Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның депутаттарының статусы туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 35-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының куәлiгi туралы" Ереже бекiтiлсiн (қосымша берiлдi).
2. "Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының омырауға тағатын белгiсi туралы" Ереже бекiтiлсiн (қосымша берiлдi).
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
"19" қаңтар 1996 Ж.
N 43
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Парламентi
депутатының куәлiгi туралы
1. Орталық сайлау комиссиясы депутатқа Парламент депутаты куәлiгiн, сайлау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн, тапсырады.
2. Парламент депутаты куәлiгiнiң үлгiсi мен сипатын Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.
3. Парламент депутатының куәлiгi дауыс беруге арналған карточка болып та табылады.
4. Депутат Парламент депутаты куәлiгiн өзiнiң өкiлеттiлiк мерзiмi кезеңiнде ғана пайдалана алады.
5. Депутаттық өкiлеттiлiк мерзiмi бiткеннен соң, сонымен қатар депутат өз өкiлеттiгiнен айрылған жағдайда Парламент депутаты куәлiгi Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады.
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының
омырауға тағатын белгiсi туралы
1. Орталық сайлау комиссиясы, сайлау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн, депутатқа Парламент депутатының омырауға тағатын белгiсiн тапсырады.
2. Парламент депутаты омырауға тағатын белгiсiнiң үлгiсi мен сипатын Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.
Парламент депутатының омырауға тағатын белгiсi диаметрi 30 мм алтын диск болып табылады.
Дискiнiң беткi жағы үш бедерлi шеңберден тұрады.
Алтын сабақтардан тұратын бiрiншi шеңбер жоғары жағында "Парламент" төменгi жағында қазақ тiлiндегi "депутаты" сөздерi орналасқан көгiлдiр лента түрiндегi екiншi шеңбердi көмкерiп тұр.
Дискiнiң орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туының белгiсi күн мен шарықтанған бүркiт орналасқан.
Парламент депутатының 40 мм алтын шынжырлы штифтiк бекiткiшi бар.
Омырауға тағатын белгiнiң келесi жағында оның есептiк нөмiрi соғылған.
3. Парламент депутатының омырауға тағатын белгiсi сол жақ өңiрге тағылады және өзiнiң тiркеу нөмiрi бар.
4. Парламент депутатының омырауға тағатын белгiсiн депутат өз өкiлеттiлiк мерзiмi кезеңiнде ғана пайдалана алады.
5. Депутаттық өкiлеттiлiк мерзiмi бiткеннен соң Парламент депутаты омырауға тағатын белгiсiн Орталық сайлау комиссиясына тапсырады.
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы