-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
Мемлекеттік кіріс министрінің
2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
14. "Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен бюджетке төлеудiң тәртiбi туралы" N 33 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1996 жылғы 29 қаңтардағы N 24 бұйрығы. -----------------------------------------------------
Салық заңдарын жетiлдiру мақсатында және "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар N 2703 U952703_ Жарлығы шығуына байланысты "Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен бюджетке төлеудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының N 33 V950078_ Нұсқаулығына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге және оларды 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзуге бұйырамын:
1. 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық салынатын табыс жиынтық жылдық табыс пен белгiленген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Егер қызметкерлерге берiлген материалдық және әлеуметтiк игiлiктердi ескере отырып еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығындар нормаланған мөлшерден асып кетсе, онда асып кеткен сома салық салынатын табысқа қосылады".
2. 10-тармақтың 1 абзацына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
- "Жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге мемлекеттiк қоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетiн арнаулы қорлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
- "материалдық шығындар" деген сөздерден кейiн "жалдау ақысы" деген сөздер қосылсын.
3. 11-тармаққа мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
- 1-абзацтағы "несие үшiн" деген сөздерден кейiн "теңгемен немесе шетелдiк валютамен" деген сөздер қосылсын;
- 2-абзац алынып тасталсын.
4. 14-тармаққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
- 2-абзацтағы бiрiншi сөйлемнiң орнына мынадай сөйлем қосылсын: "1995 жылдың 1 шiлдесiнен кейiн сатып алынған және өндiрiсте тiкелей пайдаланылатын технологиялық жабдықтардың амортизациясы пайдаланыла бастаған алғашқы үш жылда негiзгi құрал-жабдықтардың тиiстi тобы үшiн белгiленген нормалар шегiнде есептеледi, ал құнының қалған бөлiгi үш жыл пайдаланғаннан кейiн салық төлеушiнiң еркi0 бойынша бұдан кейiнгi амортизациялық кезеңнiң кез-келген сәтiнде шегерiп тасталады";
- мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Құны 40 айлық есептi көрсеткiштен төмен немесе пайдаланылу мерзiмi бiр жылдан кем және 1995 жылдың 1 шiлдесiнен кейiн пайдалануға берiлген құрал-жабдықтар жататын бағасы аз және тез тозатын заттардың құны толығымен шегерiмге жатады".
- "ең төменгi айлық жалақының" деген сөздер "айлық есептi көрсеткiштердiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 15-тармақтағы "ең төменгi айлық жалақының" деген сөздер "айлық есептi көрсеткiштердiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 17-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктердiң күмәндi борыштарға қарсы провизиялар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша белгiленген мөлшерде шегерiм жасауға құқығы бар".
7. 18-тармақтағы "... және белгiленген ең төменгi нормаларға сәйкес" деген сөздердiң орнына "... және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормаларға сәйкес" деген сөздер жазылсын.
8. 19-тармақтың 4-абзацына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
- "жасалатын ай сайынғы қосымша баға белгiлеулердiң" деген сөздердiң алдынан "1995 жылдың 1 шiлдесiнен бастап" деген сөздер қосылсын;
- "нәтижелерi бойынша" деген сөздерден кейiн "салық" деген сөз қосылсын.
9. 32-тармақтағы "... Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге" деген сөздерден кейiн "онда салық төлеушi субъект аталған анықтама берiлiп отырған органды көрсетiп салық инспекциясы берген, салық төлеушi тұрақты мекеменiң тiркеу нөмiрi бар анықтама алуы тиiс. Аталған анықтама болмаған жағдайда табыс салығы төлем кезiнен ұсталып қалуы тиiс" деген сөздер қосылсын.
10. 44-тармақ мынадай мазмұндағы "б" тармақшасымен толықтырылсын:
б) тiркелген және қызметiн арнаулы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшiн - 20 процент".
"Б" тармақшасы "в" тармақшасы болып есептелсiн.
11. 48-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Табыс салығын бас кәсiпорын мен филиалдардың (өкiлдiктердiң) орналасқан жерi бойынша аймақтар арасында бөлудiң тәртiбi 6-қосымшада көзделген".
12. 50-тармаққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
- 2-абзацтағы "ӘАФКЕҚ Орталық комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
- мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- мемлекеттiк бюджет және Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетiн арнаулы қорлар есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар мемлекеттiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген шетелдiк несие желiлерi, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген халықаралық ұйымдар желiсi бойынша алынған мүлiк бойынша".
13. 53-тармаққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
- "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiленген тiзбе бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
- мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың жиынтық жылдық табысы":
а) оларды бюджеттен тыс "Жаңа астана" қорына жұмсаған жағдайда кәсiпкерлiк қызметтен алынған салық салынатын табыстың он процентiнен аспайтын қаржылар;
б) Ақмола қаласындағы тұрғын үй құрылысына жұмсалған және ағымдағы жылы нысаналы мақсатта нақты пайдаланылған қаржылар сомасына кемiтiледi".
14. 54-тармақтағы "маманданған" деген сөз алынып тасталсын, "облыстардың, Алматы және Лениниск қалаларының әкiмдерi" деген сөздер "облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. 63-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ағымдағы төлемдер жөнiндегi есептердi заңды тұлғалар салық қызметi органдарына тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-күнiне дейiн (почтамен, шабарман арқылы) жiбередi.
Табыс салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеу үшiн қаржы нәтижесi кезде салық салынған, табыс салығынан, шегеруге жататын салықтар мен шегетiн залалдардан босатылған табыстар сомасына кемiтiледi.
Мысалы:
Кәсiпкерлiк қызметтен келтiрiлген залал (көзделген шегерiмдердiң жиынтық жылдық табыстан асып түсуi) 1995 жылы 1500,0 мың теңге құрады, қаңтарда 700,0 мың теңге, ақпанда - 800,0 мың теңге, наурызда - 500,0 мың теңге пайда алынды. Залал қаңтарда және ақпанда алынған 1500,0 мың теңге (700+800) сомасындағы пайдамен толық өтелуiне байланысты наурыз айы үшiн төленетiн ағымдағы төлем 20 сәуiрге дейiн төленедi және ставка 30 процент болғанда 150,0 мың теңге (500 х 30) құрайды".
16. 1-Қосымшаға мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
- 7-тармаққа "басқа шегерiмдер" деген "м" тармақшасы қосылсын;
- 10-тармақтың "б" тармақшасы мынадай мазмұндағы мәтiнмен толықтырылсын:
"Соның iшiнде:
- мүлiкке салынатын салық;
- жер салығы;
- көлiк құралдарына салынатын салық;
- айыппұлдар, бюджетке есептелетiндерiн қоспағанда".
17. N 2 Қосымшаға мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
- 6-тармақтағы бiрiншi сөйлем мынадай мазмұндағы сөйлеммен ауыстырылсын: "1995 жылдың 1 шiлдесiнен кейiн сатып алынған және өндiрiсте тiкелей пайдаланылатын технологиялық жабдықтардың амортизациясы пайдаланыла бастаған алғашқы үш жылда негiзгi құрал-жабдықтардың тиiстi тобы үшiн белгiленген нормалар шегiнде есептеледi, ал құнының қалған бөлiгi үш жыл пайдаланылғаннан кейiн салық төлеушiнiң еркi бойынша бұдан кейiнгi амортизациялық кезеңнiң кез-келген сәтiнде шегерiп тасталады".
- 1, 3 және 5-тармақтардағы "ең төменгi айлық жалақының" деген сөздер "айлық есептi көрсеткiштердiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
18. 4-Қосымшадағы "пайда" деген сөз "табыс" деген сөзбен ауыстырылсын.
19. Осы Нұсқаулықтың "Бюджетпен орталықтандырылған есеп айырысу тәртiбi" туралы 6-Қосымшасы бекiтiлсiн.
Министрдiң бiрiншi орынбасары
Қаржы министрлiгi Бас салық
инспекциясының бастығы салық
қызметiнiң 1-дәрежелi Мемлекеттiк
кеңесшiсi
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгi Бас салық
инспекциясының 28.06.95 ж.
N 33 Нұсқаулығына 6-қосымша
Бюджетпен орталықтандырылған есеп айырысу
Тәртiбi
1. Бiр заңды тұлғаны құрайтын бас кәсiпорын мен оның филиалдары Z952235_ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының 6-бабының 2-тармағына сәйкес бюджетпен есеп айырысу кезiнде салықты тұтас заңды тұлға бойынша есептеуi тиiс.
2. Салықтардың аймақтар бойынша тең мөлшерде түсiп тұруы мақсатында жиынтығы бойынша есептелген бюджетке төленетiн төлем бюджет түрлерi арасында тұтас алғанда заңды тұлға бойынша филиалдардың орналасқан жерi бойынша бөлiнуi тиiс, яғни бас кәсiпорындар заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысуларды салық салынатын табыс сомасы, соның iшiнде оларға бағынысты филиалдардың қаржы нәтижелерi бойынша орталықтандырылған тәртiпте 6А-қосымшаға сәйкес жүргiзедi.
3. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша бюджетпен орталықтандырылған есеп айырысулар кезiнде бас кәсiпорындар бюджетке заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын, соның iшiнде ағымдағы төлемдердi тiкелей өзiнiң есеп айырысу шотынан төлейдi немесе банк мекемелерiнде есеп айырысу шоттары бар өзiнiң филиалдарына төлемдер төлеуге тапсырма бередi.
Бас кәсiпорындар заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын төлеудi филиалдарға жүктейтiн жағдайларда олар төлем мерзiмiн көрсете отырып, оларға және көшiрмесiн салық органдарына бюджетке төлемдер төлеуге арналған тапсырыстарды 6Б-қосымшаға сәйкес нысанда жiберуге мiндеттi.
Бұл ретте салық төлеушiлер мен салық органдарының олардың орналасқан жерi бойынша тапсырыстарды төлем мерзiмi туғанға дейiн 5 күннен кешiктiрмей алуы қамтамасыз етiлуi тиiс.
Егер заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын төлеуге арналған тапсырыстар төлем мерзiмi аяқталғаннан кейiн алынған жағдайда заңдармен белгiленген тәртiпте өсiм төлеу қолданылады.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын төлеуге арналған тапсырыстардың жиынтық тiзiлiмiн бас кәсiпорын осы заңды тұлға бойынша бюджетпен есеп айырысуларды бақылайтын салық органына 6В-қосымшаға сәйкес бередi.
4. Бюджетпен орталықтандырылған тәртiпте есеп айырысатын барлық заңды тұлғалар белгiленген мерзiмде бюджетке төленетiн төлемдердi бақылауды жүзеге асыратын салық органына жиынтық бухгалтерлiк есептемелер мен баланстарды, сондай-ақ заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын бюджетке аударудың оларға тiкелей бағынысты филиалдарға сараланған есептерiн беруге мiндеттi.
5. Салық төлеушiлер салық салынатын табысқа қарай бас кәсiпорынның өзi қосымша есептеген заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомасын, салық инспекциясының хабарламасын күтпей-ақ, жылдық жиынтық табыс пен есептi кезеңде жасалған шегерiмдер туралы декларация берiлген күннен бастап 10 күн өткен соң, бiрақ есептi жылдан кейiн келетiн жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей бюджеттiң кiрiсiне енгiзедi.
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгi Бас салық
инспекциясының 28.06.95 ж.
N 33 Нұсқаулығына 6А қосымша
Табыс салығы сомасын заңды тұлғалардың
бөлiмшелерi арасында бөлудiң
Мысалы
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы мен ағымдағы төлемдердi заңды тұлғалар филиалдарының орналасқан жерi бойынша аймақтар арасында бөлу өндiрiлген өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң), есептелген жалақының және негiзгi құрал-жабдықтар құнының көлемi жөнiндегi көрсеткiштердiң орташа үлес салмағына қарай жүзеге асырылады.
___________________________________________________________________
N |Заңды тұлға мен |Өткiзу|Есеп. |Негiзгi|Салықты |Салық
| оның бөлiмшелерi |көлемi|телген|құрал |бөлуге арнал.сомасы
| | |жалақы|жабдық.|ған орташа |(мың
| | | |тардың |үлестi |сом)
| | | |құны |салмақ |
___|____________________|______|______|_______|____________|_______
1. Алматы қаласында
тiркелген бас
кәсiпорын 5% 60% 70% 135%:3=45,0% 67500
2. Қарағанды қаласындағы
филиал 20% 7% 6% 33%:3=11,0% 16500
3. Павлодар қаласындағы
филиал 35% 8% 4% 47%:3=15,7% 23550
4. Ақтау қаласындағы
филиал 25% 5% 9% 39%:3=13,0% 19500
5. Қостанай қаласындағы
филиал 15% 20% 11% 46%:3=15,3% 22950
Жиынтығы 100% 100% 100% 100% 15000
Табыс салығы мен ағымдағы төлемдердi заңды тұлғалар арасында бөлудiң есебiн бас кәсiпорын шығарады және ол жылдық декларациямен бiрге салық инспекциясына берiледi.
Артық төленген төлемдi қайтару да тиiстi бюджеттерден орташа үлес салмағы бойынша жүргiзiледi.
Бас кәсiпорынның
мөртаңбасы
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгi Бас салық
инспекциясының
1995 жылғы 28 маусымдағы N 33
Нұсқаулығына
6 Б қосымша
Кiмге _______________________________________
(салық төлеушiнiң атауы)
Мекен-жайы __________________________________
Көшiрмесi __________________________________
(салық органының атауы)
Мекен-жайы __________________________________
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын
бюджетке төлеуге арналған
Тапсырыс
______________________________________________________________-
(бас кәсiпорынның атауы)
199 __ жылы заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының мынадай
мөлшердегi (мың теңге) сомасын жергiлiктi банк мекемесi арқылы
____________________________ бюджетке аударуды ұсынады:
___________________________________________________________________
Көрсеткiштер | 199 __ жыл | 199 __ жылдың
| үшiн | _________ (айы) үшiн
___________________________________________________________________
Заңды тұлғалардан алынатын| |
табыс салығы | |
| |
Жиынтығы | |
____________________________________________________________________
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы сомасының бюджетке
мезгiлiнде және толық аударылуын қамтамасыз етiңiз.
Бас кәсiпорынның басшысы ___________________________(қолы)
Салық инспекциясының бастығы ________________________(қолы)
Бас кәсiпорынның
мөртаңбасы
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгi Бас салық
инспекциясының 1995 жылғы
26 маусымдағы N 33 Нұсқаулығына
6 В қосымша
Кiмге ____________________________________
(салық органының атауы)
Мекен-жайы _______________________________
Осы арқылы 199 __ жылға арналған заңды тұлғалардан алынатын табыс
салығын төлеу жөнiндегi бюджетпен өзара қарым-қатынастар туралы
анықтаманың жиынтық тiзiлiмi жолданып отыр.
Жиынтық тiзiлiм
__________________________________________________________________________
Филиалдың | Салық салынатын | Табыс салығының |Тапсырыс.|Тапсырыс.
атауы | табыс (пайда) | сомасы |тар жі. |тардың
|___________________|___________________|берілген |жiберiл.
|жыл |с.i. тоқсандар|жыл |с.i. тоқсандар|салық ор.|ген уақыты
|iшiн| бойын. |iшiн| бойын. |ганының | мен
|де |______________|де |______________|атауы | нөмiрi
| | 1 | 2 | 3 | 4| | 1 | 2 | 3 | 4| |
____________|____|___|___|___|__|____|___|___|___|__|_________|___________
Бас кәсiпорынның басшысы ___________________________ (қолы)
Салық инспекциясының бастығы ______________________ (қолы)