1. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - табиғи монополистердiң өнiмдерiне бағалар мен тарифтердiң жобаларын тапсырудың, қараудың және бекiтудiң тәртiбi туралы Нұсқаулық бекiтiлсiн. (қоса берiлiп отыр).
2. Баға саясаты жөнiндегi бас басқарманың бастығы Попандопуло Е.Н.
мен заң бөлiмiнiң бастығы Нұрабаева Ә.Қ. Нұсқалықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне тiркеттiрсiн. 3. Ұйымдық-кадр басқармасының бастығы Салтыбаева Ә.С. Нұсқалықты баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттерге және мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға жеткiзсiн. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 7 маусымдағы 4/75 қаулысымен Бекiтiлген Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң-табиғи монополистердiң өнiмдерiне бағалар мен тарифтердiң жобаларын тапсырудың, қараудың және бекiтудiң тәртiбi туралы НҰСҚАЛЫҚ I. Жалпы ережелер
1.1. Осы Нұсқалық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң-табиғи монополистердiң өнiмдерi мен қызметiне бағалар мен тарифтердiң жобаларын тапсырудың, қараудың және бекiтудiң бiрыңғай тәртiбiн, сондай-ақ бағалар мен тарифтердiң жобаларына арналған барлық техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеудiң сапалық деңгейiн көтерудi белгiлейдi.
1.2. Нұсқалықта бекiтiлген тәртiп шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң-табиғи монополистердiң өнiмдерi мен қызметiне қолданылады, олардың бағаларын қолданымдағы заңдарға сәйкес мемлекеттiк реттеу көзделген, сөйтiп олар Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген.
II. Бағалар мен тарифтердi тапсырудың, қараудың
және бекiтудiң тәртiбi мен мерзiмi
2.1. Бағалар мен тарифтердiң жобалары өнiмдер мен қызметтi өндiрудiң және сатудың жағдайлары өзгерген жағдайда, сондай-ақ шектеулi қолдану мерзiмi қойылып, бұрын белгiленген бағалар мен тарифтердiң мерзiмi өтсе қолданылып жүрген бағалар мен тарифтердiң қайта қаралуына байланысты әзiрленедi.
Бағалар мен тарифтер қажеттi нормативтiк, есеп айырысу және басқа материалдар болған жағдайда оларды негiздеу бойынша белгiленедi.
2.2. Бағалар мен тарифтердiң жобаларын:
- министрлiктер мен ведомстволар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бағалары мен тарифтерiн белгiлейтiн өнiмдер мен қызметтiң номенклатурасы бойынша;
- шаруашылық жүргiзушi субъектiлер баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер бағалары мен тарифтерiн белгiлейтiн өнiмдер мен қызметтiң номенклатурасы бойынша тапсырады.
2.3. Бағалардың (қаулылардың) жобалары Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (аумақтық комитеттерiнiң) алқасында қаралып, олар Комитеттiң қаулысымен бекiтiледi.
2.4. Бағалар мен тарифтердiң жобалары тоқсан басталардан немесе бұрын белгiленген бағаның қолданылу мерзiмi өтуден бiр ай бұрын баға бекiтуге уәкiлдi органдарға табыс етiледi.
2.5. Баға белгiлеуге уәкiлдi органдар бағалар мен тарифтердi бекiту үшiн қажеттi барлық материалдар алынған уақыттан бастап 20 күн iшiнде, бiрақ баға енгiзуден 10 күн бұрын тапсырылған жобаларды қарап, тиiстi шешiм қабылдайды. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi органдар шешiм қабылдау кезiнде барлық мүдделi тараптар берген ақпаратты қарауға мiндеттi.
Баға белгiлеуге уәкiлдi органдар бағалар мен тарифтердi негiздеу жөнiндегi материалдарды толық көлемiнде бермеген немесе экономикалық есеп-қисап негiзделмеген жағдайларға тиiстi баға жобалары алынған уақыттан бастап 6 күн iшiнде қажеттi материалдарды жiберу туралы сұрау салады, сондай-ақ ұсынылған жобалар пысықтауға қайтарылады. Министрлiктер мен ведомстволар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер барлық қажеттi қосымша материалдарды бiр апталық мерзiм iшiнде тапсыруға мiндеттi.
Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi органдар қажеттi материалдарды көрсетiлген мерзiмде алысымен бiр апталық мерзiм iшiнде бағалар мен тарифтердi бекiту туралы шешiмдер қабылдайды.
2.6. Баға республикалық және аймақтық деңгейлерде бiр мезгiлде бекiтiлген жағдайда ұсыныстарды қараудың мынадай мерзiмi белгiленедi:
Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi үшiн - 7 күн;
республикалық деңгейде баға белгiленген соң 5 күн iшiнде бағалардың жобасын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитетке тапсырады;
баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер үшiн - 8 күн.
2.7. Бағалар мен тарифтердi бекiтуге уәкiлеттi органдар олардың деңгейiне өзгертулер енгiзген жағдайда бағалар мен тарифтердiң жобаларын ұсынған министрлiктердiң, ведомстволардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қатысуымен пiкiр алшақтықтары қаралады сөйтiп бағаны белгiлеуге уәкiлдi органдар түпкiлiктi шешiм қабылдайды.
2.8. Бағаны бекiтуге уәкiлдi органдар қабылданған шешiм туралы бағалардың жобаларын ұсынған министрлiктер (ведомстволар) мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жедел хабарлайды. Министрлiктер мен ведомстволар, шаруашылық жүргiзушi өнiмдерге (қызметке) негiзгi тапсырыс берушiлер мен мүдделi министрлiктердi (ведомстволарды) бекiтiлген бағалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етедi. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бағалар мен тарифтердiң өзгеруi туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыларға алдын ала хабарлап отыруға мiндеттi. Бағалар мен тарифтердiң өзгеруi туралы дер кезiнде хабарлаудың тәртiбiн бұзған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге-табиғи монополистерге белгiленген тәртiппен экономикалық санкциялар қолданылады.
III. Баға белгiлеуге уәкiлеттi органдарға
тапсырылатын материалдар
3.1. Бағалардың (тарифтердiң) жобалары прейскуранттардың жобалары немесе баға белгiлеуге уәкiлеттi органдардың қаулыларының жобалары түрiнде тапсырылады.
3.2. Жаңа бағалардың (қаулылардың) жобаларымен қоса:
- бағаларды қайта қарау қажеттiгiнiң себептерi, жобаланып отырған баға деңгейiнiң негiздемесi көрсетiлген түсiнiк қолхат;
- калькуляция материалдары (N 1 нысан мен оған қосымшалар);
- өнiм өндiруге жұмсалатын шығыс сметасы (N 2 нысан);
- баға өзгерiсiнiң өнiм (қызмет) көлемi мен пайдаға ықпалының есеп-қисабы (N 3 нысан);
- кәсiпорынның алдағы кезеңге арналған балансы (АКУД бойынша N 1 нысан);
- пайданың жұмсалуы туралы есебі;
- өткен кезеңдегi (тоқсандағы) қаржылық қызметтiң қорытындылары және
есеп беретiн тоқсанда күтiлетiндерi (Окуд бойынша N 2 нысан, 1-н статистикалық нысан) тапсырылады. 3.3. Өз өнiмдерiн (қызметiн) еркiн баға (тариф) бойынша сататын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополистер аталған баға өзгерген жағдайда баға реттеушi органдарға жаңа бағалардың (тарифтердiң) деңгейi туралы хабарламамен қоса: - бағаны қайта қараудың себептерi мен олардың негiздемесi көрсетiлген түсiнiк хат; - пайданың жұмсалынуы туралы есеп тапсырады. 3.4. Тапсырылатын материалдардағы мәлiметтер статистикалық және бухгалтерлiк есептеменiң тиiстi нысандарының көрсеткiштерi негiзiнде толтырылады. IY. Бағаны бекiтуге уәкiлдi органдардың бағалар мен тарифтердiң жобаларын қарау тәртiбi
4.1. Бағалардың жобаларын қараған кезде өнiм (жұмыс, қызмет) өндiру мен сату бойынша өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнына қосылатын шығындардың құрамы туралы және кәсiпорынның қаржылық нәтижелерiн қалыптастырудың тәртiбi туралы Ереженi (шығындардың құрамы туралы белгiленген тәртiппен белгiленген салалық ереженi), сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополистер өндiретiн және сататын өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) бағалар мен тарифтердi қалыптастырудың Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiткен Айрықша тәртiбiн басшылыққа алу қажет.
Бұл орайда:
шикiзат пен материалдар шығын, амортизациялық қаражат, iс-сапар шығыны нормаларының және басқаларының белгiленген тәртiппен бекiтiлген қолданымдағы нормаларға сәйкестiгiн тексеру;
шикiзат пен материалдардың негiзгi түрлерiнiң, отынның электр энергиясының және көлiк шығындары құнының өзiндiк құнның өзгеруiне ықпалын белгiлеу;
еңбекақы төлеу шығындарының есеп-қисап, басқару аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық айлық ақыларының мөлшерiн тексеру, олар "Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 31 қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай тариф кестесi ескерiлiп анықталады, еңбекақы төлеуге арналған жобалық шығындарды алдыңғы (немесе есеп берiп отырған) жылғы кезеңдегi нақты шығындармен, сондай-ақ орташа салалық жалақымен салыстыру;
өндiрiс көлемi мен өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнының өсу қарқынын салыстыру, өзiндiк құнды төмендетуге мүмкiндiк бар-жоғын айқындау қажет.
4.2. Пайда деңгейiн анықтау кезiнде заңдарда көзделген салықтар мен төлемдердi төлеуге арналған және саланы (шаруашылық жүргiзушi субъектiнi) дамыту үшiн қажеттi қаражат ескерiлуi тиiс. Бұл орайда iс жүзiндегi пайданың бұрын бағалар мен тарифтер белгiленген кезде қабылданған есеп жүзiндегi пайдадан ауытқуының себептерiне, сондай-ақ оның бағыттар бойынша пайдалануына назар аударған жөн.
Y. Осы Нұсқаулықта көзделген тәртiптiң
сақталмағаны үшiн жауапкершiлiк
5.1. Бағаны осы Нұсқаулықта көзделген мерзiмiнен бекiту үшiн қажеттi материалдар тапсырылған жағдайда, баға белгiлеушi орган алдағы кезеңге арналған бағалар мен тарифтердi өзгерту туралы ұсыныстарды қарамауға құқылы.
5.2. Белгiленген баға қолданылып жүрген уақытта оны белгiленген орган баға деңгейiн анықтау кезiнде берiлген мәлiметтердi бағалауды, бұл iс "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң - табиғи монополистердiң iс жүзiндегi шығындарын реттеу мен бақылаудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 27 ақпандағы N 2/53 бекiтiлген Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
Бағалар мен тарифтердi негiздеу мақсатында тапсырылған жедел
мәлiметтердiң iс жүзiндегi деректерден айтарлықтай ауытқығаны айқындалған жағдайда баға бекiтуге уәкiлдi орган аталған бағаларды көтеру туралы өз шешiмiн жою немесе қолданылып жүрген бағаның деңгейiн төмендету құқығына ие. 5.3. Министрлiктер мен ведомстволар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер көпе-көрiнеу дұрыс емес немесе жалған мәлiметтер берген жағдайда лауазымды адамдар қолданымдағы заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады. 1-нысан ___________________________________ (министрлiк, ведомство) ___________________________________________________________________ өнiм дайындаушы бiрлестiк (кәсiпорын), қала, телефон N КАЛЬКУЛЯЦИЯ ___________________________________________________________________ өнiмнiң (қызметтiң) атауы Қолдану бағасы, теңге _____________________________________________ Бекiтiлу уақыты 199__ " " _________________________________________ Калькуляция өлшемi ________________________________________________ (теңгемен және тиынмен) ___________________________________________________________________ Шығындар мен басқа |Алдыңғы |Есеп берiп | Бағаны көрсеткiштер баптарының |кезеңде |отырған |есептеу үшiн атауы |(тоқсанда) |тоқсандағы |жобаланатын |iс жүзiнде |жедел |деректер |жұмсалғаны |деректер | ___________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 ___________________________________________________________________ 1. Шикiзат пен материалдар 2. Сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар 3. Қосалқы материалдар 4. Технологиялық мақсаттарға арналған отын 5. Технологиялық мақсаттарға арналған энергия 6. Өндiрiстегi жұмысшылардың негiзгi жалақысы, соның iшiнде қосымша ақылар (ақшалай сыйлықтар) 7. Өндiрiстегi жұмысшылардың қосымша жалақысы 8. Әлеуметтiк сақтандыруға арналған төлемдер 9. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына төлемдер 10. Өндiрiстi әзiрлеу мен игеруге жұмсалатын шығындар 11. Жалпы өндiрiстiк шығындар 12. Жалпы шаруашылық шығындары 13. Жол қорына төлемдер 14. Басқа шығындар 15. Өнiмнiң өзiндiк құнының жиынтығы 16. Пайда 17. Кәсiпорынның бағасы Анықтама ретiнде: - өзiндiк құнға шаққанда рентабельдiлiк процент есебiмен; - заттай есептегенде өнiм (қызмет) шығару; - белгiлi бiр өнiмнiң (қызметтiң) кәсiпорынның жалпы көлемiндегi үлес салмағы. Жоспарлау бөлiмiнiң бастығы Бас бухгалтер Директор 1-нысанға N 1 қосымша Өзiндiк құнды калькуляцияға жұмсалатын материалдық шығынның кестесi ______________________________________________бағасын (тарифiн) есептеу үшiн (теңгемен және тиынмен) ___________________________________________________________________ Материалдардың |Өлшем |Бағаны есептеу кезiнде норма бойынша аттары |бiрлiгi| бiр өлшемге жұмсалатын шығын | |____________________________________ | |шығын сомасы| бағасы | сомасы ___________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 ___________________________________________________________________ Шикiзат пен материалдар Сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттар Қосалқы материалдар Отын Энергия Жоспарлау бөлiмiнiң бастығы Бас бухгалтер 1-нысанға N 2 қосымша "Өндiрiстегi жұмысшылардың негiзгi жалақысы" бабы бойынша шығындардың өзiндiк құнын калькуляциялаудың кестесi __________________________________________________________бағасы тарифiн есептеу үшiн (теңгемен және тиынмен) ___________________________________________________________________ Жұмыс түрлерi |Бағаны есептеу кезiнде ескерiледi |________________________________________ |норма бойынша |норма-сағат| жалақы |еңбек сыйымдылығы| құны | сомасы ___________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 ___________________________________________________________________ Келiсiмдi жұмыс Қосымша ақы (ақшалай сыйлық процентi сомасы) Үстемеақыны қосқандағы жиынтығы Уақытша жұмыс Ақшалай сыйлық процентi сомасы Жиынтығы Барлығы Аудандық, салалық және т.с. коэффициенттер бойынша төлемдер Еңбек және жалақы бөлiмiнiң бастығы 1-нысанға N 3 қосымша Жалпыөндiрiстiк және жалпызауыттық шығындардың кестесi (теңгемен) ___________________________________________________________________ Шығын баптары | Кәсiпорын бойынша тұтас алғанда |______________________________________________ | Алдыңғы кезеңде|Есеп берiлiп |Бағаны есептеу |(iс жүзiнде |отырған |үшiн жобаланатын |жұмсалғаны) |тоқсандағы |мәлiметтер ___________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 ___________________________________________________________________ Жалпы өндiрiстiк шығындар Жалпышаруашылық шығындар Жоспарлау бөлiмiнiң бастығы Бас бухгалтер 2-нысан ____________________________ (министрлiк, ведомство) ____________________________ (кәсiпорын, ұйым) Өндiрiске арналған шығыс сметасы (мың теңге) ___________________________________________________________________ Шығыс баптары <*> мен |Кәсiпорын бойынша тұтас алғанда басқа көрсеткiштердiң |____________________________________________ атауы |Алдыңғы кезеңде|Есеп берiлiп|Бағаны есептеу |(тоқсанда) iс |тоқсандағы |үшiн |жүзiнде |жедел |жобаланатын |жұмсалғаны |мәлiметтер |мәлiметтер ___________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 ___________________________________________________________________ <*> . Ескерту. Баптардың атауы салалық ерекшелiктер ескерiлiп көрсетiледi. 1. Шикiзат пен материалдар 2. Отын 3. Энергия 4. Жалақы 5. Әлеуметтiк сақтандыруға арналған төлемдер 6. Негiзгi қорларды амортизациялау 7. Басқа шығындар <**> <**> . Ескерту. Осы бапқа кiргiзiлген шығындардың толық кестесi жасалады. Өндiрiс шығындарының жиынтығы Анықтама түрiнде: - тауарлық өнiм қолданымдағы бағамен - пайда - Еңбек ақы қоры соның iшiнде өндiрiстегi жұмысшыларға арналғаны - Жалпы саны, адам соның iшiнде өндiрiстегi жұмысшылардың саны - Негiзгi өндiрiс қорларының құны - Рентабельдiлiк - Өзiндiк қорға шаққанда өндiрiс қорларының құнына шаққанда процент есебiмен Жоспарлау бөлiмiнiң бастығы Бас бухгалтер 3-нысан Бағалар мен тарифтер өзгерген жағдайда негiзгi экономикалық көрсеткiштер ___________________________________________________________________ Кәсiпорынның |Өндiрiс | 199_жылғы тоқсандағы | Рентабельдiлiк атауы |қорларының | тауар өнiмдерiнiң |процент есебiмен |құны мың | көлемi |________________ |теңге |_____________________ |Өзiндiк |өндiрiс | |өзiндiк|кәсiпорынның |құнға |қорларға | |құн | бағасымен |шаққанда|шаққанда | |бойынша|_______________| | | | |өзгер. |өзгер. | | | | |генге |геннен | | | | |дейiн |кейiн | | ___________________________________________________________________
Ескерту. Мәлiметтер, соның iшiнде баға қайта қаралатын өнiмдер (қызмет) бойынша, кәсiпорын (бiрлестiк) бойынша тұтастай көрсетiледi.
Жоспарлау бөлiмiнiң бастығы