Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 13 желтоқсандағы
N 151 қаулысымен бекiтілдi
I. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы жанындағы Аттестациялық комиссиясының (бұдан әрi - БҚҰК Аттестациялық комиссиясы) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандарды аттестациялау тәртiбiн белгiлейдi.
1.2. Курс тыңдаушыларын аттестациялау үмiткерлердiң бағалы қағаздар рыногының қатысушылары алдындағы мiндеттерiн бiлiктi орындауға даярлықтарын айқындай тәсiлi болып табылады.
1.3. Аттестациялаудан өткен тұлғаларға мынадай санаттарды көрсете отырып, бiлiктiлiк куәлiктер берiледi:
- онда аталған тұлғаға бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк қызметтердi жүзеге асыруға құқық берiлетiндiгiн растайтын бiрiншi санатты;
- онда аталған тұлғаға бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлетiндiгiн растайтын екiншi санатты;
- онда аталған тұлғаға бағалы қағаздар бумасын басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлетiндiгiн растайтын үшiншi санатты.
1.4. Бiлiктiлiк куәлiгiн алуға аттестациялаудан өткiзуге жiберу үшiн үмiткерлердiң бiлiмдерiне мынадай талаптар қойылады:
- бiрiншi санатқа - заңдық немесе экономикалық мамандықтар бойынша жоғары бiлiм немесе бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметке тiкелей байланысты кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар кез келген мамандықтар бойынша жоғары бiлiм немесе мамандық бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар заңдық немесе экономикалық мамандықтар бойынша арнаулы орта бiлiм;
- екiншi санатқа - заңдық немесе экономикалық мамандықтар бойынша жоғары бiлiм немесе заңдық немесе экономикалық мамандықтар бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс стажы бар кез келген мамандықтар бойынша жоғары бiлiм, немесе заңдық немесе экономикалық мамандықтар бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар заңдық немесе экономикалық мамандықтар бойынша арнаулы орта бiлiм;
- үшiншi санатқа - мамандық бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс стажы бар заңдық немесе экономикалық мамандықтар бойынша жоғары бiлiм немесе бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметке тiркелмей байланысты кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономика-математикалық, физико-техникалық мамандықтар бойынша жоғары бiлiм.
1.5. Әрбiр үмiткердi аттестациялау үшiн оқу орталығының есебiне оқушы аударатын, жетi есеп айырысу көрсеткiшi мөлшерiнде ақы алынады.
Аталған қаражаттарды оқу орталығы БҚҰК есебiне аударады.
Аттестациялау қорытындысы қанағаттанғысыз болған жағдайда аттестациялау үшiн төленген ақы қайтарылмайды.
II. БҚҰК Аттестациялау комиссиясының қызметi
2.1. БҚҰК Аттестациялық комиссиясы - БҚҰК мүшелерiнен, сондай-ақ БҚҰК атқарушы аппаратының жауапты қызметкерлерiнен тұратын алқалық орган.
2.2. БҚҰК Аттестациялық комиссиясының құрамы БҚҰК Төрағасының бұйрығымен айқындалады және құрамына Аттестациялық комиссияның төрағасы, оның орынбасары, мүшелерi және хатшысы кiредi.
2.3. БҚҰК Аттестациялық комиссиясы мынадай қызметтердi жүзеге асырады:
- бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi бiрыңғай оқу бағдарламаларын жасау және бекiту;
- оқу орталықтарының қызметтерiне бақылау жасау;
- аттестациялау жүргiзудiң апталық кестесiн белгiлеу;
- тестiлер мен емтихан билеттерiнiң сұрақтарын дайындау және бекiту;
- аттестациялауды өткiзу және оның нәтижелерiн ресiмдеу;
- бiлiктiлiк куәлiктерiн беру.
2.4. БҚҰК Аттестациялық комиссиясының мәжiлiсi қажетiне қарай, бiрақ кем дегенде айына бiр рет өткiзiледi.
2.5. БҚҰК Аттестациялық комиссиясының мәжiлiстерi оның мүшелерiнiң кемiнде 2/3 қатысса өткiзiледi. БҚҰК арнаулы рұқсаты бойынша БҚҰК Аттестациялық комиссиясының көшпелi мәжiлiстерi өткiзiлуi мүмкiн. Көшпелi комиссияның құрамын БҚҰК Аттестациялық комиссиясы мүшелерi және БҚҰК атқарушы аппаратының қызметкерлерi арасынан БҚҰК Төрағасы айқындайды. Көшпелi комиссия кемiнде үш адамнан тұру керек.
2.6. Комиссияның шешiмi Аттестациялық комиссияның қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк жай дауыстарымен қабылданады және тиiстi хаттамамен ресiмделедi.
III. Мамандарды аттестациялауға даярлау тәртiбi
3.1. Бiлiктiлiк куәлiктерiн алуға үмiткерлер даярлауды оқу орталықтары жүзеге асырады.
3.2. Бiлiктiлiк куәлiгiн алудан үмiткер оқу орталықтарының бiрiнде оқу үшiн оқу орталығына мынадай құжаттар тапсырады:
- осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес, бiлiктiлiк куәлiк алу үшiн кейiннен аттестациялаудан өтуге жiберiле отырып оқу курсына қабылдау туралы өтiнiш;
- бiлiм туралы дипломының ксерокөшiрмесi немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
- заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған еңбек кiтапшаларының (контрактiлердiң, еңбек келiсiмдерiнiң) ксерокөшiрмелерi немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерi.
3.3. Бiлiктiлiк куәлiктерiн алу үшiн үмiткердiң ұсынған құжаттары осы Ереженiң талаптарына сәйкес келсе, оқу орталығы осы үмiткердi оқу курсына қабылдауды жүзеге асырады.
3.4. Мамандарды даярлау жөнiндегi кезектi курстың басталуына дейiнгi үш күн iшiнде оқу орталығы БҚҰК мынадай құжаттарды тапсырады:
- N 2 қосымшаға сәйкес емтихан өткiзудiң жобаланған күнiн көрсете отырып, оқу курсын жүргiзу туралы өтiнiш;
- сабақ тақырыптарын, оларды жүргiзетiн оқытушылардың тектерiн, сондай-ақ сабақтың өткiзiлетiн орны мен уақытын көрсете отырып, оқу курсының кестесiн;
- осы курс тыңдаушыларының тiзiмi.
IV. Аттестациялау жүргiзудiң тәртiбi
4.1. Оқу процесiнiң аяқталуына дейiн бес күннен кешiктiрмей оқу орталығы БҚҰК Аттестациялық комиссиясына N 3 қосымшаға сәйкес тыңдаушыларды аттестациялауға жiберу туралы өтiнiштi, тыңдаушылардың осы Ереженiң 3.2 тармағында көрсетiлген құжаттарын, сондай-ақ аттестациялау үшiн төленетiн ақының БҚҰК шотына аударылғандығы туралы төлем тапсырысының көшiрмесiн ұсыну керек.
4.2. Егер тыңдаушылардың саны 15 адамнан асып кеткен жағдайда, БҚҰК Аттестациялық комиссия аттестациялаудан өткiзiлетiндердiң санына қарай аттестациялауды бiрнеше күн бойы өткiзуге құқықты.
4.3. Бiр күнде бiр санаттан артық санаттар бойынша аттестациялау жүргiзуге, тәртiпке сәйкес, жол берiлмейдi.
4.4. Осы Ереженiң талаптарына сәйкес ұсынған оқу орталығының құжаттарын қарағаннан кейiн БҚҰК Аттестациялық комиссиясы оқу орталығына күнi мен уақытын көрсете отырып, аттестациялау жүргiзу туралы жазбаша ескертпе жiбередi.
4.5. Аттестациялық комиссияның төрағасы аттестациялау жүргiзу күнiнен дейiнгi екi күнтiзбелiк күн iшiнде аттестациялаудан өтуге жiберiлген тұлғалардың тiзiмiн бекiтедi.
4.6. Осы Ереженiң талаптарына сәйкес ұсынған құжаттарды оқу орталығы дер кезiнде немесе тиiстi дәрежеде ресiмдемеген жағдайда, Аттестациялық комиссия оқу орталығына бас тарту туралы дәлелдi хат жiбере отырып, аттестациялау жүргiзуден бас тартуға құқықты.
4.7. Оқу орталығы тыңдаушыларды аттестациялау жүргiзiлетiн күн мен уақыты туралы дер кезiнде хабардар етуi, сондай-ақ Аттестациялық комиссияның аттестациялаудан өтуге жiберiлген тұлғалардың тiзiмiн жариялау керек.
4.8. Аттестациялау тәртiпке сәйкес БҚҰК емтихан қабылдау орталығына өткiзiледi.
Қажет болған жағдайда БҚҰК Аттестациялық комиссиясы БҚҰК Төрағасының бұйрығы бойынша мамандарды аттестациялауды оқу орнында жүзеге асыра алады.
4.9. Себептi жағдайлармен аттестациялаудан өтуге келе алмаған үмiткер болмаған аттестациялау және оған келмеу себебi көрсете отырып жазылған өтiнiшi негiзiнде кез келген басқа күнi өткiзiлетiн аттестациялауға жiберiледi. Аттестациялаудан өту үшiн төленетiн ақы бұл жағдайда үмiткерден қайтадан алынбайды.
4.10. Аттестациялау екi кезеңде жүргiзiледi:
- бiрiншi - тестiден өту
- екiншi - ауызша емтихан.
4.11. Әрбiр үмiткер үшiн аттестациялаудан өтуге берiлетiн жалпы уақыт 80 минуттан аспайды. Оның iшiнде тестiден өтуге 30 минуттан, билет бойынша жауап беруге дайындық - 30 минуттан аспау керек.
4.12. Тестiден өту тест сұрақтарына жазбаша түрде немесе компьютер техникасын пайдалану арқылы жауап беру нысанында жүргiзiледi. Тестiден өту кезiнде сұрақтар саны 50 аспау керек.
4.13. Тест сұрақтарының кемiнде 80% дұрыс жауап берген үмiткер ауызша емтиханға жiберiледi. Тестiден өту нәтижесi бойынша ауызша емтиханға жiберiлмеген үмiткер аттестациялаудан өтпеген болып саналады.
4.14. Ауызша емтихан билеттерiнiң сұрақтарына және БҚҰК Аттестациялық комиссиясы мүшелерiнiң бекiтiлген Бағдарлама шеңберiндегi қосымша сұрақтарына ауызша жауап беру нысанында жүргiзiледi.
4.15. Ауызша емтиханды бағалау кезiнде мынадай бағалау нысандары пайдаланылады: "қанағаттанғысыз", "қанағаттанарлық", "жақсы", "өте жақсы".
4.16. Ауызша емтихан бойынша "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" деген бағалар алған тұлғалар аттестациялаудан өткен болып танылады.
Ауызша емтихан бойынша "қанағаттанғысыз" баға алған тұлғалар аттестациялаудан өтпеген болып танылады.
4.17. Аттестациялаудан өту үстiнде үмiткерлерге анықтамалық, арнаулы немесе өзге әдебиеттi, сондай-ақ қандай да болмасын жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Бұл талаптарды және жалпы әдеп нормаларын бұзған үмiткер аттестациялаудан шығарылып жiберiлуi мүмкiн. Аттестациялаудан шығарылып жiберiлген үмiткер аттестациялауден өтпеген болып саналады.
4.18. Емтихан билеттерiнiң сұрақтарына дайындық кезiнде үмiткерлер осы Ереженiң 5 қосымшасына сәйкес белгiленген үлгiдегi арнаулы бланкілердi пайдаланады.
4.19. Үмiткердiң жауаптарын дайындауға арналған бланкілердi және Аттестациялық комиссия мүшелерiне арналған ведомость бланкілерiн осы Ереженiң N 5 және N 6 қосымшаларына сәйкес үлгiлер бойынша оқу орталықтары дайындайды және аттестациялаудан өту туралы өтiнiшпен бiрге БҚҰК Аттестациялық комиссиясының хатшысына ұсынылады.
4.20. Аттестациялық комиссияның мүшелерi емтихан билеттерiнiң сұрақтарына берген үмiткердiң жауаптары үшiн өздерiнiң бағаларын осы Ереженiң N 6 қосымшасына сәйкес келетiн ведомостқа қояды.
4.21. Аттестациялау аяқталғаннан кейiн тест жүргiзу және ауызша емтиханның нәтижелерi бойынша жасалған хаттамаға Аттестациялық комиссияның мүшелерi және хатшысы қол қояды.
4.22. Аттестациялаудан өтпеген деп танылған тұлға нәтижесi бойынша аттестациялаудан өтпеген деп танылған аттестациялау өткiзiлген күннен бастап бiр айдан ерте емес уақытта аттестациялаудан өту үшiн қайтадан төлем енгiзу шартымен және осы Ереженiң 4.23. тармағымен айқындалған тәртiпте қайтадан аттестациялаудан өтуге құқықты.
4.23. Үмiткер аттестациялаудан қайтадан өтуге жiберу туралы өтiнiшпен үмiткердi аттестациялаудан өтуге дайындайтын оқу орталығына жүгiнедi. Оқу орталығы осындай өтiнiштердiң түсуiне орай аттестациялаудан қайтадан өтетiн үмiткерлердiң арасынан құрамы кемiнде 5 адамнан тұратын, бiрақ әрбiр санат бойынша бiр айда бiрден аспайтын жеке топты жинақтайды. Осындай топтың жинақталуына орай оқу орталығы аттестациялаудан өту үшiн қайтадан ақы төлеу туралы төлем тапсырысын тiркей отырып, осы Ереженiң N 7 қосымшасына сәйкес аттестациялауға жiберу туралы өтiнiш жiбередi. Осы өтiнiштi қарағаннан кейiн Аттестациялық комиссия оқу орталығына қайтадан аттестациялау жүргiзудiң күнi мен уақытын тағайындау туралы хат жiбередi. Қайтадан аттестациялау жүргiзу күн мен уақыты туралы аталған топты дер кезiнде хабардар етуге оқу орталығы мiндеттi.
4.24. Оқу орталығы аттестациялаудан өтпеген тұлғаның аттестациялаудан қайтадан өту туралы өтiнiшiн қабылдауға және өтiнiш берген күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде оны аттестациялаудан қайтадан өтетiн үмiткерлердiң тобына енгiзуге мiндеттi.
4.25. Егер қайтадан аттестациялау нәтижесi бойынша тұлға тағы да аттестациялаудан өтпеген болып танылса, онда ол кейiннен тек оқудың толық курсынан өткеннен кейiн ғана аттестациялаудан өтуге құқықты.
4.26. Аттестациялаудан өтпеген деп танылған тұлғаның шағым арыз беруге құқығы бар. Аттестациялаудан өтпеген тұлға негiзгi талаптарын дәлелдi түрде баяндаған шағымы туралы жазбаша өтiнiштi БҚҰК Аппеляциялық комиссиясының Төрағасының атына бередi және тұлғаны аттестациялаудан өтпеген деп танылған күннен кешiктiрмей бередi.
БҚҰК Аттестациялық комиссиясының төрағасы бiр мезгiлде БҚҰК Аппеляциялық комиссиясының төрағасы бола алмайды. Шағым арызды қарау мерзiмi - шағым арыз туралы өтiнiштi берген күннен бастап үш күннен аспайды. Шағым арызды қарай нәтижесi хаттамамен ресiмделедi және орындау үшiн БҚҰК Аттестациялық комиссиясына жiберiледi. Қайтадан шағым арыз жасауға жол берiлмейдi.
V. Бiлiктiлiк куәлiгiн берудiң және қолданудың тәртiбi
5.1. Аттестациялаудың өткен тұлғаға осы Ереженiң N 4 қосымшасынада белгiленген үлгi бойынша және осы Ережемен айқындалатын тәртiпте бiлiктiлiк куәлiгi берiледi.
5.2. Оқу орталығы аттестациялау жүргiзiлген күннен кейiн үш күндiк мерзiмде аттестациялауды жүргiзу туралы хаттамаларды және қол қойылған бiлiктiлiк куәлiктерiн алу үшiн БҚҰК Аттестациялық комиссиясының хатшысына жүгiнедi.
5.3. Осы құжаттардың көшiрмелерiн беруге жол берiлмейдi.
5.4. Аттестациялауды жүргiзгендiгi үшiн оқу орталығының аударған қаражаттары БҚҰК шотына келiп түскеннен кейiн ғана аттестациялық комиссияның хатшысы осы Ереженiң 5.2. тармағында көрсетiлген құжаттарды оқу орталығына бередi.
5.5. Аттестациялаудан өткен тұлғалар бiлiктiлiк куәлiгiн оқу орталығында алады.
5.6. БҚҰК Аттестациялық комиссиясының хатшысының арнаулы журналға осы Ереженiң 5.1 және 5.2 тармақтарында көрсетiлген құжаттарды оқу орталығына берген күнi тиiстi жазбаларды жазуы арқылы БҚҰК берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады. Оқу орталығының уәкiлеттi өкiлi аталған журналға алынған бiлiктiлiк куәлiктерiнiң саны үшiн қол қоюға мiндеттi.
5.7. Бiлiктiлiк куәлiктерiнiң күшi осы Ереженiң N 4 қосымшасына сәйкес бiлiктiлiк куәлiгiнiң бланкісiнде көрсетiлген Аттестациялық комиссияның шешiмi шығарылған күннен бастап үш жыл iшiнде қолданылады.
5.8. Бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн маман оны осы Ережемен айқындалған тәртiпте ұзарта алады.
5.9. Бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстейтiн маман БҚҰК Аттестациялық комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
- осы Ереженiң N 8 қосымшасындағы үлгi бойынша қайтадан аттестациялаудан өтуге жiберу туралы өтiнiштi;
- заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған еңбек кiтапшасының (контрактiнiң, еңбек келiсiмiнiң) көшiрмесiн;
- қолданылу мерзiмi өткен бiлiктiлiк куәлiгiнiң түпнұсқасы;
- аттестациялаудан өту үшiн төленетiн ақының БҚҰК шотына аударылғандығы туралы төлем тапсырысының көшiрмесiн.
5.10. БҚҰК Аттестациялық комиссиясы маманның ұсынған құжаттарын қарай келiп, аталған маманды аттестациялаудан өтуге жiберiлген үмiткерлердiң тiзiмiне енгiзе отырып, аттестациялаудан қайтадан өтуге жiбередi және бұл туралы оны хабардар етедi.
5.11. Аттестациялауды қайтадан жүргiзу тәртiбi осы Ережемен айқындалған аттестациялауды жүргiзу тәртiбiне сәйкес болады.
5.12. Аттестациялауды қайтадан жүргiзу нәтижесiнде ауызша емтиханнан "қанағаттанғысыз" баға алған маман аттестациялаудан қайтадан өтпеген болып танылады, оның бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi ұзартылмайды және тоқтатылған болып саналады.
5.13. Аттестациялауды қайтадан жүргiзу нәтижесiнде ауызша емтиханнан "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" деген бағалар алған маман аттестациялаудан қайтадан өткен болып танылады, және оның бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi аттестациялаудан қайтадан өткен күннен бастап үш жылға ұзартылады, бұл туралы берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзiледi, ал бiлiктiлiк куәлiгiнiң бланкісiне БҚҰК арнаулы штампы қойылады.
5.14. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi тарабынан маманға қойылған елеулi талаптар болған жағдайда Аттестациялық комиссияның ұсынысы бойынша БҚҰК бiлiктiлiк куәлiктерi бар мамандарды мерзiмiнен бұрын аттестациялаудан өтуге мiндеттеуге құқықты.
5.15. Iстiң жағдаяттары анықталғанша бiлiктiлiк куәлiктерiн қолдануды Аттестациялық комиссияның ұсынысы бойынша БҚҰК мынадай жағдайларда кiдiртуге құқықты, егер маман:
- Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын реттейтiн заңын бұзса;
- бiлiктiлiк куәлiгiн алған сәттен бастап бiр жыл бойы бағалы қағаздар рыногында нақты iс-әрекеттi жүзеге асырмаса.
5.16. Бiлiктiлiк куәлiгiн қолдануды кiдiрту, маманның бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметке құқығын кiдiрту кезеңiне жоюға әкеп соғады.
5.17. Бiлiктiлiк куәлiгiн қолдануды кiдiртуге негiз болған жағдаяттар анықталғанда және осы кiдiрту үшiн болған негiздер жойылғанда БҚҰК шешiмiмен бiлiктiлiк куәлiгiн қолдану күшi жаңартылады.
5.18. Егер маман:
- Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын реттейтiн заңын
жүйелi түрде бұзса;
- экономикалық қылмыстар жасағаны үшiн сотталған болса Аттестациялық
комиссияның ұсынысы бойынша, БҚҰК бiлiктiлiк куәлiгiн қайтарып алуға
құқықты.
5.19. Куәлiгi алынып қойылған маман БҚҰК шешiмi жөнiнде Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен
шағымдануға құқықты.
Бағалы қағаздар рыногында
жұмыс iстеу үшiн мамандар
даярлау жөнiндегi курс
тыңдаушыларын аттестациялау
тәртiбi туралы Ережеге
N 1 қосымша
Оқу орталығы
__________________________________
(оқу орталығының толық атауы)
_________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
ӨТIНIШ
менi бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау
жөнiндегi курсқа қабылдауды және ________________ санатты бiлiктiлiк
куәлiгiн алу үшiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясында аттестациялаудан өтуге жiберудi сұраймын.
Туған жылы ___________________________________________________
Жынысы _______________________________________________________
Бiлiмi, диплом бойынша мамандығы _____________________________
оқу орнының атауы ____________________________________________
Жұмыс стажы:
жалпы ________________________________________________________
оның iшiнде заңдық және экономикалық мамандықтар бойынша _____
Жұмыс орны ___________________________________________________
Қызметi ______________________________________________________
Төлқұжаты ____________________________________________________
(сериясы, нөмiрi, құжатты кiм және қашан берген)
Тұратын мекенi: ______________________________________________
(пошталық индексi, елдi мекеннiң, көшенiң
атауы, үйдiң, пәтердiң нөмiрi)
Телефон нөмiрi:
пәтерiнiң_______________
жұмысының_______________
Өтiнiшке қоса тiркелген құжаттардың тiзбесi:
- бiлiм жөнiндегi дипломның көшiрмесi;
- еңбек кiтапшасының көшiрмесi.
Қолы: Күнi:
Бағалы қағаздар рыногында
жұмыс iстеу үшiн мамандар
даярлау жөнiндегi курс
тыңдаушыларын аттестациялау
тәртiбi туралы Ережеге
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясы
Аттестациялық комиссияның
төрағасы ________________
ӨТIНIШ
______________________________________________________________
(оқу орталығының толық атауы)
Сiзге 1996 жылдың _________ бастап ____________ шейiн
____________ санат бойынша бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн
мамандар даярлайтын курстың жүргiзiлетiндiгiн хабарлайды.
Аттестациялауды жүргiзу жобаланған күн "___"______ 199 __ ж.
Тыңдаушылардың саны _______________ адам.
Оқу орталығының жетекшiсi _______________
"__"________________ 199___ ж.
Бағалы қағаздар рыногында
жұмыс iстеу үшiн мамандар
даярлау жөнiндегi курс
тыңдаушыларын аттестациялау
тәртiбi туралы Ережеге
N 3 қосымша
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясы
Аттестациялық комиссияның
төрағасы ________________
ӨТIНIШ
______________________________________________________________
(оқу орталығының толық атауы)
199__ жылдың _________ бастап ____________ шейiн даярлықтан
өткен тыңдаушыларды ____________ санатты бiлiктiлiк куәлiгiн алу үшiн
199__ жылғы "___"____________ аттестациялаудан өткiзудi сұрайды.
Тыңдаушылардың тiзiмi
____________________________________________________________________
N аты-жөнi жұмыс орны атқаратын қызметi
____________________________________________________________________
Тыңдаушылардың құжаттары қоса тiркелдi.
Оқу орталығының жетекшiсi________________
199__ жылғы "____"______________________
Бағалы қағаздар рыногында
жұмыс iстеу үшiн мамандар
даярлау жөнiндегi курс
тыңдаушыларын аттестациялау
тәртiбi туралы Ережеге
N 4 қосымша
_____________ санатты
N___________
Бiлiктiлiк куәлiгi
Осы куәлiк ___________________________________________________
берiлдi, себебi ол Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар
жөнiндегi ұлттық комиссиясы бекiткен оқу бағдарламасына сәйкес бағалы
қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау курсында оқыды.
Аттестациялық комиссияның 199__ жылғы "__"__________ шешiмiмен
бағалы қағаздар рыногында _____________________________ жүзеге
(қызметтiң түрi)
жүзеге асыруға лицензия алу үшiн құқық берiледi.
Ұлттық комиссияның
Төрағасы _______________
Аттестациялық комиссияның
Төрағасы _______________
Хатшысы _______________
Алматы қаласы
Бағалы қағаздар рыногында
жұмыс iстеу үшiн мамандар
даярлау жөнiндегi курс
тыңдаушыларын аттестациялау
тәртiбi туралы Ережеге
N 5 қосымша
Аты-жөнi _____________________________________________________
Оқу орталығының атауы ________________________________________
Билеттiң N ___________________________________________________
1-сұрақ ______________________________________________________
2-сұрақ ______________________________________________________
3-сұрақ ______________________________________________________
Бағалы қағаздар рыногында
жұмыс iстеу үшiн мамандар
даярлау жөнiндегi курс
тыңдаушыларын аттестациялау
тәртiбi туралы Ережеге
N 6 қосымша
Аттестациялық комиссияның мүшесi __________________________
қызмет жөнiндегi емтихан қорытындысы бойынша ведомосы
____________________________________________________________________
| N |Аты-жөнi|билеттiң|бiрiншi |екiншi |үшiншi |қорытынды баға |
| | |нөмiрi |сұрақ |сұрақ |сұрақ | |
| | | |бойынша |бойынша |бойынша | |
| | | |жауаптың |жауаптың |жауаптың | |
| | | |бағасы |бағасы |бағасы | |
|___|________|________|_________|_________|_________|_______________|
|___|________|________|_________|_________|_________|_______________|
|___|________|________|_________|_________|_________|_______________|
|___|________|________|_________|_________|_________|_______________|
|___|________|________|_________|_________|_________|_______________|
|___|________|________|_________|_________|_________|_______________|
|___|________|________|_________|_________|_________|_______________|
Бағалы қағаздар рыногында
жұмыс iстеу үшiн мамандар
даярлау жөнiндегi курс
тыңдаушыларын аттестациялау
тәртiбi туралы Ережеге
N 7 қосымша
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясы
Аттестациялық комиссияның
төрағасы ________________
ӨТIНIШ
______________________________________________________________
(оқу орталығының толық атауы)
төмендегi тұлғалардың ____________ санатты бiлiктiлiк куәлiгiн
алу үшiн 199__ жылғы "___"____________ аттестациялаудан қайтадан
өткiзудi сұрайды.
____________________________________________________________________
| N |Аты-жөнi|жұмыс |қорытындысы бойынша тұлға |аттестациялаудан |
| | |орны, |аттестациялаудан өтпеген |қайтадан өтуге |
| | |атқаратын|деп танылған аттестациялау|жiберу туралы |
| | |қызметi |күнi |өтiнiш берген күн|
|___|________|_________|__________________________|_________________|
|___|________|_________|__________________________|_________________|
|___|________|_________|__________________________|_________________|
|___|________|_________|__________________________|_________________|
|___|________|_________|__________________________|_________________|
Оқу орталығының жетекшiсi________________
199__ жылғы "____"______________________
Бағалы қағаздар рыногында
жұмыс iстеу үшiн мамандар
даярлау жөнiндегi курс
тыңдаушыларын аттестациялау
тәртiбi туралы Ережеге
N 8 қосымша
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясы
Аттестациялық комиссияның
төрағасы ________________
_____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
ӨТIНIШ
БҚҰК Аттестациялық комиссиясының 199 __ жылғы "___"_________
шешiмiмен берiлген _____________ санатты N______ бiлiктiлiк куәлiгiн
қолдану мерзiмiн ұзарту үшiн аттестациялаудан қайтадан өтуге жiберудi
сұраймын.
Қолы: Күнi: