-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
Мемлекеттік кіріс министрінің
2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
13. "Мүлiк салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 38 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 22 бұйрығы. -----------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 21.12.1995 ж. N 2703 U952703_ Жарлығына сәйкес "Мүлiкке салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 38 V950071_ Нұсқаулыққа енгiзiлген өзгертулер
"Мүлiкке салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 38 Нұсқаулыққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
17 және 20-тармақтар мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Салық салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша
төленедi".
18-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Ұйымдар жедел басшылық құқығында олардың қолында бар жалпы
пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол
ғимараттары бойынша";
19-тармақта "ең төменгi айлық жалақының" деген сөздер "айлық
есептеу көрсеткiштерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгi Бас салық
инспекциясы бастығының бiрiншi
орынбасары, салық қызметiнiң
II дәрежелi Мемлекеттiк кеңесшiсi