________________________________________________
1 2
___________________________________________________________________
I. Әзiрлiк сатысы
Тапсырыс берушiнiң саудаласуды Мемлекеттiк тапсырыспен немесе
ұйымдастыру туралы өкiмдiк жергiлiктi өзiн-өзi басқару
құжаты органының шешiмiмен көзделген
саудаласуға қоса кез келгенi
Саудаласуды өткiзу туралы ашық
хабарландыру
Алдын ала квалификациялау егер саудаласу туралы
туралы хабараландыру хабарландыруда алдын ала
квалификациялауға нұсқау
болмаса, алдын ала квалификациялау
арқылы
Саудаласуға қатысуға шақыру жабық
Саудаласуға қатысуға өтiнiмдер ашық саудаласу барысында кепiл
енгiзу қарастырылады
Әлеуеттi мердiгерлер туралы алдын ала квалификациялау
квалификациялық деректер тiзбесi арқылы
Әлеуеттi мердiгерлердi алдын "-"
ала квалификациялау хаттамасы
Алдын ала квалификациялау "-"
нәтижелерi туралы хабардар ету
Кепiлдiк құжаттар кез-келген
Тендерлiк құжаттама:
- қатысушылар үшiн нұсқаунама кез-келген
- ТЭН-дi (ТЭЕ-нi) немесе
жобалауға тапсырманы әзiрлеуге
тапсырма бiрлескен мердiгерлiктi
- жобалау алдындағы, жобалау орындауға құрылыс мердiгерлерiн
және сметалық құжаттама, оның орындауға
бөлiктерi
- мердiгерлiк шартының нысаны кез-келген
- қоса жiберiлген хатпен бiрге
ұсыныс (оферталар) кез-келген
2. Негiзгi саты
Ұсыныстар салынған конверттердi кез-келген
ашу хаттамасы
Мердiгерлiкке (өтпеген саудаласу
туралы) тапсырысты беру туралы
шешiм хаттамасы -"-
Мердiгерлiк шарты (ниеттеме егер мердiгерлiк шарты
хаттамасы) жасалса (ниеттеме хаттамасы
жасалса) кез-келгенi
Тапсырысты беру және саудаласуды егер шарт жасалса (ниеттеме
жабу (өтпеген саудаласу) туралы хаттамасы жасалса), ашық
хабарландыру
3. Аяқталу сатысы
Тапсырысты беру және саудаласуды жабық
жабу туралы саудаласуға
қатысушыларды хабардар ету
Тендерлiк кепiлдемелердi қайтару кез-келген
туралы құжаттар
Саудаласу жөнiндегi шағымдар егер олар бойынша шағымдар
мен талап етулер, төрелiк сот мен талаптар болса,
(сот) шешiмi кез-келгенi
Саудаласу туралы iс тiзiмi кез-келгенi
Ескерту: сабақтас мердiгерлiк бiр жобалау-құрылыс ұйымының
жобалау және құрылыс жұмыстар кешенiн орындауын
қарастырады
Құрылыста мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларды
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 7 қосымша
Мердiгерлiк саудаласуды ұйымдастыру графигi
__________________________________________________________________
Жұмыс барысы | Атқарушы |Жұмыс барысының ұзақтығы, күн
| |-----------------------------
| | ең азы |үдемелi қорытындымен,
| | | жалпы
___________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
I. Әзiрлiк сатысы
Саудаласуды өткiзу туралы тапсырыс 1
шешiмдi әзiрлеу берушi
Тендерлiк құжаттамаларды тендерлiк 9 10
әзiрлеу комитет
Саудаласу туралы "-" 10 20
хабарландыру (саудаласуға
қатысуға шақыру жiберу)
Әлеуеттi мердiгерлердi мердiгерлер, 5 25
алдын ала квалификациялау тендерлiк
комитет
Сұранымдар бойынша "-" 3 28/23
тендерлiк құжаттамаларды
жiберу (беру)
Тендерлiк құжаттамалар "-" 6 31/26
бойынша консультация
Болашақ құрылыс алаңымен "-" 3 31/26
танысу
Ұсыныстарды әзiрлеу қатысушы 20 48/43
Ұсыныстарды жiберу тендерлiк 3 51/46
(беру)және қабылдау комитет,
қатысушылар
II. Негiзгi саты
Ашық саудаласудың негiзгi тендерлiк 1 52/47
сатысы комитет,
қатысушылар
Ұсыныстарды, тендерлiк 5 57/52
түсiнiктемелердi бағамдап, комитет
iрiктеу
Iрiктелген ұсыныс сараптама 30 87/82
сараптамасы органы
Ашық саудаласу тендерлiк 10 97/92
нәтижелерiн жариялау (жабық комитет
саудаласуға қатысушыларға
хабарландырулар жiберу)
Мердiгерлiк шартын жасасу тапсырыс 3 100/95
берушi,
мердiгер
III. Аяқталу сатысы
Шағымдарды қарау тендерлiк 0 57/52
комитет
Саудаласу туралы iстi "-" 3 103/98
ресiмдеу және мұрағатқа
тапсыру
Ескерту: 4-бағанада сызықшаның үстiнде алдын ала
квалификациялау, сызықтың алдын ала
квалификациялаусыз мердiгерлiк садаласу
ұзақтығы көрсетiлген.
Құрылыста мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларды
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 8 қосымша
Ашық саудаласу туралы хабарландырудың
мiндеттi құрамы
Тапсырыс берушiнiң фирмалық атауы
Саудаласу нысанының атауы мен құрылысты жобалауға және
(немесе) салуға арналған алаңның орналасқан жерi
Саудаласу нысанының негiзгi сипаттамалары
Мердiгерлiктiң шектi құны, қаржыландыру көздерi
Мердiгерлiктi орындаудың мерзiмiнен ұзақтығы
Мердiгерлiк шарты, шартты бағаның түрi (әр түрi)
Алдын ала квалификациялау туралы нұсқау (егер ол
өткiзiлер болса)
Тендерлiк құжаттамалар құны (егер ол төлем үшiн берiлетiн
болса)
Кепiлдеменiң құны, енгiзу нысаны мен мерзiмi туралы
нұсқау
Ұсыныстарды бағамдау түйіндерi
Ұсыныстарды берудiң шектi мерзiмi
Саудаласуды ашу күнi мен уақыты
Тендерлiк құжаттамалар бойынша консультациялар алу
мерзiмi мен уақыты
Тапсырыс берушiнiң фирмалық атауы мен заңды мекен-жайы
(соның iшiнде телефоны, телексi, факсi).
Құрылыста мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларды
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 9 қосымша
Әлеуеттi мердiгерлер туралы квалификациялық
деректер тiзбесi
I. Жалпы мәлiметтер
Мердiгерлердiң заңды реквизиттерi <*> (толық және қысқартылған
фирмалық атауы, заңды мекен-жайы, телефоны, телексi, факсi)
Ескерту. <*> Егер мердiгерлер бiрлестiгi мердiгер болып
табылса, мәлiметтер оған қатысушылардың
әрқайсысы бойынша жеке берiледi.
Мердiгер кәсiпорнын тiркеу туралы сертификат көшiрмесi
Жұмыстың жекелеген түрлерiн орындау лицензиясының нотариалдық
расталған көшiрмесi
Ұйым басшылығы туралы мәлiметтер (мердiгер кәсiпорны атынан
қимыл-әрекет етуге өкiлеттi адамның лауазымы және фамилиясы)
II. Өндiрiстiк көрсеткiштер
Мердiгерлiк қызметтiң негiзгi түрлерi
Өндiрiстiк қуат
Осындай жұмыстарды орындағаны туралы мәлiмет (салынған объектiлердiң, соның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша салынған объектiлердiң тiзбесi)
Жұмысшылар саны
Өзiнiң өндiрiстiк базасы
III. Қаржы жағдайы
Қызмет көрсетушi банкi
Соңғы өткен жыл iшiнде кiрiстер мен шығыстар туралы есептердiң
расталған көшiрмесi
Кәсiпорынды сақтандырудың түрi мен көлемi.
Құрылыста мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларды
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 10 қосымша
Бас мердiгерлiктi алуға арналған саудаласудың
тендерлiк құжаттамаларының мiндеттi құрамы
___________________________________________________________________
|Талдама|Күрделi құрылыс|Құрылысты жұмыс
Құжат | |төмендегiдей |бабындағы жоба.
| | негiзде |лау мен салу
| | |төмендегiдей
| | |негiзде
_________________________________________
|ТЭН,| Жоба,| жұмыс| Жұмыс | жоба |бас
|ТЭЕ |жұмыс |құжат.|сызба. |немесе |жосп.
