Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
1. "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы" Нұсқаулық және қолдар мен мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар құжат нысаны бекiтiлiп, 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасы бекiткен "Қазақстан Республикасы банктерiнiң мекемелерiнде ашылатын есеп айырысу, ағымдағы және бюджеттiк шоттар туралы" N 127 Нұсқаулық (1993 жылғы 23 маусымдағы N 16 хаттама) 1997 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiн жойды деп танылсын.
3. Банктiк қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.К.) осы қаулы,
бекiтiлген Нұсқаулық пен қолдар және мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар
құжат нысаны жайында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (бас
Алматы аумақтық) басқармаларына хабарласын, оларға осы қаулыны, жоғарыда
аталған Нұсқаулықты және қолдар мен мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар
құжат нысанын екiншi деңгейдегi банктерге хабарлауды мiндеттесiн.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi Басқармасының 1997 жылғы
4 наурыздағы N 61 қаулысымен
бекiтiлген
(01.04.97 ж. күшiне енгiзiлген)
Тiркеу N 447
Қазақстан Республикасындағы банктерде клиенттердiң банктiк
шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы
Нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
ЕСКЕРТУ. "І бөлім." деген сөздер "1-тарау." деген сөздермен
ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1998.12.23.
N 287
қаулысымен.
1. Банктiк шот - бұл депозит қабылдау және банк операцияларын атқару
жөнiндегi банк пен шот иесiнiң арасындағы:
шот иесiне өз қаржысын кедергiсiз пайдалану құқығына кепiлдiк бере отырып, банктiң шот иесiне тиiстi қолма-қол ақшаның болуын қамтамасыз етуiне және пайдалануына;
ақша сомаларын шот иесiнiң пайдасына қабылдауға (есептеуге);
шот иесiнiң тапсыруы немесе үшiншi адамдардың өкiмiмен ақша және (немесе)аударуға байланысты шарттық қатынастарды көрсету тәсiлi.
Жоғарыда көрсетілген операциялардың бәрі жүргізілмейтін шоттар, сондай-ақ банктердегі бухгалтерлік есептің позициясын көрсететін шоттар, баланстық шоттың құрамы болып табылатын жеке шоттар (субпозициялар), оның ішінде несие шоттары банктік шоттар болып табылмайды.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1998.12.23. N 287 V980659_ қаулысымен.
2. Банктік шоттар теңгемен де, шет елдік валютамен де ашылуы және жүргізілуі мүмкін және жеке адамдар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілеттіктердің) оқшауланған бөлімшелерінің корреспонденттік, ағымдағы және жинақ шоты болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктердің және ұйымдардың банктік шоттары.
Ағымдағы және жинақ шоттары - заңды тұлғалардың, заңды тұлғалар мен жеке адамдардың оқшауланған бөлімшелерінің банктік шоттары.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1998.12.23. N 287 V980659_ қаулысымен.
3. Корреспонденттiк шоттарды ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысы негізінде заңда көзделген жағдайларда ашылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттар ашу ерекшелігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1998.12.23. N 287 V980659_ қаулысымен.
2-тарау. Банктiк шоттарды ашу тәртiбi
ЕСКЕРТУ. "ІІ бөлім." деген сөздер "2-тарау." деген сөздермен
ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1998.12.23.
N 287 V980659_ қаулысымен.
4. Банктiк шоттарды ашу банк пен шот иесi арасында банктiк шот шартын немесе банктік салым шартын жасау барысында жүргiзiледi.
4-1. Корреспонденттік немесе ағымдағы шотты банктік шот шарты бойынша ашқанда банк шот иесiнiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, тиiстi ақша сомаларын оған немесе үшiншi тұлғаға аудару (беру) жөнiндегi өкiмдi орындауға және осы шартта көрсетiлген басқа да қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi. Банктік шот шартында мыналар:
- тараптардың реквизиттерi;
- шарттың мәнi;
- шот иесiнiң банк берген жеке идентификациялық коды (шот иесiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған банктiк шоттарға өкiм етуге шот иесi өкiлеттiк берген тұлғаны идентификациялаудың өзге де қосымша тәсiлдерi);
- салық қызметi органы берген, құжатта көрсетiлген салық төлеушi-шот
иесiнiң тiркеу нөмiрi;
- банктiң қызмет көрсету шарты мен оларды төлеу тәртiбi көрсетiлуi
тиiс.
Банктік шот шартында тараптар келiскен өзге де шарттар көзделуi
мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1998.12.23. N 287
қаулысымен.
5. Банктік шот шартында ашылатын шоттардың түрлерiне және шот иесiнiң
құқықтық субъектiсiне қарай заңмен белгiленген қосымша талаптар қамтылуы
мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1998.12.23. N 287
қаулысымен.
6. Банктік шот шартын жасау үшiн клиентке.
1) Қазақстан Республикасының резиденттерi үшiн.
Заңды тұлғалар мен олардың ерекше құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдар
мен өкiлдiктер) үшiн:
қолдар мен мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар құжатты (нысаны қоса
берiлiп отыр);
клиенттi салықтық есепке қою фактiсiн қуаттайтын, салық қызметi
органы берген белгiленген нысандағы құжатты;
шаруашылық жүргізуші объект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжатты;
мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өту фактiсiн қуаттайтын, өкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесiн немесе соған теңестiрiлген құжаттың көшiрмесiн;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен куәландырылған жарғы көшірмесін (құрылымдық бөлiмшелер үшiн - Ереже) жарғы көшірмесін ұсыну қажет.
Жеке тұлғалар үшiн:
қолдардың үлгiлерi бар құжатты;
клиенттi салық есебiне қою фактiсiн қуаттайтын, салық қызметi органы берген белгiленген нысандағы құжатты;
жеке кәсіпкерлер үшін - шаруашылық жүргізуші субъект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжатты;
мемлекеттiк жеке кәсіпкерлер үшін тiркеуден (қайта тiркеуден) өту фактiсiн қуаттайтын, өкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесiн көшiрмесiн;
қажеттi реквизиттер тiркелген соң клиентке қайтарылатын жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет.
2) Қазақстан Республикасының резидент еместерi үшiн.
Заңды тұлғалар, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн:
қолдар мен мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар құжатты;
клиенттi (егер бұл клиент салық заңдарына сәйкес салық органдарында тіркеуден өтуге тиіс болса) Қазақстан Республикасында кiрiс алу орны бойынша, резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн Қазақстан Республикасында оларды тiркеу орны бойынша салық есебiне қою фактiсiн қуаттайтын, салық қызметi органы берген белгiленген нысандағы құжатты;
шаруашылық жүргізуші субъект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген белгіленген нысандағы құжатты;
резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн - мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өту фактiсiн қуаттайтын, өкiлеттi орган берген белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесiн, нотариалды куәландырылған, қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалған тиiстi филиал өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн, филиал немесе өкiлдiк басшысы сенiм хатының көшiрмесiн ұсыну қажет.
Жеке тұлғалар үшiн:
қолдардың үлгiлерi бар құжатты;
Қазақстан Республикасында кiрiс алу орны бойынша клиенттi салық есебiне қою фактiсiн қуаттайтын, салық қызметi органы берген белгiленген нысандағы құжатты;
қажеттi реквизиттер тiркелген соң клиентке қайтарылатын жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет.
3) шет елдiк дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер үшiн:
қолдар мен мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар құжатты;
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi куәландырған, оның тiркелгенiн қуаттайтын белгiленген нысандағы құжаттың көшiрмесiн ұсыну қажет.
Ашылатын шоттардың түрлерiне және клиенттiң құқықтық субъектiсiне қарай банк, егер мұны Қазақстан Республикасының заңдары және банк тiкелей көрсетсе, қосымша құжаттар берудi талап етуге құқылы.
Клиент бір банкте бірнеше шот ашқан жағдайда қол қою және мөртаңба үлгілері бар құжаттан клиенттің жеке басын куәлендіретін құжаттан басқа бірінші шотты ашу үшін көзделген құжаттарды қайталап беру талап етілмейді.
6-1. Банктік салым шарты бойынша жинақтық шот ашылғанда банк шот иесінен (салымшыдан) немесе оның пайдасына түсетін ақшаны (салымды) қабылдап отыруға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы (мүдде) төлеп тұруға және салымды заң актілерінде және банктік салым шартында белгіленген талаптарға сәйкес және тәртіппен қайтаруға, банктік салым шартында көзделген басқа да қызметтерді жасауға міндеттенеді.
Банктік салым шарты мыналарды қамтуы тиіс:
тараптардың міндеттемелері;
шарттың мәні;
банктің салымшыға берген сәйкестендірілген жеке кодын (салымшыны немесе жинақтық шотқа ие болуға салымшы уәкілеттік берген адамды сәйкестендірудің Қазақстан Республикасының заңдарында тиым салынбаған басқа да қосымша тәсілдері);
салық төлеуші - салымшының салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген тіркеу нөмірі;
банктің қызмет көрсету талаптары және оған ақы төлеу тәртібі.
Шартта Тараптар келіскен басқа да талаптар, оның ішінде сыйақы (мүдде) төлеу тәртібі көзделуі мүмкін.
Банктік салым шартын сондай-ақ банк салымшыға немесе оның пайдасына салым салушыға салынған салымды куәлендіретін құжат (салымдық құжат) беруі жолымен де жасалуы мүмкін. Салымдық құжат банктің ішкі ережелеріне сәйкес және оның талаптары негізінде беріледі. Салымдық құжатты берген кезде банк салымшыдан банктің көрсетілген ережелерін және талаптарын қабылдайтыны туралы жазбаша келісімін алуға міндетті.
Депозиттік сертификат немесе салымшы кітапшасы (жинақ кітапшасы) салымдық құжат болып табылады.
6-2. Банктік салым шартын жасау мыналар үшін берілуі тиіс:
1) Қазақстан Республикасының салымшы-резиденттері үшін:
заңды тұлғалар және олардың оңашаланған құрылымдық бөлімшелері (филиалдары және өкілеттіктері) үшін:
қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат (нысаны тіркеледі);
клиенттік салық есебіне қойылғандығын растайтын салық қызметті органы берген, белгіленген нысандағы құжат;
шаруашылық жүргізуші субъект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжат;
мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі, немесе оған теңдестірілген құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен расталған жарғының (құрылымдас бөлімшелер үшін - Ереженің) көшірмесі;
жеке адамдар үшін:
қол қою үлгісі бар құжат;
клиенттік салық есебіне қойылғандығын растайтын салық қызметі органы берген, белгіленген нысандағы құжат;
жеке кәсіпкерлер үшін - шаруашылық жүргізуші субъект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжат;
жеке кәсіпкерлер үшін - мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
жеке басты куәлендіретін құжат, ол қажетті деректемелер тіркелгеннен кейін клиентке қайтарып беріледі.
Егер пайдасына салымды әке-шешесі немесе басқа заңды өкілдер салатын шоттың иесі он төрт жасқа толған, бірақ кәмелетке толмаған адам болса, әке шешесінің немесе басқа заңды өкілдердің жеке басын куәлендіретін құжат және шот иесінің тууы туралы куәлік беріледі, олар қажетті деректемелер тіркелгеннен кейін клиентке қайтарылады.
2) Қазақстан Республикасының резидент емес-салымшылары үшін:
заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер үшін:
қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
клиенттің Қазақстан Республикасының кіріс алатын орны бойынша, резидент емес-заңды тұлғалардың филиалдары және өкілеттіктері үшін - олардың Қазақстан Республикасының тіркелген орны бойынша (егер бұл клиент салық заңдарына сәйкес салық органдарында тіркеуден өтуге тиіс болса) салық есебіне қойылғандығын растайтын, салық қызметі органы берген, белгіленген нысандағы құжат;
шаруашылық жүргізуші субъект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжат;
резидент емес-заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін - мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі, тиісті филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі және нотариалды сендірілген және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жазылған филиал немесе өкілеттік басшысы сенімхатының көшірмесі;
жеке адамдар үшін:
қол қою үлгісі бар құжат;
клиенттің Қазақстан Республикасындағы кіріс алатын орны бойынша салық есебіне қойылғандығын растайтын, салық органы берген, белгіленген нысандағы құжат (егер бұл клиент салық заңдарына сәйкес салық органдарында тіркеуден өтуге тиіс болса);
жеке басты куәлендіретін құжат, ол қажетті деректемелер тіркелгеннен кейін клиентке қайтарып беріледі.
6-3. Банк және салымшы емес адамның арасында банктік салым шартын жасағанда, ондай адам банкке салық төлеуші шот иесінің тіркеу номерін хабарлауға, сондай-ақ банкке мыналарды беруге міндетті:
1) заңды тұлға (филиал немесе өкілдік):
шот иесі болып табылатын тұлғаның салық есебіне қойылғандығын растайтын, салық органы берген, белгіленген нысандағы құжатты;
шаруашылық жүргізуші субъекті міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжатты;
мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесін, немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесін;
2) жеке адам:
шот иесі болып табылатын адамның салық есебіне қойылғандығын растайтын, салық органы берген, белгіленген нысандағы құжатты;
жеке басты куәлендіретін құжатты.
6-4. Шот иесі салым бойынша ақша алуға байланысты банкке бірінші рет өтініш жасағанда, шот иесі банкке осы Нұсқаулықтың 6-2 тармағының 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды беруге міндетті.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1998.12.23. N 287 V980659_ қаулысымен.
7. Заңды немесе жеке тұлғаға банктiк шоттарды ашу және өкiм ету құқығына берiлген сенiм хат негiзiнде заңды және жеке тұлғалар банктiк шоттарды ашу кезiнде банкке:
- шот иесi болып табылатын тұлғаны есепке қою фактiсiн қуаттайтын, салық қызметi органы берген құжаттың көшiрмесiн;
- шаруашылық жүргізуші субъект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжатты;
- заңды тұлғалар жарғысының, ал жеке тұлғалар - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн ұсынады;
- қолдар мен мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар құжатты (егер бар болса);
- шоттарды ашу және өкiм ету құқығына берiлген сенiмхатты ұсынуы тиiс.
Бұл жағдайда шот иесi осы сенiм хатты берушi тұлға болып табылады.
Заңдарға немесе құрылтай құжаттарына сәйкес банктiк шоттар ашуға өкiлеттi жеке тұлғадан сенiмхат талап етiлмейдi.
Банкте операциялар жүргізуге сенімхаттың нысаны және беру тәртібі банк шығаратын арнайы ережелермен белгіленуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1998.12.23. N 287 V980659_ қаулысымен.
8. Банктер ағымдағы уақытша шотты, ал Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген жағдайларда - уақытша шот мәртебесіндегі жинақтау және басқа шоттарды жаңадан құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталды төлегенін растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде беруге міндетті жаңадан құрылған заңды тұлғаның Құрылтайшысына (құрылтайшыларына) немесе оның (олардың) уәкілетті адамына ашады.
Ағымдағы уақытша шотты (уақытша шот мәртебесіндегі жинақтау немесе басқа шотты) ашу үшін банкке қол қою және мөр (егер бар болса) таңбасы үлгілері бар құжат беріледі.
Бұл құжаттар осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес ресімделеді.
Ағымдағы уақытша шот (уақытшалық мәртебесіндегі жинақтау немесе өзге шот) алпыс күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ашылады.
Мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлғаға ағымдағы (банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға корреспонденттік) шот ашылады.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1998.12.23. N 287 V980659_ қаулысымен.
9. Заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкiлдiктер ұсынатын қолдар мен мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар құжаттарда бiрiншi қол қою құқығына басшы немесе ол өкiлдiк берген өзге тұлға ие болады. Екiншi қол қою құқығы бас бухгалтерге немесе басқа өкiлеттi тұлғаға берiледi. Бұл өкiлеттiктер тиiстi заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкiлдiктер басшыларының бұйрықтары негiзiнде берiледi. Егер заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкiлдiктiң штатында екiншi қол қою құқығы берiлуi мүмкiн тұлға болмаса, құжатты банк бiрiншi қолдың бiр үлгiсiмен қабылдайды.
Арнайы мақсаттарға арналған мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерiн қабылдауға тыйым салынады.
Банк қолы мен мөр таңбасы бар құжатқа нотариалдық куәлікті немесе банктік шот иесінің құрылтайшысы болып табылатын жоғары тұрған органның не ұйымның куәлігін талап етуге құқылы. Нотариалды кеңселерi жоқ елдi мекендерде қолдар мен мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерiн жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары куәландырады.
Шот иесi қол қою құқығын уақытша басқа тұлғаға(ларға) берген жағдайда шот иесi куәландырған қолдардың үлгiлерiне сәйкес уақытша құжат ресiмделедi.
Қолдардың немесе мөрлер бедерлемелерi үлгiлерiнiң кез-келген бiреуi ауыстырылған кезде банкке осы Нұсқаулықта көрсетiлген тәртiппен куәландырылған қолдар мен мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар жаңа құжат ұсынылады. Қолдар мен сөрлер бедерлемелерi үлгiлерiнiң ауыстырылған құжаттары шот иесiнiң iс қағазына тiгiледi.
Шот ашу үшiн клиент ұсынған қолдар мен мөрлер бедерлемелерiнiң үлгiлерi бар құжаттар данасының қажеттi санын банк белгiлейдi. Мұндайда бір данасы ұдайы банктің тиісті операция жүргізетін қызметкерінде, екіншісі - шоттың тиісті иесінің іс-қағазында болуы керек. Қалған даналар банктің ішкі ережелерінде белгіленген тәртіппен сақталады.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1998.12.23. N 287 V980659_ қаулысымен.
10. Банктер клиенттiң талап етуi бойынша шот иесiнiң банктiк шоттарды
ашуына, жүргiзуiне, жабуына байланысты ықтимал тәуекелi және олар бойынша
операциялардың тоқтап қалу мүмкiндiгi туралы ақпараттар беруге мiндеттi.
11. Заңды тұлға атауын ауыстырған, мөрiн жоғалтқан немесе оның тозығы
жеткен жағдайда банк шот иесiне жаңа мөр дайындау үшiн қажеттi уақыт
беруге құқылы. Мөр дайындау кезеңiнде банк пен шот иесi шартта көрсетiлуге
тиiстi шот иесiнiң мөрiнсiз төлем құжаттарын ресiмдеу тәртiбiн белгiлейдi.
12. Банктiк шоттарды ашқаннан кейiн 10 банктік күн iшiнде банктер бұл
жайында тиiстi салық қызметi органдарын хабардар етуге мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1998.12.23. N 287
қаулысымен.
13. Шот ашу үшiн клиент ұсынған құжаттар шарт қолжазбасымен бiрге
әрбiр шот иесi бойынша арнайы жүргiзiлген iс қағазына тiгiлiп, банкте
сақталады.
14. Заңды және жеке тұлғалар банктiк шотты ашқан күннен бастап 10
күнтiзбелiк күн iшiнде барлық кредитор-банктердi жазбаша мiндеттi түрде
хабардар ете отырып бiрнеше банкте банктiк шоттар ашуға құқылы.
3-тарау. Банктiк шоттарды жүргiзуге (банктiк шоттар
бойынша операциялар жасауға) қойылатын
жалпы талаптар
ЕСКЕРТУ. "ІІІ бөлім." деген сөздер "3-тарау." деген сөздермен
ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1998.12.23.
N 287
қаулысымен.
15. Банктiк шоттар бойынша операцияларды банк:
- шот иесiнiң тапсырмасы;
- шот иесi акцептеген үшiншi тұлғаның талаптары;
- шот иесiнiң акцептiк заңдарға сәйкес талап етпейтiн үшiншi тұлғаның
талаптары;
- егер ол шарт жағдайына және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, шот жүргiзушi банк өкiмi негiзiнде жүргiзедi.
15-1. Уәкілетті банкте ашылған резидент емес-банктің корреспонденттік шоты арқылы жүзеге асырылатын ақша аударулар мен төлемдер тек аударым тәртібімен жасалады.
ЕСКЕРТУ. 15-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1998.12.23. N 287 V980659_ қаулысымен.
16. Шот иесiнiң пайдасына жаңылыс ақша қабылдау (есептеу) фактiсi анықталған жағдайда осы қатенi жою мақсатында шот иесiнiң тиiстi тапсырмасынсыз аталған ақшаны алып тастауға (есептен шығаруға) құқылы, бұл шартта көзделуi тиiс.
17. Банктiк шоттар бойынша көшiрмелердi берудi шотқа сәйкес банктер жүргiзедi. Егер шартта көзделген болса, банк шот иесiне олардың шоттары бойынша көшiрмелердi электронды немесе жай тәсiлмен беру (жеткiзу) жөнiндегi қызметтi ұсынуға құқылы.
18. Банктiк шоттар бойынша операцияларды уақытша тоқтату (кiрiстен басқа) шот иесiнiң ақшасын тоқтату (кiдiрту) құқығы бар өкiлеттi органдардың тиiстi шешiмдерi (қаулылары) негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
19. Банктiк шоттар бойынша операцияларды жаңарту осы шешiмдi (қаулыны) шығарған органдардың шешiмдерi мен қаулыларының мәлiметтерiн өзгерту туралы тиiстi өкiлеттi органдарды жазбаша хабардар ету негiзiнде жүргiзiледi.
20. Осы Нұсқаулықтың 18-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша олардың банктiк шоттары жөнiндегi операцияларды уақытша тоқтату нәтижесiнде шот иесiне келген зиян үшiн банкке жауапкершiлiк жүктелмейдi.
4-тарау. Банктiк шоттарды жабу тәртiбi
ЕСКЕРТУ. "ІV бөлім." деген сөздер "4-тарау." деген сөздермен
ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1998.12.23.
N 287 V980659_ қаулысымен.
21. Банктiк шоттарды жабу ашуға негіз болған шарт күшiн тоқтатқан кезде, сондай-ақ шот иесінің арызы негізінде жүргiзiледi.
Заңды тұлғаны таратқан немесе қайта құрған кезде банктік шоттарды жабу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптар ескеріле отырып жүргізіледі.
Шот иесiнiң iс қағазында шотты жабу негiздемесi көрсетiлуi тиiс.
Банктiк шотты жабу кезiнде шот иесiнiң жеке идентификациялық кодын
жою жүзеге асырылады.
Ағымдағы уақытша шотты (уақытша шот мәртебесі бар жинақтау немесе
басқа шотты) жабуды банк осы Нұсқаулықтың 8-тармағында белгіленген
талаптарды сақтай отырып жүргізеді.
ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1998.12.23. N 287
қаулысымен.
22. Заңды тұлға - шот иесiн таратуға немесе қайта құруға немесе заңды
тұлғада 1 жылдан астам, жеке тұлғада 3 жылдан астам ақша болмауына
байланысты шоттарды жабу жағдайларынан басқа, осы шотқа орындалмаған
талаптар болған кезде банктiк шотты жабуға тыйым салынады.
Банктік шотта ақша болған жағдайда оны жабуға тиым салынады.
ЕСКЕРТУ. 22-тармақ жаңа азатжолмен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1998.12.23. N 287
қаулысымен.
23. Банктiк шотты жапқан соң банк үш күн iшiнде тиiстi салық қызметi
органдарын мен аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiн
жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 23-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1998.12.23. N 287
қаулысымен.
V бөлiм.
ЕСКЕРТУ. V бөлiм алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1998.12.23. N 287
қаулысымен.
5-тарау. Қорытынды ережелер
ЕСКЕРТУ. "VІ бөлім." деген сөздер "5-тарау." деген сөздермен
ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1998.12.23.
N 287
қаулысымен.
28. Шарттарды орындауға байланысты банк пен шот иесi арасында пайда
болған барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
тәртiппен шешiледi.
Төраға