---------------- Бұйрықтан үзінді -----------------------
"Тәркiленген, иесiз мүлiктердi, мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен мүлiктердi, қазыналарды, олжаларды, сондай-ақ бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және өткiзу туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің 1994 жылғы 10 қазандағы N 250А бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі), "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі N 833 және "Борышкерден алынған және банктер мен банктік опреациялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға сақтауға берілген бағалы қағаздарды, валюта құндылықтарын, бағалы металдардан, асыл тастар мен інжуден жасалған зергерлік және басқада бұйымдарды, сондай-ақ осындай бұйымдардың сынықтары мен антиквариатты сату ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы N 526 қаулыларына сәйкес Бұйырамын:
1. "Тәркiленген, иесiз мүлiктердi, мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен мүлiктердi, қазыналарды, олжаларды, сондай-ақ бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және өткiзу туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің 1994 жылғы 10 қазандағы N 250А бұйрығының ( N 54-мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 16 ақпанда тіркелді)...
Министр
---------------------------------------------------
Тәркiленген, иесiз мүлiктердi, мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен мүлiктердi, қазыналарды, олжаларды, сондай-ақ бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және өткiзу туралы нұсқауды бекiту туралы.
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тәркiленген мүлiктердi, мұрагерлiк құны бойынша мемлекетке өткен мүлiктердi, қазыналарды, сондай-ақ ломбардтар қабылдаған және мерзiмiнде талап етiлмеген қымбат металдар мен тастардан жасалатын бұйымдарды есепке алу, бағалау және өткiзу тәртiбi туралы 1992 жылдың 13 наурызында қабылданған N 236 қаулының V тарауының II тармақшасына сәйкес осы бұйрыққа қоса ұсынылып отырған "Тәркiленген, иесiз мүлiктердi, мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен мүлiктердi, қазыналарды, олжаларды, сондай-ақ бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және өткiзу туралы нұсқау 1995 жылдың "____" _____________ бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. 1994 жылдың "___" __________ бастап мына нормативтiк актiлердiң күшi жойылды деп есептелсiн:
Қазақ ССР Қаржы министрлiгiнiң "Иесiз мүлiктердi анықтау және есепке алу туралы жазылған 1966 жылдың 26 мамырындағы N 2005 Нұсқауы;
Қазақ ССР Қаржы министрлiгiнiң "Қаржы органдарының мемлекеттiк мүлiктiк мүддесiн қорғауына байланысты мәселелер бойынша" 1980 жылғы N 48 консультациялық хаты;
Қазақ ССР Қаржы министрлiгiнiң "Қаржы органдарының бюджетке тәркiленген иесiз мүлiктердi және мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен мүлiктердi депозиттiк сомаларды өткiзуден бюджетке түсетiн кiрiстерге бақылауы жөнiндегi жекелеген мәселелер туралы 1984 жылғы 29 наурыздағы N 26-6-14 консультациялық хаты;
КСРО Сыртқы сауда министрлiгi мен КСРО Қаржы министрлiгiнiң "Кеден мекемелерiне түсетiн мүлiктердi есепке алу және өткiзу тәртiбi туралы" 1967 жылдың 26 қыркүйегiндегi N 1644 бiрлескен хаты.
КСРО Қаржы министрлiгiнiң "Тәркiленген иесiз және мұрагерлiк құндылықтарды өткiзу тәртiбi туралы" 1979 жылдың 14 тамызындағы N 120 хаты.
КСРО Қаржы министрлiгiнiң "Қаржы органдарының бюджетке өзге де мемлекеттiк кiрiстердiң уақытылы түсуiне бақылауын күшейту туралы" 1980 жылғы 2 желтоқсандағы N 200 хатына әдiстемелiк құралдың бiрiншi тарауы.
КСРО Қаржы министрлiгiнiң "Тәркiленген иесiз және мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен мүлiктердi және қазыналарды есепке алу, бағалау және өткiзу тәртiбi туралы" 1984 жылғы 19 желтоқсандағы N 185 Нұсқауы;
КСРО Қаржы министрлiгiнiң 1984 жылдың 19 желтоқсанындағы N 185; 13.05.85 ж. N 67; 26.09.67 ж. N 306; 22.08.86 ж. N 28-205; 9.08.90 ж. N 102; 31.05.91 ж. N 36 Нұсқауларына өзгертулер мен толықтырулар.
КСРО Қаржы министрлiгiнiң "КСРО Қаржы министрлiгiнiң Нұсқауларына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" 10.09.86 ж. N 156 хатының екiншi бөлiмiнiң екiншi тармағы;
КСРО Қаржы министрлiгiнiң "КСРО Қаржы министрлiгiнiң құзырына енетiн жекелеген мәселелердi шешудi қаржы органдарына беру туралы" 8.06.89 ж. N 76 хатының екiншi тармағының екiншi абзацы.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Тәркiленген,
иесiз мүлiктердi, мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен
мүлiктердi, қазыналарды, олжаларды, сондай-ақ бағалы
металдардан және бағалы тастардан жасалған бұйымдарды
есепке алу, бағалау және өткiзу туралы
Нұсқау I. Жалпы ережелер
1. Бұл нұсқау Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 3 сәуiрдегi N 2078 "Алтын қоры және алмас қоры туралы және 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 2578-XII "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары туралы заңдарына, "Тәркiленген, иесiз мүлiктердi, мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен мүлiктердi, қазыналарды, олжаларды, сондай-ақ ломбардтарға қабылданған және мерзiмiнде керi талап етiлмеген бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және өткiзу туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1992 жылы 13 наурызда бекiткен N 236 ережесiне, "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 сәуiрдегi N 322 Қаулысына "Мемлекеттiк ломбард туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 6 тамыздағы N 660 қаулысымен бекiтiлген ережеге және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 желтоқсандағы N 1216 қаулысымен бекiтiлген сол ережеге енгiзiлген өзгерiстерге, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "ұйымдасқан қылмыс түрлерiмен және жемқорлықпен күрестi күшейту шаралары туралы 1992 жылғы 17 наурыздағы N 684 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы N 597 қаулысына, "Заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымшалар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 9 маусымдағы N 1723 қаулысына , сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес шығарылып отыр.
Бұл нұсқау төмендегi мүлiктердi есепке алу, бағалау және өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
Соттардың үкiмдерi, анықтаулары мен қаулылары негiзiнде тәркiленiп, салық органдарына өткiзуге берiлген;
белгiленген тәртiпте иесiз деп танылған;
белгiленген тәртiпте мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке<*> өткен;
салық органдарына берiлген қазыналар мен олжалар;
салық органдарына сот, құқық қорғау, тергеу, кеден және басқа органдар берген иесiз заттар құрамындағы, сондай-ақ ломбардтар қабылдаған және кейiн иесi мерзiмiнде талап етпеген қымбат металдардан, қымбат тастардан жасалған бұйымдар.
<*>Ескерту: Осы нұсқаудың бұдан былайғы тексiнде мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен мүлiк "мұралық мүлiк" деп аталады.
2. Салық органдары тәркiленген, иесiз, мұралық мүлiктердi және қазыналарды есепке алу, бағалау және өткiзу жөнiндегi қызметiнде азаматтық, азаматтық-процессуалдық заңдары, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды, осы нұсқауды, мүлiктердi тәркiлеуге, оларды иесiз деп табуға, мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өтуiне, қазыналарды табуға, ломбардтардың мерзiмiнде талап етiлмеген қымбат металдардан және қымбат тастардан жасалған бұйымдарды беруiне байланысты қатынастарды реттейтiн өзге де нормативтiк актiлердi басшылыққа алады.
Соттардың шешiмi бойынша алынған және тәркiленген автокөлiктi, радиоэлектрондық құралдарды, аудио және бейнетехниканы беру, сондай-ақ мемлекетке қылмыстан келген шығынның орнын толтыру сомасынан 30 проценттi аудару тәртiбiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 шiлдедегi N 597 қаулысымен анықталады.
3. Қолданыстағы Заңға сәйкес тәркiленген мүлiкке (оның iшiнде құндылықтар мен ақша қаражаты) құқық бұзушылық үшiн айып шара ретiнде мемлекет тегiн алған және мемлекет меншiгiне толық немесе бiр бөлiгi ықтиярсыз алынуға тиiстi мүлiктер жатады.
Сот органдары тәркiленген мүлiктердi есепке алу, бағалау және өткiзу осы нұсқау белгiлеген тәртiп бойынша жүргiзiледi.
Егер Қазақстан Республикасының Заңдарында бұл мүлiктердi есепке алудың, бағалау мен өткiзудiң арнаулы тәртiбi (мыс. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары тәркiлеген аңшы мылтықтары, валюта құндылықтары) белгiленбесе өзге органдар (соттан басқа) тәркiленген мүлiктердi есепке алу, бағалау және өткiзу де осы ереже бойынша жүргiзiледi.
Егер тәркiленген мүлiк өзiнiң есебiнен қанағаттандырылуы тиiс қарызды өтеуге жұмсалса сот органдары бұл туралы салық органдарына хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Атқарушылық әрекеттердi жасау тәртiбi туралы" 1993 жылғы 12 қаңтардағы нұсқауы бойынша сот шешiмдерi бойынша тәркiленетiн мүлiктердi анықтау мен есепке алуды сот атқарушылары жүргiзедi.
4. Иесiз мүлiк ретiнде иесi жоқ немесе иесi белгiсiз мүлiк танылады.
Иесiз мүлiк салық органы берген өтiнiш бойынша сот шығарған шешiм арқылы мемлекет меншiгiне өтедi. Өтiнiш мүлiк есепке алынғаннан кейiн бiр жыл өткенде берiледi.
Ұжымдар аумағындағы иесiз мүлiк ұжымшар берген өтiнiш бойынша сот шығарған шешiм арқылы ұжымшар өтедi. Өтiнiш мүлiк жергiлiктi атқарушы орган есепке алынғаннан кейiн бiр жыл өткенде берiледi.
Ұжымшар ауласына қарайтын мүлiктi салық органдары есепке алмайды. Ондай мүлiктердiң есебiн осы нұсқауда салық органдары үшiн белгiленген тәртiпте жергiлiктi әкiмшiлiк жүргiзедi.
Иесiз мүлiкке сондай-ақ мыналар жатады:
а) әкiмшiлiк, тергеу және сот органдарына заттық айғақ ретiнде түскен мүлiктер мынадай жағдайларда:
- егер тиiстi органдардың заттық айғақты қайтару туралы шешiмi немесе қаулысы бола тұрып, сол шешiм немесе қаулы күшiне енген күннен кейiн алты ай iшiнде иесi оны алмаса;
- заттық айғақтың иесi белгiсiз болса;
б) иесi табылмаған жағдайда қараусыз немесе қаңғып келген жұмыс малы немесе iрi қара (оның төлi) иесiн iздеу негiзiнде ұжымшар немесе кеңшар ауласына берiлген соң алты ай, ұсақ мал (оның төлi) екi ай өткеннен кейiн;
Иесi белгiсiз қауасыз немесе қаңғып келген малды ұстаған адам бұл жайлы үш күн iшiнде iшкi iстер органына немесе жергiлiктi атқару органының әкiмшiлiгiне хабарлауға мiндеттi.
Iшкi iстер органы немесе жергiлiктi атқару органының әкiмшiлiгi мал иесiн iздестiруге шаралар қабылдайды және iздестiру кезiнде малдәрiгерлiк ережелерi сақтай отырып малды жақын жердегi ұжымшарға немесе кеңшарға күтiмге және пайдалануға бередi. Олардың басшыларының бұдан бас тартуға құқы жоқ.
Егер ұжымшарға немесе кеңшарға бергеннен кейiн жұмыс малының немесе iрi қараның (оның төлінiң) иесi алты ай iшiнде, ал ұсақ мал (оның тегiн) иесi екi ай iшiнде табылса олар иесiне қайтарылып, мал иесi ұжымшарға немесе кеңшарға әлгi малды пайдаланудан алған пайдасын шығарып тастағандағы күтiмге шығарған шығының орнын толтырады.
Егер көрсетiлген уақытта мал иесi табылмаса ол өзiнiң меншiк құқын жоғалтады. Мұндай жағдайда ұжымшарда күтiлген мал сол ұжымшар меншiгiне, ал кеңшардағы мал мемлекет меншiгiне бiржола тегiн түсiп, солардың мүлiк құрамына енедi.
Осы тармақшада көрсетiлген малды салық органдары есепке алмайды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк банкiнiң мемлекеттiк сақтау қорына мiндеттi түрде, бiржола берiлуге жататын кез-келген түрдегi және жағдайдағы қымбат металдар мен қымбат тастарды олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, "а", "б" литерлерiнде көрсетiлген мүлiктер белгiленген сақтау мерзiмi өткен соң мемлекет меншiгiне көшедi және өткiзу үшiн салық органдарына берiледi. Бұл мүлiктердi иесiз деп тану үшiн сот органдарының шешiмдерi қажет емес.
Атаулы жинақ және салым кiтапшалары, банктерге сақтауға тапсырылған бағалы қағаздардың сақтау куәлiктерi иесiз мүлiк болып танылуы мүмкiн емес.
5. Қазына - бұл иесi белгiсiз немесе заң бойынша оған құқын жоғалтқан жерге көмiлген немесе басқадай әдiспен жасырылған құндылықтар (қымбат тастар, iнжу, алтын және күмiс теңгелер, құйма, бұйым және сынық күйдегi қымбат металдар, ақша, шетел валютасы т.б.). Табылған қазына мемлекет меншiгiне болып табылады, сондықтан жергiлiктi салық немесе iшкi iстер органдарына кешiктiрiлмей тапсырылуы тиiс.
6. Олжаға тапқан адам немесе ұйымның әкiмшiлiгi тиiстi орынға тапсырғаннан кейiн алты ай бойы талап етiлмеген сақтау камераларында, мейманханаларда, көшелерде, алаңдарда, мекемелерде, кәсiпорындарда, қалалық көлiкте және басқа қоғамдық орындарда жоғалған немесе ұмытылған заттар, құндылықтар мен ақша қаражаттары жатады.
Табылған зат берiлген кәсiпорынның, мекеменiң немесе ұйымның әкiмшiлiгi екi апта мерзiм iшiнде зат иесiн таппаса оны iшкi iстер органдарына немесе жергiлiктi атқарушы органның әкiмшiлiгiне тапсырады.
Iшкi iстер органы немесе жергiлiктi атқарушы органның әкiмшiлiгi өздерiне тапсырылған табылған затты алты ай бойы сақтауға мiндеттi.
Көрсетiлген мерзiмде затты жоғалтқан адам табылса ол иесiне қайтарылады. Егер көрсетiлген мерзiмде затты жоғалтқан адам табылмаса ол мемлекет меншiгiне бiржола көшiп, өткiзу үшiн салық органдарына берiлуi тиiс.
Затты тапқан және оны жоғалтқан адамға қайтарған, немесе оны тиiстi тәртiп бойынша тапсырған адам заттың иесiнен, ал зат мемлекет меншiгiне бiржолата көшiп, өткiзу үшiн салық органдарына берiлген жағдайда тиiстi салық органынан затты сақтау мен тапсыруға байланысты шығындарын өндiрiп алуға құқылы.
Мұндай жағдайда қаржы органы табылған затты өткiзуден түскен қаржы есебiнен оны тапсырған адамның талап етудiң жалпы мерзiмi шегiнде берiлген өтiнiшi бойынша шығындарды өтейдi.
Сыйақыны тапсырылған құндылықтың ақшасы аударылған қаржы органы төлейдi. Тапсырылған құндылықты есепке алған салық инспекциясы қаржы органына төленуге тиiс сыйақының сомасы туралы хабарлайды. Егер қазынаның құрамында белгiлеген тәртiпте тегiн берiлетiн бағалы заттар болса олар үшiн сыйақы республикалық бюджет қаржысы есебiнен төленедi.
7. Қазақ ССР-iнiң Азаматтық кодексiне сәйкес егер өлген адамның заң бойынша да, аманат бойынша да мұрагерлерi болмаса, немесе мұрагерлердiң бiрi мұраны қабылдамаса, немесе барлық мұрагерлер аманат иесiнiң шешiмiмен мұрадан айырылса мүлiк мұрагерлiк құқы бойынша мемлекет меншiгiне көшедi.
Мемлекеттiң мұраға құқын растайтын құжат-мұра ашылғаннан кейiн 6 айдан соң нотариалдық орган тиiстi салық органына беретiн мемлекеттiң мұраға құқы туралы куәлiк болып табылады. Мұрагерлiк құқы бойынша мүлiктiң мемлекет меншiгiне көшуiне прокурордың немесе салық органының талабы бойынша шығарылған тиiстi сот шешiмi де негiз бола алады.
Егер мұрагерлiк мүлiк оны мұраға алуға құқы жоқ адамға берiлiп, ол мүлiктiң мұрагерi болмаса, немесе олар мұраны қабылдамаса салық органы көрсетiлген мүлiктi мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке беру туралы сот органына талап қоюға мiндеттi.
8. Қазақ КСР-нiң "Мемлекеттiк нотариат туралы" заңына сәйкес салық органдарына бергенше мұрагерлiк мүлiктi қорғауды нотариалдық органдар жүзеге асырады. Мемлекеттiк нотариалдық кеңселер жоқ елдi мекендерде мұрагерлiк мүлiктердi қорғау шараларын қалалық, аудандық жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.
Мемлекеттiк ломбард туралы ережеге сәйкес белгiленген мерзiмде қарыз қайтарылмаса сақтауға немесе кепiлдiкке тапсырылған мүлiк өткiзу үшiн ломбардтық магазинiне немесе сауда ұйымдарына нарықтағы сұранымға сәйкес, бiрақ белгiленген бағадан төмен емес мөлшерде сатуға берiледi. Мерзiмiнде керi талап өтiлмеген өнеркәсiп тауарларын сатудан түскен сомадан сақтау төлемiнiң, берiлген соманың, қарыз процентiнiң және мүлiктi сату жөнiндегi шығынның орны толтырылады.
Түскен соманың қалдығы бола қалса оны ломбард кепiлдiк билеттiң иесiне немесе сақтау квитанциясын көрсету түрiнде қайтарылады. Сатылғаннан кейiн 3 жыл бойы талап етiлмеген осындай соманың қалдығы республиканың бюджет жарнасына жатады.
9. Осы Нұсқауда белгiленген мүлiктердi есепке алу, бағалау және өткiзу тәртiбi мыналарға тарамайды:
а) акт бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сақтау қорына тапсырылуға тиiс қымбат металдарды, қымбат тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда байланыс органдарынан талап етiлмеген посылкалармен, бандерольдармен, хаттармен, ақша аударымдарымен жiберiлген мүлiктер;
б) құжаттарсыз, талап етiлмеген жүктер және темiр жол, авиация су және автомобиль көлiгiндегi талап етiлмеген багаж;
в) басқа да мемлекет меншiгiне түскен, Қазақстан Республикасының Заңымен өздерiне қатысты есепке алудың, бағалаудың және өткiзудiң арнайы тәртiбi белгiленген мүлiктер.
II. Мүлiктердi салық органдарына беру және оны
бағалау тәртiбi
10. Тәркiленген және мұрагерлiк мүлiктердi, қазыналарды, сондай-ақ иесiз деп танылған мүлiктердi есепке алу мен бағалау салық органдарына жүктеледi.
Салық органдары осы нұсқаудың I тармақшасында көрсетiлген мүлiктердiң толық және дер кезiнде берiлуiне бақылау жасайды.
Осы мақсатқа олар жылына кемiнде бiр рет сот және кеден органдарында мемлекеттiк, жекеменшiк нотариалдық кеңселерде, сондай-ақ ауруханаларда, қарттар үйлерiнде, мейманханаларда, жатақханаларда, автотұрақтарда, басқа да осындай ұйымдарда, олардың қарамағындағы қоймалар мен сақтау орындарында Қазақстан Республикасының iшкi iстер, Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарында (тек қана иесiз мүлiктердi олжалар мен валюта құндылықтарын, заттай айғақтарды берудiң толықтығы мен уақтылығын, ақша және материалдық есептiлiктi тексередi. Салық органдары мұндай тексерулердi тексерiлетiн ұйымдар өкiлiнiң қатысуымен жүргiзуi қажет.
11. Соттың үкiмiмен немесе шешiмiмен мүлiк толық көлемде немесе оның бөлiгi күйiнде ұйымдасқан қылмыспен, жемқорлықпен және контрабандамен күреске жәрдемдесу жөнiндегi арнаулы бюджеттен тыс қорға берiлетiн жағдайды қоспағанда сот органдары тәркiлеген мүлiктi сот орындаушысы зат күйiнде тиiстi салық органына (оның iшiнде қымбат металдар мен қымбат тастар, олардан жасалған бұйымдар ұлттық Банктiң Сақтау қорына бiржола берiледi) бередi. Сот орындаушы берудi орындау парақшасын алғаннан кейiн жиырма күн iшiнде жүзеге асырады.
Мүлiктi салық органының өкiлiне кезiнде алдын ала тергеу процесiнде жасалған тiзiм көшiрмесi, немесе сот орындаушысы жасап, халық соты бекiткен мүлiктердi тiзiмдеу (тұту) актiнiң екiншi данасы қоса тапсырылады.
Мүлiктер тiзiмiнде орындаушы соттың мүлiктi немесе оның бiр бөлiгiн ұйымдасқан қылмыспен, жемқорлықпен және контрабандамен күреске жәрдемдесу жөнiндегi арнаулы бюджеттен тыс қорға беру туралы шешiмi негiзiнде мүлiктердiң бiр бөлiгiн тұтудан босату (мүлiктердi тiзiмнен шығару), егер ондай өткiзу борышкерге қойылған талаптарды қанағаттандыру үшiн қажет болса мүлiктердiң бiр бөлiгiн өткiзу туралы белгiлер, сондай-ақ тәркiлеуге жататын мүлiктердiң салық органы өкiлдерiне беру сәтiнде жоғалуы немесе бүлiнуi туралы белгiлер жасалуы тиiс. Сот орындаушысы сондай-ақ өткiзiлген тез бұзылатын өнiмдер туралы мәлiметтердi хабарлайды.
Зат күйiндегi мүлiктердi беру және қабылдау сот орындаушысының немесе ұйымдасқан қылмыспен, жемқорлықпен және контрабандамен күреске жәрдемдесу жөнiндегi арнаулы бюджеттен тыс қор өкiлiнiң және салық органы өкiлiнiң тiзiм актiсi (мүлiктердi тұтыну) даналарындағы қолдарымен расталады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркiленген мүлiктердi өткiзудi салық органдары жүзеге асырған жағдайда өзге де өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша тәркiленген мүлiктер салық органдарына осындай тәртiппен берiледi.
12. Иесi жоқ, немесе иесi белгiсiз мүлiктердiң бар екенi белгiлi болған мекемелер, ұйымдар, кәсiпорындар мен адамдар сол мүлiктi анықтағаннан кейiн бес күн iшiнде бұл жайлы тиiстi салық органына хабарлауға мiндеттi.
Осы нұсқаудың 4 пунктiнде аталған мүлiктердiң бар екенi туралы хабар алғаннан кейiн салық органы келесi күннен қалдырмай сол мүлiктi анықтау үшiн қажеттi тексеру жүргiзедi. Мұндай мүлiктердi тапқан жағдайда салық органы иесiз мүлiктер туралы хабарлаған ұйымдардың немесе адамдардың, iшкi iстер органдарының, ал ауылдық жерлерде жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерiнiң қатысуымен алдын ала бағалай отырып мүлiктердiң тiзiм актiн жасайды.
Анықталған мүлiктi тiзiм актiсi негiзiнде салық органы сол күнi есепке алады және оны иесiз деп тану жөнiнде сот шешiмi шыққанша есеп осы нұсқаудың N 2 қосымшасына сәйкес нормадағы есеп кiтабында жүргiзiледi.
13. Мұрагерлiк құқы бойынша мүлiк мемлекетке өткенде нотариалдық орган мемлекеттiң мұраға құқы туралы куәлiктi алған тиiстi салық органына мемлекеттiк нотариус, куәлар мен ынтал жақтар (егер олар тiзiмдеуге қатысса) қол қойған сол мүлiктiң тiзiмiн қоса жiбередi.
Егер тiзiмде көрсетiлген мүлiктер есебiнен мемлекеттiк нотариалдық органдар тиiстi шығындар немесе төлемдер жасаса (мұрагер ауырған кезде оған күтiм жасау, сондай-ақ жерлеу, мұраны қалдырушының асырауындағы азаматтарды күту үшiн, мұрагердi шақыру туралы хабарды жариялау үшiн) тiзiмде көрсетiлген мақсатқа қандай соманың жұмсалған және жасалған шығындарды жабу үшiн қандай заттардың өткiзiлгенi көрсетiлуi тиiс.
Мемлекеттiң мұрагерлiкке құқы туралы куәлiгiн және тиiстi тiзiмдi алғаннан кейiн салық органының қызметкерi жауапты сақтаушының және тұрғын үй пайдалану кеңесiнiң, үй басқармасының немесе көше комитетi өкiлiнiң, ал ауылдық жерлерде жергiлiктi атқарушы орган төрағасының қатысуымен мұрагерлiк мүлiктердi олар тұрған үйлерде тексерiп, оларды жауапты сақтаушыдан есепке қабылдайды және нотариалдық органнан алынған сол мүлiктiң тiзiмiне тиiстi белгi жасайды.
14. Қазынаны тапқан адам оны табу жағдайын көрсеткен мәлiмдемесiмен бiрге салық органына немесе iшкi iстер бөлiмiне тапсыруға мiндеттi. Қазынаны салық органына тапсыру кезiнде салық органы хаттама жасап қазынаны сақтауға алу үшiн iшкi iстер бөлiмiнiң қызметтерiн шақырады. Хаттамада мыналар көрсетiледi:
қазынаны тапқан адамның қазынаны тапқан жерi мен жағдайы туралы түсiнiктемесi мен көрген адамдардың (егер ондайлар болса) айғағы;
тапсырылған заттардың егжей-тегжейлi сипаттамасы (олардың сыртқы түрi, көлемi, салмақ көрсеткiшi, т.б.);
қазынаны өз еркiмен тапсырғаны жөнiндегi растау құжаты.
Хаттама төрт дана етiп жасалып, оған салық органының және iшкi iстер бөлiмiнiң, қазынаны тапсырған адамның, куәлардың (егер ондайлар болса) қолы қойылады. Хаттаманың бiр данасы қазынаны тапсырған адамға берiледi, бiрi салық органында қалады, бiрi iшкi iстер бөлiмiнiң өкiлiне берiледi, ендi бiрi қазына кейiннен мемлекеттiк сақтау қорына (немесе музейге, не дiни бiрлестiкке) жөнелтiлгенде iлеспе хатқа тiркеледi.
Егер қазынаны тапқан адам оны iшкi iстер бөлiмiне тапсырса да хаттама осы тәртiппен жасалады.
Қазынаны өткiзгенге дейiн салық органы iшкi iстер бөлiмiмен бiрге жергiлiктi мәдениет және сауда органдарының маман-сарапшыларының қатысуымен қазына заттарын алдын-ала бағалап, оларды көркем, тарихи немесе басқадай мәдени құндылықтарға жатқызу, немесе дiни мұрағат заттарына жатқызу үшiн сараптап өткiзедi. Сараптау және заттарды бағалау қорытындылары актпен ресiмделiп, оған бағалауға және сараптауға қатысқандар қол қояды.
Акт үш дана етiп жасалып, оның бiрi салық органына берілсе, бiрi Мемлекеттiк сақтау қорына (музейге немесе дiни бiрлестiкке) жiберiлетiн хаттамаға тiркеледi, бiрi iшкi iстер бөлiмiне жiберiледi.
Музейге берiлуге жататын қазына заттары осы нұсқаудың 19 тармағының "и" тармақшасына сәйкес музей өкiлiне, ал дiни бiрлестiк орталығына берiлуге тиiстiсi "ж" тармақшасына сәйкес сол бiрлестiк өкiлiне берiледi.
Қазына құрамындағы қымбат металдарды, қымбат тастарды және олардан жасалған бұйымдарды салық органдары немесе iшкi iстер органдары осы нұсқаудың 19 тармағының "к" тармақшасында көрсетiлген тәртiпке сәйкес мемлекеттiк сақтау қорына жiбередi.
Егер құндылықтарды қазу немесе iздеу әлгi адамдардың қызметтiк мiндеттерiне жатпайтын болса қазынаны тауып, оны салық органына өткiзген адам оның құнының 25 процентi мөлшерiнде сыйлық алуға құқылы.
Сыйлықты төлеудi қаржы органдары республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырады. Тапсырылған құндылықтарды есепке алған салық инспекциясы төленуге тиiс сыйлық сомасын қаржы органына хабарлайды.
15. Егер салық органына тәркiленген мүлiктi беру, немесе мұралық мүлiктi қабылдау, сондай-ақ иесiз мүлiктердi, олжаларды анықтау кезiнде сол мүлiктердiң жоғалғаны, кемдiгi немесе бүлiнгенi белгiлi болса салық органы оларды сақтауға қабылдаған жаққа он күн iшiнде кем немесе бүлiнген мүлiктiң сомасын бюджетке қайтару жөнiнде талап қояды. Егер аталған мүлiктер үшiн бюджетке тиiстi сома он күн iшiнде бюджетке қайтарылмаса салық органы аталған мерзiм өткен соң салық органы мүлiктi сақтауға қабылдаған жақтан кем шыққан немесе бүлiнген заттың құқын өндiрiп алу жөнiнде халық сотына талап қояды. Жауапты сақтаудағы заттарды ұрлау жағдайы (оның iшiнде иемдену немесе шығындау жолымен) немесе қасақана жою, бүлдiру жағдайы анықталса салық органы кiнәлiлердi қылмыстық жауапқа тарту мәселесiн шешу үшiн тиiстi материалдарды тергеу органдарына жiбередi және сонымен бiр уақытта кiнәлiлерден көрсетiлген заттардың құнын өндiрiп алу туралы талап қояды.
16. Мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен тәркiленген мүлiктердi, сондай-ақ олжаларды бағалауды салық органының және сол мүлiк өткiзуге немесе пайдалануға берiлген ұйымның өкiлдерi қатысқан комиссия мүлiктi салық органы есепке алғаннан кейiн бес күн iшiнде жүзеге асырады.
Құйма, түйiршiктелген, табиғи, үгiндi және басқа түрдегi қымбат металдар, өңделген және өңделмеген (табиғи iнжудi қоса есептегенде) түрдегi қымбат тастар, сондай-ақ қымбат металдар мен тастардан жасалған (немесе құрамында сондайлар бар) бұйымдар бағалаудың алдында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiндегi сынақ бақылауы жөнiндегi инспекцияда сапалық сипаттамалары бойынша сынақтап және тексеруден өтуi тиiс. Сынақ бақылауы жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияның қорытындысы түпкiлiктi болып табылады.
Жекелеген заттарды (қымбат металдар мен тастардан, олардан жасалған бұйымдардан басқа) бағалауда салық инспекциясы мен мүлiк берiлген ұйымдардың немесе кәсiпорынның өкiлдерi арасында келiспеушiлiк болған жағдайда ол заттарды бағалауға маман-сарапшылар шақырылады. Сарап келiспеушiлiк туғызған алғашқы бағалаудан кейiнгi он күн iшiнде жасалуы қажет. Сарап жөнiндегi жұмыстарға оны нұсқаудың 38 тармағында қарастырылған тәртiп бойынша ақы төленедi.
Мүлiктi бағалау оны өткiзуге немесе пайдалануға (қабылдайтын) жақтың алуымен сол мүлiктiң табылған жерiнде, немесе мүлiктi алған сауда ұйымының, не кәсiпорынның базасына жеткiзiлген соң жүргiзiлуi мүмкiн.
17. Салық органдары есепке алған мүлiк былайша бағаланады:
а) пайдалануда болмаған отандық және импорттық тауар-материалдық құндылықтар заттың сапасын, оның моральдық тозуын, пiшiндiк, үлгiлiк ескiруiн және тұтынушылар сұранысын ескере отырып еркiн баға бойынша бағаланады. Бұл құндылықтар аукциондарда сатуға да берiлуi мүмкiн;
б) пайдалануда болған тауар-материалдық құндылықтар да сапасы және сыртқы безендiрiлуi ескерiле отырып, тұтынушылар сұранысына қарай бағаланады;
в) тозуы 50 проценттен артық тауар-материалдық құндылықтар өтуi мүмкiн баға бойынша бағаланады;
г) мал және жылқы (оның iшiнде асыл тұқымды), құс, қоян, ара омартасы, сондай-ақ терi және елтiрi-мех шикiзаты, жуылмаған жүн, астық, жем, картоп, көкөнiс және басқа ауылшаруашылық өнiмдерi еркiн сатып алу бағасымен бағаланады. Асыл тұқымды жылқылар, сондай-ақ тұқымы жақсы iрi қара аукциондарда сатуға берiлуi де мүмкiн;
д) тұрғын үйлер және олардың аулалық құрылыстары еркiн нарықтық бағамен бағаланады. Үйлердiң сату бағасын белгiлеу үшiн комиссиялар әрбiр сатылатын үйдiң, аула құрылыстарының және учаскенi көркейтудiң (тас төсеу, құдықтар, қоршау, т.б. барлық түрлерiнiң құрылымдық элементтерiн табиғи қалыпта өлшеп, сонымен қатар тозу дәрежесiн процентпен анықтайды.
Аула құрылыстары мен құрылғылары бар сатылатын үйлердiң көлемiн, сондай-ақ құрылыстардың тозу процентiн анықтағанда техникалық түгендеу бюросының мәлiметтерi пайдаланылады. Тұрғын үйлер мен аула құрылыстары аукциондарда сатуға берiлуi мүмкiн;
е) мемлекеттiк стандарт талабына жауап беретiн құйма, түйiршiк, прокат қымбат металдар (алтын, күмiс, платина, және платина тобының металдары) бағалы металдар нарқының Лондон нарқы бойынша есептелген дәрежеде және алдын-ала сарап актiсi жасалған күнгi теңгенiң АҚШ долларына қатысты бағамы бойынша бағаланады. Зергерлiк бұйымдардағы қымбат металдар - сауда прейскурантты бағасы бойынша, ал қымбат металдар сынығы - Қазақстан Республикасы баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi Мемлекеттiк Комитет бекiткен прейскурант бағасы бойынша белгiленедi;
ж) мемлекеттiк стандарт талаптарына жауап бере алмайтын құйма, ұнтақ, т.б. қымбат металдар және қымбат металл сынықтары Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi Мемлекеттiк Комитет бекiтетiн прейскурант бағасы бойынша, ал пайдалануға болған тiс протезiн, алмалы-салмалы протез элементтерiн және табиғи техникалық алмасын қоса есептегенде жартылай фабрикат қымбат металдар немесе өндiрiстiк және лабораториялық мақсаттағы бұйым металдары - өндiрiске арналған босату бағасы бойынша бағаланады.
Валюталық құндылыққа жататын қымбат металдар, қымбат тастар (табиғи iнжудi қосқанда) - революцияға дейiн шығарылған жетондар мен медальдар, революцияға дейiнгi және Кеңес тұсындағы теңгелер қымбат металдардан жасалған мерекелiк және ескерткiш теңгелер, шетел мемлекеттерiнiң теңгерлерi - Қазақстан Республикасының өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң пункттерi мен Ұлттық банк мекемелерi халықтан сатып алатын бағалар бойынша бағаланады.
Көркемдiгi жоғары зергерлiк бұйымдар, немесе тарихи, музейлiк, не нумизматикалық құндылықтар түрiндегi қымбат металдар - мәдениет, бiлiм бөлiмдерiнiң немесе қалалық мұражайдың өкiлдерi қатысқан сарап комиссиясының қорытындысы бойынша бағаланады.
Табиғи кесек қымбат металдар - Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасы геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы N 32004/34 нұсқауына сәйкес бағаланады.
Өңделген жартылай қымбат, синтетикалық және жасанды тастар қолданыстағы сатып алу прейскуранты, өңделмеген күйде - өндiрушi кәсiпорын бағасы бойынша бағаланады;
"е" және "ж" тармақшасында көрсетiлген құндылықтарды бағалау салық органы шақырған маман-бағалаушының қатысуымен жүргiзiледi және ол алдын-ала бағалау болып табылады. Құндылықты түпкiлiктi бағалау қажет болған жағдайда сынақ бақылауы инспекциясы мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сақтау қорында жүргiзiледi.
Ломбардтар қабылдап, кепiлдiкке берушiлер уақтылы талап етпеген қымбат металдар мен қымбат тастардан жасалған бұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сақтау қорына берiледi. Сақтау қорына берiлген қымбат металдар мен тастардан бұйымдардың құны олар тапсырылғаннан кейiн он күн iшiнде ломбардтарға 10 % мөлшерiнде қайтарылады;
з) қалған валюталық және басқа құндылықтар төмендегiдей тәртiпте бағаланады:
- шетел валютасы (банкноттар, қазынашылық билеттер, теңгелер), төлем құжаттары (чектер, вексельдер, аккредитивтер т.б.) және қор құндылықтары (акциялар, облигациялар т.б.) шетел валютасында алдын ала олардың валютадағы өз құны бойынша;
- шетел валютасына алынған теңгедегi банкiнiң төлем құжаттары алдын-ала көрсетiлген құны бойынша бағаланады. Көрсетiлген құндылықтарды түпкiлiктi бағалауды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi жүзеге асырады;
- сатып алу және төлеу мерзiмi өтпеген мемлекеттiк заемдардың облигациялары - олардың көрсетiлген құны бойынша немесе олардың ұтысына шыққан сомада. Сатып алу және төлеу мерзiмi өтiп кеткен мемлекеттiк заем облигациялары белгiленген тәртiппен жойылады;
- жинақ және салым кiтапшалары, аккредитивтер мен халықты банктiң есеп айырысу чектерi мен чек кiтапшалары - сол құжаттарда көрсетiлген сомалардың қалдықтары бойынша;
- ақшалай-заттай және басқа лотереялардың билеттерiн салық органдары ұтыс кестесi бойынша тексередi. Егер ұтыстарды алудың билетте көрсетiлген мерзiмi өтпесе ұтыс шыққан билеттер ауыстыру бағамын ескере отырып, оларға түскен ұтыстардың құны мөлшерiнде бағаланады.
Ұтыс щықпаған билеттер және ұтыс шыққан бiрақ ұтыстарды алу мерзiмi өтiп кеткен билеттердi салық органдары жояды.
Салық органына берiлген күнге дейiн ұтыс тиражы өткiзiлмеген билеттер салық органында қатаң есептегi бланкалармен бiрдей сақталады. Тираж өткiзiлген соң билеттер тексерiлiп, бағаланады немесе белгiленген тәртiппен жойылады;
и) Қазақстан Республикасының таңбаланған маркалары, сондай-ақ почта айналымындағы бұрынғы Кеңес маркалары - олардың көрсетiлген құны бойынша;
өткiзуге жарамды барлық басқа маркалар (шетелдiк маркаларды қосқанда) прейскуранттарға және "Қазбайланысмарка" баспа-сауда орталығының каталогтарына сәйкес бағамен. Аздаған филателистiк ақауы бар маркалар олардың құнының 50 процентi мөлшерiнде бағалануы мүмкiн.
18. Жүргiзiлген мүлiктi бағалау туралы қажеттi мөлшерде тiзiмдеу және бағалау актi (N 1 қосымша) жасалады. Актке комиссия мүшелерi, сондай-ақ егер мүлiктi бағалауға шақырылған болса бағалаушы-маман (сарапшы) қол қояды. Актiнiң соңында оның қанша дана жасалғаны көрсетiледi.
Мүлiктi тiзiмдеу және бағалау актiсiнде мыналар көрсетiледi: әрбiр заттың, немесе бiр тектi бағалары теңдес заттардың толық және дәл атауы, әрбiр заттың ерекше белгiлерiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы (әрбiр заттың даярланған материалының аты, саны, салмағы, ұзындығы, сапасы, заттың моральдық және табиғи тозуының процентi т.б.) сондай-ақ тозуы ескерiле отырып, қолданыстағы прейскурант бойынша бағасы.
Тәркiленген, мұрагерлiк, иесiз мүлiктер мен олжалардың құрамындағы төмендегi аталған құндылықтарға N 1 қосымшаға сәйкес формада және тiзiмдеу және бағалау актiсi жасалады.
Бұл тiзiмдеу және бағалау актiсiнде мыналар көрсетiледi:
а) ұлттық валютада - жалпы сома; шетел валютасында - сол валютаны шығарған мемлекеттiң аты, ақша билеттерi мен теңгелердiң құны, шығарылған жылы, валютаның көрсетiлген құны бойынша сомасы;
- шетел валютасындағы төлем құжаттары және қор құндылықтары бойынша, шетел валютасына алынатын теңгедегi банкiлiк төлем құжаттары бойынша - құжаттардың (құндылықтардың), сондай-ақ осы құжаттарды берген (шығарған) мемлекеттiң және банктiң аты, әрбiр құжатты жеке алғандағы көрсетiлген құны бойынша сомасы;
б) мемлекеттiк заемда облигациялары бойынша - заемның аты, көрсетiлген құны, облигация нөмiрi, әрбiр облигацияның серия және разряд нөмiрi, еркiн айналымдағы облигациялар бойынша сондай-ақ ұтыс мөлшерi көрсетiледi;
в) жинақ және салым кiтапшалары, халықтық банктiң чектерi, аккредитивтер мен сақтау куәлiктерi бойынша - иесiнiң аты-жөнi, құжаттың берiлген уақыты мен нөмiрi, құжатты берген халықтық банктiң нөмiрi мен мекен-жайы, және ондағы ақшаның сомасы;
г) ақшалай-заттай және басқа лотерея билеттерi бойынша-лотереяны өткiзетiн заңды тұлғаның аты оның шығарылу нөмiрi мен жылы әр билеттiң билет, серия және разряд нөмiрi, ұтысты алудың шектi мерзiмi;
Ұтыс шықпаған билеттiң тұсына тiзiмдеу және бағалау актiнiң тұсына "ұтпады" деген белгi соғылады. Ұтыс шыққан, бiрақ билеттердi салық органына берген күнге дейiн ұтысты алу мерзiмi өтiп кеткен билеттердiң тiзiмдеу және бағалау актiсiнде олардың тұсына "ұтыстарды талап ету мерзiмi өтiп кеттi" деген белгi соғылады.
д) қымбат және жартылай тастар, табиғи iнжу, қымбат металл мен олардан жасалған бұйымдар бойынша - әр заттың егжей-тегжейлi атауы, бұйым жасалған металдың және ондағы тастардың атауы, құрамы грамдық салмағы және жекеленген ерекше белгiлерi мен сапасы.
Мүлiктердi тiзiмдеу және бағалау актiсiн тиiстi салық органының басшылығы олар жасалғаннан кейiн үш күннен кешiктiрмей қарайды.
Сирек жағдайларда ғана, мүлiктi салық органы тiкелей қабылдап алғаннан кейiн оны өткiзуге, қайта өңдеуге немесе пайдалануға беру мүмкiн болмаса ол мүлiктi салық органы өзi табылған ұйымға немесе адамға, не оның туысына, болмаса басқа адамға жауапты сақтауға берiп олардан мүлiктiң тiзiмдемесi бойынша қолхат алады.
Мұндай жағдайда тiзiмдеменiң соңында мүлiктi жауапты сақтауға алған адамның толық аты-жөнi, ол жұмыс iстейтiн ұйымның аты, атқаратын қызметi, мекен-жайы, паспортының нөмiрi мен берiлген уақыты, кiм бергенi, сақтауға адамның мүлiктiң кем шыққан немесе бүлiнгенi үшiн жауапкершiлiгi ескертiлгенi көрсетiледi.
Мүлiктi сақтағаны үшiн шығындардың орны осы нұсқаудың 38 тармағында қарастырылған тәртiп бойынша толтырылады.
Салық инспекциясы мүлiктердi тiкелей қабылдап алған жағдайдардан басқа кездерде оны саты, қайта өңдеу немесе басқа мақсаттар үшiн сауда яки басқа ұйымдарға беруге болмайды, бұл мүлiктердi салық органдары өздерi анықтаған ұйымдарға немесе жеке адамға, немесе туған туысқандарына, болмаса қолхат арқылы мүлiктердi тiркеп басқа адамға жауапкершiлiкпен сақтауға бередi.
Тiркеу қағазында мүлiктердi жауапкершiлiк сақтауға алған адамның фамилиясы, аты-жөнi, өзi жұмыс iстейтiн ұйымның аты, паспортының берiлген жерi, уақыты нөмiрi және оны сақтауға алған адамның бүлiнген болмаса жетпеген жағдайда жауапкершiлiктi мойнына алатындығы туралы қолхаты жөнiнде ескертiлгенi болуы керек.
Мүлiктердi сақтау жөнiндегi шығындардың орны осы нұсқаудың 38 тармағында көзделген тәртiппен толтырылады.
III. Мүлiктердi өткiзу және есеп айырысу
тәртiбi
19. Осы нұсқаудың I тармағында көрсетiлген мүлiктердi өткiзудi салық органдары төмендегi тәртiптi сақтай отырып жүзеге асырады:
а) қалалар мен поселкелердегi, сондай-ақ ауылдық жерлердегi құрылыстар (оның iшiнде тұрғын үйлер, олардың бөлiктерi, аула құрылыстары) мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитеттер өткiзетiн аукциондарда өткiзiледi, немесе ынталы заңды тұлғалар мен азаматтарға ақысына берiледi;
б) ауылшаруашылық машиналары, құрал-сайман, өнiмдiк және жұмыс малы, ара омарталары және астық сатып алу бағасы бойынша кеңшарларға және басқа ауылшаруашылығы кәсiпорындарына берiледi;
в) былғары және терi-мех шикiзаттары, жүн, ет малы, құс, қоян, астық, кендiр талшығы және басқа ауылшаруашылық өнiмдерi сатып алу бағасы бойынша мемлекеттiк немесе кооперативтiк дайындау ұйымдарына берiледi.
г) көпжылдық жемiс-жидек ағаштары мен өскiндерi кеңшар, ұжымшарларға және басқа мемлекеттiк ауылшаруашылық кәсiпорындарына немесе аудандық және қалалық жергiлiктi атқарушы органдардың коммуналдық шаруашылық бөлiмдерiне (басқармаларына) ақысына берiледi;
д) осы тармақтың "и" тармақшасында көрсетiлгеннен басқа кiтаптар Қазақстан Республикасының баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi мен Қазтұтынуодағының кiтап саудасы ұйымдарына ақысына берiледi. Балалар мен жастарға арналған баспалардың кiтаптары, кiтапхана штамптары бар кiтаптар, тауар түрiн жойған, бiрақ пайдалануға жарамды кiтаптар, сондай-ақ балалар тақырыбындағы ашық хаттар балалар мекемелерiне тегiн берiледi. Кiтап дүкендерi сатуға қабылдамаған шетел тiлiндегi кiтаптар оқу орындары мен мектептердiң кiтапханаларына берiледi.
Егер кiтаптар өзiнiң жағдайы бойынша көрсетiлген тәртiпте өткiзуге жарамаса олар белгiленген тәртiпте қайталама шикiзат ұйымдарына қағаз қалдығы ретiнде тапсырылады;
е) Альбомдар мен клессерлерге (марка салатын арнаулы ұялары бар альбомдар) салынған Қазақстан Республикасының, бұрынғы кеңес өндiрiсiнiң почта маркалары, шетелдiк почта маркалары Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Қазбайланысмарка" баспа-сауда орталығына мына мекен-жай бойынша жiберiледi: 480013 Алматы, Сәтбаев к-сi, 18 а.
Жiберiлетiн почта маркаларына қосымшаға сәйкес формада төрт дана тiзiмдеме жасалады.
"Қазбайланысмарка" баспа-сауда орталығына ("Қазбайланысмарка" БСО) почта маркалары бағалы бандерольдермен немесе посылкалармен жiберiлiп, оған тiзiмдеменiң бiрiншi данасы қоса салынады. Сонымен қатар "Қазбайланысмарка" БСО жөнелтушiлер тарапынан маркалардың жiберiлгенi жөнiнде жеке хатпен хабарлап, оған тiзiмдеменiң екiншi данасын қоса салады. Тiзiмдеменiң үшiншi данасы бақылау үшiн тиiстi хатпен Алматы қаласының Калинин ауданы бойынша салық инспекциясына мына мекен-жай бойынша жiберiледi: 480057. Алматы, Айманов к-сi, 191.
"Қазбайланысмарка" БСО-да бандерольдер мен посылкаларды ашуда, маркаларды өңдеу және бағалауды маман-филателистер мен Алматы қаласының Калинин ауданы салық инспекциясының өкiлi қатысқан комиссия жүзеге асырады. Комиссиялар өткiзуге жарамды маркалардың саны мен олардың құны, сондай-ақ өткiзуге жарамсыз маркалардың саны көрсетiлген акт жасалады. Жарамсыз маркалар өртеу арқылы жойылып, ол жайлы актiде тиiстi белгi қойылады;
ж) дiни наным заттары (осы тармақтың "и" және "к" тармақшаларында көрсетiлгендерден басқасы) дiни бiрлестiктер орталықтарына акт бойынша тегiн берiледi. Актiде дiни бiрлестiктер орталықтары қабылдаған заттар мiндеттi түрде дiни мүлiктердiң түгендеу тiзiмдемесiне енгiзiлуi қажеттiгi көрсетiледi;
з) өзiнiң күйi бойынша тiкелей мақсатына пайдаланыла алмайтын қара және түстi металдардан жасалған заттар, сондай осы металдардың сынықтары мен қалдықтары сол металдардың сынықтары мен қалдықтарын даярлаумен айналысатын мемлекеттiк мамандандырылған ұйымдарға ақысына, металдың аты, тобы, сорты, саны (салмағы) және бағалау құны көрсетiлген акт бойынша берiледi.
Бұйымдар мен металл сынықтарының мөлшерi аз болса оны металл сынықтарын жинаумен айналысатын тұтыну кооперациясы ұйымдарына беруге рұқсат етiледi.
и) тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе басқадай мәдени құндылығы болуы мүмкiн заттар сол заттарды есепке алған салық органының, жергiлiктi атқарушы органның мәдениет басқармасы немесе бөлiмiнiң, жергiлiктi архив органының немесе жергiлiктi музейдiң, сондай-ақ тиiстi ғылым мекемелердiң өкiлдерiнен тұратын арнаулы комиссияның сарабынан өткiзiледi. Тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе басқадай мәдени құндылығы бар заттардың сараптар өткiзiлгендiгi жөнiнде комиссия қажеттi данада акт жасап, онда көрсетiлген заттар жан-жақты сипатталады және сол заттарды қандай ұйымдарға беру қажеттiгi айтылады.
Егер жоғарыда көрсетiлген тәртiп бойынша жүргiзiлген сарап қандай да бiр себептермен есепке алынған заттардың тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе басқадай мәдени құндылығы бар екенiн анықтай алмаса салық органы алғашқы сарап актiсiнiң 4 данасын (қажет болса iлеспе хатта қосымша мәлiметтер мен түсiнiктемелер берiледi) бастапқы сараптың актiсiнде көрсетiлген заттардың тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар-жоқтығын, және оларды қандай ұйымдарға беру қажеттiгiн түпкiлiктi шешу үшiн республиканың мәдениет министрлiгiне жiбередi.
Комиссиялар немесе тиiстi ұйымдар тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе басқадай мәдени құндылығы бар деп таныған және құрамында қымбат металдар мен тастар жоқ заттар музейлер, кiтапханалар, мемлекеттiк архивтер, дiни бiрлестiктер, ғылыми және басқа мекемелер қарамағына тегiн берiледi.
Сонымен қатар көрнектi оқымыстылардың құжаттық материалдары Қазақстан Республикасы Академиясының архивiне мына мекен-жай бойынша жiберiледi: 480021, Алматы, Шевченко к-сi, 28.
Құрамында қымбат металдар, қымбат тастар бар заттар Ұлттық Банктiң сақтау қорына мiндеттi түрде тапсыруға жатады. Ұлттық Банктiң сақтау қорында қажеттi сараптан өткеннен кейiн дiни табыну заттары тиiстi дiни бiрлестiктерге, ал тарихи мәдени құндылығы бар заттар - Мемлекеттiк алтын музейiне мiндеттi түрде акт жасалып, тегiн берiледi.
к) кез-келген түрдегi және жағдайдағы қымбат металдар алтын күмiс, платина және платина тобының металдары (палладий, придий, родий, рутениi және осьмий) және шикi және өңделген түрдегi табиғи асыл тастар (алмаз, бриллиант, рубин, маржан, сапфир, сондай-ақ табиғи iнжу), сондай-ақ құрамында қымбат металдар мен тастар және табиғи iнжу бар заттар Мемлекеттiк сақтау қорына мына мекен-жайға жөнелтiледi: 483170 Алматы облысы, Жамбыл ауданы ҚТП Ұзынағаш.
Егер жоғарыдағыдай тәркiленген құндылықтар немесе олжа тергеу орындарында сақтауда болса оларды Мемлекеттiк сақтау орнына сол органдар жiбередi және ол туралы тiистi салық органына хабарлайды.
Құндылықтар сақтау қорына Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникация министрлiгiнiң арнаулы байланысының жергiлiктi бөлiмдерi арқылы посылкалармен жiберiледi. Олар ағаш жәшiктерге немесе картон қораптарға (құндылықтардың сипатына байланысты) салынып, матамен қапталады және сүргiш мөрмен бекiтiледi. Қымбат металдардан құйылған теңгелер бiрiне бiрi қапталға қапшыққа салынып, аузы тiгiледi және мөрмен бекiтiледi. Посылкаларда (немесе қапшықтың жапсырма қағазында) оның құны, алушы мен жөнелтушiнiң мекен-жайлары көрсетiледi.
Құндылықтарды сақтау қорына почтамен және қағазға орап жiберуге рұқсат етiлмейдi.
Мемлекеттiк сақтау қорына құндылықтарды тiзiмдеу және бағалау актiсi негiзiнде жiбергенде (осы нұсқаудың 18 тармағы) әрбiр жеке зат жан-жақты сипатталып, тiзiмдемеде қымбат металдың немесе тастың салмағы, сынамасы, аты және әр заттың ерекше белгiлерi көрсетiледi.
Тiзiмдеме үш дана етiп жасалып, оның бiр данасы салық органында қалады, бiреуi құндылықпен бiрге посылкаға салынады және бiреуi посылкамен бiрге жiберiлетiн iлеспе хатқа тiркеледi. Iлеспе хатта құндылықтың мүлiктiң қай түрiне (тәркiленген, иесiз немесе олжа) жататыны, олардың кiмдiкi (егер белгiлi болса) көрсетiледi.
Құндылықтарды алғанын растау үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк сақтау қоры құндылықтарды жөнелтуге қабылдау актiнiң бiр данасын жiбередi.
Құндылықтарды жiберуге байланысты жөнелтушiлердiң шығындарын төленген шотын берген жағдайда салық органдары өтейдi;
л) Қазақстан Республикасының валютасындағы ақша сомалары республика бюджеттiң кiрiсiне есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне немесе ауданның бюджеттен тыс қорына (салық органының нұсқауы бойынша) тапсырылады;
м) ТМД елдерiнiң валютасын қоса есептегенде шетел валютасы, шетел валютасындағы төлем құжаттары мен қор құндылықтары, шетел валютасына алынған теңгелердi банктiң төлем құжаттары кейiннен Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң валюталық шотына аудару үшiн тiзiмдеме бойынша Ұлттық банктiң мекемелерiне тапсырылады.
Аталған құндылықтар мен олардың тiзiмдемелерi Ұлттық банкке құндылықтардың аты және алдын-ала өз құны бойынша бағасы көрсетiлген iлеспе хатпен бiрге тапсырылады. Хатқа сол құндылықтарды тәркiлеу туралы үкiмнiң (қаулының) расталған көшiрмесi, немесе оларды иесiз деп тану жөнiндегi шешiмнiң көшiрмесi, немесе оларды мұраға алуға мемлекеттiң құқы жөнiндегi куәлiктiң көшiрмесi тiркеледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi құндылықтарды түпкiлiктi бағалап, 5 күн мерзiм iшiнде шетел валютасының сомасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң валюталық шотына аударады. Шетел валютасында төлем құжаттары мен қор құндылықтарының, сондай-ақ шетел валютасына алынған банктiң теңгедегi төлем құжаттарының құнын Ұлттық Банк оларды өткiзгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аталған шотына аударады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi осы тармақшаның I абзацында көрсетiлген құндылықты бюджетке есептеуге жiберген органға құндылықтар құнының бюджеттiң немесе бюджеттен тыс қордың қашан, қандай сомада және қай шотқа (тарау, параграф) аударылғаны жайлы хабарлайды.
Құндылығы жоқ және өткiзу мүмкiн емес төлем құжаттарын алған жағдайда ұлттық банк бұл туралы сол құжатты жiберген орынға хабарлайды. Мұндай құжаттар Ұлттық Банкте үш жыл сақталып содан кейiн белгiленген тәртiп бойынша жойылады;
н) тәркiленген салымдардың, есеп айырысу чектерiнiң, чек кiтапшаларының сомалары, облигациялардың, қазынашылық бондардың, акциялардың, вексельдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Банктерiнде сақталуда жатқандары да бар, (ұтыс облигациялары мен қазынашылық бондары бойынша - оларға шыққан ұтыстың сомасы) құны соттың тәркiлеу жөнiндегi үкiмi заңды күшiне енгеннен кейiн бюджет кiрiсiне аударылады.
Сот немесе тергеу органдарынан алынған жинақ, салым және чек кiтапшалары, есеп айырысу чектерi, вексельдер, акциялар, облигациялар, қазынашылық бондары, бағалы қағаздардың сақтау куәлiктерi сот үкiмiнiң расталған көшiрмесiмен бiрге төмендегi мекемелерге берiледi:
- Қазақстан Республикасы банктерi мекемелерiнiң жинақ, салым және чек кiтапшалары, Қазақстан Республикасы банктерiнiң бiр қаладағы мекемелерi берген сақтау куәлiктерi - республика банктерiнiң сол мекемелерiне тiкелей, Қазақстан Республикасының өзге қалалары мен аудандарында берiлген жинақ, салым және чек кiтапшалары, есеп айырысу кiтапшалары мен сақтау кiтапшалары осы құжаттарды берген Қазақстан Республикасының халықтық банкiнiң немесе өзге банктердiң бөлiмшелерi орналасқан жердегi тиiстi салық органдарына жiберiледi, ол бұрынғы Одақтың өзге қалаларында берiлген жинақ, салым және чек кiтапшалары, есеп айырысу чектер мен сақтау куәлiктерi, акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа бағалы қағаздар - аумағында салымдар мен бағалы қағаздарды сақтау бойынша есеп ашылған мемлекет пен Қазақстан Республикасы арасындағы екi жақты келiсiмдерге сәйкес;
- Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылған облигациялар, қазынашылық бондар, акциялар мен вексельдер;
- олардың алынған жерiне қарамастан эмитент-банк мекемелерiне.
Беру тiзiмдеме бойынша жүргiзiлiп, онда құжатты берген Қазақстан Республикасы (ТМД елдерi) банк мекемесiнiң аты, мекен-жайы мен нөмiрi, құжаттың аты, берiлген уақыты шот нөмiрi, оның иесiнiң толық аты-жөнi және құжатта берiлген сома көрсетiледi.
Аталған құжаттармен бiрге банк мекемелерiне сот немесе тергеу органдарынан алынған мүлiктiң тәркiленгенiн айғақтайтын үкiмнiң расталған көшiрмесi немесе үкiмнiң үзiндiсi жiберiледi.
о) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң мекемелерiнде облигацияларды алған сот немесе тергеу органдарының депозитiнде сақталып жатқан бұрынғы КСРО мемлекеттiк заемдарын сот немесе тергеу органдары олардың тәркiленгенi жөнiндегi үкiмнiң көшiрмесiмен (үзiндiсiмен) бiрге Қазақстан Республикасы халықтық банкiнiң бөлiмiн тiзiмдеме бойынша өткiзедi. Тiзiмдемеде заемның аты, облигация нөмiрi, серия нөмiрi, разряд нөмiрi және әр облигацияның нақты құны, сондай-ақ облигация иесiнiң толық аты-жөнi көрсетiледi. Осы тiзiмдеменiң көшiрмесi облигация тапсырылған Халықтық банк орналасқан жердегi салық органына жiберiледi.
Қазақстан Республикасының облигациялары мен қазынашылық бондары бойынша ұтыстар сомасын банк мекемелерi республикалық бюджет кiрiсiне аударады.
п) белгiленген тәртiпте мұрагерлiк немесе иесiз мүлiк деп табылған салымдар, аккредитивтер немесе қазынашылық бондарының сомалары осы тармақтың "о" және "п" тармақшаларында қарастырылған тәртiп бойынша бюджет кiрiсiне аударылады.
р) тәркiленген мұрагерлiк немесе иесiз мүлiктер құрамында салық органдарына берiлiп, ұтыс шыққан ақшалай-заттай немесе басқадай лотереялар (халықтық банк мекемесi мен тиражды өткiзушi орган арасында ұтысты төлеу мiндетi жөнiнде келiсiм болған жағдайда) ақшалай ұтыстың сомасын және заттай ұтыстың құнын бюджет кiрiсiне аудару үшiн Халықтық банк мекемелерiне өткiзiледi. Бұлай болмаған жағдайда егер төлеу мерзiмi өтiп кетпесе тиражды өткiзген орган жоғарыда аталған соманы бюджетке аударады.
Бұл тiзiмдеме арқылы жүзеге асырылып, онда лотереяның аты, қай жылғы, қандай шығарылым екендiгi, тиражды өткiзген орган, билет және серия нөмiрi, әр билеттiң разряд нөмiрi, сондай-ақ ұтыс сомасы көрсетiледi.
Аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық органдары Республиканың Халықтық банк мекемелерiнiң салымдар, аккредитивтер, Халықтық банк чектерi сомаларын, лотерея ұтыстарының немесе сақтауда жатқан мемлекеттiк заемдардың құнын (ұтыс шығатын облигациялар бойынша - сол облигацияларға түскен ұтыс сомалары) бюджет кiрiсiне аудару жөнiндегi талаптардың дұрыс және уақтылы орын алуына бақылауды жүзеге асырады;
с) құрамында 10 процент және одан көп мөлшерде алтын немесе 30 процент және одан көп күмiс бар заттарды, сондай-ақ құрамында қымбат металдары және тастары бар парша және парша материалдарын осы нұсқаудың 19 тармағындағы "к" тармақшасында көрсетiлген тәртiп бойынша салық органы Мемлекеттiк сақтау қорына тапсырады.
Дiни мұрағатқа немесе тарихи және нумизматикалық құндылыққа жатпайтын, құрамында 10 проценттен кем алтын және 30 проценттен кем күмiсi бар заттарын, құрамында қымбат металдар бар, қымбат металдармен безендiрiлмеген парша және парша бұйымдарын салық органдары сол заттардан қымбат металдарды алу үшiн қымбат металдардың сынығы мен қалдығын өңдеп, оларды кейiннен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сақтау қорына тапсыру құқына лицензиясы бар жақын жердегi өңдеу кәсiпорнына жiбередi.
Өңдеушi кәсiпорындар жөнелтушiлермен олар тапсырған заттар мен бұйымдардағы қымбат металдар үшiн қымбат металдардың сынығы мен қалдығына төленетiн прейскуранттық баға бойынша есеп айырысады.
Парша және парша материалдарын салық органдары егер олар дiни мұрағатқа жатпайтын болса және құрамында қымбат металдар болмаса, сондай-ақ қымбат тастармен безендiрiлмесе өткiзу немесе қайта өңдеу үшiн мемлекеттiк кәсiпорындарға бередi.
Осы тармақшада аталған бұйымдар мен заттардың құрамындағы қымбат металдар мен тастардың мөлшерiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң мемлекеттiк сынамалық бақылау инспекциясы анықтайды.
Тарихи құндылыққа немесе дiни мұрағатқа жатпайтын жартылай құнды, синтетикалық және жасанды өңделген не өңделмеген түрдегi, бағалы емес металдардағы тастарды салық және iшкi iстер органдары зергерлiк заводтарға немесе өткiзу үшiн сауда жүйесiне жiбередi.
т) азық-түлiк тауарларды, оның iшiнде арақ-шарап және темекi өнiмдерiн оларды өткiзуге санитарлық-эпидемиологиялық сараптың қорытындысы болған жағдайда тергеу немесе кеден органдары беру актiсiмен және сарап қорытындысымен бiрге салық инспекциясына жiбередi.
Санитарлық-эпидемиологиялық сарап пайдалануға жарамсыз деп тапқан азық-түлiк тауарларын тергеу және кеден органдары тиiстi акт жасай отырып жояды.
Тергеу және кеден органдарында азық-түлiк тауарлары аз мөлшерде болып, олардың пайдалануға жарамдылығын анықтау үшiн санитарлық-эпидемиологиялық сарапты шақыру тиiмсiз болған жағдайда аталған тауарлар сауда жүйесi арқылы өткiзiледi немесе жою актiсiн жасай отырып тергеу немесе кеден органының және салық инспекциясының өкiлдерi қатысқан комиссияның шешiмiмен жойылады. Жою актiсi комиссияға қатысқан тиiстi мекемелердiң басшылары тарапынан бекiтiлуi тиiс.
20. Осы нұсқаудың 19 тармағының "а-т" тармақшаларында аталмаған барлық мүлiктердi (ауылдық жерлердегi мүлiктердi қосқанда) салық органдары осы мақсат үшiн арнайы анықталған жергiлiктi органдардың шешiмiмен тек қана сауда комиссиялық дүкендер арқылы өткiзiледi. Сұраныс жоғары заттар салық органдарының ұйғарымы бойынша аукциондар арқылы сатылады.
21. Сол ауданда өткiзу мүмкiн болмаған мүлiктер өзге ауданда өткiзiледi.
22. Алдын-ала өңдеусiз сауда жүйесi арқылы өткiзу мүмкiн-болмаған заттар тиiстi мемлекеттiк немесе өзге ұйымдарға өңдеу үшiн сатылады.
23. Жөндеудi қажет ететiн тұрмыстық электр приборлары (тоңазытқыштар, кiр жуатын машиналар, т.б.) сауда мекемелерiнде жөнделуi тиiс. Егер оларды жөндеу мүмкiндiгi болмаса қосалқы бөлшектер ретiнде өткiзiледi немесе белгiленген тәртiп бойынша жойылады.
Тозуына байланысты өз мақсатында пайдалануға немесе қайта өңдеуге жарамсыз басқа заттар тиiстi ұйымдарға жекелеген бөлшектерiн пайдалану үшiн сатылады.
24. Осы нұсқаудың 20-23 тармақтарында көрсетiлген тәртiпте өткiзу немесе пайдалану мүмкiн емес заттар, сондай-ақ қағаз қалдықтары қайталама шикiзат жинаумен айналысатын тиiстi мемлекеттiк немесе өзге ұйымдарға сатылады.
25. Өзiнiң жағдайы бойынша қалдық ретiнде пайдаланылуы мүмкiн емес заттар жойылып, бұл туралы мүлiктi тiзiмдеу және бағалау актiсiнде көрсетiледi, ал ағаш бөлшектерi (егер мөлшерi жеткiлiктi болса) отын ретiнде сатылады.
26. Салық органдары сауда ұйымдарымен ұсынылып отырған форма (N 5 қосымша) бойынша шарт жасасып, онда салық органдарының мүлiктердi өткiзуге тапсыру шарттары, қабылдау және өткiзу шарттары және сол мүлiк үшiн бюджетпен есептесу тәртiбi айтылады.
27. Мүлiктердi өткiзуге немесе өңдеуге қабылдауды сауда және өзге ұйымдар мен кәсiпорындар олардың тұрған жерiнде әр зат бойынша жекелей жүзеге асырады.
28. Сауда ұйымдарына өткiзуге берiлетiн барлық заттар салық органы мен сауда ұйымының тауар жапсырмаларымен жабдықталып, онда тiзiмдеу және бағалау актiсiнiң рет нөмiрi көрсетiлуi тиiс.
29. Салық органдарынан қабылданған заттарды тазалау, үтiктеу және ұсақ жөндеу соларды қабылдаған ұйымдар есебiнен жүргiзiледi.
30. Егер сауда ұйымы қабылдаған мүлiк 20 күн iшiнде өтпесе сауда ұйымының талабы бойынша салық органы өкiлiнiң қатысуымен мүлiк қайта бағаланады.
Сонымен бiрге мүлiктi өткiзгенi үшiн тиiстi сыйақының сомасы да қайта есептеледi. Мүлiктiң қайта бағаланғаны туралы ұсынылып отырған формада (N 2 қосымша) акт жасалып, оның бiр данасы салық органына жiберiледi.
Мүлiктiң құнын жоғарылатуға бағытталған қайта бағалау салық органының немесе сауда ұйымының талабы бойынша сол сәтiнде жүргiзiледi.
31. Осы нұсқаудың 40 тармағында көрсетiлген жағдайларда салық органына сауда ұйымдарына өткiзуге берiлген мүлiктiң жекеленген заттарын керi алып, иелерiне қайтаруға рұқсат етiледi.
Мүлiктi өткiзу, оны тоқтату және керi қайтару туралы талапқа салық органының бастығы (орынбасары) және тиiстi салық инспекторы қол қояды.
32. Салық органына өткiзуге қабылданған мүлiктердi қабылдауға, тасымалдауға, сақтауға және өткiзуге байланысты шығындарды жабу үшiн;
сауда ұйымы мүлiктi өткiзуден түскен сомадан өз пайдасына шартта айтылған мөлшерде, бiрақ сол соманың 15 процентiнен аспайтындай сыйақы ұстап қалады;
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Қазбайланысмарка" БСО маркалар құнының сомасын аударғанда өз пайдасына сол соманың 10 процентiн (почта айналымындағы өшiрiлмеген кеңес маркаларының бағасын қоспағанда) ұстап қалады. Айналымдағы өшiрiлмеген почта маркаларын өткiзгенi үшiн "Қазбайланысмарка" БСО өз пайдасына сол маркалар құнының 8 процентi мөлшерiнде ұстап қалады;
Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат Министрлiгiнiң кiтап саудасы ұйымдары кiтап саудасынан түскен сомадан шарт бойынша, бiрақ оның 25 процентiнен кем емес мөлшерде өз пайдасына ұстап қалады.
33. Өткiзуге қабылдаған мүлiктер үшiн сауда ұйымдары салық органдарымен шартта белгiленген мерзiм iшiнде, бiрақ мүлiк өткiзiлген күннен кейiн 10 күн iшiнде, салық органының нұсқауына сәйкес тиесiлi соманы тиiстi бюджет кiрiсiне аудару жолымен есеп айырысады.
Бұл қаржыны аудару бiрнеше тiзiмдеу және бағалау актiсi бойынша бiр төлем мерзiмiмен жүргiзiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда төлем тапсырмасының сыртында әрбiр тiзiмдеу және бағалау актiсi бойынша аударылған соманың айқындамасы көрсетiледi. Ал төлем тапсырмасының өзiнде осы сомаларды аударатын республика бюджетiнiң немесе бюджеттен тыс қордың тарауының аты және параграфы көрсетiледi.
Мүлiк ақыға берiлген ұйымдар (дайындау мекемелерi, ұжымшарлар, мүлiктi өңдеуге алған ұйымдар т.б.) қабылдаған мүлкi үшiн оны қабылдап алған кездегi шарт бойынша есеп айырысады.
34. Өткiзiлген немесе қабылданған мүлiк үшiн бюджет кiрiсiне тиесiлi соманы аудару мерзiмiн кешiктiрген сауда немесе басқа ұйымдар төлем мерзiмi белгiленгеннен бастап әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн төленбеген соманың 0,2 процентi мөлшерiнде өсiм төлейдi.
35. Осы Нұсқауда қарастырылған тәртiпте салық органдары алған мүлiктердi кәсiпорындарға, ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тиым салынады.
36. Есепке енген мүлiктi салық, қаржы және кеден қызметкерлерiнiң сатып алуына қатаң тиым салынады.
37. Тәркiленген және иесiз мүлiктердi, мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен мүлiктердi, қазыналарды, кепiлге берушi уақтылы талап етпеген мүлiктердi өткiзуден түскен қаржы мыналарға аударылады:
а) Республикалық бюджет есебiне:
- шетел валютасы, шетел валютасындағы төлем құжаттары құны мен қор құндылықтарының, сондай-ақ шетел валютасына алынатын теңгедегi банк төлем құжаттарының сомасы, Қазақстан Республикасы Мемзаемының және бұрынғы КСРО республикалары облигациялары құнының сомасы және олардың ұтыстары;
- белгiленген тәртiп бойынша мұрагерлiк құқына орай мемлекетке өткен және салық органдарына берiлген қазыналарды (кезкелген түрдегi және жағдайдағы қымбат металдарды табиғи және өңделген күйдегi қымбат тастарды және осы металдар мен тастардан жасалған бұйымдарды қоспағанда) өткiзуден түскен қаржы;
- ломбардқа кепiл берушiнiң уақтылы талап етпеген өнеркәсiп тауарларын сатудан түскен сома қалдығының 90 процентi;
б) жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттен тыс қорларына:
- тәркiленген, иесiз мүлiктер құнының сомалары ("а" тармақшасында көрсетiлген құндылықтардан басқа);
в) ұйымдасқан қылмыспен, жемқорлықпен және контрабандамен күреске жәрдемдесу жөнiндегi облыстық арнаулы қордың есеп шотына;
- сот үкiмi негiзiнде республика меншiгiне айналдырылған мүлiктердi өткiзуден түскен қаржының 30 процентi;
"а" тармақшасында көрсетiлген қаржы республикалық бюджетке кiрiстер мен шығыстарды саралаудың 12 тарауының 12 параграфына аударылады.
Шетел валютасындағы сомалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегi N 070720 код 103 валюталық шотына аударылады.
38. Салық органдарының есебiне түскен тәркiленген, иесiз, мұрагерлiк мүлiктер мен қазыналарды сауда немесе басқа ұйымдарға бергенше сақтауға, жөндеуге, жөнелту мен тасымалдауға байланысты шығындар, сондай-ақ шақырылған маман-бағалаушылар мен сараптаушылардың қажет болған еңбегiне ақы төлеуге байланысты шығыстар республикалық бюджеттегi 222 тарау, 8 параграф 18 бет бойынша осы мақсатқа қарастырылған қаражат есебiнен, ал айтылған тәртiпке сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттен тыс қорларына жататындарға ауданның, қаланың, облыстың тиiстi бюджеттен тыс қорының қаржысы есебiнен өтеледi.
Мүлiктi сақтау жөнiндегi шығындар, егер ол сотталған адамның отбасы мүшесi болмаса, жеке адамға қайтарылуы мүмкiн, бiрақ мұндай жағдайда орнын толтыру сомасы аталған мүлiктi өткiзуден алынған түсiм мөлшерiнен аспауы керек.
Мүлiктердi сақтауды жүзеге асырған ұйымдарға сақтау шығыны мүлiктi сақтауға арнаулы үй бөлген жағдайда ғана қайтарылуы мүмкiн. Өзге де құндылықтар сақталған үйде орналастырылған мүлiкке ақы төленбейдi.
Малды ұстағаны үшiн шығындардың орны сол жерге белгiленген нормалар мен бағалар бойынша жем құны мөлшерiнде толтырылады. Осы шығындардың орнын толтырғанда малды сақтауға алған ұйымдар мен жеке адамдардың сол малды пайдаланудан (сауылған сүт, қырқылған жүн т.б.) алған пайдасы ескерiлуi қажет.
39. Салық органдары сот және кеден органдарына мүлiктi тәркiлеу туралы қаулылар (үкiмдер, анықтаулар) бойынша олардың орындалғаны жөнiнде хабарлайды: өткiзiлген мүлiк бойынша өткiзуден түскен сома, тегiн берiлген мүлiктер бойынша - мүлiктiң қашан, кiмге берiлгенi.
IV. Мүлiктi қайтару
40. Мүлiк немесе оның құны мынадай жағдайларда қайтарылады:
тиiстi органдардың мүлiктi тәркiлеу туралы үкiмiнiң, ұйғарымының немесе қаулысының күшiн жоюы;
сот органдарының мүлiктiң бiр бөлiгiн тұтынудан босату (тiзiмдемеден алып тастау) туралы шешiм шығаруы;
мүлiктi иесiз деп тану туралы сот шешiмiнiң күшiнiң жойылуы;
сот органдарының мемлекеттiң мұрагерлiгi туралы куәлiктi жарамсыз деп табуы немесе мүлiктi мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке беру туралы сот шешiмiнiң күшi жойылуы;
41. Мүлiктiң бiр бөлiгiн тұтынудан босату (тiзiмдемеден алып тастау) туралы сот органдарына талап арыз түскен жағдайда салық органдары оған жауапкер ретiнде қатысуға тартылады.
Салық органдарының басшылары аталған талап-арыздарды қарау жөнiндегi сот мәжiлiсiне қатысуға шақыру алған жағдайда сот органындағы iс материалдарын алдын-ала зерттеу және сот мәжiлiстерiнде мемлекет мүддесiн қорғау үшiн салық органының өкiлдерiн тағайындайды.
Мүлiктi қайтару немесе оның құнын өтеу мүлiктi қайтару туралы өтiнiш түскен күннен бастап он күн iшiнде қаржы органы арқылы жүзеге асырылады. Өтiнiшке мүлiктiң мемлекет меншiгiне түскенi туралы құжаттың күшiн жойған тиiстi мемлекеттiк орган шешiмiнiң расталған көшiрмесi (немесе соның расталған үзiндiсi) қоса тiркеледi.
Мүлiктi қайтару немесе оның құнын өтеу оны қайтару туралы өтiнiш салық органына ынталы адамға әлгi мүлiктiң мемлекет меншiгiне өтуi жөнiндегi шешiмнiң күшi жойылған туралы хабарланған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзiмде түссе ғана жүзеге асырылады.
42. Егер сауда және басқа ұйымдарға өткiзуге немесе қайта өңдеуге берiлген мүлiк әлi өткiзiлмеген немесе қайта өңделмеген болса мүлiк сол қалпында қайтарылады.
Егер мүлiк өтiп кетсе немесе қайта өңделген болса оның иесiне республикалық бюджет (немесе бюджеттен тыс қор) қаржысынан өткiзуге байланысты шығындарды ұстаусыз сатудан түскен мүлiк құнының сомасы төленедi (осы Нұсқаудың 38 тармағы). Тәркiленген мүлiктiң бюджеттен қайтарылғандағы құны тиiстi органдардың тәркiлеудiң күшiн жою немесе мүлiктiң бiр бөлiгiн тұтудан босату туралы үкiмiнiң (ұйғарымның, қаулының) заңды күшiне енген күнiндегi еркiн баға бойынша, бiрақ оны өткiзген кезде бюджетке түскен сомадан артық емес мөлшерде анықталады.
Бiржола тегiн берген мүлiктер бойынша оларды қайтару немесе құнын өтеу туралы талапты ынталы жақ сол мүлiктi қабылдаған ұйымға қояды.
Тегiн берiлген мүлiктер туралы туған дауды халық соттары шешедi.
43. Бағалы қағаздардың, мемлекеттiк заемдардың құнын қайтару төмендегiше жүргiзiледi:
- Қазақстан Республикасының қазынашылық бондары бойынша - өз құнында тиiсiнше - 250, 500 және 1000 теңге.
Облигацияларды берудi сол облигациялардың құнын қаржы органдары бюджеттен Халықтық банктiң шотына аударғаннан кейiн Халықтық банктiң бөлiмшелерi жүргiзедi.
44. Бюджетке мұрагерлiк және иесiз мүлiктер құрамында, сондай-ақ тәркiленген мүлiктер ретiнде 1981 жылдың 1 маусымына дейiн түскен салымдар сомалары iс жүзiнде Халықтық банктерде сақталмағандықтан өткен уақыт үшiн процент қосылмай, ал 1981 жылдың 1 маусымынан кейiнгiлерi тиiстi проценттер қосылып қайтарылады.
45. Салық органдарында сақталудағы ақшалай-заттай және басқа лотореялардың билеттерi олардың ұтыстарын төлеу уақыты өтпесе иелерiне қайтарылады. Сондай-ақ тiзiмдеу және бағалау актiсiнде (осы Нұсқаудың 17 тармағының "з" тармақшасы, 5 абзац) көрсетiлген ақшалай ұтыс сомалары мен заттай ұтыстардың құны да иелерiне қайтаруға жатады.
46. Шетел валютасындағы қаржыларды азаматтарға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi сол қаржыны бюджетке аударған тиiстi органдардың берген құжаты негiзiнде қайтарады.
Банк кiрiсiне теңгемен аударылған шетел валютасына алынатын теңгедегi банк төлем құжаттарының құнын сол сомалардың бюджет кiрiсiне алынғаны туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң куәлiгi болған жағдайда қаржы органдары қайтарады.
47. Егер өтiп немесе қайта өңделiп кетпесе қымбат металдардан жасалған қымбат жартылай қымбат тастары бар зергерлiк және басқа тұрмыстық бұйымдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң Сақтау қоры бастапқы қалпында қайтарады. Егер аталған бұйымдар сатылып, немесе қайта өңделiп кетсе иелерiне олардың құнын мемлекеттiк сақтау қоры қайтарады.
Құйма, қорытпадағы, табиғи сом, сынық, жартылай фабрикат, өндiрiстiк және лабораториялық бағыттағы қымбат металдар (алтын, күмiс, платина және платина тобының металдары), өңделмеген күйдегi қымбат тастар, революцияға дейiн және кеңес тұсында шыққан алтын және күмiс теңгелер иелерiне қайтарылмайды. Оларға осы Нұсқаудың 17 тармағының "е" және "ж" тармақшаларында көрсетiлген баға бойынша аталған құндылықтардың құны қайтарылады.
48. Мүлiк құнының сомалары республикалық бюджет немесе мүлiктi өткiзуден алынған қаржы түскен бюджеттен тыс қор қаржысынан қайтарылады. Сонымен қатар әлгi сомалардың бюджетке түскенiн Ұлттық банк мекемелерi немесе тиiстi ұйымдар растауы қажет (осы Нұсқаудың 19 тармағының "и" және "н" тармақтары.
Егер Ұлттық банк мекемелерiнде сақтау мерзiмi асып кеткендiктен облигациялар құнының салым сомаларының, чектер мен аккредитивтердiң бюджетке аударылғаны туралы құжаттар болмаса бұларды Орталық Ұлттық банк құжаттарымен растауға болады. Ондай құжаттарға беттiк шоттар немесе салымдар облигацияларды сақтау бойынша кейiнгi тексеру құжаттары, операциялық күнделiктер жатады. Аккредитивтер бойынша бюджетке аударымдар тиiстi Халықтық банктегi құжаттармен расталуы мүмкiн.
V. Мүлiктердiң материалдық және ақшалай
есебiн жүргiзу
49. Тәркiленген, мұрагерлiк және иесiз мүлiктердiң, сондай-ақ қазыналар мен оларды өткiзуден түскен ақшаның қозғалысына есеп жүргiзу салық органдарына жүктеледi.
50. Тiзiмдеу және бағалау актiлерiнiң есебi үшiн салық органдарында ұсынылып отырған формада (N 3 қосымша) тiзiмдеу және бағалау актiлерiн есепке алу кiтабы жүргiзiледi. Бұл кiтапқа келiп түсуiне қарай тiзiмдеу және бағалау актiлерi тiркеледi. Кiтаптағы рет нөмiрлерi мүлiктердi тiзiмдеу және бағалау актiлерiнiң нөмiрлерiне сәйкес келуi керек. Кiтаптағы жазулар уақтылы, айқын және түзетусiз жойылуы тиiс. Әрбiр түзету себебi жазылып, есептi жүргiзушi қызметкердiң қолымен расталады.
51. Мүлiктi есепке қабылдау кезiнде комиссия жасайтын тiзiмдеу және бағалау актiсiне N 3 формалы кiтап бойынша өзiнiң рет нөмiрi берiледi.
Мүлiктi қайта бағалау актiсiне де бастапқы актiнiң нөмiрi берiледi.
52. Әрбiр тiзiмдеу және бағалау актiсiне жеке iс ашылып, онда осы актiге қатысты бүкiл құжаттар сақталады: сот орындаушысынан немесе нотариалдық кеңседен алынған мүлiктiң тiзiмдемесi, мүлiктi есепке алған кезде комиссия жасаған тiзiмдеу және бағалау актiсi, мүлiктi қайта бағалау актiсi, мүлiктi керi қайтару құжаттары, төлем есепшоттар және сол мүлiк тiзiмдемесiне қатысты барлық қатынас қағаздары.
Әр iске тiзiмдеу және бағалау актiсiнiң нөмiрiне сәйкес рет нөмiрi қойылады.
53. Мүлiктi тiзiмдеу және бағалау актiсiн есеп кiтабына енгiзген соң мүлiк берiлген ұйым атына есепшот ашылады (N 4 қосымша). Есепшоттың тақырыбында мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ мүлiктiң берiлген уақыты және ол үшiн бюджетпен есеп айырысу мерзiмi көрсетiлуi қажет. Аталған есепшотқа да мүлiктi тiзiмдеу және бағалау актiсiнiң нөмiрi берiледi.
Есепшотқа жазулар құжаттар (бағалау және қайта бағалау актiлерi, банк және басқаларының құжаттары) негiзiнде жазылады.
Әрбiр есеп айырысу операциясын жазғаннан кейiн есепшоттың II және 12 бағанда көрсетiлген қалдықтар шығарылады. Төлем кешiктiрiлген жағдайда өсiм қосылып, ол 14 бағанда көрсетiледi.
Мүлiк қайта бағаланған кезде арзандату сомасы 7 бағанда, ал сауда ұйымның тиiстi сыйақының кемiтiлуi 9 бағанда көрсетiледi.
Егер артық төлеп қойған жағдайда өтелмеген өсiм болса артық төлемнiң бiр бөлiгi өсiмдi өтеуге жiберiледi. Тиiстi есепшот бойынша бұл операция былай жазылады: 3 бағанда "өсiм артық төлем есебiнен өтелдi" деп жазылады, ал 10 бағанда алу белгiсiмен өсiмдi төлеуге есептелген сома көрсетiледi және 12 бағанда осы сомаға артық төлем азайтылады; 15 бағанда осы сома төленген ретiнде көрсетiледi.
Есепшот жазылған соң 11,12 және 13 бағандарды қоспағанда барлық бағандар бойынша есептеулер жасалып, алу белгiсi бар сомалар шығарып тасталады және түпкiлiктi қорытынды сома соңғы жазудың астына жазылады.
Шығарылған қорытынды сомалар теңестiрiледi: 4, 6, 9 бағандар сомасы 7, 8, 10 бағандар сомасына тең болуы керек.
54. Мүлiктi тiзiмдеу және бағалау бланкiлерi (N 1 қосымша), мүлiктi қайта бағалау актiлерiнiң бланкiлерi (N 2 қосымша), мүлiктi тiзiмдеу және бағалау актiлерiн есепке алу кiтабы (N 3 қосымша) қатаң есептегi құжаттар ретiнде салық органдарында даярланып, сақталуы тиiс. Акт бланкiлерi нөмiрленiп, мүлiктердi тiзiмдеу және бағалау актiлерiн есепке алу кiтабы нөмiрленуi, жiппен тiгiлуi және қалалық немесе аудандық салық инспекциясы бастығының қолымен және мөрiмен куәландырылуы қажет.
VI. Салық инспекцияларының және қаржы
органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне
шағымдану
55. Салық инспекциясының лауазымды адамдарының әрекетiне шағым жасау Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi туралы" заңында белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi.
Шағымды қарау уақытында салық органы мүлiктi өткiзудi тоқтата тұрады және бұл жайлы сол мүлiктi қабылдаған тиiстi ұйымға хабарлайды.
Қайтаруға жататын өтiп кеткен мүлiктiң құнын өтеуге байланысты қаржы органдарының лауазымды адамдарының әрекетiне шағым жоғары тұрған қаржы органына берiледi. Шағымдар қолданыстағы заңдарда белгiленген мерзiмде қаралып олар бойынша шешiмдер қабылданады.
56. Осы нұсқаудың шығарылуына байланысты төмендегi нормативтiк актiлердiң күшi жойылады деп есептелсiн:
Қазақ ССР Қаржы министрлiгiнiң "иесiз мүлiктердi анықтау және есепке алу туралы жазылған 1966 жылдың 26 мамырындағы N 2805 Нұсқауы;
Қазақ ССР Қаржы министрлiгiнiң "қаржы органдарының мемлекеттiң мүлiктiк мүддесiн қорғауына байланысты мәселелер бойынша" 1980 жылғы N 48 консультациялық хаты.
Қазақ ССР Қаржы министрлiгiнiң "қаржы органдарының бюджетке тәркiленген иесiз мүлiктердi және мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен мүлiктердi депозиттiк сомаларды өткiзуден бюджетке түсетiн кiрiстерге бақылауы жөнiндегi жекелеген мәселелер туралы" 1984 жылғы 29 наурыздағы N 26-6-14 консультациялық хаты;
КСРО Сыртқы сауда министрлiгi мен КСРО Қаржы министрлiгiнiң "кеден мекемелерiне түсетiн мүлiктердi есепке алу және өткiзу тәртiбi туралы" 1967 жылдың 26 қыркүйегiндегi N 1644 бiрлескен хаты.
КСРО Қаржы министрлiгiнiң "тәркiленген иесiз және мұрагерлiк құндылықтарды өткiзу тәртiбi туралы" 1979 жылдың 14 тамызындағы N 120 хаты.
КСРО Қаржы министрлiгiнiң "қаржы органдарының бюджетке өзге мемлекеттiк кiрiстердiң уақтылы түсуiне бақылауын күшейту туралы" 1980 жылғы 2 желтоқсандағы N 200 хатына әдiстемелiк құралдың бiрiншi тарауы.
КСРО Қаржы министрлiгiнiң "тәркiленген иесiз және мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен мүлiктердi және қазыналарды есепке алу, бағалау және өткiзу тәртiбi туралы" 1984 жылғы 19 желтоқсандағы N 185 Нұсқауы;
КСРО Қаржы министрлiгiнiң 1984 жылдың 19 желтоқсанындағы N 185; 13.05.85 ж. N 67; 26.09.67 ж. N 306; 22.08.86 ж. N 28-205; 9.08.90 ж. N 102; 31.05.91 ж. N 36 Нұсқауларына өзгертулер мен толықтырулар.
КСРО Қаржы министрлiгiнiң "КСРО Қаржы министрлiгiнiң Нұсқауларына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" 10.09.86 ж. N 156 хатының екiншi бөлiмiнiң екiншi тармағы;
КСРО Қаржы министрлiгiнiң "КСРО Қаржы министрлiгiнiң құзырына енетiн жекелеген мәселелердi шешудi қаржы органдарына беру туралы" 8.06.89 ж. N 73 хатының екiншi тармағының екiншi абзацы.
Қосымшалар 7 бет: 1. Мүлiктердi тiзiмдеу мен бағалау
актiсiнiң формасы.
2. Мүлiктердi қайта бағалау актiсiнiң
формасы.
3. Мүлiктердi тiзiмдеу және бағалау
актiлерiн есепке алу кiтабының формасы.
4. Есепшот формасы.
5. Мүлiктi өткiзу туралы типтiк шарт.
6. Почта маркалары тiзiмдемесiнiң формасы.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң Нұсқауына
N 1 қосымша
Тiзiмдеу және бағалау акт
N ____________
19____ ж. Мына құрамдағы өкiлдер комиссиясы
____________________________________________________________
(салық органының аты, лауазымы және аты-жөнi)
_________________________________________________өкiлi______
(мүлiктi қабылдаған ұйымның аты)
____________________________________________________________
(өкiлдiң лауазымы мен аты-жөнi)
_______________________________________________________өкiлi
(мүлiктi сақтайтын ұйымның немесе адамның аты-жөнi)
_____________________________сарапшы (егер шақырылған болса)
____________________________________________________________
(мекеменiң аты, лауазымы, аты-жөнi)
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тәркiленген,
иесiз мүлiктердi, мұрагерлiк құқы бойынша мемлекетке өткен
мүлiктердi және олжаларды есепке алу, бағалау және өткiзу тәртiбi
туралы 1992 жылдың 13 наурызындағы қаулысымен бекiтiлген ережесi
негiзiнде
____________________________________________________________
_________________________________________________иелiгiндегi
(мүлiктiң бұрынғы иесi)
____________________________________________________________
(сот органының аты)
19______ ж. үкiмi бойынша тәркiленген немесе нотариалдық
кеңсенiң _____________________ куәлiгi бойынша мұрагерлiк құқына
сәйкес мемлекет меншiгiне өткен немесе иесiз деп танылған құны
мемлекет кiрiсiне түсетiн төмендегi мүлiктердi тiзiмдеу және
бағалау жұмыстарын жүргiздi
____________________________________________________________
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
____________________________________________________________
1. N
2. Мүлiктiң аты (әрбiр заттың жан-жақты сипаттамасымен)
3. Саны
4. Бағасы теңге
5. Тозу процентi
6. Тозуды ескергендегi бiрлiк құны
7. Тозуды ескергенде барлығының құн сомасы
____________________________________________________________
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
____________________________________________________________
1.2. Аяғы тiк дөңгелек стол бетiнiң диаметрi 1100 мм,
жайылған кездегi ұзындығы 2000 мм. Лактелген, топсалы екi қосымша
тақтайы бар.
Столдың бетiмен аяқтары сызылған
1.3. 1
1.4. 3000
1.5. 10
1.6. 2700
1.7. 2700
2.2. Еменнен жасалған қатқыл орындықтар арқалығында үш тiк
және екi көлденең белдiктерi бар орындықтардың бетiнде сызықтар бар
2.3. 3
2.4. 1000
2.5. 10
2.6. 900
2.7. 2700
3.2. Аяғы бар киiм шкафы кiр салатын бөлiмiнде бес суырмасы,
көйлек iлетiн және галстуктер iлетiн белдiктер бар. Бетi еменмен
қапталған баскиiм қоятын сөресi бар екi жоғарғы қорабы көлемi
1300 Х 500 мм айнасы бар. Бiр аяғы сынған
3.3. 1
3.4. 1500
3.5. 30
3.6. 10500
3.7. 10500
4.2. Қара түстi, қос шалғайлы жапсырма қалталы драптан
тiгiлген ерлердiң маусымдық пальтосы. Астары сұр түстi сатин.
Пальтоның өңi түскен пайдалануда болған
4.3. 1
4.4. 2000
4.5. 20
4.6. 1600
4.7. 1600
5.2. Көк түстi "бостон" жүн матасынан енi 142 см кездеме
5.3. 3 м
5.4. 1371
5.5. -
5.6. 1371
5.7. 4112
____________________________________________________________
Барлығы 21612
Барлығы (жазумен) жиырма бiр мың алты жүз он екi теңге
Сауда ұйымына сыйақының сомасы
Барлығы бюджетке аударылатыны
Осы акт_________дана жасалды
Комиссия мүшелерi (қолдары)
Жоғарыдағы ережеде көрсетiлген 9 баптағы шағымдану тәртiбi
жарияланды.
Уақыты ________________ 19____ж. Қолы ________________
Осы тiзiмдеу және бағалау актiсiнде көрсетiлген мүлiктi
жауапты сақтауға алдым. Сақтауға алған мүлiктiң жоғалған немесе
бүлiнгенi үшiн жауапкершiлiк ескертiлдi. ________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
(қолы)
____________________________________________________________
(мүлiктi жауапты сақтауға қабылдаған адамның толық аты-жөнi,
жұмыс iстейтiн мекемесi мен қызметi, паспорт нөмiрi,
паспорттың берiлген уақыты, паспортты кiм берген, тұрғылықты
мекен-жайы)
Осы акт бойынша ____________________________________________
рет нөмiрлерiмен тiркелген мүлiктердi өткiзуге немесе пайдалануға
алдым. 19_____ж.
____________________________________________________________
(қызметi, аты-жөнi мүлiктi қабылдап алуға тиiстi ұйым
жiберген өкiл)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Нұсқауына
N 2 қосымша
"_____"___________19____ж.
Қайта бағалау актi
N_________
19____ ж. құрамында:___________________________________өкiлi
(аты)
_____________________________салық бөлiмi___________________
(қызметi, аты-жөнi)
____________________________________________________________
(сауда ұйымының аты, қызметi аты-жөнi)
және сарапшы _______________________________________________
(мекеменiң аты, қызметi, аты-жөнi)
бар комиссия тiзiмдеу және бағалау актiсi бойынша
қабылданған төмендегi мүлiктердi қайта бағалауды жүргiздi
"_____" _________________ 19 _____ ж. N____________________
_____________________________________________________________
Мүлiктердiң аты Саны нем. Мүлiктiң тiз. Мүлiктердiң
есе сал. iмдеу-бағалау қайта баға.
мағы актiсi бойын. лаудан кей.
ша құны iнгi құны
____________________________________________________________
1 2 3 4 5
____________________________________________________________
1. Көк түстi "Бостон" жүн матасынан енi 142 см кездеме.
Алғашқы бағалауда құны тозуы ескерiлмей анықталады. Мұқият
қараған кезде кездеменiң екi жақ шетiнде дақ бар екенi
анықталды
Осыған байланысты тозуы 10 %
деп анықталды 3 м 4112 3702
Комиссия мүшелерi (қолы)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Нұсқауына
N 3 қосымша
"__"______199___ж.
___________________есепке қабылдаған мүлiктердi
тiзiмдеу және бағалау актiлерiнiң
Есебiн жүргiзу кiтабы
салық бөлiмi 199_____ж.
____________________________________________________________
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8
____________________________________________________________
1. N р/с
2. Жазу уақыты
3. Мүлiктiң бұрынғы иелерiнiң аты
4. Мүлiктердi тiзiмдеу және бағалау актiнiң нөмiрi мен уақыты
5. Тiзiмдеу және бағалау актiсiне сәйкес мүлiктiң құны
6. Тiзiмдеу және бағалау актi қашан, кiмге және не үшiн
жiберiлдi
7. Мүлiктiң құнын төлеу мерзiмi
8. Мүлiк үшiн түпкiлiктi есеп айырысу уақыты
1.2. 21.01.92 ж.
1.3. И.И. Ивановқа қарасты мұрагерлiк мүлiк
1.4. N 1 20.01.92 ж.
1.5. 21612
1.6. 20.01.92 ж. Қала сауданың N 5 магазинiне
1.7. 20.09.92 ж.
1.8. 25.02.92 ж.
(4-қосымшаның мемлекеттік тілде аудармасы жоқ, орысша мәтінді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Нұсқауын
N 5 қосымша
"__" ____19_____ж.
Мүлiктi өткiзу туралы типтiк шарт
Шарт N__________
_______________19 ______ ж. ________________________________
(салық инспекциясының аты)
бастығы (немесе орынбасары) ________________________________
____________________________________________________________
(аты-жөнi)
бұдан әрi "салық инспекциясы" деп аталатын бiр жағынан және
____________________________________________________________
(сауда ұйымының аты)
директоры (немесе орынбасары) _____________________________
(аты-жөнi)
бұдан әрi "сауда ұйымы деп аталатын екiншi жағынан төмендегi
мәселелер бойынша осы шартты жасады.
1. Салық инспекциясы өзiнде есепте тұратын мүлiктi берiп,
сауда ұйымы оны өткiзуге қабылдайды.
2. Ескерту сауда жүйесi арқылы өткiзуге жатпайтын мүлiк бұл
шарттың объектiсi болып табылмайды.
3. Мүлiктi қабылдауды сауда ұйымы оның тұрған жерiнде
тiзiмдеу және бағалау актiсi бойынша жеке-жеке жүргiзедi. Мүлiктi
сауда ұйымының өкiлi қабылдап алған сәттен бастап оның бүтiндiгi
мен сақталуына сауда ұйымы жауап бередi.
4. Жекелеген заттарды бағалау кезiнде салық инспекциясының
және сауда ұйымының өкiлдерi арасында келiспестiк туса бұл заттарды.
арнайы шақыртылған сарапшы маман бағалайды. Сарап шығынын қаржы
органы төлейдi.
Сарап келiспестiк тудырған алғашқы бағалаудан кейiн он күн
iшiнде жүргiзiлуi керек.
5. Сауда ұйымына берiлетiн барлық заттар салық инспекциясының
және сауда ұйымының тауар жапсырмаларымен жабдықталып, онда тiзiмдеу
және бағалау актiнiң рет нөмiрi көрсетiлуге тиiс.
6. Сауда ұйымының келiсiлген сый ақысының мөлшерi өткiзiлген
мүлiк сомасының __________ процентi.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Нұсқауына
N 6 қосымша
"___"_______19____ж. N____
____________________________________________________________
(салық органының аты)
____________________________________________________________
(маркалар бағалауға және өткiзуге жiберiлген ұйымның аты)
жiберiлген почта маркаларының
Тiзiмдемесi
____________________________________________________________
Почта маркалары ! Саны
!_____________________
!өшiрiлген!өшiрiлмеген
____________________________________________________________
1. Қазақстан Республикасы дана дана
2. Почта айналымындағылар
(1961 жылдан шыққан) барлығы
(бұрынғы КСРО) дана дана
оның iшiнде:
құны бюджеттен тыс қорларға
жататын маркалар дана сомаға
3. Почта айналымында жоқтар
(1961 жылға дейiн) барлығы дана дана
оның iшiнде:
құны бюджеттен тыс қорларға
аударуға жататын маркалар дана дана
4. Барлығы
оның iшiнде:
құны бюджеттен тыс қорларға
аударуға жататын маркалар дана дана
Салық органының бастығы (қолы)