| |құжат.|тамасы. сының |кеңей. |және
| |тамасы|ның жо.бас жос. тiлген|үлгi
| |немесе|басы |пары |ТЭН,ТЭЕ|жоба
| |жұмыс |жұмыс |және | |
| |жобасы|жобасы|жұмыс | |
| | | |көлемi.| |
| | | |нiң ве.|
| | | |домство. |
| | | |сы | |
____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7
____________________________________________________________________ I. Саудаласулар шарты
Қатысушыларға арналған + + + + + +
нұсқаунама
Жабық саудаласуға қатысуға + + + + + +
шақыру
II. Жобалау-смета құжаттамасы
Бастапқы деректердi қоса + - - - - -
алғанда (ТЭН-нi),(ТЭЕ-нi)
әзiрлеуге тапсырма
Жобалауға тапсырма, - + - - + +
бастапқы деректердi
қоса алғанда
Жоба және жұмыс - - + - - -
құжаттамасы (жұмыс жобасы)
Жоба немесе ТЭН-нi,ТЭЕ-нi - - - - - -
кеңейту
Объектiнiң (кәсiпорынның) - - - + - +
бас жоспары
Жұмыс сызбасы және - - - + - -
жұмыстың нақты көлемiнiң
ведомстiсi
Жабдықтарды спецификациялау - - - + - +
жинақтары
Үлгi жоба - - - - - +
Инженерлiк iздестiрулер + + + + + +
бойынша есеп (техникалық
тұжырым)
III. Шарттық құжаттама
Мердiгерлiк шартының + + + + + +
нысаны
Ұсыныстың негiзгi + + + + + +
текстiсiнiң нысаны
Құрылыста мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларды
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 11 қосымша
Бас мердiгерлiктi алу саудаласуларына қатысу
туралы ұсыныстардың (оферетарлардың) мiндеттi құрамы
-------------------------------------------------------------------
Құжат | Беру реттерi
__________________________________________________________________
Қоса жiберiлген хат әрдайым
Саудаласуға қатысушының бiлiктiлiк егер алдын ала
мiнездемесi квалификациялау болмаса
Ұсыныстың негiзгi текстiсi әрдайым
Ұсынысқа (оферетаға) қосымша:
- ұсыныстың негiзгi техникалық,
экономикалық көрсеткiштерi әрдайым
Мердiгерлiк шартының жобасы, оның
қосымшалары "-"
- N 10 қосымшаға сәйкес тапсырыс
берушiден алынған жобалау-сметалық
құжаттама "-"
- қатысушы әзiрлеген қосымша
жобалау-сметалық құжаттама қатысушының оны әзiрлеуi
қажет болған ретте
- негiздемелi материалға қоса бас бас мердiгерлiктi орындауға
мердiгерлiктiң шартты бағасының саудаласуға қатысу
ведомостiсi барысында
- жұмысты орындаудың негiзгi әрдайым
календарлық жоспары
- қатысушының негiзгi шарты қажетiне қарай
Мердiгерлiк шартын жасасудың әрдайым
календарлық жоспары
Тендерлiк кепiлдiк туралы құжат егер құжат бұрын берiлмесе
көшiрмесi
Құрылыста мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларды
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 12 қосымша
Қатысушыларға арналған нұсқаунама <*>
Ескерту. <*> Тендерлiк комитет толтырады және конкурсқа
немесе саудаласуға қатысушыларға жiберiледi.
199___жылғы _____________________ N_____
Қазақстан Республикасының_____________________қаласы
Саудаласу туралы хабарландыру ________________________________
(басылым атауы, нөмiрi, күнi)
_______________________________________________жарияланды.
I. Жалпы ереже
1. Нұсқаунама тендерлiк құжаттамалардың етене бөлiгi болып табылады және ұсынысты (офертаны) жасап, берудiң, сондай-ақ саудаласуды өткiзудiң тәртiбiн анықтайды.
2. Қатысушы ұсынысты жасау барысында Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын және басқа нормативтiк актiлерiн сақтауға мiндеттi.
3. Қатысушы тендерлiк құжаттамалар мен осы Нұсқаунамаға сәйкес ұсыныстарды саудаласуға бередi.
4. ____________тiлде (тiлдерде) ________________дана етiп жасалған, ұйым жетекшiсi қол қойып, мөрмен расталған ұсыныс мына мекен-жай бойынша берiледi:___________________________________
5. Ұсыныс қоса берiлген хатпен бiрге қосарланған конвертке салынып берiледi. Сыртқы конвертте ұсынысты қабылдау үшiн белгiленген мекен-жай ғана, iшкi конвертте - саудаласу нысанының атауы мен ұсынысты қабылдау күнi көрсетiледi.
6. Ұсыныс өкiл-саудаласуды ұйымдастырушының жеке қол қоюымен
хабарландыру арқылы почта жiберiлiмiмен қабылданып, осы Нұсқаунаманың I-тарауының 4-тармағында көрсетiлген мекен-жайы бойынша жәшiкке салынады.
7. Сiздiң ұсынысыңыздың қолданылу мерзiмi саудаласу ашылған күннен ________________ күн.
8. Саудаласу шартын бұзу немесе одан ауытқу арқылы жасалған ұсыныс қарауға қабылданбайды, не қабылданбай қалады.
II. Ұсыныстар құрамы
1. Саудаласуға қатысуға ұсынысты беру туралы қоса жiберiлетiн хат.
2. Саудаласуда мердiгерлiк шарт жасасуға қатысу ұсынысы.
3. Ұсынысқа қосымша: ұсыныстың негiзгi техникалық-экономикалық
көрсеткiштерi.
III. Ұсынысты әзiрлеу
1. Қатысушы құрылысты жобалау (салу) үшiн 199___жылғы_________
199__жылғы ___________________дейiнгi мерзiмде алаңмен танысуға тиiс.
2. Қатысушының объектiнiң техникалық және (немесе) экономикалық көрсеткiштерiн, жұмысты атқаруды ұйымдастыруды жақсартатын тендерлiк құжаттамалар талаптарын өзгерту ұсыныстары жеке балама ұсыныс ретiнде ресiмделiп, негiзгi ұсыныстың болуы барысында ғана олар жiберiлiп, дербес ұсыныс ретiнде қаралады.
3. Қатысушы ұсынған қосалқы мердiгерлер:______________________
___________________________________________________________________
(ұйымның-қосалқы мердiгердiң фирмалық атауы)
4. Тапсырыс берушi қатысушы ұсынған кез-келген қосалқы мердiгердiң кандидатурасын қабылдамай тастау құқығын
РҚАО-ның ескертуі: (қосымшаның аудармасы жоқ парағын орыс тіліндегі нұсқамен беріп отырмыз)
IV. Цены
1. Все цены определяются в национальной валюте Республики
Казахстан или иностранной согласно условий конкурса.
2. Участник составляет ведомость договорной цены.
3. Особые условия определения договорной цены__________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. В случае обнаружения ошибок в ведомости договорной цены:
1) правильной будет считаться итоговая сумма, показанная
прописью, если она не является результатом сложения входящих в нее
элементов;
2) участнику предоставляется (не предоставляется) возможность
внести поправки в предложение после открытия торга.
V. Залог участника
1. Участник передает документ о тендерном залоге в сумме
____________ в срок до получения тендерной документации,
одновременно с подачей предложения.
2. Залоговая сумма будет Вам возвращена тендерным комитетом
в течение__________дней после закрытия торга.
3. В случае отзыва Вами предложения в период его действия
или необоснованного отказа заключить договор подряда залоговая
сумма не возвращается.
VI. Порядок заключения договора
подряда
1. Акцепт предложения будет направлен заказчиком участнику,
выигравшему торг, не позднее________дней после присуждения заказа.
2. После уведомления об акцепте предложения просим Вас
прибыть не позднее________дней со дня уведомления по адресу:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
мердiгерлiк шарт бойынша айрықша жағдайларды немесе
___________________________________________________________________
келiспеушiлiктi реттеу үшiн
3. Мердiгерлiк шартқа қол қоюдан бас тартқан ретте сiздiң
ұсынысыңызды акцептiсi туралы хабар етiлген күннен_________________ күннен
кешiктiрмей тапсырыс берушiнi жазбаша хабардар етуiңiздi сұраймыз.
Тапсырыс берушiге келмеудi немесе аталған мерзiмде жауап алмауды бiз шарт
жасасудан бас тарту ретiнде бағалаймыз.
4. Мердiгерлiк шартына мердiгердiң өкiлеттi өкiлдерi қол қояды.
VII. Саудаласу туралы басқа ақпарат
1. Ұсынысты берудiң шектi мерзiмi 199__жылғы ________________
2. Ұсынысты қабылдау күнi мен уақыты ________________________
3. Саудаласудың ашылу күнi мен уақыты _______________________
4. Саудаласу ашылатын орын __________________________________
нақты мекен-жайы
5. Ашық (жабық) ұсыныстар салынған конверттердi ашу процедурасы.
6. Ұсыныстарды бағамдап, iрiктеу саудаласу ашылған күннен ________ күн iшiнде атқарылады.
Құрылыста мердiгерлiк
конкурстар мен саудаласуларды
әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi
Уақытша ережеге
N 13 қосымша
Ашық конкурсты әзiрлеу мен өткiзу шығынының құрамы
Конкурстық тапсырма мен конкурс шарттарын көбейтудi қоса алғанда оны әзiрлеу төлемi.
Жауапты хатшыны қоса алғанда (тапсырыс берушiнiң) қайсыбiр ұйымында штатты қызмет атқармайтын (конкурстық комиссия мүшелерi жұмысының төлемi.
Хабарландыру (хабарландырулар) жариялау жөнiндегi шығындарды төлеу.
Сыйақы және конкурсқа қатысушыларды мадақтаудың басқа түрлерi.
Басқа қалалардан қатысушылардың талап етiлген, сыйлық алмаған
конкурстық жұмыстарын қайтарып берудi қоса алғанда почта мен көлiк
шығындары.
Конкурсты әзiрлеп, өткiзу үшiн қажеттi шығындардың басқа түрлерi.
Тендерлiк комитет
төрағасы _________________ _______________________
қолы фамилиясы, аты-жөнi.