Кiрiспе
Тауар таңбасын тiркеуге өтiнiмдердi қараудың осы Ережесi (бұдан әрi 2 Ереже) Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгiлерi және тауар шыққан жердiң атауы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Патент ведомствосы қабылдаған нормативтiк құжаттар мен әдiстемелiк материалдарға сәйкес құрастырылған. Осы Ереженi жасау кезiнде тауар таңбалары бойынша заңдарды үйлестiрудiң замана үрдiстерi ескерiлдi, сондай-ақ сараптама процесiнде автоматтандырылған iздестiру жүйесi пайдаланылды.
Қысқарту тiзбесi
Заң - Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгiлерi және тауар шыққан жердiң атауы туралы" Заңы
Қазпатент - Патент ведомствосы
1 Ереже - Тауар таңбасын тiркеуге өтiнiм құрастыру және беру Ережесi
2 Ереже - Тауар таңбасын тiркеуге өтiнiмдердi қарау Ережесi
Тауар таңбасы - Тауар таңбасы және/немесе қызмет көрсету белгiсi
Тауарлар - Тауарлар және/немесе қызмет көрсету
ТҚХЖ - Тауарлар және қызмет көрсетудiң халықаралық жiктелуi (Ниццалық жiктелу)
Париж конвенциясы - Өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы
1. Өтiнiм қабылдау
Қазпатентке құрастырылған және берiлген өтiнiмге 1 Ережеге сәйкес нөмiр берiледi әрi оның түскен уақыты көрсетiледi.
Тасқа басылған өтiнiмдер ғана қарауға қабылданады.
Тиiстi нөмiрi мен берiлген уақыты көрсетiлген, қазақ немесе орыс тiлдерiнде Қазпатент қабылдап алуға қажеттi де жеткiлiктi құжат деп табылуы үшiн өтiнiм нысанында:
- өтiнiш берушiнiң толық ресми атауы (аты-жөнi);
- өтiнiш берушiнiң толық адресi;
- 1 Ереженiң 2.3 т сәйкес тiркеуге өтiнiм берiлген белгiсi;
- қорғау талап етiлетiн тауарлар және/немесе қызмет көрсету тiзiмi (ең аз дегенде - бiр тауар немесе бiр қызмет көрсетудiң атауы);
- 1 Ереженiң 3 т. сәйкес қолдары болуға тиiстi.
Көрсетiлген мәлiметтердiң бiрi болмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып саналады, оның материалдары керi қайтарылады.
Тiркелген өтiнiм керi қайтаруға жатпайды.
Өтiнiм берушiге немесе оның өкiлiне өтiнiм материалдарының қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
Қаралуға қабылданған өтiнiм сараптамаға түседi. Ол Заңның 10 бабына, осы Ережеге және тауар таңбалары саласындағы халықаралық келiсiмдерге сәйкес екi кезеңмен: алдын ала сараптама және толық сараптама түрiнде жүргiзiледi.
2. Алдын ала сараптама
2.1. Мiндеттерi
Алдын ала сараптама өтiнiм материалдары мен мәлiметтерiнiң жинақтылығын және 1 Ережеде көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн айқындайды.
2.2. Мерзiмi
Алдын ала сараптама өтiнiмдердiң Қазпатентке түскен күнiнен бастап 1 ай iшiнде жүргiзiледi. Өтiнiм берушiге сұрау салу жолданған жағдайда бұл мерзiм тиiсiнше ұзартылады.
2.3. Шешiм
Алдын ала сараптама нәтижелерi бойынша тауар таңбасы бөлiмi өтiнiмдi қарауға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту жөнiнде шешiм шығарады. Өтiнiм берiлген материалдарды толықтыру немесе анықтау әйтпесе жекелеген мәлiметтерiн өзгерту қажет болған жағдайларда өтiнiм берушiге сұрау салу жолданады.
2.3.1. Өтiнiмдi қарауға қабылдау туралы шешiм өтiнiмдер Заңның 6 бабында және 1 Ереженiң 2т. келтiрiлген талаптарға толық сәйкес келген жағдайларда шығарылады.
Өтiнiм берушiге немесе оның өкiлеттi өкiлiне белгiленген үлгiдегi хабарлама (ФТЗ-2) жiберiледi, онда төмендегi мәлiметтер келтiруге тиiс:
210 - өтiнiм нөмiрi
220 - өтiнiмнiң берiлген уақыты
230 - көрмелiк немесе басқадай басымдығы*
310 - басымдық өтiнiм нөмiрi*
320 - басымдық өтiнiм уақыты*
330 - ЗМДҰ стандарты бойынша басымдық өтiнiм елiнiң коды*
511 - ТҚХЖ сыныптарын көрсету
540 - тауар таңбасын бейнелеу
591 - түрлi-түстi гамма*
554 - таңбаның ауқымды болып табылатынын көрсету*
551 - таңбаның ұжымдық болып табылатынын көрсету*
710 - өтiнiм берушiнiң атауы (аты-жөнi)
<*> (Көрсеткiш тиiстi жағдайларда келтiрiледi)
2.3.2. Өтiнiм басымдығы Заңның 9 бабына сәйкес:
- осы Ереженiң 1 т. көрсетiлген материалдар мен мәлiметтер Қазпатентке түскен уақыты бойынша немесе Ереженiң 1 т. көрсетiлген материалдар немесе мәлiметтердiң түскен уақытына қарай;
- Париж конвенциясына қатысушы елдердiң бiрiнен алғашқы өтiнiм түскен уақыт бойынша; *
- Халықаралық көрмеде белгiленген тауар таңбасы ретiнде өтiнiм берiлген объектiлердi көрсету уақыты бойынша<*> белгiленедi.
Конвенциялық немесе басқадай басымдық талап етiлген жағдайда Париж конвенциясына қатысушы елге алғашқы өтiнiм берiлген уақыттан бастап Париж конвенциясында белгiленген 6 айлық мерзiм сақталған жағдайда сараптау процесiнде белгiленедi немесе Халықаралық көрмеде ресми мойындалған алғашқы көрсетуде өтiнiм материалдарына одан бұрындары басымдығы құқығын дәлелдейтiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер болғанда:
- бұрындары берiлген өтiнiмнiң расталған көшiрмесi;*
- өтiнiмде айтылғанға сәйкес тауарларға тауар таңбаларын көрсету туралы Халықаралық көрмеде ресми мойындалғанын әкiмшiлiктiң немесе ұйымдастыру комитетiнiң растауы; *
- Заңның 9 бабында белгiленген өтiнiм берiлген күннен бастап 2 айлық мерзiмнен кешiктiрмей бұрынғы басымдығын айқындау туралы өтiнiш;
- Бұрындары берiлген өтiнiмде келтiрiлген тауарлар тiзiмi мен қызмет көрсету белгiлерiнiң өтiнiмдегiмен сәйкес келуi;*
Өзгертулер тiзiмнiң азаю жағына қарай ғана болуы мүмкiн.
- Халықаралық көрмеге ұсынылған тiзiмде көрсетiлген тауарларға тауар таңбалануы, ал таңбаның өзiнiң тiркеуге берiлген белгiмен сәйкес келуi.
Әртүрлi сыныпты тауарларға қатысты көшпе басымдық тауарлардың түрлi сыныптары көрсетiлген бiр белгiге өтiнiм берiлген жағдайда өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша белгiленедi.
Жекелеген өтiнiмдердiң басымдығы алғашқы өтiнiм басымдығы уақыты бойынша белгiленедi.
Тауар таңбасының басымдығы Қазақстанның халықаралық шарттарына сәйкес тауар таңбасын тiркеуге халықаралық басымдық уақыты бойынша белгiленедi.
Басымдығын белгiлеу мақсатымен ұқсас тауарлардың бiрдейлiк белгiлерiне тiркелуге өтiнiмдер бiр мезгiлде (бiр күнде) түскенi анықталған жағдайларда сараптама аманаттың почта мөрiн зерттейдi және олар бiр-бiрiне ұқсас болған жағдайларда өтiнiм берушiлерге үш айлық мерзiм iшiнде мәмiлеге келудi ұсынады. Аталған мерзiм iшiнде қол жеткен келiсiмдi растайтын құжат түспеген жағдайда сараптама екi өтiнiмдi де қайтарған болып санауға құқылы.
2.3.3. Өтiнiмдердi қарауға қабылдаудан бас тарту туралы шешiм осы Ереженiң 1 т. көрсетiлген материалдық мәлiметтер болмаған жағдайларда, сондай-ақ өтiнiмдер берiлген күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде Заңның 6 бабының 3 т. сәйкес өтiнiмдер мен қолхаттар бергенi үшiн баж төленгенi құжатпен расталмаған жағдайларда шығарылады.
Өтiнiм берушiге шешiмнiң белгiленген нысандағы (ФТЗ-3) үлгiсi жолданады және өтiнiмдi белгiленген тәртiпке сәйкес рәсiмдеуге ұсыныс жасалады.
Өтiнiмдердi қараудан бас тарту туралы шешiмдi осы Ереженiң 1 т. көрсетiлгеннен өзге құжаттар мен мәлiметтердiң болмауы себептi қабылдауға болмайды. Қалған барлық құжаттар мен мәлiметтер алдын ала сараптама кезiнде өтiнiм берушiден сұрау салу түрiнде талап етiледi. Мұндай жағдайда алдын ала сараптама мерзiмi тиiсiнше ұзартылады.
2.3.4. Сұрау салу өтiнiм берушiге алдын ала сараптама жасау кезiнде Заңның 6 бабына, осы Ережеге сәйкес қойылатын талаптардың бұзылуы байқалған жағдайларда жiберiледi.
Сұрау салуға келесi талаптар енуi мүмкiн:
- өтiнiмдi барлық қажеттi мәлiметтерiмен белгiленген нысанда тапсыру;
- өтiнiм берушiнiң барлық заңдық атауларын анықтау;
- мемлекеттiк тiркеу мәлiметтерiн көрсету;
- өтiнiмдегi белгiлердiң жетiспейтiн көшiрмелерiн жеткiзу;
- 1 Ереженiң 2.3.т. талаптарына сәйкес бейнесiн тапсыру;
- түрлi-түстi гамманы анықтау, егер оның көрсетiлуi жоқ болса немесе белгiге сәйкес келмесе онысын көрсету;
- егер сөздiк белгiсi қазақ және орыс тiлдерiнен өзге тiлде келтiрiлсе, аудармасын, сөз тiркесiнiң түсiндiрмесiн немесе транлитерациясын тапсыру;
- Егер соңғы қабылданған редакциясына сәйкес келмесе, келтiрiлген ТҚХЖ жiктелiмiн анықтау немесе өзгерту;
- егер олар дәл атаулармен тапсырылмаса немесе тым жалпылай терминдермен және түсiнiктермен келтiрiлсе тауарлар тiзiмiн анықтау;
- баждың жетпеген сомасының төленгенiн растайтын құжаттар, сондай-ақ жетiспеушiлiгi осы өтiнiм iс жүргiзiлуiн жалғастыруды қиындататын және алдын ала сараптаманы аяқтауға кедергi келтiретiн басқа да мәлiметтер мен құжаттарды тапсыру.
Бiрқатар қосымша мәлiметтер мен толықтырулар хабарламамен бiр мезгiлде талап етiлуi мүмкiн.
2.3.5. Алдын ала сараптамаға сұрау салу жауабы Заңның 10 бабының 2т. сәйкес өтiнiм берушi оны алғаннан кейiн 2 айдан кешiктiрiлмей тапсырылуы тиiс. Бұл мерзiм өтiнiм берушiнiң сұрауы бойынша тиiстi баждары төленген жағдайда 6 айлық мерзiмге дейiн ұзартылуы мүмкiн.
Жауабында толық мәлiметтерi және/немесе талап етiлген материалдары болмаған жағдайда өтiнiм берушiге қайыра сұрау салу жолданады.
Сараптаманың қайыра сұрауына жауап болмаған жағдайда немесе қайыра сұрауға жауап беруде барлық толық мәлiметтерi және/немесе құжаттары болмаған жағдайда, сондай-ақ өтiнiм берушi заңда қарастырылған мерзiмдi оны ұзарту туралы жазбаша өтiнiшiн тiркемеген жағдайда өтiнiм қайта қайтарылған болып есептелiнедi. Мұндай жағдайда өтiнiм берушiге өтiнiмдi қайтару және iс жүргiзудi тоқтату (ФТЗ-5) туралы шешiм жолданады.
Сараптама талаптарын қанағаттандыратын мәлiметтер және/немесе құжаттарды уақытылы тапсырған жағдайда өтiнiм берушiге өтiнiмдердi қарауға қабылдау туралы хабарлама жiберiледi.
Алдын ала сараптаманың соңғы кезеңi хабарлама тапсыру болып саналады, бұдан соң өтiнiм материалдары толық сараптамаға түседi.
3. Толық сараптама
3.1. Мiндеттерi
Толық сараптама Заңның 14 және 15 баптарында келтiрiлген қорғау қабiлеттiлiгi жағынан тауар таңбаларына қойылатын өтiнiмге белгiленген талаптарға сәйкестiгiн айқындайды.
Қорғау қабiлеттiлiгi белгiсiне тауар таңбалары ретiндегi белгiлердi тiркеуге қажеттi жиынтық белгiлердiң заңдылық қасиетi танылады.
Бұдан басқа толық сараптама кезеңiнде алдын ала сараптама кезеңiнде анықталған мәлiметтердi тексеру жүзеге асырылады (мысалы, басымдығын немесе ТҚХЖ жiктелуi дұрыстығын тексеру).
3.2. Мерзiмi
Толық сараптама берiлген күннен бастап 12 ай iшiнде жүргiзiледi және Қазпатент пен өтiнiм берушiнiң арасындағы хаттардың мерзiмiне қарай ұзартылуы мүмкiн. Егер өтiнiм берiлген белгi сараптамасы басқа белгiнiң сараптамасына тәуелдi болса, онда сараптама бұрындарғы басымдығы бар өтiнiм бойынша түпкiлiктi шешiм қабылданғанша тоқтатылады.
3.3. Шешiмi
Сараптама қорытындылары бойынша белгiленген тауар таңбасына қатысты оны тiркеу немесе тiркеуден бас тарту жөнiнде шешiм қабылданады. Тiркеуден бас тарту туралы шешiм кезеңiмен алдын ала және түпкiлiктi шешiм түрiнде жүргiзiледi.
Тiркеуден бас тарту туралы алдын ала шешiм белгiленген мерзiмде сараптамаға дәлелдi наразылықты және/немесе қосымша материалдарды тапсыруға мүмкiндiк бередi. Соның негiзiнде сараптама өз шешiмiн өтiнiм берушiнiң пайдасына өзгерте алады.
Тапсырылған өтiнiм материалдарын және/немесе мәлiметтердi толықтыру немесе анықтау қажет болғанда өтiнiм берушiге сұрау салу жолданады.
3.3.1. Тiркеу туралы шешiм қорғау қабiлеттi шарттарда белгiленген өтiнiмге сәйкес сараптама қорытындысы негiзiнде қабылданады.
Егер айтылған белгi тауарлар тiзiмiнде берiлген бөлiгiне қойылған талаптарға сай келсе, онда тауар бөлiгiне қатысты тауар таңбасын тiркеуге келесi бөлiгiне қатысты бас тарту дәлелiн келтiре отырып шешiм шығарылады.
Егер таңба осы Ереженiң 3.4.1. және 3.4.2. тт. көрсетiлген белгiнi қамтыса олар үстем жағдайға ие бола алмайды - шешiм қорғауға қабiлетсiз элементтердi қамтиды (дискламирование).
Өтiнiм берушiге тiркелу белгiсi (ФТЗ-6) нысанындағы айтылған тауар таңбасы ретiнде тiркеу туралы шешiм жiберiледi. Онда төмендегiдей мәлiметтер келтiрiледi:
540 - тауар таңбасы ретiнде тiркелген белгi
730 - тауар таңбасының иесi, оның мекен-жайы
210 - өтiнiм нөмiрi
220 - берiлген уақыты
310, 320, 330 - бұрын берiлген өтiнiмнiң басымдық мәлiметтерi - тиiстi нөмiрi, уақыты, өтiнiм берiлген ел*
510, 511 - ТҚХЖ сыныптары бойынша топтастырылған тауар және қызмет көрсету тiзiмi
526 - қорғаудан шығарылған элементтер*
551 - таңбаның ұжымдық болып табылатынын көрсету*
554 - таңбаның көлемдi болып табылатынын көрсету*
591 - түрлi-түстi гамма көрсеткiшi*
<*>(Көрсеткiштер тиiстi жағдайларда келтiрiледi)
Тауар таңбаларын тiркеу туралы шешiм халықаралық келiсiмдер негiзiнде бұрындары басымдығы бар өтiнiмдердiң Қазпатентке түсуiне байланысты қайта қаралуы мүмкiн. Ол сондай-ақ тауар шыққан жердiң атауын тiркеуге байланысты және өзге де қосымша жағдайлар байқалған кезде өз бастамашылығымен қайта қаралуы мүмкiн. Тiркеу туралы шешiм (немесе бас тарту туралы түпкiлiктi шешiм) сараптама кеңесiнiң шешiмi негiзiнде қайта қаралуы мүмкiн.
3.3.2. Тiркеуден (алдын ала) бас тарту туралы шешiм айтылған белгiнiң қорғау қабiлетi шарттарына сай келмеуi туралы сараптама қорытындысы негiзiнде қабылданады.
Мұндай жағдайда өтiнiм берушiге тiркеуден бас тарту туралы белгiленген нысандағы (ФТЗ-7) шешiм жiберiледi. Онда Заңға, осы Ережелерге және халықаралық келiсiмдерге негiзделген бас тарту себептерi келтiрiледi.
3.3.3. Бас тарту (алдын ала) туралы шешiмге наразылық бiлдiрудi Қазпатент өтiнiм берушi (өтiнiм берушiнiң өкiлi) алғанына 2 ай уақыт iшiнде тиiстi баждары төленген жағдайларда қабылдайды. Баждардың төленгенiн растайтын құжаты болмаған жағдайда наразылықты сараптама назарға алмайды. Наразылық беру мерзiмiн ұзарту өтiнiм берушiнiң сұрауы бойынша қосымша баждары төленген жағдайда 6 айдан аспауға тиiстi.
Өтiнiм берушiнiң қосымша мәлiметтерi немесе құжаттары тапсырылуын ескере отырып, тауар таңбасын тiркеу туралы шешiм шығару кезiнде куәлiк бергенi үшiн баж алынбайды, мұнда алдын ала бас тартуға наразылық үшiн төленген баждар ескерiледi.
Алдын ала бас тартуға белгiленген мерзiмде наразылық түспеген жағдайда және наразылық мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш түспеген жағдайда алдын ала бас тарту өтiнiм берушiге қосымша хабарламасыз түпкiлiктi болып саналады.
3.3.4. Бас тарту (түпкiлiктi) туралы шешiмдi сараптама өтiнiм берушi келтiрген барлық дәлелдер зерттелгеннен кейiн егер олары шешiмдi өтiнiм берушiнiң пайдасына өзгертуге жеткiлiксiз болған жағдайда қабылдайды. Бас тарту туралы шешiм (ФТЗ-8) бас тартуды алған күннен бастап тиiстi баждары төленген жағдайда 3 айдан кешiктiрмей Шағым арыз кеңесiне наразылық беру арқылы таласқа түсуi мүмкiн.
3.3.5. Сараптама сұрауы өтiнiм жөнiнде түпкiлiктi шешiм шығару үшiн қажеттi кез келген мәлiметтер мен материалдарға қатысты болуы мүмкiн. Тапсырылған құжаттар мен мәлiметтердiң кез келгенiнiң дәлелдiгiне сараптаманың күмәнi туған жағдайларда сараптама өтiнiм берушiден қажеттi айғақтарын талап етуi мүмкiн.
Сұрау салу атап айтқанда мыналарға қатысты болуы мүмкiн:
1) Жетiспейтiн материалдар мен мәлiметтердi тапсыру немесе оларды түзетуге;
2) жiктелуiн өзгертудiң қажеттiлiгi, тауар тiзiмiн анықтау, оны нарықтық терминдермен таныстыру;
3) тiркеудi өз атына жасаған жеке тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыруының дәлелi;
4) Егер сараптау қорытындысында ТҚХЖ қосымша сыныптары анықталса жетiспейтiн баж сомасын төлеу;
5) егер сараптамада шешiмдi өтiнiм берушiнiң пайдасына шешуге мүмкiндiк беретiн жағдайларға негiз болса, iздестiру және қарсы қою белгiлерi нәтижесiнде анықталғандарға қатысты өтiнiм берушiнiң пiкiрi және т.б.
3.3.6. Сараптаманың сұрау салуына жауап Қазпатентке оны алған күннен бастап 2 айдан кешiктiрiлмей жолдануға тиiс. Егер жауапта сараптама талап еткен мәлiметтер мен құжаттар болмаса, өтiнiм берушiге қайтадан сұрау салынуы мүмкiн. Талап етiлген материалдар заңда белгiленген мерзiмде тапсырылмаса, өтiнiм қайтарып алынған болып табылады, бұл туралы өтiнiм берушi жазбаша нысанда хабардар етiледi. Жауап қайтаруға белгiленген мерзiмдер өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша 6 айға дейiнгi уақытқа тиiстi баждары төленгеннен кейiн ұзартылуы мүмкiн.
3.4. Тауар таңбасы ретiндегi белгiнi тiркеуден бас тартуға толық негiз бойынша тексеру өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласындағы халықаралық келiсiм және Заңның 14 бабы негiзiнде жүзеге асырылады.
3.4.1. Көрсетiлген белгiлерде мемлекеттiк нышандарды пайдалану - елтаңбаларды, жалаулар мен эмблемаларды; халықаралық үкiметаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын; ресми бақылауды, кепiлдiк және сынақтық клеймалар, мөрлер, марапаттар және басқа да айырым белгiлерi (немесе соларға ұқсас ауыспалы дәрежедегi) - тауар таңбасы ретiнде тiркеуден бас тартуға негiз болып табылады.
Мұндай белгiлер егер олар белгi құрамында жалғыз болып табылмаса және егер оларды пайдалануға тиiстi құзыреттi органның немесе олардың иесiнiң келiсiмi болса таңбада қорғалмайтын элементтер ретiнде жүруi мүмкiн.
Сараптама жүргiзуге арналған анықтамалық ЗМДҰ белгiленген Париж конвенциясының 6 бабының күшiмен қорғалатын анықтамалық қордың материалдары, сондай-ақ басқа да анықтамалық-ақпараттық материалдар болып табылады.
3.4.2. Айыру қабiлеттiлiгi солар үшiн пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерге тiкелей сипаттама және/немесе ассоциативтiк байланысты емес таңбаларға тән.
Айырым қабiлеттiгiнiң жоқтығы мынадай жағдайларда белгiленедi:
- белгi толық графикалық бейненi көрсетпейдi, мысалы үшiн, өзара композициялық байланыспаған және танымның жинақтық жаңа деңгейiн бере алмайтын жекелеген сызықтар, қарапайым геометриялық фигуралар;
- сөздiк сипаты жоқ белгiлер, үштен кем емес жекелеген тiлдiк комбинациядан тұрады (әрiптер және/немесе цифрлар);
- белгiлерi тауарлардың шынайы немесе долбарлы кескiндемесi болып келедi, оларға қорғау талап етiлетiн;
- белгiлерi үш өлшемдi объект болып келетiн, нысандары төтенше қызметтiк бағытпен белгiленетiн;
- белгiлерi жалпыға ортақ нышандық немесе терминдiк болып табылады (яғни, нышандық сала, iс-әрекет түрлерi; ғылым мен техникада қолданылатын шартты белгiлер, сондай-ақ ғылым мен техникалық жекелеген салаларына тән лексикалық бiрлiктер) көрсетiлген тауарлар және/немесе қызмет көрсетулерге қолданылатын;
- белгiлерi тауар атаулары болып табылады, тегiн, түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, бағытын, тауар құнын, сондай-ақ оның шығарылған жерi мен уақытын көрсетедi.
Жарнамалық және мақтау сипатындағы белгiлер айырымдық қабiлетке ие бола алмайды.
Құрылымдық жүйесi күрделi сөздер егер әрқайсысының айырымдық қабiлетi болмаса, ал жасанды сөз құрылымы қосымша мән иеленбесе, айырымдық қабiлетке ие бола алмайды.
Осы тармақта көрсетiлген белгiлер мәндiк және кеңiстiктiк маңызына қарай айқындалатын басым жағдайда болмаса тауар таңбаларына қорғалмайтын элемент есебiнде кiре алады.
Сараптама жүргiзу кезiнде жалпы (энциклопедия) және арнаулы сипаттағы (анықтамалықтар) анықтама әдебиеттерi, сондай-ақ монографиялар мен ғылыми мақалалар пайдаланылады.
3.4.3. Жалған немесе тұтынушыны тауар немесе оны шығарушы халқында жаңылыстырып жiберуге қабiлеттi белгiлер деп Заңның 14 бабының 3 т. бойынша тұтынушы санасына тауардың сапасы, оны шығарушы немесе шыққан жерi жайында шындықпен үйлеспейтiн түсiнiк туғызуды атайды.
Егер бiр ғана элементi жалға немесе жаңылыстыратын болса ондай белгi жалған немесе жаңылыстыратын белгi болып табылады.
3.4.4. Қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк және мораль принциптерiне қайшы деп Заңның 14 бабының 3 т. бойынша әдепсiз мазмұндағы, iзгiлiкке қарсы сипатты, адамдық қасиеттi, ұлттық және дiни сенiмдi қорлайтын белгiлер танылады.
Егер көрсетiлген белгiде 3.4.3. және 3.4.4. тт. көрсетiлген белгiнiң бiреуi байқалса немесе осы Ереженiң 3.4.1. т. көрсетiлген белгiлерден тұрса онда сараптама оны тауар таңбасы ретiнде тiркеуге болмайтыны жөнiнде қорытынды шығарады.
3.4.5. Өнеркәсiп үлгiлерiн шығаратын белгiлер егер олар өнеркәсiп үлгiлерi ретiнде үшiншi жақтың атына қорғауға ие болса, немесе үшiншi жақтың атынан Қазпатентке бұрынғы басымдығымен өнеркәсiп үлгiсiне ұқсас өтiнiм берiлсе, онда тауар таңбасы ретiнде тiркелмейдi.
Қазпатентке өтiнiм берiлген және тiркелген өнеркәсiп үлгiлерiнiң қорынан iздестiру жүргiзiледi.
3.4.6. Жалпыға белгiлi белгiлер болып фирмалық атаулар мен тауар таңбалары тауар таңбасы ретiнде тiркелгенiне қарамастан Қазақстанда кеңiнен таралуына байланысты аты кеңiнен жайылған тауарлар және/немесе жарнамалар, сондай-ақ олар маркiлеген тауарлар танылады.
Мұндай белгiлердi тiркеуден бас тартуға Заңның 15 бабынан басқа Париж конвенциясының 6 bis және 10 bis баптары негiз болып табылады.
Сараптама тауарлар және/немесе қызмет көрсетудiң кез келген түрлерiн белгi ретiнде үшiншi жақтың атына жалпыға белгiлi таңбаны тiркеуден егер ол жалпыға белгiлi таңба беделiн терiс ниетпен немесе тауар сапасы немесе шыққан жерi хақында тұтынушыны жаңылыстыру үшiн пайдаланады деп таныса бас тартуға құқылы.
Белгiнi жалпыға белгiлi деп тану туралы мәселенi шешу үшiн сараптама қоғамдық пiкiр сұралымын назарға алуы мүмкiн.
Сондай-ақ мерзiмi, аумақтық таралымы, тауар тұтынушылар категориялары, тауар таңбасының құндық бағалануы, жарнамаға кеткен шығыны сияқты факторлар және т.б. ескерiледi.
3.4.7. Тауар таңбаларында белгiлi адамдардың аттарын, фамилияларын, жасырын аттарын, портреттерiн пайдалануда мүлiктiк емес жеке құқылықтарын бұзудан аулақ болу үшiн осы кiсiлердiң немесе олардың заңды мұрагерлерiнiң жазбаша рұқсатын алу керек.
Егер бұл белгiлер Қазақстанның тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса, оларды тауар таңбасы ретiнде пайдалану үшiн мiндеттi түрде Үкiметтiң рұқсатын алу керек.
Фамилияны тауар таңбасы ретiнде пайдалануда мүлiктiк емес жеке құқылықты бұзудың болмауы, мысалы үшiн, телефон анықтамалығында фамилияның 20 реттен астам айтылуы болып табылады.
3.4.8. Белгiлi әдебиет және өнер шығармаларының, өнер туындылары немесе олардың фрагменттерiнiң аттарын пайдалану авторлық құқықты бұзбау болуы мүмкiн.
3.4.9. Графикалық атаулар немесе өтiнiм берушiнiң тұратын орны хақында тұтынушыны жаңылыстыратын географиялық атаулар кiретiн, сондай-ақ үшiншi жақтың құқығына нұқсан келтiретiн бiр иенiң атына тiркелетiн таңбалар тiркелмейдi.
Географиялық атаулар түрiнде белгiленген өтiнiм берiлген тауарлар хақында қиялдық сипат алатын тауарлар таңбада қорғалмайтын элементтер есебiнде жүруi мүмкiн.
Қазақстанда үшiншi жақтың атына тауар шыққан жер атауларымен тiркелген ұқсас немесе аралас дәрежедегi белгiлер тауарлардың кез келген сыныбына қатысты тiркелмейдi. Тауар шыққан жер атаулары тауар шыққан жердiң осы атауын пайдалану құқығы бар адамның тауар таңбасына қорғалмайтын элемент есебiнде кiргiзiлуi мүмкiн. Шыққан жерiнiң атаулары тiркелген қор бойынша iздестiрулер жүргiзiледi.
3.4.10. Сертификаттық таңбалар белгiленген тәртiппен тiркелген сапаға сәйкес таңбалар тауар таңбасы сапасын тiркеуге жатпайды.
3.5. Үйлестiгi мен ұқсастығы белгiсiн тексеру Заңның 15-бабының 1 т. негiзiнде жүзеге асырылады.
Барлық элементтерi бiр-бiрiмен ұқсас келетiн белгiлер ұқсас деп танылады.
Жекелеген элементтердiң айырмашылығына қарамастан тұтынушыға ұқсас сияқты көрiнетiн белгiлер үйлес деп танылады.
Iздестiрулер:
- Қазақстанда бұрындары тiркелген және тiркеуге өтiнiм берiлген белгiлер арасынан;
- халықаралық шарттарға байланысты Қазақстанда тiркеусiз қорғалатын үшiншi жақтың таңбасы ескерiле отырып;
- тауар шыққан жер атауларын бұрындары тiркелген және тiркеуге өтiнiм берiлгендер арасынан;
- бұрындары Қазпатентте тiркелген немесе тiркеуге берiлген өнеркәсiп үлгiлерi арасынан жүргiзiледi.
Ұқсастық пен үйлестiктi тексеру кезiнде төмендегiдей әрекеттер жүзеге асырылады:
- ұқсас және үйлес белгiлердi iздестiру жүргiзiледi;
- көрсетiлген және анықталған белгiлердiң үйлестiк дәрежелерi айқындалады;
- анықталған ұқсас немесе үйлес белгiлердiң тiркелген тауарларына өтiнiм берiлген тауарлардың бiртектiлiгi айқындалады.
Мұндай жағдайда Заңның 23 бабына сәйкес тiркеу әрекетi тоқтатылған күннен бастап 3 жылдық мерзiмi бiтпеген таңбалар, сондай-ақ тiркеуден бас тартылған және қарсы дау шешiмiнiң мерзiмi өтпеген таңбалар назарға алынады.
3.5.1. Сөздiк белгiлердiң ұқсастығы төмендегiдей жолдармен айқындалады:
- сөздiк белгiлерiмен;
- құрамына сөздiк элементтер енетiн қоспа белгiлерiмен.
Сөздiк белгiлердiң ұқсастығы дыбыстық (фонетикалық), географиялық (көзбен шолынатын) және мәндiк (семантикалық) болуы мүмкiн.
3.5.1.1. Дыбыстық (фонетикалық) ұқсастық төмендегiдей белгiлерiнен айқындалады:
- буын санынан;
- дыбысталуы және әрiптерi мен дыбыстарының сәйкес келуi жөнiнен;
- ұқсас дыбыстарының жақындығынан;
- ұқсас буындары және олардың орналасуынан;
- белгi құрамында дыбыс үндестiгiнiң ұқсас орнына;
- дауыстылар құрамының жақындығынан;
- дауыссыздар құрамының жақындығынан;
- белгiлер бөлшектерiнiң ұқсастық сипатынан;
- екпiн түсуiнен және т.б.
Бұл сипаттамалардың әрқайсысы жекеше де, сондай-ақ әрқилы бiрлiкте олардың айқындаушы маңызына байланысты дыбыс бейнесiн жасауда және тұтынушының қабылдауында да ескерiлуi мүмкiн.
Автоматтандырылған iздестiру бейнесiн қалыптастыруды сарапшы төмендегiдей жолмен жүзеге асырады:
1) сөздiк бiрлiк тұтастығымен;
2) белгiнiң транслитерациясы (кириллица-латиница);
3) нышандардың шексiз санын сол мен оңнан нөлдеу;
4) дербес мәндi маңызы бар сөздiң жекелеген бөлiктерiн тексеру;
5) әрбiр буынды жүйелi нөлдеу;
6) дауысты дыбыстарды фонетикалық эквивалентiмен алмастыру;
7) дауыссыз дыбыстарды фонетикалық эквивалентiмен алмастыру;
8) дауысты дыбыстарды нөлдеудi еселеу;
9) дауыссыз дыбыстарды нөлдеудi еселеу;
10) әрбiр еселенген әрiптi бiреумен алмастыру;
11) әрiптер және әрiп тiркестерiн олардың фонетикалық эквиваленттерiмен және басқа да модификациялармен жүйелi ауыстыру.
Сөздегi жағдайына қарай эквиваленттерге, мысалы үшiн, мыналар танылуы мүмкiн:
қаз графикасы орыс графикасы латын графикасы
-i
А Ш - Ж SH - SCH - J - G
Т - Д T - D - GHT - TH
С - З - Ц S - C - Z - SS
К - Г - Х K - G -H
В - Ф Y - F - PH - FF - W
П - Б P - B
Ч - Ш CH - TCH
У - Ю U - OO - YOU - OU
Е - И E - Y EE - EA - I
А - Я
О - У
М - Н
Атап өтілген белгiлердiң әрқайсысы жеке де, сондай-ақ әртүрлi байланыста да ескерiлуi мүмкiн.
Иероглифтердi, араб және басқа да графикаларды пайдалануда транслитерациясы қоса жүруге тиiс. Мұндай жағдайда iздестiру графикалық бейне және транслитерациясы бойынша жүргiзiледi.
3.5.1.2. Сөздiк белгiлердiң графикалық (көзбен шолу) ұқсастығы төмендегiдей негiздерде айқындалады:
- жалпы көру әсерiмен;
- қарып түрiмен;
- жазу тәсiлiмен, оның iшiнде әрiптер мен әлiби орналасуымен;
- түрлi-түстi және түрлi-түстi байланыста;
Iздестiру сөздiк сипаттамасы бар сөздiк және графикалық белгiлерiнiң арасынан жүргiзiледi.
3.5.1.3. Мәндiк (семантикалық) ұқсастық қазақстандық тұтынушы қабылдауына төмендегiдей айқындалады:
- түсiнiктiң ұқсастығы;
- түсiнiктi кереғарлығы;
Қисындық екпiн түсетiн және дербес маңызға ие белгiлер элементтерiнiң бiрiнiң ұқсас келуi ескерiледi.
3.6. Бейнелiк және көлемдiк белгiлердiң ұқсастығы төмендегi белгiлерi бойынша айқындалады:
- сыртқы пiшiнi;
- симметриясының барлығы яки жоқтығы;
- бейнелеу түрi мен сипаттамасы;
- түстiк байланысы.
Түстi және түстiк байланысы тауар таңбасының жалғыз белгiсi болып табылмайды, оның қосымша белгiсi болып саналуы мүмкiн.
Автоматтандырылған бейне iздестiрудi қалыптастыру графикалық элементтердiң халықаралық жiктелуiн пайдалана отырып, градацияның алғашқы екi деңгейiмен жүзеге асырылуы мүмкiн. Iздестiрудi төмендегi сызба бойынша жүзеге асыру ұсынылады:
- бейнелеу таңбасында басым түсетiн геометриялық фигуралар;
- жекелеген әрiптер мен цифрларды қоса отырып басым түсетiн бейнелiк фигуралар;
- басым элементтер жиынтығы;
- өтiнiм берiлген композицияда басымдық жағдайға ие емес, бiрақ композициялық аяқталуы бар бейнелеу;
- этикеткалар негiзгi элементтерi бойынша iздестiруден өзге 2.5.1. индексi бойынша тексерiледi.
