Екінші деңгейдегі банктерде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1998 жылғы 23 желтоқсан N 287 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 30 желтоқсан N 659 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусым N 266 қаулысымен. ~V001199

      "Ақша төлемі және аударымы туралы" Z980237_ Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 V970307_ қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Заң департаменті (Сизова С.И):
      1) осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктерде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркесін;
      2) осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктерде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа тіркелген өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы



          Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы
       4 наурыздағы N 61 V970307_ қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі
          банктерде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу
             тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар

      1. Нұсқаулықтың атауындағы "екінші деңгейдегі" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "I бөлім. Жалпы ережелер" деген сөздер "1-тарау. Жалпы ережелер" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 1-тармақта:
      азатжолдар алдында пайдаланылған белгілер алынып тасталсын;
      төртінші азатжолдағы "сомаларын (есептен шығаруға)" деген сөздер "және (немесе) аударуға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      бесінші азатжол алынып тасталсын;
      алтыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын: "Жоғарыда көрсетілген операциялардың бәрі жүргізілмейтін шоттар, сондай-ақ банктердегі бухгалтерлік есептің позициясын көрсететін шоттар, баланстық шоттың құрамы болып табылатын жеке шоттар (субпозициялар), оның ішінде несие шоттары банктік шоттар болып табылмайды".
      4. 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Банктік шоттар теңгемен де, шет елдік валютамен де ашылуы және жүргізілуі мүмкін және жеке адамдар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілеттіктердің) оқшауланған бөлімшелерінің корреспонденттік, ағымдағы және жинақ шоты болып бөлінеді.
      Корреспонденттік шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктердің және ұйымдардың банктік шоттары.
      Ағымдағы және жинақ шоттары - заңды тұлғалардың, заңды тұлғалар мен жеке адамдардың оқшауланған бөлімшелерінің банктік шоттары".
      5. 3-тармақта:
      "жекелеген нормативтік актілермен" деген сөздер "жекелеген нормативтік құқықтық актілермен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысы негізінде заңда көзделген жағдайларда ашылады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттар ашу ерекшелігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді".
      6. "II бөлім. Банктік шоттарды ашу тәртібі" деген сөздер "2-тарау. Банктік шоттарды ашу тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. 4-тармақта:
      бірінші азатжолдағы:
      "банктік шот шартын" деген сөздерден кейін "немесе банктік салым шартын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(бұдан әрі - шарт)" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші азатжолдағы "Банк шарт бойынша" деген сөздер "4-1. Корреспонденттік немесе ағымдағы шотты банктік шот шарты бойынша ашқанда банк" деген сөздермен, "Шартта" деген сөз "Банктік шот шартында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші азатжолдағы "Шартта" деген сөз "Банктік шот шартында" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. 5-тармақта "Шартта" деген сөз "Банктік шот шартында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9. 6-тармақта: "Шарттар" деген сөз "Банктік шот шартын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      азатжолдарға пайдаланылған белгілер алынып тасталсын.
      10. 6.1.1-тармақта:
      төртінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "шаруашылық жүргізуші объект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжатты";
      алтыншы азатжолдағы:
      "құрылтай(шылар) құжатының(тарының)", "көшірмесін(лерін)" деген сөздер "жарғы көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. 6.1.2.-тармақта:
      төртінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке кәсіпкерлер үшін - шаруашылық жүргізуші субъект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжатты";
      бесінші азатжолдағы:
      "мемлекеттік" деген сөздің алдында "жеке кәсіпкерлер үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
      "немесе соған теңестірілген құжаттың (патент немесе лицензия) көшірмесін" деген сөздер алынып тасталсын.
      12. 6.2.1.-тармақта:
      үшінші азатжол "(егер бұл клиент салық заңдарына сәйкес салық органдарында тіркеуден өтуге тиіс болса)" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "шаруашылық жүргізуші субъект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген белгіленген нысандағы құжатты".
      13. 6.1-6.3. тармақтар тиісінше 6-тармақтың 1) - 3) тармақшалары болып саналсын.
      14. 6.1.1., 6.1.2., 6.2.1, 6.2.2. сандары алынып тасталсын.
      15. 6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Клиент бір банкте бірнеше шот ашқан жағдайда қол қою және мөртаңба үлгілері бар құжаттан клиенттің жеке басын куәландіретін құжаттан басқа бірінші шотты ашу үшін көзделген құжаттарды қайталап беру талап етілмейді".
      16. 6-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2, 6-3, 6-4 тармақтармен толықтырылсын:
      "6-1. Банктік салым шарты бойынша жинақтық шот ашылғанда банк шот иесінен (салымшыдан) немесе оның пайдасына түсетін ақшаны (салымды) қабылдап отыруға, олар бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы (мүдде) төлеп тұруға және салымды заң актілерінде және банктік салым шартында белгіленген талаптарға сәйкес және тәртіппен қайтаруға, банктік салым шартында көзделген басқа да қызметтерді жасауға міндеттенеді". Банктік салым шарты мыналарды қамтуы тиіс:
      тараптардың міндеттемелері;
      шарттың мәні;
      банктің салымшыға берген сәйкестендірілген жеке кодын (салымшыны немесе жинақтық шотқа ие болуға салымшы уәкілеттік берген адамды сәйкестендірудің Қазақстан Республикасының заңдарында тиым салынбаған басқа да қосымша тәсілдері);
      салық төлеуші - салымшының салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген тіркеу нөмірі;
      банктің қызмет көрсету талаптары және оған ақы төлеу тәртібі.
      Шартта Тараптар келіскен басқа да талаптар, оның ішінде сыйақы (мүдде) төлеу тәртібі көзделуі мүмкін.
      Банктік салым шартын сондай-ақ банк салымшыға немесе оның пайдасына салым салушыға салынған салымды куәлендіретін құжат (салымдық құжат) беруі жолымен де жасалуы мүмкін. Салымдық құжат банктің ішкі ережелеріне сәйкес және оның талаптары негізінде беріледі. Салымдық құжатты берген кезде банк салымшыдан банктің көрсетілген ережелерін және талаптарын қабылдайтыны туралы жазбаша келісімін алуға міндетті.
      Депозиттік сертификат немесе салымшы кітапшасы (жинақ кітапшасы) салымдық құжат болып табылады.
      6-2. Банктік салым шартын жасау мыналар үшін берілуі тиіс:
      1) Қазақстан Республикасының салымшы-резиденттері үшін:
      заңды тұлғалар және олардың оңашаланған құрылымдық бөлімшелері (филиалдары және өкілеттіктері) үшін:
      қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат (нысаны тіркеледі);
      клиенттік салық есебіне қойылғандығын растайтын салық қызметі органы берген, белгіленген нысандағы құжат;
      шаруашылық жүргізуші субъект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжат;
      мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі, немесе оған теңдестірілген құжаттың көшірмесі;
      Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен расталған жарғының (құрылымдас бөлімшелер үшін - Ереженің) көшірмесі;
      жеке адамдар үшін:
      қол қою үлгісі бар құжат;
      клиенттік салық есебіне қойылғандығын растайтын салық қызметі органы берген, белгіленген нысандағы құжат;
      жеке кәсіпкерлер үшін - шаруашылық жүргізуші субъект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжат;
      жеке кәсіпкерлер үшін - мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
      жеке басты куәлендіретін құжат, ол қажетті деректемелер тіркелгеннен кейін клиентке қайтарып беріледі.
      Егер пайдасына салымды әке-шешесі немесе басқа заңды өкілдер салатын шоттың иесі он төрт жасқа толған, бірақ кәмелетке толмаған адам болса, әке- шешесінің немесе басқа заңды өкілдердің жеке басын куәлендіретін құжат және шот иесінің тууы туралы куәлік беріледі, олар қажетті деректемелер тіркелгеннен кейін клиентке қайтарылады.
      2) Қазақстан Республикасының резидент емес-салымшылары үшін:
      заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер үшін:
      қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
      клиенттің Қазақстан Республикасының кіріс алатын орны бойынша, резидент емес-заңды тұлғалардың филиалдары және өкілеттіктері үшін - олардың Қазақстан Республикасының тіркелген орны бойынша (егер бұл клиент салық заңдарына сәйкес салық органдарында тіркеуден өтуге тиіс болса) салық есебіне қойылғандығын растайтын, салық қызметі органы берген, белгіленген нысандағы құжат;
      шаруашылық жүргізуші субъект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжат;
      резидент емес-заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін - мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі, тиісті филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі және нотариалды сендірілген және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жазылған филиал немесе өкілеттік басшы сенімхатының көшірмесі;
      жеке адамдар үшін:
      қол қою үлгісі бар құжат;
      клиенттің Қазақстан Республикасындағы кіріс алатын орны бойынша салық есебіне қойылғандығын растайтын, салық органы берген, белгіленген нысандағы құжат (егер бұл клиент салық заңдарына сәйкес салық органдарында тіркеуден өтуге тиіс болса);
      жеке басты куәлендіретін құжат, ол қажетті деректемелер тіркелгеннен кейін клиентке қайтарып беріледі.
      6-3. Банк және салымшы емес адамның арасында банктік салым шартын жасағанда, ондай адам банкке салық төлеуші шот иесінің тіркеу номерін хабарлауға, сондай-ақ банкке мыналарды беруге міндетті:
      1) заңды тұлға (филиал немесе өкілдік):
      шот иесі болып табылатын тұлғаның салық есебіне қойылғандығын растайтын, салық органы берген, белгіленген нысандағы құжатты;
      шаруашылық жүргізуші субъекті міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжатты;
      мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесін, немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесін;
      2) жеке адам:
      шот иесі болып табылатын адамның салық есебіне қойылғандығын растайтын, салық органы берген, белгіленген нысандағы құжатты:
      жеке басты куәлендіретін құжатты.
      6-4. Шот иесі салым бойынша ақша алуға байланысты банкке бірінші рет өтініш жасағанда, шот иесі банкке осы Нұсқаулықтың 6-2 тармағының 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды беруге міндетті".
      17. 7-тармақта:
      үшінші азатжол мынадай редакциямен жазылсын:
      "шаруашылық жүргізуші субъект міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуші ретінде тіркелгендігін растайтын, уәкілетті мемлекеттік органның бөлімшесі берген, белгіленген нысандағы құжатты";
      төртінші азатжолдағы "құрылтай құжаттарының" деген сөздер "жарғысының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Банкте операциялар жүргізуге сенімхаттың нысаны және беру тәртібі банк шығаратын арнайы ережелермен белгіленуі мүмкін".
      18. 8-тармақ мынадай редакциямен жазылсын:
      "8. Банктер ағымдағы уақытша шотты, ал Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген жағдайларда - уақытша шот мәртебесіндегі жинақтау және басқа шоттарды жаңадан құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталды төлегенін растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде беруге міндетті жаңадан құрылған заңды тұлғаның Құрылтайшысына (құрылтайшыларына) немесе оның (олардың) уәкілетті адамына ашады.
      Ағымдағы уақытша шотты (уақытша шот мәртебесіндегі жинақтау немесе басқа шотты) ашу үшін банкке қол қою және мөр (егер бар болса) таңбасы үлгілері бар құжат беріледі.
      Бұл құжаттар осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес ресімделеді.
      Ағымдағы уақытша шот (уақытшалық мәртебесіндегі жинақтау немесе өзге шот) алпыс күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ашылады.
      Мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлғаға ағымдағы (банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға -корреспонденттік) шот ашылады".
      19. 9-тармақта:
      бірінші азатжолдың соңғы сөйлемі алынып тасталсын;
      үшінші азатжолдың бірінші сөйлемі мынадай редакциямен жазылсын:
      "Банк қолы мен мөр таңбасы бар құжатқа нотариалдық куәлікті немесе банктік шот иесінің құрылтайшысы болып табылатын жоғары тұрған органның не ұйымның куәлігін талап етуге құқылы".
      Соңғы азатжол мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Мұндайда бір данасы ұдайы банктің тиісті операция жүргізетін қызметкерінде, екіншісі - шоттың тиісті иесінің іс-қағазында болуы керек. Қалған даналар банктің ішкі ережелерінде белгіленген тәртіппен сақталады".
      20. 12-тармақтағы "күнтізбелік" деген сөз "банктік" деген сөзбен ауыстырылсын.
      21. "III бөлім. Банктік шоттарды жүргізуге (банктік шоттар бойынша операциялар атқаруға) қойылатын жалпы талаптар" деген сөздер "3-тарау. Банктік шоттарды жүргізуге (банктік шоттар бойынша операциялар жасауға) қойылатын жалпы талаптар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      22. Мынадай мазмұндағы 15-1 тармағымен толықтырылсын:
      "15-1. Уәкілетті банкте ашылған резидент емес-банктің корреспонденттік шоты арқылы жүзеге асырылатын ақша аударулар мен төлемдер тек аударым тәртібімен жасалады".
      23. "IV бөлім. Банктік шоттарды жабу тәртібі" деген сөздер "4-тарау. Банктік шоттарды жабу тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      24. 21-тармақта:
      бірінші азатжол "жабу" деген сөзден кейін "ашуға негіз болған" деген сөздермен, "кезде" деген сөзден кейін "сондай-ақ шот иесінің арызы негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғаны таратқан немесе қайта құрған кезде банктік шоттарды жабу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптар ескеріле отырып жүргізіледі";
      мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:

     "Ағымдағы уақытша шотты (уақытша шот мәртебесі бар жинақтау немесе 
басқа шотты) жабуды банк осы Нұсқаулықтың 8-тармағында белгіленген 
талаптарды сақтай отырып жүргізеді".
     25. 22-тармақ мынадай редакциядағы азатжолмен толықтырылсын:
     "Банктік шотта ақша болған жағдайда оны жабуға тиым салынады".
     26. 23-тармақтағы "органдары" деген сөз "органдарын" деген сөзбен 
ауыстырылсын, "осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көзделген құжаттарды шот 
иесіне берген", "мен аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
бөлімдерін" деген сөздер алынып тасталсын.
     27. V бөлім алынып тасталсын.
     28. "VI бөлім. Қорытынды ережелер" деген сөздер "5-тарау. Қорытынды 
ережелер" деген сөздермен ауыстырылсын.
     
     Ұлттық Банк
     Төрағасы
     
Оқығандар:     
          Үмбетова А.М.
          Қасымбеков Б.А.
    
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады