-------------Бұйрықтан үзінді----------------
"Заңға тәуелдi кесiмдердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
1. "Есiрткiлiк дәрi-дәрмектердi сатып алу, өткiзу, сақтау, есепке алу және тасымалдау тәртiбi мен оны бақылау жөнiндегi" және "Күштi әсер етушi улы заттарды сатып алу, өткiзу, сақтау, есепке алу және тасымалдау жөнiндегi" Нұсқаулықтарды бекiту туралы Қазақстан Республикасы ішкi iстер министрлiгiнiң 1995 жылғы 31 қазандағы N 251 бұйрығының (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде N 230 болып тiркелген) күшi жойылды деп танылсын...
Министрдiң міндетін атқарушы
милиция генерал-майоры
-----------------------------
1. "Есiрткiлiк дәрi-дәрмектердi сатып алу, өткiзу, сақтау есепке алу және тасымалдау тәртiбi мен бақылау жөнiндегi" (1 қосымша) және "Күштi әсер етушi улы заттарды сатып алу, өткiзу сақтау, есепке алу және тасымалдау тәртiбi жөнiндегi" Нұсқауларды бекiтiлсiн және 1995 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Алматы қаласының IIББ, облыстық көлiктегi және Ленинск қаласының IIБ басшыларына:
2.1. Тиiстi қызмет бөлiмдерi қызметкерлерiнiң аталған нұсқауларды оқып-үйренулерiн ұйымдастырсын және олардың сынақ тапсыруларын қамтамасыз етсiн.
2.2. 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап, есiрткiлiк дәрi-дәрмектердi және күштi әсер етушi улы заттарды сақтау және есепке алу тәртiбiн тексерсiн, олардың сақталуы мен тасымалдауына қатаң бақылау жүргiзсiн.
3. ССРО IIМ N 76, 27 сәуiр 1973 жылғы және N 247, 4 қыркүйек 1968 жылғы бұйрықтарды өз күшiн жойды деп есептелсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы IIМ қоғамдық тәртiптi сақтау бас басқармасына жүктелсiн.
МИНИСТР IШКI ҚЫЗМЕТ
ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ
"Бекiтемiн" "Келiсемiн"
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң Денсаулық сақтау министрi
орынбасары милиция В.ДЕВЯТКО
полковнигi Н.ӘКIМБЕКОВ
19___ ж. "___"____________ 19__ ж. "___"_____________
Есiрткiлiк дәрi-дәрмектердi бақылау және оларды сатып алу,
өткiзу, сақтау, есепке алу мен тасымалдау тәртiбi туралы НҰСҚАУ
I. Жалпы ережелерi
1. Есiрткi заттарын сатып алу, тасымалдау, сақтау және есепке алу ережелерiнiң орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жүктеледi (аумақтық бағыныштылығына қарай), олар өз кезегiнде кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға есiрткi заттарын сатып алуға, оларды (автомашинамен, көлiк-арбамен немесе теңдеп артылған жүкпен) тасымалдауға және сақтауға, сондай-ақ есiрткiлiк дәрi-дәрмектердi өткiзетiн ұйымдардың және бақылау-талдау зерттеулерiн жүргiзетiн лабораториялардың жұмыс iстеуiне лицензия (рұқсат) бередi.
Ескертулер: Дәрiгерлiк мақсатқа арналған есiрткi заттарын сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды және есепке алуды Нұсқауда көрсетiлген мекемелерден басқасын, милиция органдары бақыламайды.
Апиын шикiзатына және майлы көкнардың қорапшаларына осы Нұсқау қолданылмайды.
2. Есiрткi заттарын сатып алу, сақтау, босатылуына есеп жүргiзу және тасымалдау тәртiбiн сақтауға тиiстi кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары немесе сенiмхат бойынша өкiлеттi адамдар жауап бередi, олар есiрткi заттарының сақталуына, босатылуына, есеп жүргiзiлуiне, тасымалдануы мен негiздi пайдалануына тiкелей басшылық жасайды.
3. Iшкi iстер органдары республикалық, облыстық және ауданаралық дәрiханалар қоймаларының (базаларының), стационарлық емдеу мен айналыспайтын денсаулық сақтау жүйесi лабораторияларының, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқу орындарының, сондай-ақ басқа министрлiктер мен ведомстволардың ғылыми зерттеу институттары мен оқу орындарының есiрткi заттарын сатып алу, сақтау, босатылуына есеп жүргiзу және тасымалдау тәртiбiне тоқсан сайын тексеру жүргiзедi.
II. Есiрткi заттарын өткiзу, сатып алу және есеп
жүргiзу тәртiбi
4. Дәрiгерлiк мақсатқа және басқа қажеттерге есiрткi заттарын бөлу жоспарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен басқа ведомстволардың аймақтық құрылымдарда есiрткi заттарын тұтынуды талдау негiзiнде жасалған оларға деген өтiнiш бойынша Қазақстан Республикасының есiрткiнi бақылау жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясы бекiтедi.
5. Дайындаушы заводтар есiрткi заттарын республикалық, облыстық және ауданаралық дәрiханалар қоймаларына (базаларына) милиция органдарының лицензиясынсыз (рұқсатынсыз) нарядтар бойынша босатады.
6. Қоймалар (базалар) есiрткi заттарын тұтынушыларға Қазақстан Республикасының есiрткiнi бақылау жөнiндегi Мемлекеттiк комиссиясы бекiткен тұтыну нормативтерi (бөлу жоспары) шегiнде босатады, бұл ретте оларда белгiленген тәртiпте берiлген есiрткi заттарымен фармацевтикалық қызметпен айналысуға және осы заттарды пайдалануға лицензиясы (рұқсат) болу керек.
Денсаулық сақтау жүйесiнiң емдеу-профилактикалық және басқа ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлiгiнiң немесе оның аймақтық органдарының бұйрығы бойынша есiрткi заттарымен жабдықтау үшiн белгiлi бiр қоймаларға (базаларға) бекiтiлiп қойылады. Есiрткiлiк дәрi-дәрмектер оларды тұтынушы кәсiпорындардың, ұйымдардың басшылары қол қойған сенiмхат бойынша босатылады.
7. Денсаулық сақтау жүйесiнiң ғылыми-зерттеу институттары мен оқу орындары (лабораториялары) дәрiхана қоймаларынан есiрткi заттарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң немесе оның аймақтық органдарының және аумақтық iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша алады.
8. Есiрткiлiк дәрi-дәрмектермен жұмыс iстеу үшiн қоймаларда, базаларда (жұмыс iстейтiн және жаңадан ашылатын) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрiлiгi немесе оның аумақтық органдарымен жергiлiктi iшкi iстер органдары берген лицензиясы рұқсаты болу керек.
Жұмыс iстейтiн қоймаларда (базаларда) және жаңадан ашылатындарында дәрi-дәрмектер сақтауға лицензия (рұқсат) алу үшiн милиция органдарына мыналар тапсырылуы керек:
а) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi немесе оның аймақтық органдары берген фармацевтика қызметiмен айналысуға арналған лицензиясы;
в) Санитарлық-эпидемиологиялық және өрттi қадағалау, милиция мен мүдделi ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын ведомствоаралық комиссияның есiрткiлiк дәрi-дәрмектердiң сақталуын қамтамасыз ететiн жайлардың техникалық жарамдылығын және оларды күзет-өрт дабылымен жабдықтау туралы актiсi;
в) Күзеттiң жеке құрамы мен есiрткi заттарына жiберiлген адамдардың тiзiмi.
9. Есiрткi заттарын сатып алуға лицензияны (рұқсатты) iшкi iстер органдары мекемелерге, кәсiпорындар мен ұйымдарға олардың басшыларының жазбаша талабы бойынша бередi. Оған осы заттарды тұтынушылары мен жасалған шарт, есiрткi заттарын сақтауға арналған лицензия (рұқсат) және осы заттармен фармацевтiк қызметпен айналысуға арналған лицензия қоса тiркеледi.
10. Есiрткi заттарын сақтауға лицензия (рұқсат) кәсiпорындардың, мекемелердiң ұйымдардың қоймаларының (база) басшыларының атына олардың өтiнiштерi негiзiнде 3 жыл мерзiмге берiледi. Оған осы Нұсқаудың 9 тармағында көрсетiлген құжаттар қоса тiркеледi.
11. Есiрткi заттарын қолданатын кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар (қоймаларда және басқа сақтайтын орындарда) жiп өткiзiлген және мөр басылып, қол қойылған арнаулы кiтаптарда есеп жүргiзуге мiндеттi. Есiрткi заттарының кiрiсi мен шығысы осы заттардың қанша мөлшерде қалғанын күнделiктi анықтауға болатындай есеппен жүргiзiледi.
12. Есiрткi заттарын бiр тұтынушыдан екiншiсiне беруге тыйым салынады.
13. Өзiнiң тiкелей мақсаты бойынша пайдалануға болмайтын немесе қолдануға қажет болмай қалған есiрткi заттары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң есiрткi бақылау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комиссиясының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң рұқсаты бойынша дайындаушы заводқа қайта өңдеуге жiберiлуi мүмкiн. Екi жақтың келiсiмi болмаған жағдайда бұл заттар белгiленген тәртiппен акт бойынша жойылады.
III. Есiрткi заттарын сақтау тәртiбi
14. Есiрткi заттарын сақтауға арналған базистiк және шығыс қоймалары қоршаған болуы керек жұмыстан кейiнгi уақытта қоймалардың жайлары жабылып, мөр соғылып және тәулiк бойы қаруланған күзет, қойылады ал қоймаларға апаратын жолдар түнгi уақытта жарық пен қамтамасыз етiледi.
Күзеттiң түрi, олардың қарулануы, техникалық құралдары мен олардың санын милиция органымен келiсiм бойынша кәсiпорынының басшылары бiрлесiп белгiлейдi.
15. Есiрткiлiк дәрi-дәрмектер мынадай жағдайда сақталуы керек:
- дәрiхана қоймаларында - жеке бөлмеде сейфте немесе темiр шкафта аузы құлыпталады, терезелерi темiр торлармен бекiтiледi, есiктерi темiрмен қапталған, ал жайлары - жары және дабыл беру құралдарымен жабдықталады немесе күзетiледi;
- ғылыми зерттеу мекемелерi мен оқу орындарында, сондай-ақ лабораторияларда;
- жеке бөлмелерде бекiтiлетiн темiр (сейф) шкафтарда. Терезелерi темiр мен торланған, есiктерi - темiрмен қапталып, берiк құлыппен жабылады;
- жұмыс көлемi шағын ғылыми-зерттеу мекемелерi мен лабораторияларда есiрткi заттарын (5 грамнан көп емес) жеке бөлмесiз сейфтерде сақтауға рұқсат етiледi;
- дәрi-дәрмектер дайындайтын кәсiпорындарда-жеке бөлмелерде, есiгi құлыпталып жабылатын темiр торлармен бекiтiлген, есiктерi-темiрмен қапталып, берiк құлыппен жабылады.
Бөлмелер мен шкафтар жұмыс аяғында құлыпталып, ал кiлттер, мөр және пломбы есiрткi заттарды сақтауға жауапты адамда болады;
- дәрiхана басқармасының бақылау-талдау лабораторияларында - темiр сейфтерде сақталады.
16. Есiрткi заттарын сақтау үшiн жер үйлердi, палаткаларды, жанар май материалдарының қойма жайларын пайдалануға, сондай-ақ есiрткелердi төбе немесе ашық аспан астында сақтауға тыйым салынады.
IҮ. Есiрткi заттарын тасымалдау тәртiбi
17. Есiрткi заттары темiржолмен және су жолымен, сондай-ақ әуе көлiгiмен Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгi шығаратын тиiстi ережелермен көзделген тәртiпте iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз тасымалданады.
18. Есiрткi заттарын автомашиналармен, арбамен және теңдеп артылған жүкпен, сондай-ақ темiржол және су көлiгiнде қол жүгiмен тасымалдау iшкi iстер органдарының лицензиясы (рұқсаты) бойынша жүзеге асырылады.
Есiрткi заттарын қала немесе аудан iшiнде тасымалдау iшкi iстер органдарының лицензиясынсыз (рұқсатынсыз) жүргiзiледi. Бұл жағдайларда олар қойма (база) басшысы немесе жүктi берушi берген жол куәлiгi бойынша тасымалданады. Қоймалар (базалар) есiрткi заттарын көлiктiң барлық түрiмен iшкi iстер органдарының лицензиясынсыз (рұқсатынсыз) жол куәлiктерi бойынша тасиды.
19. Есiрткi заттарын жеңiл автомашиналармен тасымалдағанда жүргiзушiмен қоса жүктi алып бару үшiн жауапты адам белгiленедi, ал жүк машинамен, арбамен немесе теңдеп арқан жүкпен тасымалдағанда сонымен бiрге күзет бөлiнедi.
20. Егер есiрткi заттарының жүгi белгiленген жерге қысқа мерзiмде жеткiзiлуi мүмкiн болса, бұл жағдайда оларды түнгi уақытта босатуға және тасымалдауға қатаң тыйым салынады.
21. Тасымалдауға лицензияны (рұқсатты) жүктi апаратын жердегi iшкi iстер органдары бередi.
Лицензия (рұқсат) алу үшiн мекемелер, кәсiпорындар мен ұйымдар iшкi iстер органдарына жүктiң көлiктiң қай түрiмен тасымалданатын, маршруты мен тасымалдау ұзақтығы көрсетiлген, сондай-ақ жолда жүктi тасымалдау және күзету үшiн жауапты адамдардың тiзiмi қоса тiркелген өтiнiш бередi.
22. Iшкi iстер органдары осы Нұсқаудың ережелерi бұзылғанын анықтаған жағдайда есiрткi заттарын сатып алуға, өткiзуге, сақтауға және тасымалдауға тыйым салуға құқылы.
23. Сауықтыру-профилактикалық және дәрiхана мекемелерiнен есiрткiлiк дәрi-дәрмектердiң ұрлануы және жымқырылуы туралы барлық жағдайларда кiнәлiлердi анықтап, оларды қылмыстық жауапқа тарту үшiн iшкi iстер органдарына дереу хабарлау керек.
24. Емдеу-профилактикалық және дәрiхана ұйымдарында есiрткiлiк дәрi-дәрмектердiң ұрлануы және жымқырылуы туралы әрбiр факты бойынша аумақтық iшкi iстер органдары 15 күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Iшкi iстер Министрлiгiне хабарлама жолдайды.
25. Есiрткi заттарын тасымалдау (әкелу, әкету және өткiншi тасымалдау) тәртiбi Қазақстан Республикасының Кеден заңдарымен белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы IIМ
N____"___"___________1995ж.
бұйрығына N 2 қосымша
К Е Л I С I Л Г Е Н
Қазақстан Республикасы iшкi
iстер Министрiнiң орынбасары
"____"_______________1995ж.
"К Е Л I С I Л Г Е Н"
Қазақстан "Экспорт-Импорт Көлiк және
Республикасының Қазақстан коммуникация
Денсаулық сақтау ДХ Командит Министрiнiң
Министрiнiң Корпорациясының орынбасары
орынбасары Президентi
Күштi әсер етушi улы заттарды сатып алу, өткiзу, сақтау,
есепке алу және тасымалдау тәртiбi жөнiндегi
Н Ұ С Қ А У
Жалпы ережелер
1. Лицензиялық-рұқсат жүйесiмен бекiтiлген күштi әсер етушi улы заттардың тiзiмi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысымен (N 1 қосымша) бекiтiледi.
2. Iшкi iстер органдары күштi әсер етушi улы заттарды сатып алу, тасымалдау және сақтау ережелерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады, оларды сатып алу, сақтау және тасымалдауға, сондай-ақ уларға анализ жасайтын, оларды сатып өткiзетiн ұйымдар мен лабораторияларға лицензия (рұқсаттар) бередi.
3. Күштi әсер етушi улы заттарды өндiрушi кәсiпорындар, оларды алуға, ал қажет болған жағдайда тасымалдауға iшкi iстер органдары беретiн лицензияларды (рұқсаттарды) мiндеттi түрде ұсына отырып, оларды министрлiктер мен ведомстволардың (бөлiнген қорлар шеңберiндегi) нарядтары бойынша тұтынушыларға күштi әсер етушi улы заттарды, оларды сатып өткiзетiн ұйымдарға босату министрлiктер мен ведомстволардың нарядына енгiзiлген ұйымдарға, iшкi iстер органдарының рұқсаттарынсыз, жүзеге асырылады.
Медициналық және малдәрiгерлiк мақсатта қолданылатын қатты әсер етушi улы заттар, iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз, сатып алынады, тасымалданады және сақталады.
4. Күштi әсер етушi улы заттарды өткiзу былайша жүзеге асырылады:
а) барлық мұқтаждықтар үшiн (осы баптың "б", "в", және "г" тармақшаларында көрсетiлгендерден басқа) "Экспорт-Импорт Қазақстан ДХ Коммандит" Корпорациясының сатып өткiзушi бөлiмдерi арқылы;
б) ауыл шаруашылық мұқтаждықтары үшiн (мал дәрiгерлiктен басқа) - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлiгiнiң жанындағы ғылыми жабдықтау және материалдық-техникалық жабдықтау басқармасы арқылы;
в) медициналық мұқтаждықтар үшiн - "Фармация" акционерлiк қоғамы улы, есiрткiлiк және соларға теңестiрiлген дәрi-дәрмектермен фармацевтiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар басқа да шаруашылық етушi субъектiлер арқылы;
г) мал дәрiгерлiк мұқтаждықтар үшiн-
- ҚР ауыл шаруашылық Министрлiгiнiң жанындағы "Каззооветоснаб" республикалық бiрлестiгi арқылы.
5. Күштi әсер етушi улы заттарды өткiзу жөнiндегi бөлiмдер мен кеңселердi құрамына өткiзушi ұйым енетiн тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың және iшкi iстер органдарының рұқсатымен ғана ашуға болады. Өткiзушi ұйымдардың жұмыс iстеуiне лицензиялар (рұқсат қағаздарын) алу үшiн, iшкi iстер органдарына мыналар ұсынылады:
- арыз (ходатайство)
- санитарлық, өрт бақылауы, милиция және қоймалардың улы
заттарды сақтау жарамдылығына мүдделi ұйымдардың өкiлдерiнен
құралған комиссияның актiсi;
- қойма күзетушiлер мен қатты әсер етушi улы заттарға баруға рұқсат етiлген адамдардың жеке құрамының тiзiмi.
6. Өткiзушi ұйымдар тұтынатын ұйымдар мен кәсiпорындар басшылары қол қойған сенiмхаттар мен iшкi iстер органдарының рұқсаттары бойынша, бөлiнген қорлар шеңберiнде, тұтынушыларға қатты әсер етушi улы заттарды босатады.
Күштi әсер етушi улы заттарды өткiзудi, iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз, "Фармация" Акционерлiк қоғамы мен улы, есiрткiлiк және соларға теңестiрiлген дәрi-дәрмектермен фармацевтiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар басқа да шаруашылық етушi субъектiлер-медициналық мұқтаждықтар үшiн, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы "Каззооветснаб" республикалық бiрлестiгi-малдәрiгерлiк мұқтаждықтар жүзеге асырылады.
7. Стационарлық емдеумен шұғылданбайтын жоғары, орта медициналық және малдәрiгерлiк оқу орындары, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-зерттеу медициналық және малдәрiгерлiк мекемелер қатты әсер етушi улы заттарды жалпы негiздерде бөлiмдер, қоймалар, базалар арқылы алады. Егер оқу орындары орналасқан жерде 4.6. тармақшаларда көрсетiлген өткiзушi ұйымдар болмаса, онда күштi әсер етушi улы заттарды олар iшкi iстер органдарының лицензия (рұқсаты) бойынша, "Фармация" Акционерлiк қоғамының және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлiгiнiң жанындағы "Каззооветснаб" республикалық бiрлестiгiнiң-өткiзушi ұйымдарынан алады.
8. Өткiзушi ұйымдар даярлаушы кәсiпорындардан алынған, оларды қажет етуден қалған тұтынушылардан алынған, оларды сатып алу, тасымалдау және сақтау тәртiбiн бұзғаны үшiн, iшкi iстер органдары қолға түсiрген қатты әсер етушi улы заттарды өткiзедi.
9. Өткiзушi ұйымдардың күштi әсер етушi улы заттарды сақтайтын үй-жайлары, басқа тауарлар мен материалдарды сақтайтын үй жайлардан бөлек орналасуы тиiс және күзетiлуi қажет.
Күштi әсер етушi улы заттарды өлшеп-орау (өлшеу) жергiлiктi сорғыш саңылаулары бар жекеленген үй-жайларда жүзеге асырылуы тиiс.
10. Өлшеп-оралған қатты әсер етушi улы заттар тұтынушыларға ұқыпты пломбыланған және бөлектенген, өткiзушi ұйымының таңбасы, өнiмнiң атауы, шығарылған сериясының нөмiрi, брутто, нетто, салмақтары адамның бас сүйегiнiң бейнесi көрсетiлген және "у" деген сөз жазылған металл және шыны ыдыстармен босатылады.
11. Мекемелерге, кәсiпорындарға және ұйымдарға күштi әсер етушi улы заттарды сатып алу рұқсаты олардың басшыларының жазбаша өтiнiшiне қосымша улы заттар қорларын бөлу жөнiндегi хабарлама немесе наряд бойынша берiледi. Бөлiнген қорға рұқсат-тиеу мерзiмiн көрсете отырып, бiрден немесе, улы заттарды сақтау қоймаларының көлемiне байланысты бөлек-бөлек берiледi.
Улы заттарды азғантай мөлшерде бiр жолғы сатып алу рұқсаты жоғарғы ұйымдардың сатып алу мақсаты көрсетiлген жазбаша арыз бойынша берiледi.
12. Күштi әсер етушi улы заттар тұрғын үйлер мен өндiрiстiк құрылыстардан бөлектенген үй-жайларда орналасқан тұтынушылардың арнайы тағайындалған және жабдықтандырылған қоймаларында сақталуы тиiс.
Улы заттар қоймасының кiретiн есiктерi берiк болуы тиiс:
металл немесе ағаштан жасалған, сыртқы құлыппен жабылатын, темiрмен қапталған. Егер қоймаларда терезе ойықтары болса, олар көлденеңiнен 15 мм қашықтықтан кем емес темiр шыбықтардан тұратын тормен бекiтiлуi тиiс.
Тұтынушылардың қойма үй-жайлары құрғақ, жарық, әрi жақсы табиғи және жергiлiктi желдеткiшi болуы керек және кем дегенде екi бөлiмнен тұруы қажет: улы заттарды сақтау және беру бөлiмiнен, арнайы киiмдер, су сабын, сондай-ақ алғашқы жәрдем көрсету дәрi қобдишасы сақталатын бөлiмнен:
13. Улы заттарды сақтау үшiн, жер үйлердi, шатырларды, жанар-жағар өнiмдерi қойылған үй-жайларды пайдалануға, сондай-ақ улы заттарды қалқаның астында немесе ашық жерде сақтауға болмайды, институттарда, лабораторияларда қатты әсер етушi улы заттардың азғантай мөлшерiн (3 кг салмаққа дейiн) құлпы жөндетiлген берiк сейфтерде сақтауға рұқсат етiледi. Мұндай жағдайда улы заттардың қоршаған ортадағы адамдарға қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажет.
14. Күштi әсер етушi улы заттарды сақтауға арналған негiзгi және шығыс қоймалар қоршалуы тиiс, жұмыс iстемейтiн уақыттарда қоймалар жабық тұруы керек және есiктерi мөрмен жабылып, тәулiк бойы қарулы күзет қойылуы тиiс, ал қоймалардың маңайы түнгi уақытта жарықтандырылуы керек.
Күзеттiң қандай болатыны, олардың қарулары мен техникалық құралдарының санын кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары iшкi iстер органдарымен келiсе отырып, белгiледi:
әр қоймадағы улы заттардың мөлшерi iшкi iстер органдары рұқсат ететiн деңгейден аспауы тиiс.
15. Осы Нұсқаудың 5-тармағында көрсетiлген құжаттарды қосымша тiркеу арқылы, кәсiпорын, мекеме, ұйымдардың басшылары атына улы заттарды сақтауға, олардың жазған өтiнiштерi негiзiнде рұқсат етiледi:
Күштi әсер етушi улы заттарды сақтауға арналған қоймалар санитарлық, өрттi бақылау, милиция мүдделi ұйымдар органдары өкiлдерiнен құралған ведомствоаралық комиссия арқылы қабылданады.
16. Улы заттарды қолданатын кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар оларды арнаулы бау өткiзiлген және мөрмен бекiтiлген кiтапқа тiркеудi жүргiзуге мiндеттi. Улы заттардың кiрiсi мен шығысын есептеудi жүзеге асыру үшiн, олардың қолдағы бар мөлшерiн күнделiктi есептеп отыру қажет.
17. Түрлi ұйымдардың тапсыруы бойынша, күштi әсер етушi улы заттарды зерттеу қажеттiлiгiн растайтын жоғарғы ұйымдардың анықтамасына берiлетiн iшкi iстер органдарының рұқсаты негiзiнде жұмыс iстейдi.
Лабораториялар улы заттарды сақтауға рұқсат берген iшкi iстер органдарын көрсете отырып жазған тиiстi ұйым басшысының өтiнiшi бойынша, күштi әсер етушi улы заттарды зерттеуге қабылдайды. Қабылданған улы заттар арнаулы бау өткiзiлген және мөрмен бекiтiлген кiтапқа тiркеледi.
Зерттеуден кейiн күштi әсер етушi улы заттардың қалдықтары ұйымдардың өздерiне қайтарылады, ал жөнсiз деп табылған жағдайда, белгiленген тәртiп бойынша, оларды жою тәсiлi қолданылады.
18. Улы заттарды тұтынушылардың бiр-бiрiнен алуы және өзара алмасулары жоғарғы ұйымдардың ұйғарымы iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша бiр министрлiк пен ведомствоның шеңберiнде рұқсат етiледi.
19. Тiкелей қолдануға болмайтын немесе қажетсiз боп қалған күштi әсер етушi улы заттар, сатып өткiзетiн ұйымдарға тапсырылады. Улы заттарды тiркеуден алу үшiн, оларды сақтауға рұқсат берген iшкi iстер органына, мiндеттi түрде оларды тапсыру туралы хабарлау қажет.
Жарамсыз күйге келген немесе тiкелей мақсатта қолдануға болмайтын және сатып өткiзетiн ұйымдарға тапсыруға келмейтiн күштi әсер етушi улы заттар арнаулы ережелерге сәйкес жойылады.
Медициналық және малдәрiгерлiк мақсатта қолданылатын улы заттарды сатып алу, өткiзу есепке алу және оларды жұмсау тәртiбi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы Министрлiгi дайындап шығаратын нұсқауларға сәйкес реттеледi.
КҮШТI ӘСЕР ЕТУШI УЛЫ ЗАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ТӘРТIБI:
20. Күштi әсер етушi улы заттарды тасымалдау (тасып әкелу, сыртқа шығару және транзиттеу) тәртiбi Қазақстан Республикасының Кеден заңдарына және оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттар мен әсер етушi улы заттарды темiр жолдар арқылы тасымалдау Ережелерiнде, ал әуе көлiгiмен тасымалдауда Қазақстан Республикасы көлiк Министрлiгiнiң қауiптi жүктердi әуе арқылы тасымалдау Ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
21. Күштi әсер етушi улы заттарды темiр жолмен және су қатынасы жолдарымен тасмалдау (қол жүгiнен басқа) iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз жасалады.
Күштi әсеретушi заттар әуе көлiгiмен және қол жүгi ретiнде iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз тасымалданады.
22. Қол жүгi ретiнде темiр жолдары және су қатынасы жолдары, автомобиль, ат арба арқылы және жүкпен күштi әсер етушi улы заттар iшкi iстер органдарының рұқсатымен тасымалданады.
23. Күштi әсер етушi улы заттарды қала немесе аудан көлемiнде тасымалдау iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз жүзеге асырылады. Бұл жағдайларда улы заттар өткiзушi ұйымның басшысы немесе жүктi жөнелтушi адам берген жол куәлiктерiнiң негiзiнде тасымалданады.
24. Улы заттарды автокөлiкпен темiржол станциясына жеткiзу немесе темiржол станциясынан әкелу үшiн, егер жүктi қабылдаушы және жөнелтушi адам ол жерге жақын қашықтықта болса (бiр ауданның аумағында), онда улы заттарды қауiпсiздiктiң барлық шараларын қолдану арқылы, тек iшкi iстер органдарының рұқсаттарынсыз, жүктi қабылдаушы немесе жүктi жөнелтушiнiң жол куәлiктерi бойынша тасымалданады.
25. Өткiзушi ұйымдар күштi әсер етушi улы заттарды қоймаларға iшкi iстер органдарының рұқсаттарынсыз тасымалдайды.
26. Улы заттарды тасымалдау адамның жеке басының және қоғамдық қауiпсiздiк, әрi сақтық шараларын қадағалай отырып, тиiстi күзет қою арқылы және мiндеттi түрде улы заттардың қасиеттерi мен оларды қолдану жағдайларын бiлетiн жүктi қабылдаушы немесе жүктi жөнелтушi адамның жауапкершiлiк алуымен жүзеге асырылады.
Жүктердi тасымалдау кезiнде бiрге ерiп жүруге жауапты адамды өткiзушi ұйымдар тағайындайды.
27. Күштi әсер етушi улы заттарды тасымалдауды бiрге ерiп жүретін адамдарды дұрыс iрiктеп оларға нұсқау беруге осы адамдарды тағайындайтын кәсiпорын, мекеме мен ұйымдардың басшылары жауапкершiлiк алады.
Бұл адамдарды мұқият түрде тексерiп, нұсқау бергеннен кейiн, оларды ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк алатындықтары жөнiнде ескерте отырып, олардың Нұсқауларды және улы заттарды тасымалдау ережелерiн қадағалау туралы қолхат алып қалу қажет.
28. Жүктi тасымалдауда ерiп жүруге жауапты адамның мiндеттерiне мыналар жатады:
- жөнелту орнынан белгiленген орынға дейiн жүкпен бiрге ерiп жүру және оны күзету;
- күзетушiлер мен көлiк жүргiзушiлерге нұсқау беру;
- улы заттарды тасымалдайтын көлiктiң жарамдылығын байқау және оны дайындау;
- сыртқы көрінiс байқау (жүктiң буып-түйiлуiнiң және тауарға белгi соғудың дұрыстығын тексеру) және жүктi алатын орындарда күштi әсер етушi улы заттарды қабылдау;
- жүктi тиеу және оны бекiту кезiнде бақылау жүргiзу;
- көлiктiң қозғалысы және оны тоқтату кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн сақтау;
- жеке басының және қоғамдық қауiпсiздiк шараларын ұйымдастыру;
- белгiленген орынға келгеннен кейiн, жүктi тапсыру;
29. Күштi әсер етушi улы заттарды оның мөлшерiне байланыссыз, қоғамдық көлiкте қол жүгi ретiнде алып жүруге, сондай-ақ, пошта арқылы күштi әсер етушi улы заттарды тасымалдауға тыйым салынады.
30. Күштi әсер етушi улы заттарды сатып өткiзушi, жөнелтушi ұйымдардың басшылары немесе олардың уәкiлдерi улы заттарды жөнелту алдында, Нұсқаудағы айтылған талаптарға сәйкес, көлiктiң жарамдылығын, сондай-ақ күзеттiң дайындығын тексеруден кейiн ғана улы заттарды жөнелтудi жүзеге асырулары қажет.
Егер нұсқаудағы ережелердi бұзу әрекеттерi болса, (iшкi iстер органдарының тасымалдау туралы рұқсатының барлығына қарамастан) күштi әсер етушi улы заттар ережелердi бұзу әрекеттерi жойылғанша, берiлмейдi.
31. Егер улы заттар тиелген жүк белгiленген жерге дейiн азғана уақыттың iшiнде жеткiзiлген болса, мұндай жағдайларда жүктi түнгi уақытта тасымалдауға, сондай-ақ жөнелтуге үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
32. Тасымалдау кезiнде арнайы жағдайлар туғызуға және қауiптiлiк дәрежесiне байланысты күштi әсер етушi улы заттар төрт топқа бөлiнедi:
- 1-шi топ - күкiртiк көмiртiк;
- 2-шi топ - хлорпикрин, көгертетiн қышқыл;
- 3-шi топ - сары фосфор;
- 4-шi топ - мышьяк ангидридi, алмас, акрил қышқылының нитролы, меркантофос, этилмеркурхлорид, этилмеркурфосфат, дальдрин, альдрин, бруцин, никотин, стрихнин, цинхонин, көгертетiн қышқыл тұздары (цианды натрий, цианды калий, цианды кадмий, цианды барий, цианды күмiс, цианды және окцианды сынап, цианды мыс, цианды мырыш, цианды кальций), цианды дәрi-дәрмектер (циклон, цианплав), меруран,
2-шi, 3-шi, 4-шi топтардағы улы заттарды 1-шi топтағы улы заттармен (бiр машинада немесе жүк таситын арбада) бiрге тасымалдауға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
2-шi, 3-шi, 4-шi топтарға жататын улы заттарды бiрге тасымалдау кезiнде олар бiр-бiрiнен бөлек буылып-түйiлуi тиiс.
33. Рұқсаттар жүктi апаратын мекен-жай бойынша iшкi iстер органдары арқылы берiледi.
Рұқсат алу үшiн мекеме, кәсiпорын және ұйымдар iшкi iстер органдарына жүктiң қандай көлiкпен тасымалданатыны, жол бағыты мен тасымалдауға кететiн уақыты, сондай-ақ жол бойында жүктi күзетуге және тасымалдауға жауаптың адамдардың тiзiмi қосымша тiркелген өтiнiш ұсынады.
34. Күштi әсер етушi улы заттарды тасымалдауға жөнделген және соған лайық жабдықталған көлiк қана берiледi. Тасымалдау үшiн, жол бағыты бойынша жүретiн жолдар мүмкiндiгiнше бiртегiс болуы көпiрлер жөнделген және қозғалысы аз ғана болуы тиiс. Халқы көп елдi мекендер арұылы өтпеуге тырысу қажет.
35. Автомобиль төмендегiдей талаптарға жауап беруi тиiс:
- өртке қарсы құрал-жабдықтар (2 өрт сөндiргiш құрал, 2 шелек, күрек, лом, құм салынған жәшiк), ескерту белгiлерi, сондай-ақ шынжырлар және басқа да (қысқы уақытта) сырғанауға қарсы қолданылатын құралдарды бiрге алып жүру:
- уға қарсы дәрiлерi және нейтралдаушы заттары бар дәрi-дәрмек қобдишасын алып жүру:
- машина қоқсықтан тазартылып, басқа жүк қалдыратынан босатылуы тиiс және оның жүк салатын қорабында саңылау болмауы қажет.
Улы заттарды тасымаладауға арналған автомобильдi, рейске шығар алдында, гараждың меңгерушiсi немесе оның орнындағы адам тексередi. Жолдамаға: "Автомобиль жөнделген және белгiленген ережелерге сәйкес күштi әсер етушi улы заттарды тасымалдауға жарамды", - деп жазылады.
Ескерту: Улы заттарды, оның iшiнде күкiрттi көмiртек және фосфорды ат арбамен тасымалдау кезiнде, мiндеттi түрде, өртке қарсы пайдаланатын құрал-жабдықтар болуы тиiс.
36. Жүктердi таулы және орманды жерлермен автомобильмен және ат арбамен тасымалдау мүмкiн болмаған жағдайда, киiзбен немесе басқа да жұмсақ материалмен қапталған мықты жәшiктермен (брутто 50 кг-ға дейiн) жақсы бекiтiлген жүктердi тасымалдауға рұқсат етiледi.
37. Көлiк құралдарын дайындау жауапкершiлiгi жүктi тасымалдаушы кәсiпорын, мекеме ұйымдар басшыларына жүктеледi.
38. Күштi әсер етушi улы заттарды тасымалдайтын автокөлiктi басқаруға осы заттардың қасиеттерiн және жүктi тасымалдау ережелерiн жақсы бiлетiн 1-2 класты жүргiзушiлер ғана жiберiледi. Жүргiзушi мiндеттi түрде, жүктердi тасымалдау ережелерi бойынша сынақтан өтуi тиiс және оған улы заттарды тасымалдауға болатыны жөнiндегi куәлiк берiледi.
Ескерту: Сынақты жүктi тасымалдаушы кәсiпорындарда (мекемеде, ұйымда) құрылған комиссия қабылдайды.
39. Әрбiр атарбаға бiр арбакештен бекiтiледi. Бiр арбакешке бiрнеше атарба жүктеуге тыйым салынады. Арбакеш шұңқырлы, соқпақты, орлы және басқа да бөгет болатын жолдармен жүрмеуге мiндеттi:
Ат арбамен жүк тасыған кезде жәшiктер және басқа да ыдыстар көлденеңнен немесе ұзындығынан ат арбаның сыртынан шығып тұрмауы тиiс.
40. Күштi әсер етушi улы заттарды тасымалдау кезiнде, елдi мекендерде демалу үшiн, тоқтауға болмайды. Жолдармен 100 метрден кем болмайтын жерлерде және тұрғын үй құрлыстарынан 200 метр қашықтықта тоқтатуға болады.
Көлiктi қоятын орыннан 200 метр қашықтықтан кем болмайтын жерге ескерту белгiлерi қойылады.
Көлiктi жүргiзу кезiнде темекi шегуге тыйым салынады. Көлiк тоқтаған кезде, көлiкпен 100 метр қашықтықта ғана темекi шегуге рұқсат етiледi.
Көлiк тоқтаған кезде от жағуға болмайды. Егер тағам даярлау қажеттiгi туған жағдайда көлiк тұрған орыннан 250 метр қашықтықта от жағуға болады.
41. Жолдың жақсы болуы және оны көру дәрежесi жақсы болуына байланысты автокөлiк қозғалысының жылдамдығы сағатына 40 км-ден аспауы тиiс. Ауы райы тұманды, жаңбырлы, қарлы болған жағдайда жүк тасымалдайтын көлiктiң жылдамдығы екi есе азайтылады. Ат арба және жүк көлiгi адымдап жүредi.
42. Көлiктер көп болған жағдайда олардың белгiлi бiр арақашықтығы сақталынуы тиiс. Түзу жолдағы қозғалыс кезiнде және аялдаған кездегi арақашықтық мынадай болуы тиiс: жүк теңелген жануарлар үшiн - 10 метр, жүк таситын арбалар үшiн - 20 метр және автомобильдер үшiн - 50 метр. Тауға көтерiлетiн және түсетiн кезде мынадай арақашықтық бекiтiледi: жүк теңелген жануарлар үшiн - 50 метр, жүк таситын арбалар үшiн - 100 метр және автомобильдер үшiн - 300 метр.
43. Егер жолда автомобиль, жүк таситын арба немесе жүк теңелген жануар жарамсыз боп қалса, онда жүк мүмкiндiгiнше басқа жүк тасымалдаушы көлiктерге ауыстырылып салынады. Және де бұл туралы жақын жердегi iшкi iстер органына бiрден хабарланады.
Егер автомобиль немесе жүк таситын арба тұрған жерлерiнде жөнделетiн болса, онда жүктердi көлiктен 100 метр және елдi мекендер мен жолдар 250 метр қашықтықтағы жерге апарып, оларды күзету шараларын қолдану қажет.
Егер автомашинаны немесе жүк таситын арбаны гаражда немесе шеберханада жөндеу қажет болса, онда олар жүктен босатылуы тиiс.
44. Жүк тасымалдауға жауапты адамдар алдыңғы жақтағы автомашина немесе алдыңғы жүк таситын арбада отыруы тиiс, ал ең соңғы автомобильдiң қорабында немесе соңғы келе жатқан жүк таситын арбада қаруланған күзет адамының бiреуi отыруы тиiс.
Жүргiзушiлер, арбакештер мен күзетушiлер тасымалдауға жауапты адамның рұқсатынсыз, улы заттар тиелген көлiктi иесiз қалдыруына тыйым салынады.
45. Тасымалданатын жүктердi күннен, жаңбырдан, қардан, шаңнан қорғау үшiн, оларды брезентпен қаптау және көлiк жүрген уақытта жүктер ауып кетпес үшiн, оларды мықтап бекiту қажет.
Күштi әсер етушi улы заттармен бiрге басқа жүктердi, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
КҮШТI ӘСЕР ЕТУШI УЛЫ ЗАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ КЕЗIНДЕГI
ЖЕКЕ БАСТЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ШАРАЛАРЫ
46. Күштi әсер етушi улы заттарды алып жүретiн адамдар, сондай-ақ көлiк жүргiзушiлер өздерiмен бiрге противогаздар, тығыз матадан тiгiлген комбинезондар және резеңке қолғаптар алып жүруге мiндеттi.
47. Өрт шыққан автомобильдiң жүргiзушiсi бензин келетiн түтiктiң аузын бекiткен соң, өрттi сөндiрудiң төмендегiдей жолдарын басшылыққа алады:
- ешқашан жанып жатқан бензиндi сумен сөндiрмеу
- түтiн немесе жалынды көрiнiсiмен бiрден өрт сөндiргiш құралдарды қолдану;
- егер өрт сөндiргiштiң күшi жетпей жатса, көлiктiң жүргiзушiсi мен жауапты адам жалынды суланған шүберекпен, ал жанып жатқан бензиндi құрғақ топырақпен өшiруге тырысу.
48. Жүктi тасымалдауға жауапты адам улы заттар салатын ыдысты жөндеуге қажеттi (балға, тiстеуiк, шегелер, замазка және т.с.с.)
құрал-жабдықтарды, ал түнгi уақытта жүргенде қолдағы батареялары бар электр шамын алып жүруге мiндеттi.
Ескерту: Күкiрттi көмiртек салынған ыдысты жөндеген кезде электр шамын, сондай-ақ темiр балғаларды, тiстеуiктердi және басқа да металл құралдарын пайдалануға болмайды.
49. Улы заттарды тасымалдайтын әрбiр көлiкте улы заттардың көлемiне байланысты артық ыдыс сақталуы тиiс.
50. Күштi әсер етушi улы заттарды тасымалдау кезiнде ерiп жүретiн адамдар ыдыстардың жағдайын бақылап отыруға мiндеттi.
Егер улы заттар салынған ыдыс жарамсыз боп қалса, көлiктi бiрден тоқтатып, ыдысты жөндеуге кiрiсуi қажет;
шашылған улы заттарды мұқият жинап алып, оны артық ыдысқа салу.
Ыдысты жөндеу және шашылған немесе төгiлген улы заттарды жинап алу кезiнде арнаулы киiм киiп, басқа да қорғаныш құралдарын пайдалану қажет.
51. Күкiрттi көмiртек жанған кезде оны сумен (шашыраған күйде), өрт сөндiргiшпен немесе топырақпен сөндiру.
Сары фосфор жанған кезде оны сумен немесе ылғал топырақпен сөндiру, одан кейiн, қол тигiзбей, күрекпен оның қалдығын жинап алып, ыдысқа салу және үстiне су құю. Егер ыдыс болмаған жағдайда жақын жердегi денсаулық сақтау органына және iшкi iстер органына хабарлап, олардың ұсыныстары бойынша iс-әрекет жасау.
52. Улы заттарды мұқият оралып-түйiлгенiне қарамастан, олардың шашылуы, азаюы және жануына байланысты барлық жағдайда жергiлiктi әкiмшiлiкке, дәрiгерге және милиция қызметкерiне (егер апат селолық жерде болса), санэпидстанцияға және iшкi iстер органына (егер апат қалалық жерде болса) осы жүктi тасымалдауға жауапты адам шұғыл хабарлауға мiндеттi.
53. Егер улы заттарды тасымалдайтын ыдыстар тiптi жарамсыз боп қалса, онда жүктi тасымалдауға жауапты адам оларды қауiпсiз жерге апарып, ол жерге күзет қойып, жақын жердегi елдi пункттен шұғыл түрде қажеттi көмек берулерiн талап етедi, әрi жергiлiктi денсаулық сақтау және iшкi iстер органдарына хабарлайды.
54. Күштi әсер етушi улы заттардың ыдысы жарамсызданып, заттар шашылған барлық жағдайларда акт жасалады, ол 24 сағаттан кешiктiрiлмей, жергiлiктi iшкi iстер органына және санэпидемстанцияға жiберiледi.
55. Улы заттарды тасымалдау болғаннан кейiн, көлiк құралдары мұқият тазартылып, жуылған соң әрi қарай пайдалануға берiледi. Көлiктi жуу арнайы дайындалған, қоршаған ортаға қауiпсiз жерде жүргiзiледi. Ластанған су тереңдiгi 0,5 метрден кем емес шұңқырға жiберiлiп және топырақпен жабылады.
КҮШТI ӘСЕР ЕТУШI УЛЫ ЗАТТАРДЫ ҚОЛ ЖҮГIМЕН ТАСЫМАЛДАУ
56. Жолаушылар поездарында (кемелерiнде) әсер етушi улы заттарды, тиiстi түрде оралып-түйiлген күйiнде 5-6 кг салмаққа дейiн қол жүгi ретiнде ұстауға болады. Бұл салмақ жолаушыларға рұқсат етiлетiн қол жүгiнiң салмағына қосылады.
57. Улы заттарды жолаушылар поездарына (кемелерiнде) тасымалдау iшкi iстер органдарының рұқсатымен жүзеге асырылады.
58. Күштi әсер етушi улы заттарды қол жүгiмен алып жүруге осы заттардың қасиеттерiн және тасымалдау ережелерiн жақса бiлетiн адам тағайындалады. Жол үстiнде ол осы жүктi бақылауға және күзетуге, сондай-ақ алдын-ала сақтану шараларын қолдануға мiндеттi:
Тасымалдауға жауапты адам өзiмен бiрге жергiлiктi нейтралдаушы заттар және тиiстi қорғаныс құралдарын алып жүруге мiндеттi. Тасымалдау уақыты 12 сағаттан артық болса, онда оған көмекке екiншi адам ерiп жүредi.
59. Тасымалдауға жауапты болып тағайындалған адамдар поезд (кеме) жолға шығардан 2 сағат бұрын вокзалдың немесе станцияның (порттың, кемежайдың) бастығына iшкi iстер органының қол жүгiне берген рұқсатымен бiрге жүктерiнде көрсетуге мiндеттi.
Вокзалдың немесе станцияның (порттың, кемежайдың) бастығы рұқсат қағазға станцияның (порттың, кемежайдың) мөрiн басуға, рұқсат қағазда жауапты адамға қайтарып беруге, сондай-ақ жүктiң буып-түйiлген күйiн тексерiп, қажеттi жағдайларды жүктiң (брутто) салмағын тексеруге мiндеттi.
60. Күштi әсер етушi улы заттарды тасымалдаушы жолаушыға мыналар ұсынылады:
- Купелi поездың артқы жағынан мүмкiндiгiнше жеке купе, Ал купелi вагондары жоқ болса, қауiпсiз вагоннан жеке орын берiледi. Егер поезд келе жатып бағытын өзгертетiн болса, онда ол адамға поездың артқы жағынан ауыстырылмайды.
- кемеден - жеке каюта, ал егер ол жоқ болса каютаның төменгi орны.
61. Күштi әсер етушi улы заттарды тасымалдаушы жолаушы поезға (кемеге), егер осындай жүктi тасымалдаушы тағы бiр жолаушы болса, кезексiз отыра алады.
Күштi әсер етушi улы заттарды қол жүгiмен тасымалдаушы жолаушы поезға (кемеге) отырғаннан кейiн, вокзал немесе станция (порт, кемежай) бастығы поездың бастығын немесе кеменiң капитанын, көлiктегi iшкi iстер органдарын хабардар етедi. Поездың бастығы бұл туралы мәлiмдемеге және поездың маршрутына белгi жасайды.
Вагоннан орын алған жауапты адам (бiрге ерiп жүрушi) вагонның жолсерiгiне күштi әсер етушi улы заттарды әкеле жатқаны жөнiнде хабарлауы тиiс.
62. Егер тасымалдаушы жүкке қауiптi жағдай туып қалса (өрт, вагонның, кеменiң жарамсыздануы) онда жүктi тасымалдаушы жолаушы алдын ала сақтанудың барлық шараларын қолдануға және жүктi басқа вагонға (кемедегi орынға) ауыстырып, оған күзет қоюға мiндеттi.
Ал жүктi сақтау мүмкiндiгi тiптi болмаған жағдайда немесе ол поездың (кеменiң) қауiпсiз жағдайда жүруiне бөгет жасаса, онда жауапты адам (жүкпен бiрге ерiп жүрушi адам мыналарға мiндеттi:
- темiр жолда келе жатқанда поезды тетiгi арқылы тоқтату, жүктi вагоннан алып шығып, қауiпсiз жерге қою және оны күзету, ал қажет болған жағдайда қоршаған ортаға зиян келтiрмейтiндей ету;
- теңiзге келе жатқанда - жүктi зиян келтiрмейтiндей етiп, кеменiң бүйiр жағынан суға лақтыру;
- өзенде, көлде, су қоймасында келе жатқанда жүктi - жағаға шығару, ал қажет болса, зиян келтiрмейтiндей әрекет қолдану.
Болған жағдайлар жөнiнде ерiп жүрушi адам мен поездың бастығының (бригадирiнiң) немесе бас кондукторының (кеменiң капитанының, шкиперiнiң) қатысуымен акт жасалады.
63. Көлiк қызметкерлерiнiң барлығы күштi әсер етушi улы заттарды қол жүгiмен тасымалдаушы жолаушыларға алдын-ала сақтану шараларын қадағалауға көмек беруге мiндеттi:
ЖОЛ ҮСТIНДЕ ЖҮКТЕРДI КҮЗЕТУ
64. Күштi әсер етушi улы заттарды қаруланған күзетпен тасымалдану. Жеңiл автомашиналарда, сондай-ақ қала iшiнде улы заттарды көлiкпен тасымалдағанда қарусыз күзет алып жүруге рұқсат етiледi.
Ескерту: Күштi әсер етушi улы заттарды қол жүгiмен тасымалдайтын адамдар қаруланбайды.
65. Жауапты адам күзет адамдары күштi әсер етушi улы заттарды жөнелту орнынан бекiтiлген жерге апарғанша бiрге ерiп жүредi. Аталған жүктi күзететiн адамдар жүктi темiр жолға немесе су қатынасы жолдарына дейiн жеткiзген соң және жүк жол үстiнде Қазақстан Республикасы Министрлiгiнiң күзетiмен қадағалауға алынатын жағдайда ғана босатылады.
66. Улы заттарды тасымалдау кезiндегi күзетушi адамдардың санын iшкi iстер органының келiсiмiмен жүктiң жол жол үстiнде болу уақытына және көлiктiң санына байланысты жүктi қабылдаушы адам бекiтедi.
Аталған жүктердi тасымалдайтын көлiктердiң саны көп болған жағдайда, жүктi қабылдауға және тасымалдауға жауапты адамнан басқа кем дегенде 2 адам болу қажет.
Жүктi күзетушi адамдар көлiктiң жанында күндiз-түнi тапжылмай күзетуi тиiс.
Ерiп жүрушi жауапты адам жол үстiнде көлiктi басқарады және оған көлiк жүргiзушiлер, арбакештер және күзетушiлер бағынады.
КҮКIРТТI КӨМIРТЕКТI ТАСЫМАЛДАУДЫҢ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕРI
67. Күкiрттi көмiртектi тасымалдау кезiнде оның тез тұтанғыштық және қопарылғыштық қасиеттерiн ескерумен қатар, жалпы ережелерден басқа төмендегiдей арнайы ережелердi ескеру мiндеттi. Ыдыстың кенеттен соғылып немесе үйкелуiне байланысты шығатын қызу мен жалыннан күкiрттi көмiртектiң жануын немесе қопрылуын болдырмас үшiн, автомашина қорабының металл бөлiктерi ағашпен немесе жұмсақ материалмен қапталуы тиiс; - күкiрттi көмiртектi алыс жерлерге тасымалдаған кезде, егер жанармай құюбекеттерi жоқ болса, онда бензин мен майларды тасымалдауға арнайы автомашиналар бөлiнедi; - автокөлiктегi батареялар мен электр сымдары күкiрттi көмiртек тұрған ыдыстарға өте жақын болмауы тиiс, сымдардың бiр-бiрiне тиiп жалындау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; - жүктi әкеле жатқан адамдардың бәрiне көлiктiң қозғалысы кезiнде де және тоқтаған кезiнде де темекi шегулерiне, сондай-ақ шырпы және де басқа тез тұтанғыш заттарды өздерiмен бiрге алып жүруге тыйым салынады. Шырпыны жүкпен ерiп жүрушi жауапты адам ғана алып жүре алады, ал көлiк тұрған жерден 150 метрден жақын емес қашықтықта темекi шегуге рұқсат етiледi; - демалу үшiн тоқтаған кездерде ереже бойынша от жағуға жол берiлмейдi. Тағам әзiрлеу және т.с.с. жағдайларда ғана көлiк тұрған жерден 300 метрден жақын емес қашықтықта от жағуға болады. Күкiрттi көмiртек тиелген көлiктi тұрғын үйлерден, зауыттардан, фабрикалардан, темiржолдардан, көпiрлерден және т.б. 1000 метрден жақын емес қашықтықта тоқтатуға рұқсат етiледi.
КҮШТI ӘСЕР ЕТУШI УЛЫ ЗАТТАРДЫ БУЫП-ТҮЮ
68. Күштi әсер етушi улы заттар, кез келген көлiкпен тасыған кезде, Мемлекеттiк стандартқа немесе техникалық шарттарға сәйкес болатын және жүктi зақымданудан, шашылудан немесе ыдыстың iшiндегi заттың ағып кетуiне сақтандыратын және тасымалдау кезiндегi кез келген жағдайда толық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн берiк, жөндетiлген әрi таза ыдысқа салынып, жақсы буып-түйiлуi тиiс. Ыдыста өндiрiстiк немесе өткiзушi кәсiпорынның аты, заттың атауы, классификациялары, өнiмнiң шығу сериясының нөмiрi, брутто және нетто салмақтары, адамның бас сүйегiнiң бейнесi мен "у" деген таңба болуы қажет.
Мұндай заттарды тасымалдау кезiнде зауытта салынған және жекелей салынған ыдыстардан басқа, улы заттарды басқа тауарлар мен материалдардан мiндеттi түрде бөлектеп, пломба қойылған ерекше берiк жәшiктерге буып-түйедi.
69. Күштi әсер етушi улы заттар мынадай ыдыстарға буып-түйiлуi тиiс:
- тығыз тығындары бар шыны банкiлерге (мiндеттi түрде тексеру), банкiнiң ернеуi парафинделiп, ол резеңке қақпақпен жабылуы тиiс. Шыны банкiлер металл қаңылтыр қаптамаларға салынып, заттың зақымданбауы және ағып немесе ұшып кетпес үшiн шыны банкiлер (түбiне, араларына және беткi жағы) жұмсақ материалмен қапталуы тиiс. Қаңылтыр банкiлердiң қақпақпен қосылатын жерлерi дәнекерленуi тиiс және қозғалмас үшiн, араларына ағаш ұнтақтарын себу керек; жүктi жiберушiлер жәшiктердi пломбылауы тиiс. Жәшiктiң қақпағында "Жоғары ашыңыз, абайлаңыз" деген белгi болуы тиiс.
- қаптамалы винттi тығындары бар, қалайылған темiр банкiлерге;
- герметикалық тығындалған, төрт миллиметрлiк фанерден жасалған ағаш барабанға салынған металл барабандарға. Барабандардың үстiңгi және төменгi жақтары темiр құрсаулармен тартылуы тиiс, фанерлi барабандардың ұзындығы бойындағы жiктерi темiр құрсаумен бекiтiледi;
- төрт қабатты крафтцеллюлозалық қаптарға;
- кендiр қаптарға салынған, көп қабатты қағаз қаптарға, сондай-ақ
фанерлi немесе темiр барабандарға салынған қағаз, зығыр немесе кендiр
қаптарға;
- ағаш жәшiктерге салынған болаттан жасалған баллондарға;
70. Күштi әсер етушi улы заттар салынған барлық жүктерде мынадай
белгiлер көрсетiлуi тиiс; улы заттың қалай аталатыны, жүктi жөнелтушiнiң
және қабылдаушының аты-жөнi мен мекен-жайы, жүктiң нетто және брутто
салмақтары. Сонымен қатар удың қауiптiлiк дәрежесi және ол уды ұстаған
кезде қауiпсiздiк шараларын сақтау жөнiнде ескертетiн қағаз ыдысқа
тапсырылады.
Мұндай ескерту қағаздарды жүктердiң үстiңгi және бүйiр жақтарынан
жапсырылады. Ыдысқа барлық жазулар жуылмайтын қара бояумен анық жазылуы
тиiс.
КҮШТI ӘСЕР ЕТУШI УЛЫ ЗАТТАРДЫ САЛЫНҒАН ЖҮКТЕРДI
ТИЕУ ЖӘНЕ ТҮСIРУ ТӘРТIБI
71. Күштi әсер етушi улы заттарды ұдайы тиеу жүргiзiлмейтiн
пункттерде
жүктi тиеу немесе түсiру жұмыстары тәулiктiң жарық мезгiлiнде жүргiзiледi.
Улы заттарды тиеу және түсiруге арналған жерлер тұрғын үй және өндiрiстiк құрылыстардан, жүк қоймаларынан (күкiрттi көмiртек қоймалырынан кем дегенде 500 метр) 125 метрден жақын болмауы тиiс.
Уларды тиеу және түсiруге арналған алаңдар шартты белгiлермен (қызыл
жалаушалар, шамдар) қоршалып, қарулы күзет қойылуы қажет.
Уларды қолмен тиеп-түсiретiн адамдар жеке басының қауiпсiздiгi
шараларын және жүктiң төгiлiп, шашылып қалмауы, буылған жүктi бүлдiрiп
алмау, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi шараларын қадағалауға мiндеттi.
Күштi әсер етушi улы заттар қойылған орындарды көмкеруге басқа
заттарды лақтыруға, сүйреуге және басқа жүктердi олардың үстiне қоюға
тыйым салынады.
КҮКIРТТI КӨМIРТЕКТI ТИЕУ (ТҮСIРУ) ТЕК ҚАНА КҮНДIЗГI
УАҚЫТТА (ТАБИҒИ ЖАРЫҚТА) ЖҮРГIЗIЛУI ТИIС
72. Улы заттарды тиеу кезiнде мiндеттi түрде жүктi жөнелтуге жауапты
адам, ал түсiру кезiнде жүктi қабылдауға жауапты адам болуы қажет.
Жүкпен бiрге ерiп жүруге жауапты адам екi жағдайда жүктiң жанында
болуға мiндеттi.
КҮШТI ӘСЕР ЕТУШI УЛЫ ЗАТТАР САЛЫНАТЫН
ЫДЫСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ТӘРТIБI
73. Күштi әсер етушi улы заттар салынатын ыдыстарды тасымалдау кезiнде күйiп немесе уланып қалмас үшiн, сақ болу керек.
Тасымалдауға күштi әсер етушi улы заттардың қалдықтарынан iшi де
сырты да толық тазартылған ыдыстар ғана шектеусiз қабылданады.
Тасымалдауға iшкi iстер органдарының рұқсаты талап етiлмейдi.
74. Күштi әсер етушi улы заттар салынатын ыдыстарды тасымалдайтын
адамның қолында кәсiпорын, мекеме немесе ұйым басшысының қолы қойылған,
ыдыстың улы заттардан тазартылғаны, залалсыздандырылғаны және тасымалдауға
қауiпсiздiгi жөнiнде анықтама болуы тиiс.
Ал егер ыдысты мұқият тазарту мүмкiндiгi болмаған жағдайда олар,
күштi әсер етушi улы заттар тұрған ыдыстар тасымалданатын тәртiппен
тасымалданады.
КҮШТI ӘСЕР ЕТУШI УЛЫ ЗАТТАРДЫ
ТАСЫМАЛДАУҒА ҚАЖЕТТI ҚҰЖАТТАР
75. Улы заттар тиелген жүктi алып жүруге жауапты әрбiр адамның
қолында мынадай құжаттар болуы тиiс:
- iшкi iстер органдарының рұқсат қағазы, ал медициналық және малдәрiгерлiк мақсатта тасымалдау үшiн, жол куәлiгi;
- жүктi жөнелтушiнiң тасымалданатын жүктiң Мемлекеттiк стандарт талаптарына сәйкес буып-түйiлгенi жөнiндегi анықтамасы;
- жүктi жөнелтушi мен қабылдаушының мекен-жайы, неше орын бар екендiгi, күштi әсер етушi әрбiр улы заттың аты, оның (брутто және нетто) салмақтары көрсетiлген тиiстi құжаттар;
- күштi әсер етушi улы заттарды автомобильмен, ат арбамен және теңестiрiлген жүкпен тасымалдау тәртiбi жөнiндегi қысқаша нұсқау.
ЖАУАПКЕРШIЛIК ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
76. Осы нұсқауда белгiленген ережелердi қадағалау жауапкершiлiгi тиiстi кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар басшыларына және күштi әсер етушi улы заттарды сақтауға, жөнелтуге, есепке алуға тасымалдауға және пайдалануға тiкелей басшылық жасайтын осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерiне жүктеледi.
Осы нұсқаудың талаптарын бұзған адамдар заңда көрсетiлген тәртiп
бойынша жауапқа тартылады.
77. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Министрлiгiне және
жергiлiктi жерлердегi iшкi iстер органдарына күштi әсер етушi улы заттар
сатып алу, сақтау, есепке алу және тасымалдау тәртiбiн ұдайы тексерiп
отыру iсi жүктеледi.
Iшкi iстер органдары осы Нұсқауды бұзу жағдайларын анықтаса, улы
заттарды сатып алуға, өткiзуге, сақтауға және тасымалдауға тыйым
салуға құқылы.
N 1 Қосымша
Ерекше тәртiппен сатып алынатын, өткiзiлетiн және
жөнелтiлетiн, сақталатын, есепке алынатын және
тасымалданатын күштi әсер етушi улы заттардың
Т I З I М I
1. Мышьяк ангидридi
2. Мышьяк тәрiздi ангидрид
3. Алмас
4. Көгертетiн қышқыл
5. Көгертетiн қышқыл тұздары (цианистiк натрий, цианистiк калий,
цианистiк кадмий, цианистiк күмiс, цианистiк және окцианистiк сынап,
цианистiк қорғасын, цианистiк мыс, цианистiк мырыш, цианистiк барий,
цианистiк кальций, цианистiк препараттар (цианплав, "циклон")
6. Акрил қышқылының нитролы
7. Меркантофос
8. Этилмеркурфосфат
9. Этилмеркурхлорид
10. Дальдрин
11. Альдрин
12. Сары фосфор
13. Бруцин
14. Никотин
15. Стрихнин
16. Цианханин
17. Хлорпикрин
18. Күкiрттi көмiртек
19. Меркуран