Iздестiрулер графикалық элементтер кiретiн бейнелiк, құрама белгiлердiң арасынан, сондай-ақ көлемдi таңбалардың арасынан жүргiзiледi.
3.7. Құрама белгiлер тұтастай құрама белгiлерiнiң, сондай-ақ оның жекелеген сыңарларының ұқсастығын зерттейдi. Жекелеген сыңарларының (көздiк, графикалық) араласу дәрежесiндегi ұқсастығы немесе үйлестiгi анықталған жағдайда құрама белгiлердi тiркеуден тұтастай бас тартылады.
3.8. Тауарлардың бiртектiлiгiн айқындау "қорғау қабiлеттiгi" белгiсiн тiркеуге өтiнiм берiлуге сәйкестiгiн анықтау мақсатымен жүзеге асырылады.
Бiртектi тауарлар бiр ғана функцияны атқаратын, бiр ғана текке (түрге) кiретiн, оларды ұқсас және үйлес таңбалармен маркалаған кезде тұтынушыға бұлар бiр ғана өндiрушiден шыққандай әсер қалдыратын тауарлар болып табылады.
Тауарлардың бiртектiлiгi келесi белгiлерiне: тегiне (түрiне), бағытына, өткiзу жағдайына, тұтынушылар ортасына қарай айқындалады.
Тауарлардың бiртектiлiгiн анықтау кезiнде өтiнiмде көрсетiлген тауар тiзiмiмен ұқсас немесе үйлес тауар таңбаларының тiркелген немесе тiркеуге өтiнiм берiлген тауарлар тiзiмiн салыстыру жүргiзiледi.
Тауарлар ТҚХЖ бiр сыныбына жататын болғандықтан ғана үйлес болып саналмайды, ал әртүрлi сыныптарға жатуы оның әртектiлiгiне дәлел болып табылмайды.
Осылайша ТҚХЖ 25 сыныбына енгiзiлген киiмдер мен аяқ киiмдер, функциональдық бағытына байланысты 10,21 және 9 сыныптарға жататын биалайлар бiр тектi емес тауарлар болып танылады.
Бiртектi тауарлар/қызмет көрсетулер кiретiн корреспонденттiк сыныпқа мысалы үшiн, төмендегiлердi есептеуге болады:
1 және 5 - ауылшаруашылығына арналған химиялық өнiмдерге және ауылшаруашылығындағы зиянкестердi жоюға арналған құралдарға қатыстылар
3 және 5 - косметикалық құралдар мен дезодоранттарға қатыстылар
16 және 41 - баспа өнiмдерi және баспа өнiмдерi басылымына қатыстылар
25 және 40 - киiм және киiм-кешек тiгуге қатыстылар және т.б.
4. Баждар төленуiн тексеру
Баждар төленуiн тексеру алдын ала және толық сараптама кезеңдерiнде баждар төленуi тәртiбi туралы Ережеге сәйкес мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
- баждар төленгенiн растайтын құжаттардың бар екендiгiн және шынайылығын тексерумен;
егер ол болмаған немесе мерзiмiнде түспеген жағдайда өтiнiм шақыртып алған болып саналады, ол туралы өтiнiм берушiге жазбаша нысанда хабарланады. Өтiп кеткен мерзiм орнын толтыруға жатпайды.
- өтем құжаттарында көрсетiлген реквизиттердiң дұрыстығын тексеру.
Қате байқалған жағдайда өтiнiм берушiге өтемiн көрсетiлген реквизитке сәйкес жүргiзуге ұсыныс жасалған сұрау салу жолданады.
- өтем сомасын тексеру
өтiнiм бергенi үшiн баждар туралы ережемен бекiтiлген соманың жетiспейтiнi анықталған жағдайда өтiнiм берушiге қосымша төлем жасау жөнiндегi ұсыныспен тиiстi сұрау салу жолданады.
Өтiнiмдегi барлық сыныптар бойынша сараптама жүргiзгенi үшiн баждар туралы бекiтiлген ережелермен сома жетiспеушiлiгi байқалған жағдайда өтiнiм берушiге жетпейтiн соманы төлеу ұсынылған тиiстi сұрау салу жiберiледi. Тиiстi қосымша төлемдi куәландыратын төлемдiк құжат тапсырылмаған жағдайда сараптама егер өтiнiм берушiге жiктелу жөнiнде оны азайту жағына қарай өзгертудi сұрамаған жағдайда баждың төленген сомасына сәйкес өтiнiмде алғаш көрсетiлген сыныпқа қатысты жүргiзiледi.
- баждар төленетiн мерзiмдердi тексеру
Баж төлеу 2 ай мерзiм өткеннен кейiн (бiрақ 6 ай кешiктiрмей) төленген жағдайда, өтiнiм сұраушыға (п. 17 Баждарды төлейтiн тәртiптiң бойынша) қосымша баж төлеу ұсынылады. Өтiнiм жөнiндегi iс жүргiзу мұндай жағдайда қосымша баждар төленгенше тоқтатыла тұрады.
5. Өзгертулер, толықтырулар, анықтаулар немесе түзетулер
Iс жүзiнде өтiнiмдi өзгертпейтiн түзетулер өтiнiм материалдарына оны берген күннен бастап екi ай iшiнде өтiнiм берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша баж төлемiнсiз енгiзiлуi мүмкiн. Осы мерзiм өткен соң осындай өзгертулер тиiстi баж төлемiн кейiн енгiзiледi. Iс жүзiнде өтiнiмдi ауыстырмайтын өзгертулерге мыналар жатқызылады:
- егер өтiнiм берушi бұрынғы болып қалса, өтiнiм берушiнiң атауы мен мекен-жайын сараптаманың кез келген кезеңiнде өзгерту;
- жалпы қабылдауға ықпал жасамайтын (көзбен шолу немесе фонетикалық бейне) және өтiнiм берушiлердiң құқығына нұқсан келтiрмейтiн кешiрек берiлген таңбалар бойынша өтiнiм берiлген немесе тiркелген белгiлердi өзгерту;
- бiртектiлiк жағдайында мәлiмделген сыныптар арасындағы тауарлар тiзiмiн өзгерту.
Егер өтiнiм берушiнiң аты мен мекен-жайын өзгерту контракт жасау нәтижесi болып табылса, өтiнiште бұрынғы өтiнiм берушiнiң аты, жаңа өтiнiм берушiнiң аты көрсетiледi, сондай-ақ олардың ортақ келiсiмге келу фактiсi расталынады. Мұндай өзгертулер енгiзу қорғау құжатын алуға құқық беру туралы өтiнiш үшiн баж төлемiне ұласады.
Мәлiмделген белгiнi айтарлықтай өзгерту немесе ТҚХЖ сыныптары ұлғаюымен тауарлар тiзiмiн кеңейту, сондай-ақ сыныптардың алғашқы өтiнiм материалдарының iшiнде көрсетiлген бiртектес емес тауарлар сараптамада айтарлықтай өзгертулер болып саналады.
Өтiнiм берушiге мұндайда дербес өтiнiм ресiмдеу ұсынылады.
5.1. Өтiнiмдi бөлу өтiнiм берушiнiң сұрауы бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн оны қарау мен наразылық бiлдiрудiң кез келген кезеңiнде алғашқы өтiнiмде келтiрiлген тауарлар және/немесе қызмет көрсетулердi бөлу жолымен iске асырылады. Бөлiнген өтiнiмдер алғашқы өтiнiм берiлген уақытын, сондай-ақ қосымша кодты нөмiрiн сақтайды.
5.2. Тiркеудi бөлу иесiнiң сұрауы бойынша тауар таңбасының тiркелуiне қатысты тауарлардың тiркелуi арасында бөлу жолымен жүргiзiледi. Бұл сондай-ақ тауарлар және/немесе қызмет көрсетулердiң бiр бөлiгiне қатысты тiркеудi заңсыз деп танылған жағдайда да жүргiзiледi. Тiркеудi бөлу туралы жазба Мемлекеттiк тiзбеге түсiрiледi. Тiркеу нөмiрiне мұндайда код қосылады.
5.3. Тауар таңбасын тiркеуге өтiнiмнiң ұжымдық таңбасын тiркеу өтiнiмiне айналдыру осы бiрлестiкке кiретiн және өтiнiм берген адамдардың бiрiнiң сұрауы бойынша, басқа өтiнiм берушiлердiң келiсiмiмен ол жөнiнде шешiм қабылдағанға дейiн сараптаманың кез келген кезеңiнде жүзеге асырылады.
Тауар таңбасын тiркеуге өтiнiм ұжымдық таңбаны тiркеуге өтiнiмге айналдыру сараптаманың кез келген кезеңiнде ол жөнiнде өтiнiм берушiнiң атынан өтiнiш және Заңның 7 бабында қарастырылған Жарғы тапсырылуы жолымен iске асырылуы мүмкiн.
6. Жауап беру мерзiмiн ұзарту
Сұрау салуға жауап беру мерзiмiн ұзарту Қазпатентке түскен өтiнiм берушiнiң жазбаша сұрауы бойынша осы Ережеде белгiленген жауап беру мерзiмiнен кешiктірмей тиiстi баждары төленген жағдайда жүзеге асырылады. Жауап берудi ұзартудың ең ұзақ мерзiмi - 6 ай.
7. Өтiп кеткен мерзiмдердi қалпына келтiру
Заңның 12 бабына сәйкес мерзiмдi қалпына келтiру өтiп кеткен мерзiмнiң себептерi көрсетiлiп, мерзiм өткеннен кейiн 2 айдан кешiктiрмей берiлген өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Егер көрсетiлген себептер сараптамаға жеткiлiксiз болып көрiнсе, ол өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiруден бас тарта алады.
Өтiнiм берушiнiң өтiнiшiне тиiстi баждың төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс.
Баж төлеуге байланысты әрекеттерге осы пункт қолданбайды.
8. Өтiнiмдi қайта шақырып алу
Өтiнiмдi қайта шақырып алу өтiнiм берушiнiң сұрауы бойынша сараптаманың кез келген кезеңiнде тiркеу күнiнен кешiктiрiлмей, сондай-ақ сараптама шешiмi негiзiнде өтiнiм берушiнiң сұрау салуға жауабы заңмен белгiленген барлық мерзiмдi бұзған жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн. Шақырып алынған өтiнiм бойынша заңгерлiк маңызды әрекеттер жүргiзiлмейдi. Басқа өтiнiмдердi сараптау кезiнде ол назарға алынбайды.
Өтiнiмдi шақырып алу туралы тиістi шешiм қабылданған күннен бастап өтiнiм шақырып алған болып саналады, өтiнiм берушiге он күн iшiнде жiберiледi.
9. Тiркеу қызметi мерзiмiн ұзарту
Тауар таңбасын тiркеу қызметiнiң мерзiмiн ұзарту иесiнiң Қазпатентке куәлiктiң қызмет мерзiмi өтпей тапсырылған жазбаша өтiнiшi бойынша (тиiстi баждары төленген жағдайда) жүргiзiледi. Бұл мерзiм қосымша баж төленген жағдайда 6 айдай уақытқа ұзартылуы мүмкiн.
Тауар таңбасын тiркеу қызметiнiң ұзартылуы туралы жазба Мемлекеттiк тiзiмге және тауар таңбасы иесiнiң сұрауы бойынша куәлiкке түсiрiледi. Тiркеу әрекетi мерзiмiн ұзарту туралы мәлiмет Патент ведомствосының ресми бюллетенiнде жарияланады.
10. Тiркеудi жою
Тауар таңбасы тiркелуiн жою төмендегiлерге байланысты жүргiзiледi:
- оның қызмет мерзiмiнiң тоқтатылуымен;
- құзыреттi органдардың шешiмi негiзiнде (Шағым-арыз кеңесi немесе сот органдары);
- Заңның 28 бабына сәйкес тiркеу заңсыз деп танылған жағдайда;
- заңды тұлғаны жою кезiнде немесе егер үшiншi жақтың өтiнiшi бойынша заңды мұрагерi болмаған жағдайда заңды тұлға практикалық қызметiн тоқтатқан жағдайда;
- тауар таңбасы иесiнiң өтiнiшi негiзiнде.
Тауар таңбаларының Мемлекеттiк тiзiлiмiне жойылуы туралы мәлiметтер енгiзiлген күннен бастап тiркеу жойылды деп есептеледi.
Тiркеудiң жойылуы туралы Қазпатенттiң ресми бюллетенiнде жарияланады.
Осы ереже ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi.