Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүрудi ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 193-П V950144_ "Кедендiк алып жүру туралы" бұйрығына төмендегiдей өзгерiс енгiзiлсiн:
- 2.2-тармағының 3-абзацы төмендегідей редакцияда баяндалсын: "тауардың сипаты мен мәртебесi (акцизделетiн тауарлар, лицензияландырылатын тауарлар, әкелiнуiне өзге де мемлекеттiк органдардың рұқсаты керек болатын тауарлар, салынатын салығы кедендiк құнының 30%-нен асып кететiн не арнайы ставкалар бойынша кеден баждары және қосылған құнға салық салынатын тауарлар"
2. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 236-П "Кедендiк алып жүру туралы ережеге" бұйрығының күшi жойылған болып есептелсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кеден комитетi Төрағасының орынбасары жүктелсiн.
Төраға