---------Бұйрықтан үзінді--------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңына сәйкес Бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақысына қосымшаларды толықтыру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнің 1997 жылғы 10 наурыздағы N 26-б бұйрығының (мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде 1997 жылдың 8 сәуірінде N 280 тіркелген) күші жойылды деп танылсын...
Министр
_________________________________
Бекiтiлген Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң Еңбек және халықты
N 63 бұйрығымен әлеуметтiк қорғау
10 наурыз 1997 жыл министрлiгiнiң N 26-п
бұйрығымен
06 наурыз 1997 жыл
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 17 маусымдағы N 3037 Жарлығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы Ереженiң 24-тармағына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлердi қызмет өткерген жылдары бойынша, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылғандығы бойынша Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңымен тағайындаған мөлшер шегiнде зейнетақы төлеудi қаржыландыру Зейнетақы қоры қаржысы есебiнен жүргiзiледi. Бұл зейнетақы мөлшерiнiң қалған бөлiгi, сондай-ақ қызмет өткерген жылдары бойынша зейнет жасына жетпей, осы Ереженiң 6-тармағында көзделген, мерзiмнен бұрын тағайындалған зейнетақының толық көлемi мемлекеттiк бюджет (жергiлiктi және республикалық) қаржысы есебiнен қаржыландырылады. Мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнатықысының кепiлдi мөлшерi, оларды қаржыландыратын түрлi көздер екi бөлiктен тұрады.
Бұл екi көздiң әрқайсысының мемлекеттiк қызметшiнiң зейнетақы көлемiн қалыптастыруға қатысты үлесiн анықтау үшiн аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары мемлекеттiк қызметшiге тағайындалатын зейнетақы көлемi екi бөлiк бойынша есептеу арқылы жүзеге асырылады: зейнетақының бiрiншi бөлiгiнiң көлемi (негiзгi немесе базалық) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңына (одан әрi-Негiзгi зейнетақы Заңы) сәйкес есептеледi, екiншi бөлiгi (мемлекеттiк бюджеттен қосымша төлеу) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 17 маусымдағы N 3037 Қаулысымен (одан әрi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 17.06.1996 ж. N 3037 Қаулысы бекiтiлген, мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы Ережемен сәйкес есептелген мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақы көлемi арасындағы айырмашылық және мөлшердiң негiзгi бөлiгi (базалық) ретiнде айқындалады.
П мем* = П баз + ҚОС мб
П мем - Президентiнiң N 3037
Жарлығына сәйкес
есептелген зейнетақы көлемi
ҚОС мб = П мем - П баз
П баз - Негiзгi зейнетақы Заңы
бойынша есептелген базалық
зейнетақы көлемi
ҚОС мб - мемлекеттiк бюджеттен
қосылған сома базалық
зейнетақы көлемiне
жергiлiктi немесе
республикалық бюджеттен
Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Ереженiң 14 тармағына сәйкес тек Зейнетақы қоры қаржысы есебiнен төленетiн, Зейнетақы қоры және асыраушысынан айырылғандығы бойынша зейнетақы қаржыларының қатысуынсыз тиiстi бюджет қаржылары есебiнен төленетiн, 2 жыл көлемiнде мерзiмнен бұрын тағайындалған зейнетақылардан басқалары.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 17.06.1996 жылғы N 3037 Жарлығы негiзiнде тағайындалған мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақысының көлемi Негiзгi зейнетақы Заңына сәйкес есептелген зейнетақы қоры көлемiнен базалық зейнетақы көлемiнiң қосымшасынан асқан жағдайда, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақы жасына жетпей мерзiмнен тыс тағайындалған зейнетақыларды төлеу мемлекеттiк бюджет қаржысы есебiнен жүргiзiледi, еңбек ақысы жергiлiктi бюджет есебiнен төленген мемлекеттiк қызметшiлер үшiн жергiлiктi бюджет қорына, еңбек ақысы Республикалық бюджет есебiнен төленген мемлекеттiк қызметшiлер үшiн - республикалық бюджет қорынан.
Осыларға байланысты жергiлiктi және республикалық бюджеттерде жыл сайын 06 мiндеткер топ, 01 мiндеттер, 06 iшкi мiндеттер, 213 мекеме, 42 бағдарлама бойынша қолданымдағы бюджеттiк сыныптамаға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақысына қосымшаларды толықтыруға және мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақы жасына жетпей мерзiмнен тыс тағайындалған зейнетақыларға төлеуге қаржы қарастырылады. Зейнетақы қорына көрсетiлген қосымшаларды толықтыру тәртiбi мынадай:
1. Жергiлiктi еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары мемлекеттiк қызметшiлерге қосымшадағы заңдарға сәйкес зейнетақы тағайындауды жүзеге асырады, зейнетақының базалық көлемiн есептейдi және зейнетақының немесе қосымшаларды толықтырудың бюджеттiк бөлiгiн, сондай-ақ оның қаржыландыру көзiн немесе республикалық бюджетi анықтайды. Зейнетақы iсiн толықтыру кезiнде титульдық параққа мiндеттi түрде Өткерген жылдары бойынша зейнеткер мемлекеттiк қызметшi зейнеткердiң дәрежесi, мемлекеттiк қызметшiнiң зейнетке шығар алдында еңбек ақы төлеу жүзеге асырылған бюджет деңгейiнiң есебiн есептеу отырып, зейнеткер-мемлекеттiк қызметшiнiң деңгейiн көрсетедi, жергiлiктi немесе республикалық.
2. Облыстардың, Алматы қаласының қаржы басқармалары 6 мiндеткер топ, 213 мекеме, 42 бағдарлама, 00 iшкi бағдарлама, 333 арнаулы ерекшелiк шығыстардың бюджеттiк коды 2134200333 бойынша шығыстардың сметасына сәйкес ай сайын облыстардың, Алматы қаласының Зейнетақы қорының ағымдағы (829) шотына аванстық тәртiппен одан әрi аударып тұру үшiн облыстардың еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларына Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақысына қосымшаларды толықтыруға жергiлiктi бюджетте көзделген қаржыларды бөледi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi сметалық шығыстарға сәйкес республикалық деңгейдегi мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақысына қосымшаларды толықтыру үшiн республикалық бюджетте көзделген, қазынашылық рұқсатпен Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының ағымдағы шотына (шоты 829) аванстық тәртiппен, одан әрi аударып тұру үшiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне ай сайын қаржы бөледi.
3. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi облыстық басқармалары, Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы "Зейнетақы қорына қаржылардың түсуi және жұмсалуы туралы" 2-ПФ үлгiсi, "Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу туралы" 1-собес.
"Зейнеткерлердiң саны және оларға тағайындалған айлық зейнетақының сомасы" 94 РИК үлгiсiмен жартыжылдық және жылдық есеп беру бойынша тоқсан сайын есеп берудi қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк қызметшiлерге тағайындалған зейнетақылардың түрлерiн көрсетiп, қаржыландыру көздерi бойынша тағайындалған және төленген зейнетақылар ажыратылып мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақы тағайындау және төлеу жөнiндегi нақтылы мәлiметтер, сондай-ақ зейнеткер-мемлекеттiк қызметшiлерге сомалармен төлеудi мемлекеттiк бюджет үлесiн Зейнетақы қорына толықтыру жөнiндегi мәлiметтер көрiнiс табады, осы жағдайларға байланысты көрсетiлген үлгiлерге тиiстi өзгертулер енгiзiлдi:
2-ПФ үлгiсi бойынша
1-тарау. Кiрiстер
151 жолдан кейiн "оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң 17.06.1996 ж N 3037 Жарлығының 24-тармағы негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақысына қосымшаларды толықтыру үшiн Зейнетақы қорына жергiлiктi бюджеттен түсетiн қаржылардың сомасы көрсетiлген 152-жол енгiзiлген. Аталған соманың есепте көрiнiс табуы кезiнде облыстық қаржы басқармасымен келiсiлген болуы керек.
181-жолдан кейiн, республика деңгейiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақысына қосымша республикалық бюджеттен нақтылы түскен қаржылар көрiнiс табатын, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 17.06.1996 ж. N 3037 Жарлығының 24-тармағы негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақысына республикалық бюджетте қосымшаларды толықтырып 152-жолы енгiзiлген.
2-тарау. Шығыстар
- 221 жолдан кейiн:
- есептi мерзiм iшiнде П баз - базалық зейнетақылардың сомалары көрсетiлетiн "оның iшiнде, Негiзгi зейнетақы Заңына сәйкес тағайындалған, зейнеткер-мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақы төлеу" 222.
- тиiстi бюджеттiк қорлардан толықтыруға жататын ҚОС мб мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақысына республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен қосымшаларды толықтыру сомасы көрiнiс табатын, "оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң 17.06.1996 ж. N 3037 Жарлығының 24-тармағы негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақысына қосымшаларды толықтыру" 223 жолдары енгiзiлген.
"Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу бойынша контингенттер туралы МӘЛIМЕТ тарауындағы "ҚР-дағы азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға сәйкес зейнетақы алатын зейнеткерлердiң саны" жолынан кейiн, зейнеткер-мемлекеттiк қызметшiлер саны және оларға төленген зейнетақы сомасы (П мем ). Көрсетiлген соманың 222 + 223 (П баз + ҚОС мб ) жолдарының сомасына сәйкес келуi керектiгi көрiнiс табатын, "ҚР Президентiнiң 17.06.96 ж. N 3037 Жарлығына сәйкес зейнетақы алатын зейнеткерлердiң саны жолы енгiзiлген.
1-собес үлгiсi бойынша.
10-жолдан кейiн барлық тағайындалған түрлер бойынша мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақы тағайындау және төлеу көрсетiлген 11-26 жолдар енгiзiлген: жасы толғандығы бойынша, екi жыл шегiнде мерзiмнен бұрын, жеке жағдайы бойынша, тағайындалған қаржы көздерiн бөле отырып, асыраушысынан айырылғандығына байланысты.
- "оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлер, барлығы" 11-жол бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң 17.06.96 ж. N 3037 Жарлығына сәйкес сомасы тағайындалған, зейнеткер- мемлекеттiк қызметшiлердiң жалпы саны көрiнiс табады;
- "а) Зейнетақы қоры қаржысынан төленетiн базалық зейнетақы сомасы" тиiстi бюджеттердiң есебiнен екi жыл шегiнде зейнетақы төленетiн, мерзiмнен бұрын тағайындалған зейнетақыдан басқа, мемлекеттiк қызметшiлердiң саны көрсетiледi. Негiзгi зейнетақы Заңы және Зейнетақы қоры қаржысына сәйкес тағайындалған базалық зейнетақының сомасы көрiнiс табады. 12-жол бойынша төленген зейнетақылардың көрсетiлген сомасы 2-ПФ үлгiсiнiң 222-жолы бойынша зейнетақы сомасына сәйкес келуi керек;
- "б) Республикалық бюджет қоры есебiнен базалық зейнетақыларға қосымшаларды толықтыру" 13-жол бойынша асыраушысынан айырылғандығы бойынша тағайындалған зейнетақылардан басқа республикалық деңгейдегi зейнетақыларды санын көрсетедi. Республикалық деңгейдегi мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақыларына тағайындалған және төленген толықтырылған қосымшалардың және олардың орта көлемiнiң сомасы көрiнiс табады;
- "в) жергiлiктi бюджет қорынан базалық зейнетақыға қосымшаларды толықтыру: 14-жол бойынша, асыраушысынан айырылғандығы бойынша тағайындалған зейнеткерлерден басқа жергiлiктi деңгейдегi зейнеткерлердiң саны көрсетiледi. Жергiлiктi деңгейдегi мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақыларына тағайындалған және төленген толықтырылған қосымшалардың және олардың орта көлемiнiң сомасы көрiнiс табады;
15-26-жолдар бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақысының Толтыру тәртiбiн тағайындау түрлерi бойынша 11-14-жолдарға ұқсас жазылған. Мерзiмнен бұрын тағайындалған зейнетақылардың зейнет жасына жеткенге дейiн, бiрақ екi жылдан артық емес тиiстi бюджет қоры есебiнен, ал асыраушысынан айырылғандығы бойынша зейнетақы толығымен Зейнетақы қоры есебiнен төленетiнiн ескеру керек.
4. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары, Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы тоқсан сайын келесi тоқсандық есеп беру айының 30-ы күнiнен кешiктiрмей, жергiлiктi бюджет қорының жұмсалған шығындарын нақтылау үшiн облыстық қаржы басқармаларына есеп берудiң 2-ПФ және 1-собес үлгiлерiн тапсырады. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қаржы министрлiгiне республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жұмсалған шығындарын нақтылау үшiн 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешiктiрмей 2-ПФ, 1- собес үлгiлерi бойынша бiрiккен есебiн ұсынады.
5. Мемлекеттiк қызметшiлерге зейнетақы тағайындаудың дұрыстығына бақылауды, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының зейнетақыларға мемлекеттiк бюджет қорларынан қосымшаларды толықтыруға жұмсалған шығындардың заңдылығын олардан жоғары тұрған органдар, сондай-ақ қаржы органдары тоқсан сайын жүзеге асырып отырады.
6. Мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақылары дұрыс есептелмегендiгi бойынша артық төленген сома, оның iшiнде, мемлекеттiк бюджет қоры есебiнен мемлекеттiк қызметшiлердiң зейнетақысына артық төленген қосымшаларды толықтыру сомалары, азаматтық заңдармен тағайындалған тәртiптерге сәйкес реттеуге жатады.