-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
Мемлекеттік кіріс министрінің
2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
15. "Қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 26 маусымдағы N 37 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 209 V960021_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 54-бабына сәйкес, осы бұйрыққа қоса тiркелiп отырған, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген "Қосылған құнға салынатын
салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 25 маусымдағы N 37
Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы туристiк фирмаларының
қызметiне қосылған құнға салық салу тәртiбi бөлiгiне енгiзiлген өзгертулер
мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Салық қызметiнiң II дәрежелi
Мемлекеттiк кеңесшiсi
"Қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен
төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 26 маусымдағы
N 37
нұсқаулыққа өзгертулер мен толықтырулар
енгiзу туралы
1996 жылғы 19 қыркүйек
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген "Қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 26 маусымдағы N 37 нұсқаулыққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiледi:
2-тармақ мынадай мазмұндағы мәтiнмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында сатылған жолдамалардың құнына енгiзiлген, Қазақстан Республикасы туристiк фирмаларының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер шегiнен тыс жерлерде көрсеткен қызметi (тамақтану, қонақ үйлерiнде тұру, экскурсиялық қызмет көрсету және т.б.) қосылған құнға салық салу объектiсi болып табылмайды.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер шегiнен тыс жерлерде туристердiң болуымен байланысты маршруттар бойынша туристiк жолдамалар өткiзумен шұғылданатын Қазақстан Республикасының туристiк фирмалары бойынша аталған жолдамаларды өткiзуден түскен түсiм қосылған құнға салық салынатын объект болып табылады, оған нөлдiк ставка бойынша салық салынатын жүк пен жолаушыларды тасу құны, сондай-ақ шетелдiк әрiптестердiң Тәуелсiз Мемлекеттiк Достастығынан тыс жерлерде туристерге көрсететiн қызметiнiң құны қосылмайды".
Салық қызметiнiң II дәрежелi
Мемлекеттiк кеңесшiсi