Өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Бас салық инспекциясының 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 29 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 12. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес 
                                БҰЙЫРАМЫН: 
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi: 
      13. "Мүлiк салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 38 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 22 бұйрығы. ----------------------------------------------------- 

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 21.12.1995 ж. N 2703  U952703_ Жарлығына сәйкес "Мүлiкке салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 38  V950071_ Нұсқаулыққа енгiзiлген өзгертулер 
      "Мүлiкке салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 38 Нұсқаулыққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     17 және 20-тармақтар мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

     "Салық салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша

төленедi".

     18-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

     "4) Ұйымдар жедел басшылық құқығында олардың қолында бар жалпы

пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол

ғимараттары бойынша";

     19-тармақта "ең төменгi айлық жалақының" деген сөздер "айлық

есептеу көрсеткiштерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Қазақстан Республикасы Қаржы

     министрлiгi Бас салық

     инспекциясы бастығының бiрiншi

     орынбасары, салық қызметiнiң

     II дәрежелi Мемлекеттiк кеңесшiсi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады