Осы Тауар таңбаларын тiркеуге өтiнiмдер құрастыру және беру ережесi
(бұдан әрi 1 Ереже) Қазақстан Республикасының тауар таңбалары, қызмет
көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы Заңына,
сондай-ақ Ұлттық патент ведомствосы қабылдаған нормативтiк құжаттарға
сәйкес жасалынған. Оларды жасау кезiнде тауар таңбалары саласындағы
заңдарды үндестiрудiң қазiргi тенденциялары ескерiлдi.
Қысқартулар тiзiмi
Заң Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және
тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы
заң
ТҚХС Тауарлар мен қызмет көрсетулердiң халықаралық
саралануы (Ниццалық саралану)
1 Ереже Тауар таңбаларын тiркеуге өтiнiмдер құрастыру
және беру ережесi
Тауар таңбасы Тауар таңбасы және/немесе қызмет көрсету таңбасы
Тауарлар Тауарлар және/немесе қызмет көрсетулер.
1. Өтiнiмдер беру
1.1. Тауар таңбасын тiркеуге өтiнiмдер беру құқығы Заңның 5 бабының 1 тармағына сәйкес заңда белгiленген тәртiппен кәсiпкерлiк қызметтердi жүзеге асыратын кез-келген заңды тұлғаға, сондай-ақ жеке адамға берiлген.
1.2. Өтiнiм Қазпатентке тiкелей немесе почта арқылы жолданады. Өтiнiмдер факс арқылы да берiлуi мүмкiн. Ол Қазпатент факстi алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей түпнұсқасын тапсыруға мiндеттенген жағдайда қабылданады.
1.3. Заңның 5 бабының 2.3. тармақтарына сәйкес өтiнiмдi арыз берушiнiң өзi немесе патенттiк сенiмдi өкiлi арқылы бередi. Шетелдiк заңды тұлғалар немесе елден тыс жерлерде тұрақты тұратын жеке адамдар немесе олардың патенттiк сенiмдi өкiлдерi тауар таңбаларын тiркеуге байланысты iстердi Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмдерде басқадай ережелер белгiленбесе, Қазпатентте тiркелген патенттiк сенiмдi өкiлдерi арқылы жүргiзедi. Патенттiк сенiмдi өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен куәландырылуы тиiс.
1.4. Өтiнiм қазақ немесе орыс тiлдерiнде берiледi. Шет тiлдерiнде берiлген құжаттардың қазақ немесе орыс тiлдерiне аудармасы болуға тиiстi. Аударма өтiнiм берiлген күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей тапсырылуы керек.
1.5. Өтiнiм екi дана етiп берiледi.
2. Өтiнiмнiң мазмұны
2.1. Өтiнiм тауар таңбаларының бiрiне қатысты болуға тиiс. Заңның 4 бабына сәйкес тауар таңбалары ретiнде сөздiк, бейнелеу, көлемдiк немесе басқа да белгiлер тiркелiнуi мүмкiн.
2.1.1. Сөздiк белгiге сөздер, сөздiк сипатты әрiптер тiркесi, сөз тiркесi, сөйлемдер, тiлдiң басқа да бiрлiктерi, сондай-ақ олардың тiркестерi жатады.
2.1.2. Бейнелеу белгiлерiне жазықтықтағы кез-келген графикалық бейнелеулер жатады (әртүрлi объектiлер, фигуралар, сызықтардың нақты немесе абстракты бейнелерi, көркем орындалған қарыптық элементтер, сондай-ақ жоғарыда аталған элементтердiң әртүрлi композициялары).
2.1.3. Көлемдiк белгiлерге нысаны бөлекше және тауар
функциясына төтенше қатысты емес үш өлшемдi объектiлер жатады (тауар
бумасы, бөтелкелер, шишалар және т.б.)
2.1.4. Құрама белгiлерге - сөздiк, графикалық, көлемдiк әртүрлi
элементтердiң құрамалары кiредi.
2.1.5. Басқадай белгiлерге, мысалы үшiн, сигнал түрiндегi
дыбыстық белгiлер жатады.
2.1.6. Тауар белгiсi кез-келген түсте немесе түрлi түстi
үйлесiмде тiркелуi мүмкiн.
2.2. Өтiнiм типтiк бланкiде (Т3-1 нысанды) берiлуi мүмкiн және
оған:
- Қазпатентке тiркеу туралы сұраған ресми өтiнішi (1.т.)*
- арыз берушiнiң толық ресми атаулық көрсеткiшi (2.1.т.)*
егер арыз берушiлер бiрнешеу болса, онда тиiстi белгi
қойылады (8.10.т.) және тиiстi реквизиттерiмен барлық арыз
берушiлердiң тiзiмi жеке қосымшамен тапсырылады.*
- арыз берушiнiң толық мекен-жайы (2.5.т.)*
- заңды тұлғаның ұйымдық-құқылық сипаттағы көрсеткiшi (2.2.т.)
- заңды тұлға немесе жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы
мәлiмет (2.3.т.)*
- өтiнiм берiлген белгi (6.т.)*
- көлемдiк белгiнi қорғаудың сұралуына көрсеткiш (6.1.т.)
- түрлi түстi орындалуды қорғаудың сұралуына көрсеткiш (6.2.т.)
- ұжымдық белгiнi қорғаудың сұралуына көрсеткiш (2.4.т.)
- стандартты қарыптың орындалуын қорғаудың сұралуына көрсеткiш
(6.5.т.)
- егер белгi қазақ немесе орыс тiлiнен басқа тiлде берiлсе,
сөздiк белгiнiң транслитерациясы (6.3.т.), аудармасы (6.4.т.);
- таңбаның тiркелуi сұралатын тауарлар және/немесе қызметтер
тiзiмi (7.т.)*;
- егер арыз берушi патенттiк сенiмдi өкiлдiң қызметiн
пайдаланса, патенттiк сенiмдi өкiл туралы мәлiметтер
(аты-жөнi және мекен-жайы) (3.т.)*
- конвенциялық басымдық сұрауға көрсеткiш және негiзiнде
басымдық сұралатын өтiнiм туралы (елi, күнi, өтiнiм нөмiрi)
мәлiметтер (5.1., 5.2., 5.3. тт.);
- көпшiлiк басымдық сұрауға көрсеткiш (5.4.);
- көрмелiк басымдық сұрауға көрсеткiш (5.5.т.);
- арыз берушiнiң iскерлiк хат-хабарларға арналған мекен-жайы
(4.т.);
- арыз берушiнiң немесе оның сенiмдi өкiлiнiң қолы*;
- баж төлемiне және оның мөлшерiне көрсеткiш (8.4.т);
- бұдан бұрынғы тiркеулерге көрсеткiш (9.,10.тт.).
Таңбамен белгiленген мәлiметтер (*) тиiстi нөмiрi мен берiлген
күнi белгiленген тауар таңбасын тiркеуге өтiнiмдi тануға қажеттi де
жеткiлiктi.
2.2.1. Өтiнiмге қоса тiркелетiндер:
- өтiнiм берiлген белгiнiң қосымша 5 қара ала репродукциясы
- егер арыз берушi сараптамаға оның мазмұндық мәнiн
түсiндiрудi; қажет деп тапса, өтiнiм берiлген белгiнiң
сипаттамасы
- өтiнiм бергенi үшiн баж төленгенiн куәландыратын құжат;
- егер ұжымдық таңбаны тiркеуге өтiнiм берiлсе, Заңның 7
бабының 2 тармағына сәйкес ұжымдық таңбаның жарғысы;
- егер өтiнiм патенттiк сенiмдi өкiл арқылы берiлсе, патенттiк
сенiмдi өкiлдiң атына берiлген өкiлеттiк көлемi, берiлген
уақыты және қызмет мерзiмi көрсетiлген сенiмхат;
- егер конвенциялық басымдығы сұралынса, бұрын берiлген
өтiнiмнiң расталған көшiрмесi, оның қазақ немесе орыс
аудармасы;
- егер тауар таңбасы ретiндегi өтiнiм берiлген экспонатталатын
объектiнiң көрмелiк басымдығы сұралынса, халықаралық көрме
мәртебесi, өткiзiлетiн уақыты мен орны көрсетiле отырып,
талап етiлетiн көрмелiк басымдығы заңдылығын дәлелдейтiн
расталған құжат;
- егер қорғалуы Заң негiзiнде үшiншi бiреулердiң рұқсатымен
берiлсе, таңба элементтерiне арыз берушiнiң құқығын құжатты
дәлелдеу (мемлекеттiк нышандар элементтерi, мысалы үшiн,
немесе авторлық құқықпен қорғау белгiлерi).
Қосымша материалдардың берiлгенi туралы белгiлер тиiстi тармақтың жолына "Х" таңбасын қою арқылы жүргiзiледi, ал 8 тармақтың соңғы жолына тiркелген материалдардың бет саны көрсетiледi.
2.2.1. тармағында аталынып өткен барлық құжаттар өтiнiм берiлген күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей тапсырылуға тиiс.
2.3. Өтiнiм берiлген белгiлер 8х8 см пiшiмдi немесе баспаханалық баспа таңба түрiнде тапсырылуы тиiс. Этикеткалар мен таңбаның айрықша түрлерi егер олардың көлемi 21х29,7 см. артпаса толық көлемiнде берiлуi мүмкiн. Аталған мөлшерден асып кеткен жағдайда бейне кiшiрейтiлген көлемде берiлуi мүмкiн.
Тiркелуге өтiнiм берiлген бейне белгiсi тауар таңбасын тiркеуге сұратылған түсте немесе түрлi түстi үйлесiмде тапсырылады. Ол бланкiдегi шаршымен белгiленген жерге жапсырылуы тиiс. (6.т.)
Бейненiң сапасы жақсы, яғни нақты да анық болуы керек. Оның барлық элементтерi ортақ көркем оймен композициялық бiрлестiк табуға тиiстi.
2.3.1. Егер белгiнi қорғау түстi орындауда сұралынса, онда түс немесе түрлi түстер үйлесiмi тиiстi графада (6.1.т.) мысалы, таңба қызыл, ақ, жасыл түстер үйлесiмiнде қорғалады. Мұндайда өтiнiм берiлген белгiнiң түрлi түстi 10 дана және 5 қара ала дана репродукциясы тапсырылады.
2.3.2. Егер көлемдiк белгi қорғау сұралынса, онда тиiстi белгi қойылуы керек (6.1.т.). Мұндайда қос өлшемдi графикалық немесе фотосурет түрiндегi негiзгi бейнеден басқа сараптауға қорғау сұралған көлемдi толық бағалауға мүмкiндiк беретiн әртүрлi көлемдi таңба бейнелерi ракурстарда қоса тапсырылуы мүмкiн.
2.3.3. Егер тiркеуге тауар таңбасы ретiнде этикетка ұсынылса, онда өтiнiм берiлген белгi репродукциясы есебiнде этикетканың өзi тапсырылуы мүмкiн.
2.3.4. Егер сөздiк таңба немесе сөздiк компонент қазақ немесе орыс тiлдерiнен басқа тiлде берiлсе, транслитерация жасау қажет, яғни ресми мойындалған тiлдердiң бiрiнiң әрiптерiмен фонетикалық дыбысталынуы (6.3.т.), сондай-ақ егер сөз (сөз тiркесi) мағыналық мән иеленсе, аудармасы болуы қажет (6.4.т.)
2.3.5. Егер дыбыстық белгi қорғау сұралынса, онда өтiнiмге оның ноталық жазбасы және үналғы жазбасы түрiндегi фонограммалық дыбыстық белгiсi қоса тiркеледi. Егер тiркеуге музыкалық шығарманың бiр бөлiгiне өтiнiм берiлсе, онда музыкалық шығарманың авторы мен атауын көрсету қажет.
2.3.6. Егер ұжымдық таңбаны қорғау сұралынса, онда өтiнiмге Заңның 7 бабына сәйкес қолданушылардың бәрiнiң қолдары қойылған ұжымдық таңба Жарғысы қоса тiркеледi.
2.4. Тауарлар және/немесе қызметтер тiзiмi 7 т. келтiрiледi және қорғау сұралған көлемi айқындалады.
Егер тауарлар және/немесе қызмет көрсетулер ТҚХС бiрнеше сыныбына жатса, олар сыныптар бойынша топтастырылуға тиiс. Әрбiр өтiнiм берiлген сынып нөмiрi ұлғаю тәртiбiмен осы сыныпқа қатысты тауарлар және/немесе қызметтер тiзiмi - нөмiрiмен қатар көрсетiледi. Тауарлар тiзiмiн құрастыру үшiн ТҚХС сыныбының тиiстi айдарындағы нақты терминдер мен түсiнiктер пайдалану керек. Саралауда олардың болмаған жағдайында жалпыға ортақ қолданыстағы түсiнiктердiң пайдаланылуы мүмкiн.
Тiзiмдi бланкiде орналастыру мүмкiн болмаған жағдайда олар жеке бетке қосымша ретiнде тiркелiнедi. Орынсыз жинақтаулардан аулақ болған абзал, себебi мұндайда келтiрiлген түсiнiктер сыныптардың өз атауларымен ұқсас боп кетулерi мүмкiн.
2.5. Өтiнiмге қол қоятындар:
- егер өтiнiм заңды тұлғаның атынан берiлсе, қол қоюшының
аты-жөнi мен лауазымы көрсетiле отырып, өкiлеттi лауазым иесi;
- егер өтiнiм патенттiк сенiмдi өкiл арқылы берiлсе, патенттiк
сенiмдi өкiл.
Өкiлеттi лауазым иесiнiң қолы қол қоюшының аты-жөнi көрсетiлiп
және мөрмен расталынуы тиiс.
2.6. Патенттiк сенiмдi өкiлдiң атына берiлген сенiмхатта:
- сенiм бiлдiрушiнiң толық атауы (аты);
- арыз берушiнiң жауапты өкiлiнiң немесе арыз берушiнiң қолы;
- сенiмхатқа қол қойған адамның лауазымы мен атының көрсеткiшi;
- өтiнiмдi қайтарып алуға және тiркеуден бас тарту құқығы
бөлiнген патенттiк, сенiмдi өкiлге берiлген өкiлеттiктердi
көрсету;
- сенiм бiлдiрген кiсiнiң аты;
- берiлген күнi;
- қызмет мерзiмi;
- жауапты өкiлеттi адамның қолын куәландыратын мөрi болуға
тиiстi.
Патенттiк сенiмдi өкiлдiң оған берiлген шектiктегi кез-келген iс-қимылы немесе Қазпатенттiң оған қатысты iс-қимылы да арыз берушiнiң iс-қимылы немесе оған қатысты iс-қимыл сияқты салдарға ие.
2.6.1. Патенттiк сенiмдi өкiлдiң атына берiлген бас сенiмхат бiрнеше өтiнiмге (тiркеулерге) қатысты болуы мүмкiн және оған берiлген барлық өкiлеттiктi қамтуға тиiстi.
3. Өтiнiмге өзгерiстер енгiзу
3.1. Сұралған қорғау көлемiне қатыссыз өтiнiмге өзгерiстер енгiзу арыз берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша өтiнiм берiлген күннен бастап екі айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Мұндайда баж төленбейдi. Көрсетiлген мерзiмнен кейiн өзгерiстер енгiзiлген соң баж салығы алынады.
3.2. Өтiнiм берiлген белгiлердiң жалпы қабылдауына ықпал жасамайтын өзгерiстер енгiзу кезiнде 2.2.1.т. көрсетiлген көлемде өзгертiлген бейне белгiсi тапсырылады.
3.3. Атауларын (аттарын) немесе арыз берушiнiң адресiн мүлiктiк құқықты бермей өзгерту оның өтiнiм нөмiрi көрсетiлген жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
3.4. Куәлiк алу құқығын басқа адамға берген жағдайда арыз берушiнiң ресми өтiнiшiнде құқылы мирасқорлығы туралы мәлiметтер келтiрiледi, сондай-ақ құқылы мирасқорлыққа оның келiсiмi куәландырылады.
3.5. Арыз берушiнiң атын немесе мекен-жайын өзгерту туралы өтiнiш бiрнеше өтiнiмге қатысты болуы мүмкiн.
3.6. Арыз берушiнiң өтiнiшi бойынша өтiнiмдердi бөлу оны қараудың кез келген сатысында бөлiнген өтiнiмдер арасындағы сыныптарды бөлу жолымен жүргiзiлуi мүмкiн. Мұндайда басымдық алғашқы өтiнiмдi беру күнiмен сақталады.
3.7. Өтiнiмдегi қателiктердi түзету арыз берушiнiң немесе патенттiк сенiмдi өкiлдiң жазбаша өтiнiшiмен жүргiзiледi. Мұндайда өтiнiм нөмiрi мен қателiк сипаты көрсетiледi. Өтiнiш өтiнiмдер қатарындағы бiр тектес қателiктердi түзетуге қатысты болуы мүмкiн. Мұндайда қателiктер жiберiлген барлық өтiнiмдердiң нөмiрлерi көрсетiледi.
4. Өтiнiмдердi қайтарып алу
Өтiнiмдердi қайтарып алу Заңның 12 бабына сәйкес тауар таңбасын тiркеу күнiнен кешiктiрiлмей сараптаудың кез келген сатысында жүзеге асырылуы мүмкiн. Қайтарып алу туралы арыз берушiге хабарлама жiберiлген күн қайтарып алу күнi болып есептеледi.
Осы Ереже ресми жарияланған күннен бастап күшiне кiредi.