1. Қоса тiркелiп отырған Кеден мақсаттарында қаржы және сыртқы экономикалық қызметтi тексерудi жүргiзудiң тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Баспасөз қызметi (Мұратбаева Ә.О.) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Кеден басқармалары мен кедендердiң бастықтары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiне тексерiлетiн адамдардың есiмдерi мен жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерiн көрсете отырып, жүргiзiлген тексерулердiң саны туралы тоқсан сайын есеп берудi қамтамасыз етсiн.
4. Жедел-талдау басқармасы (Жүнiсов Ә.М.) ұсынылған есептер негiзiнде
кеден органдарының жүргiзген тексерулерiн талдауды жүзеге асырсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi Төрағасының Орынбасары В.Д. Кирдановқа жүктелсiн. 6. Бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi. Төраға Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң 1997 ж. N _____ бұйрығымен бекiтiлген Кеден мақсаттарында қаржы және сыртқы экономикалық қызметтi тексерудi жүргiзудiң тәртiбi
Кеден органдарына бақылануының орындалуы жүктелген Қазақстан Республикасы заңдары мен халықаралық келiсiм-шарттары сақталмай отыр не толық көлемде сақталмай отыр деуге негiздер бар жағдайда кеден органдары Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзетiн адамдардың, Қазақстан Республикасының кеден органдарына бақылануы жүктелген қызметтi жүзеге асыратын кеден делдалдарының қаржы және сыртқы экономикалық қызметiн тексерудi тағайындауға не өздерiнiң құзыретi шегiнде жүргiзуге құқылы.
Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден органдарының құзыретiне жататын тексерулердi жүргiзуге келiсiмдiк негiзде аудиторларды тартуға құқылы. Аудиторлық қызмет көрсетулерге кететiн шығындарды тексерудi тағайындаған кеден органы өтейдi.
Кеден мақсаттарында қаржы және сыртқы экономикалық қызметтi тексерудi жүргiзудiң тәртiбi туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi не кеден басқармасының (кеденнiң) бастығы қабылдайды және арнайы өкiм (1-қосымша) нысанында екi дана етiп ресiмдейдi. Өкiм кеден органының мөрiмен куәлендiрiледi.
Өкiмнiң көшiрмесi мiндеттi түрде тексерiлетiн адамның қолына тапсырылады.
Адам өкiмдi қабылдаудан бас тартатын болса, тексерiлетiн адамның өкiлiнiң қатысып отыруымен өкiмдi қабылдаудан бас тарту туралы акт жасалады.
Қаржы және сыртқы экономикалық қызметтi тексерудi жүргiзу кезiнде ҚР кеден органдарының лауазымды адамдары:
кеден iстерiне және Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызмет бағыттарына қатысты сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру саласындағы кез келген құжатпен (банктегiн қоса алғанда) және ақпараттармен танысуға.
лауазымды адамдары мен басқа адамдардан анықтамаларды, жазбаша және ауызша түсiнiктемелердi алуға,
үй-жайларды мөрлеп жабуға,
егер құжаттар басқа жерде тексерiлетiн болса, оларды (2-қосымша) нысан бойынша жасалатын актi арқылы алып қоюға (құжаттардың тек тексеру кезiнде ғана алынып қойылуы мүмкiн) құқылы.
Тексеру нәтижесiнде алынған барлық ақпараттарды құпия болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Z952368_ Жарлығының 16-бабына сәйкес кеден мақсаттарында ғана пайдалануға болады.
Қажет кезiнде кеден органдарының лауазымды адамдары құжаттар және ақпараттармен танысу үшiн орын мен уақытты тағайындай алады.
Тексерудi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының әрекеттерi қаржы және сыртқы экономикалық қызметтi тексерiлiп отырылған адамға заңға қайшы нұсқанды келтiрмеуi тиiс.
Тексерулердiң кезiнде заңға қайшы шешiмдердiң салдарынан адамдарға және олардың мүлiктерiне келтiрген нұсқандары мен зияндары үшiн кеден органдары республиканың заңдарымен белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
Тексеру нәтижелерi тексерiлетiн адамға дереу хабарланады және заңдармен белгiленген тәртiппен оларға қатысты шағымдануға болады.
Кеден мақсаттарында қаржы
және сыртқы экономикалық қызметтi тексерудi жүргiзудiң тәртiбiне 1-қосымша
Кеден мақсаттарында қаржы және сыртқы
экономикалық қызметтi тексерудi жүргiзу туралы ӨКIМ 1. ____________________________________________________________ (тексеру жүзеге асыратын кеден органының атауы) 2. ____________________________________________________________ (тексерiлетiн адамның атауы) 3. ____________________________________________________________ (тексерудiң негiзi мен мақсаты) _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ ___________________________________ 4. Тексерудi жүргiзудiң мерзiмдерi ____________________________ 5. Тексерудi жүргiзуге өкiлеттi лауазымды адамдардың тегi, аты-жөндерi _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Кеден басқармасының (кеденнiң) бастығы Тексерудi жүргiзудiң тәртiбiне 2-қосымша Қаржы және сыртқы экономикалық қызметтi тексеру кезiндегi құжаттарды алып қою туралы ХАТТАМА _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________ мақсатында мен _______________________________________________________________ (құжаттарды алып қоюды жүргiзген адамның тегi, аты-жөнi) _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________ төмендегiдей құжаттарды _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ қатысуымен ____________________________________________________ (құжаттарды алып қою кезiнде қатысып отырған адамдардың тегi, аты-жөндерi, қолдары) _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ __________________________________________алып қоюды жүргiздiм. Хаттамаға құжаттамаларды алып қоюды жүргiзген адам лауазымы мен тегiн аты-жөнiн көрсете отырып қол қояды.