Ионизация туғызатын сәулеленулердiң табиғи көздерiнен халықтың сәулеленуiне шек қою жөнiндегi шешiмдi қабылдау үшiн уақытша белгiлер. РНД 211. 1. 06.01-96
Ресми баспа
Дайындаған: "Экопроект" ТОО Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтауминi мен
Экобиоресурстарминiнiң мамандарымен бiрiгiп.
Бекiтуге
енгiзген: Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
министрлiгiнiң Мемлекеттiк экологиялық бақылау
Бас басқармасы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлiгiнiң Бас санитарлық-гигиеналық
басқармасы
Пайдаланылған материалдар:
Осы "Ионизация туғызатын сәулеленулердiң табиғи көздерiнен халықты сәулемен емдеуге шек қою жөнiндегi шешiмдi қабылдау үшiн уақытша белгiлер" (КПР-91) құжатының негiзiне Санкт-Петербург радиациялық гигиена ғылыми-зерттеу институтының профессоры Э.М.Крисюк және Украина радиационды медицина орталығының профессоры И.А.Лихтарев сияқты мамандармен дайындалған материалдар енгiзiлген.
Минералдық тыңайтқыштар мен отын-энергетикасы шикiзаттарындағы радионуклидтер мөлшерiнiң шектi рұқсат етiлген деңгейiн мекендi пункттердiң аумақтарында табиғи радиация фонының деңгейiне шек қоюға қосымша енгiзiлген, сонымен НРБ-96 (Госкомсанэпиднадзор, Россия, Москва, 1996 ж), НКДАР ООН "Ионизация" туғызатын сәулеленудiң табиғи көздерiнен сәулеге түсiру материалдары (1988 ж), МКРЗ NN 26,32,39,50 жарналары, Санкт-Петербург Минералдық тыңайтқыш радиобелсендiлiгiн нормалау жөнiндегi радиациялық гигиена ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары, "Құрылыс бұйымдары мен материалдары", "Табиғи радионуклидтердiң меншiктi эффективтi активтiлiгiн анықтау", ГОСТ 30108-94.
Мақұлданған: ҚР ҒЯО жанындағы техникалық комитетiмен.
Келiсiлген: ҚР Әдiлет министрлiгiмен.
ҚР Мемстандарт.
Осы құжат оның бекiтiлген күнiнен бастап (КПР-93 орнына) күшiне енгiзiледi және барлық мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң, кәсiпорындар және өзге де шаруашылық субъектiлердiң ұйымдар мен мекемелердiң, олардың бағыныштылығы мен жеке меншiк түрiне қарамай, лауазымды адамдар мен азаматтардың сақтаулары мiндеттi.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi
нормативтiк құжаттар мен гигиеналық нормативтердiң
Жүйесi
I. Жалпы ережелер
1.1. Ионизация туғызатын сәулеленулердiң табиғи көздерiне жататын, халықтың денсаулығы жағдайына және қоршаған табиғи орта объектiлерiнiң радиоактивтiлiгi деңгейiне әсерiн тигiзетiн топырақта, ауада, азық-түлiк өнiмдерiнде, құрылыс материалдарында, отын-энергетикасы шикiзаттарында және минералдық тыңайтқыштарда болатын табиғи радионуклидтер (ЕРН).
1.2. Су және азық-түлiк өнiмдерiнде болатын табиғи радионуклидтерден халықтың сәулеленуiне шек қою, радиациялық қауiпсiздiктiң қолданудағы мөлшерлерiмен сәйкес олардың сақталуына тәртiп белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.
1.3. Осы құжатта елдi-мекендi жерлердiң аумақтарында сыртқы гамма-сәулеленудiң (МЭД) рұқсат етiлетiн экспозициялық мөлшерлерiнiң қуаттылық деңгейi, сондай-ақ тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың, осы ғимараттардың ауасындағы радон мен торонның орташа жылдық эквиваленттiк тепе-теңдiк көлемдiк активтiлiгiн, органикалық емес сусымалыдағы (шағыл, тас, қиыршық тас, құм, цемент гипс және басқа да), құрылыс материалдары мен құрылыс бұйымдарындағы (өңделген плиталар, сәндiк және басқа да табиғи тастан жасалған бұйымдар, кiрпiш және қабырғалық тастар) меншiктiк эффективтiк активтiлiгi, тыңайтқыштар мен отындық шикi заттардағы ЕРН мөлшерi белгiленген.
1.4. Осы белгiлермен белгiленген рұқсат етiлетiн радиоактивтiлiктiң деңгейiн бақылау үшiн өндiрiстiк және мемлекеттiк санитарлық және экологиялық бақылау жүргiзiледi.
1.5. Мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң санэпидмекемелерiмен және Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмдерiмен жүзеге асырылады.
1.6. Өндiрiстiк бақылау құрылыс материалдары мен бұйымдарын даярлауды және орындауды жүзеге асыратын, минералдық тыңайтқыштар шығаратын, отын шикiзаттарын дайындайтын, өндiретiн және барлау жүргiзетiн барлық министрлiктер мен ведомстволардың кәсiпорын, мекеме және ұйымдарымен, кооперативтерiмен, бiрлескен және жеке кәсiпорындарымен жүргiзiледi.
2. Мекендi жерлердiң аумақтарында, тұрғын үй және
қоғамдық ғимараттардағы рұқсат етiлетiн табиғи
радиациялық фонның деңгейi
2.1. Сыртқы гамма-сәулеленудiң (МЭД) экспозициялық дозасының қуаттылығы, рұқсат етiлетiн және бақыланатын табиғи радиация фонының деңгейi ретiнде белгiленедi.
2.2. Тұрғын үй-тұрмыстық құрылысқа бөлiнетiн аумақтардың учаскелерiнде, МЭД сағатына 03 мк3в (сағ. 33 мкр) артық болмауы керек.
2.3. Салынған тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардағы МЭД аумақтардың табиғи фоны деңгейiн сағ. 03 мк3в (сағ. 33 мкр)-ден артпауы керек.
2.4. Деңгейден жоғары МЭД-нi тiзбекке алу кезiнде, 2.3 тармақта көрсетiлген оны төмендету жөнiндегi шараларды жүргiзу ұсынылады. Осы жерде фондық МЭД үстiндегi мөлшерiн сағ 06 мк3в (жыл 5 м3в) дейiн төмендету мүмкiн болмаған кезiнде, тұрғындарды (олардың келiсiмiмен) көшiру және адамдарды шек қойылған мерзiммен орналасқан ғимараттарды қайта пiшiндеу туралы мәселе шешiледi.
3. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың ауасындағы
рұқсат етiлетiн радон торонның изотоптар
мөлшерiнiң деңгейi
3.1. Радонның (радон және торон) изотоптарының орташа жылдық эквиваленттiк тепе-теңдiк көлемдiк активтiлiгi рұқсат етiлетiн және бақыланатын деңгей ретiнде белгiленедi:
А + 4.6А
Rпэкв Тпэкв
3.2. Тұрғын үй және тұрмысқа арналған жаңа ғимараттарды жобалау кезiнде, ауадағы радонның орташа жылдық эквиваленттiк тепе-теңдiк көлемдiк активтiлiгiнiң алынатын есеп көлемi 100 Бк/куб.м. артпауы керек.
3.3. Салынған ғимараттардың iшкi ауасындағы радонның орташа жылдық эквиваленттiк тепе-теңдiк көлемдiк активтiлiгi 200 Бк/куб.м аспауы керек.
3.4. Радонның орташа жылдық эквиваленттiк тепе-теңдiк көлемдiк активтiлiгi 200 Бк/м-ден көбiрек маңызы кезiнде, қорғану шараларын жүргiзу қажет:
1) - бiрiншi қабттың iшiндегi едендердi герметизациялау (саңылаусыздандыру);
2) - тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарының бiрiншi қабатындағы едендерi астының кеңiстiгiндегi ауаны жаңарту (вентиляция);
3) - қабырғаға радон өткiзбейтiн жабынды жабуды және iштегi ауаны тазартуды жақсартуды қолдану.
Радонның тепе-теңдiк көлемдiк эквиваленттiк активтiлiгiн 400 Бк/к.м. кiшi мағынасына дейiн кемiту мүмкiн болмаған жағдайда тұрғындарды (олардың келiсiмiмен) көшiру және адамдардың шек қойылған мерзiммен орналасқан ғимараттарды қайта пiшiндеу туралы мәселелер шешiледi.
4. Рұқсат етiлетiн радиоактивтiлiктiң деңгейi
4.1. Меншiктi эффективтi активтiлiк ЕРН(АЭЭФ) құрылыс материалдарының рұқсат етiлетiн және бақыланатын радиоактивтiлiк деңгейi ретiнде белгiленедi, мына формула бойынша алынады:
А = А + IЗIА + 0,085А А және А - меншiктi
эфф R ТҺ к Rа ТҺ
радон белсендiлiгi - 226, Торон - 232, уранның және торонның элементтер шоғыры қалған мүшелерi мен тепе-теңдiкте болатын
А - көлемiнiң
к
меншiктi активтiлiгi - 40, Бк/кг/I/.
4.2. Барлық құрылыс материалдары меншiктi эффективтi активтiлiк
деңгейiне байланысты 4 сыныпқа (класқа) бөлiнедi, N 1 кестеде берiлген.
Құрылыс материалдарының сыныптары
I кесте
____________________________________________________________________
Құрылыс материал.|Меншiктi эффективтi |Қолданылған құрылыс
дарының сыныптары|активтiлiгi,Аэфф/Бк |материалдарының түрлерi
кг
____________________________________________________________________
I 370 дейiн Шек қойылмай
II 370-тен 740 дейiн Өнеркәсiптiк және жол
құрылыстарында, тұрғын
үйлердiң сыртқы өңдеулерi
үшiн пайдалануға рұқсат
етiлген.
Тұрғын үй, қоғамдық
ғимараттар, бала бақшалары,
жасөспiрiм, емделу және
сауықтыру мекемелерi үшiн
тыйым салынған.
III 740-тан 2800 дейiн Мекендi жердiң шегiнен
сырттағы жол құрылыстарына
ғана рұқсат етiлген.
IV 2800 Мемсанэпид қадағалау және
Экобиоресурстарминi
органдарымен келiсiмi бойынша
материалды пайдалану туралы
мәселе шешiледi.
5. Минералдық тыңайтқыштар мен мелиоранттардың рұқсат
етiлетiн радиоактивтiлiк деңгейi
5.1. Минералдық тыңайтқыштар мен мелиоранттардың рұқсат етiлетiн және бақыланатын радиоактивтiлiгiнiң параметрi ретiнде радий-226 және торий-232 меншiктi активтiлiгiнiң қосынды саны (суммасы) белгiленедi: А + 1.2 А , A және А радий-226 және торий-232
rа tҺ ra tҺ
меншiктi активтiлiгi, қалған мүшелерiмен тепе-теңдiгiнде болатын
тиiстi урандық және торий элементтер шоғыры.
5.2. Радий-226 және торий-232 меншiктi активтiлiк қосынды саны
минералдық тыңайтқыштар мен мелиоранттарда 2800 Бк/кг-дан артпауы
керек.
6. Көмiрден рұқсат етiлетiн радиоактивтiлiгiнiң деңгейi
6.1. Көмiрдiң рұқсат етiлетiн және бақыланатын радиоактивтiлiгiнiң параметрi ретiнде көмiрдi жаққан кезiнде радионуклидтердiң концентрациясы коэффициенттiң меншiктi эффекттi
активтiлiк көбейтiндiсi белгiленедi:
А х К = /А - 226 + 1.31 + 0,085А /хК
эфф х Rа тh-232 к-40 к
К - күрделi қалдықтарындағы радионуклидтердiң концентрация
к
коэффициентi, көмiр күл коэффициентiнiң керi көлемiне тең есептелiнедi
К /К = 100 % К /
з% к з%
Меншiктi эффекттi активтiлiгi бойынша және жаққан кезiндегi
радионуклидтердiң концентрациялары коэффициентiне байланысты барлық
көмiр 4 сыныпқа бөлiнедi
____________________________________________________________________
Көмiр | Көмiрдiң рұқсат |Көмiрдi пайдалану |Күлдi қалдықтарды
сынып. |етiлетiн радиоак. |шарты |айналдыру шарты
тары |тивтiлiгiнiң деңгейi |
|А хК вБк/кг | |
| эфф к | |
____________________________________________________________________
I 370 дейiн Өнеркәсiптiк және Күлдi қалдықтарды
тұрмыстық қажеттер құрылыста шексiз
үшiн көмiрдi энерге. пайдалана алады
тикалық шикiзат
есебiнде пайдаланылады
II 370-тен 740 дейiн Өнеркәсiптiк және Күлдi қалдықтарын
тұрмыстық қажеттер өнеркәсiптiк және
үшiн көмiрдi энерге. жол құрылыстары
тикалық шикiзат үшiн пайдалана
есебiнде пайдаланады алады
III 740-тан 2800 дейiн Өнеркәсiптiк қондыр. Мекендi пункттардан
ғылар үшiн көмiрдi сыртқары жол
энергетикалық құрылыстары үшiн
шикiзат есебiнде күлдi қалдықтары
пайдаланады. Қалада пайдалана алады
немесе ауылда күл
жиынын пайдалану
ұйымдастырылған
орталықтандырылған
жылу жүйесi кезiнде
тұрмыстық қажет үшiн
пайдалануға рұқсат
етiледi.
IV 2800 жоғары ПДВ және ПК(ДК-т.8.1. Әртүрлi белгiленген
НРБ-76.87 бойынша) құрылыстарда күлдi
шартын сақтау кезiн. қалдықтарды пайда.
де (ТЭЦ, ГРЭС) тек лануға тыйым
қана өнеркәсiптiк салынған.
қондырғыларда күл кәсiпорындарда
шығару орталықтан. алтын үйiндiсiн
дырылған жүйесiнде қайта өңдеудi
көмiрдi энергетика. пайдалануға жатады.
лық шикiзат есебiнде
пайдалануға болады.
____________________________________________________________________
7. Мұнай-газ шикiзаттарын iздестiру, шығару, тасымалдау
және өңдеу кезiнде рұқсат етiлетiн радиоактивтiлiк
деңгейi
7.1. Алдын-ала қарастырылған қолданылатын радиациялық қауiпсiздiк нормалары мен және санитарлық тәртiптермен мұнай суы суспензияларының және мұнай өңдеу мен iздестiру, шығару, тасымалдау технологиясының, технологиялық құралдардың және қоршаған ортаның объектiлерiнiң жоғары дәрежедегi табиғи радионуклидтермен ластану мүмкiндiгi жойылуы тиiстi.
7 0 Бк/кг артық А бар мұнайды пайдалануға оны тазартқаннан
эфф кейiн ғана мүмкiн болады.
7.2. Мұнай өнiмдерiн шығару процестерiнде бойынша табиғи мұнай газы бар қабаттардағы айдалынатын қат-қат сулардың табиғи радионуклидтер сақтауы жөнiнде нормаланбайды. Оларды су сақтағыш қабаттарға айдаған кезiнде немесе оларды бедерлi жерлерге тастаған жағдайда белгiленген қолданылатын радиациялық қауiпсiздiк нормадан олардағы ЕРН концентрациясы суға арналған ДКП-дан артпауы тиiс. Су жайылған егiстiктiң булануы кепкеннен кейiн радиактивтiлiк қалдықтарды көмуде қайтадан өңдеуге жатады.
8. Мекендi жердiң аймақтарындағы, тұрғын үй мен қоғамдық
ғимараттардың iшiндегi радиациялық сапасы бар құрылыс
материалдарындағы, минералдық тыңайтқыштардағы,
отын-энергетикалық шикiзаттарындағы радиациялық
жағдайға бақылау ұйымы
8.1. Радиациялық бақылау ұйымы радиациялық қауiпсiздiктiң белгiленген нормативтiк көлемiнiң артуына жол бермеудi, сондай-ақ мекендерде негiзгi мөлшерлiк ауыртпалықты кемiту жөнiнде шараларды әзiрлеу мен жетiлдiрудi өзiнiң мiндетi деп қояды.
8.2. Жер учаскелерiн мекендi пункттерге, тұрғын үй-тұрмыстық объектiлерге, өнеркәсiптiк кәсiпорындарға, демалыс және үзiлiстiк үйлерге, бақ өсiрушiлiк серiктестiкке бөлiнген кезде мiндеттi зерттелiнетiн жұмыстың көлемiне берiлетiн учаскiлер аумақтарында сыртқы гамма-сәулеленудiң экспозициялық мөлшерiнiң қуаттылығын өлшеу кiргiзiлуi тиiстi.
Құрылыс салуға таңдалынған учаскiлер жөнiндегi комиссия ұсынатын нәтижелерi хаттамада дайындалады.
8.3. Құрылыс ұйымдары тұрғын үйдi және жабдықтарды пайдалануға беру кезiнде Мемлекеттiк комиссияға N 8 қосымшаға сай радиациялық тексеру актiсiн ұсынады. Сыртқы гамма-сәулеленудiң экспозициялық мөлшерi әрбiр пәтерде, бiрiншi қабаттың бiр пәтерiнде радон концентрациясы өлшенедi. Радон концентрациясы рұқсат етiлетiннен артық көрсетiлген жағдайда, үйдiң барлық пәтерiнде зерттеулер жүргiзiледi.
8.4. Сыртқы гамма-сәулелену мөлшерiнiң қуаттылығын өлшеу, жер бетiнен немесе жай iшiнiң еденiнен I м жоғары биiктiкте жүргiзiледi. Өлшеу үшiн газ айыру есептегiштерiнде (ДРГ-ОIТ, ДРГ-107Ц және басқа) радиометрлер қолданылады. Табиғи радиация фоны деңгейiнiң бағытын бағалау үшiн газ айыру есептегiшiнде салыстырмалы мөлшерлiк метрлер бойынша белгiленетiн СРП-68-01, СРП-88 Н түрлi 0.6-0.8 қайта есептi коэффициентi бар радиометрлер қолдануы мүмкiн.
Қолданылатын аспаптар мiндеттi түрде мемлекеттiк тексеруден немесе метрологиялық аттестациялардан өткiзiледi.
8.5. Радонның эквиваленттiк тепе-теңдiк көлемдiк активтiлiк сақтауын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң әдiстемелiк нұсқауларымен және белгiленген тәртiппен аттестацияланған әдiстемелерге сәйкес жүзеге асырылады. Қолдануға мына түрлi аспаптар ұсынылады: радондық монитор РАНОН-01, радиометр РВ-4 және басқа да радонның тепе-теңдiк эквиваленттiк көлемдiк активтiлiк көлемiн тiкелей көрсететiн, ауадағы немесе оны есептеу жолымен анықтауға рұқсат етiлген, сондай-ақ адсорберлi жинаушы аспаптар.
8.6. Пайдалануға берiлетiн құрылыс объектiлерiндегi өлшеу нәтижелерi радиациялық тексеру актiлерi түрiнде дайындалады, бiр данасы объектiнi пайдалануға енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау комиссиясының актiсiне тiгiледi.
Өлшеу жүргiзу үшiн құрылысты жүзеге асыратын және объектiнi пайдалануға тапсыруға ұсынатын кәсiпорынға (мекеме) жекеменшiк түрiне қарамай, жауапкершiлiк жүктеледi.
8.7. Жайлардың iшiндегi гамма фонын төмендету және радонның сақталуы жөнiнде шараларды жүргiзудiң мүмкiндiгi, қажеттiлiгi, көлемi мен уақыты мемлекеттiк басқару жергiлiктi органдары комиссиясында Мемсанэпидқызметi және Экобиоресурстарминi органдары өкiлдерiнiң мiндеттi қатысуларымен анықталады.
8.8. Құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, мелиоранттардың және көмiрдiң меншiктi эффективтi активтiлiгiн анықтау "Құрылыс материалдары және бұйымдары", "Табиғи радионуклидтердiң меншiктi эффективтi активтiлiгiн анықтау", мемлекетаралық стандарттар ГОСТ 30108-94 сәйкес жүзеге асырылады.
8.9. Кәсiпорындар құрылыс материалдарын, минералдық тыңайтқыштардың, мелиоранттар мен отын-энергетикасы шикiзаттарының кен орнын өңдеуге дейiн олардың қауiпсiздiгi деңгейi және оларды пайдалану жағдайы туралы санитарлық-гигиеналық қорытынды алулары тиiстi.
Қорытынды геологиялық-iздену жұмысының нәтижесi жөнiнде пайдалы қазбаларды радиациялық-гигиеналық бағалау бөлiмiн қосатын, кен орнын өңдеудi жобалау негiзiнде мемлекеттiк экологиялық және санитарлық сараптау органдарымен берiледi.
8.10. Кен орнын радиациялық-гигиеналық бағалау болмаған кезiнде, сондай-ақ кен орнын өңдеу жобасында пайдалы қазбалардың құрамының әртектi кезiнде радиациялық бақылау қызметiн ұйымдастыру алдын-ала ескерiлуi тиiстi.
8.11. Кәсiпорынның радиациялық бақылау қызметi кен орнын өңдеу жөнiндегi жобаның талаптарын орындауды жүзеге асырады, радиациялық бақылаудың нәтижелерiн 30108-94 (қосымшалар Б және В) ГОСТ-қа сәйкестi құжатпен дайындалды.
8.12. Өнiмнiң радиациялық сапасы аттестацияланған лабораториялармен орындалған, лабораториялық зерттеулер негiзiнде Мембақылау органдарының қорытындысымен расталынады.
8.13. Қазақстан Республикасы сертификаттау (куәлiк) жөнiнде Мембақылау орталық органдарының қорытындысы негiзiнде сәйкестi куәлiк (сертификат) берiледi. Сәйкестi куәлiктiң көшiрмесi тұтынушыға жеткiзiлетiн өнiмнiң әрбiр тобына қоса тiркеледi.
Қосымша А РНД 211.1.06.01-96
Құрылыс материалдарын (бұйымдарын) радиациялық
бақылау журналы
Өлшелiнетiн материал, топ, көлiктiк жол
Күн ___________________________________
Оператор_______________________________
Аспап__________________________________
___________________________________________________________________
Бақылау орны|Бақылау орнын|Ауа ылғалы |Орнында өлшеу | А
номерi | бекiту |температу. |нәтижелерi | эфф
| |расын өлшеу|_______________________|
| |шарты |өлшеу | радио.|қате |
| | |номе. |метрдiң|жiберу. |
| | |рi |көрсетуi шiлiк |
| | |______|_______|________|
| | | i | А |дельта |
| | | | эфф |(жиек) |
____________________________________________________________________
Құрылыс материалдарындағы (бұйымдар) ЕРН-ң меншiктi нәтижелiк
активтiлiк анықтаудың нәтижесi.
А және _____________________________________________________
эфф
Материалдық сыныптары туралы қорытынды ________________________
____________________________________________________________________
РНД 211.06.01-96
Қосымша Б
(ұсынылатын)
Құрылыс материалдарындағы (бұйымдар) ЕРН-ң меншiктiк нәтижелiк
активтiлiгiн анықтау жөнiнде сынаудың хаттамасы.
1. Өлшеу жүргiзушi ұйымның және бөлiмнiң аталуы,
аккредитациялық аттестаттың нөмiрi (радиометрлiк қондырғыларды
мемлекеттiк метрологиялық аттестациялау туралы куәлiк).
2. Өлшеу жүргiзу күнi.
3. Өлшеу әдiсi.
4. Шығарушы-кәсiпорын немесе тұтынушы-кәсiпорынның аталуы.
5. Материалдың (ГОСТ.ТУ) аталуы.
6. Бақылау орындарының саны және тұрған жерi.
7. Көруге алынатын сынаманы өлшеу нәтижелерi (жұмыс журналы
бойынша сынау хаттамасының номерi).
___________________________________________________________________
Нақты |Бк/кг, меншiктiк активтiлiк |Анықтауда қате |А
мөлшерi. |________________________________|жiберушiлiк | эфф
нiң номерi R - 226 | Т - 232 | К | | М
| а | h | -40 | |
___________________________________________________________________
Ескерту - активтiлiк туралы мәлiметтер өлшеуде қате жiберушiлiк
көрсеткiштерiмен келтiрiледi.
8. Материалдың сыныпы туралы қорытынды _______________________
___________________________________________________________________
9. Өлшеу жүргiзетiн жауапкер
адамның қызметi және қолы _________________________________
РНД 211.06.01-96
Қосымша В
Радиациялық тексеру А К Т
" "____________199__ж. қала(ауыл)
(Тексеру объектiсiнiң аталуы)
Аспаптардың түрлерi, олардың нөмiрi __________________________
Мемлекеттiк тексеру туралы куәлiктiң N ____________нен________
___________________________________________________________________
NN | Өлшеу орны | МЭД, сағ. микр |Бк/куб.м.радонның
п/п| | | концентрациясы
___________________________________________________________________
Қорытынды
Тексерiлген объектiде рұқсат етiлетiн МЭД деңгейiнiң артуы белгiленген (белгiленбеген). Ауадағы радонның тепе-теңдiк эквиваленттiк көлемдiк активтiлiктi сақтауы рұқсат етiлетiн деңгейден артады (артпайды).
1. Ғимарат шек қоюсыз пайдаланылады.
2. Ғимарат iшiндегi (санап шығу керек) радонның тепе-теңдiк көлемдiк активтiлiк сақтауын төмендету жөнiнде қорғау шараларын жүргiзудi талап етедi.
Қорғау шараларын және бақылау өлшемдерiн жүргiзгенге дейiн объект пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
Өлшеудi жүргiзген____________________________________________
(қызметi, әкесiнiң аты, жөнi, қолы)
Лаборатория жетекшiсi________________________________________
(қызметi, әкесiнiң аты, жөнi, қолы)