1. Бұдан әрi мәтiн бойынша "Орталық комиссия" аталатын Орталық аттестациядан өткiзу комиссиясы аймақтық аттестациядан өткiзу комиссияларының шешiмдерiне шағымдарды қарау, аттестация басталған күннен бастап бiр жыл iшiнде аттестациядан өту үшiн аймақтық аттестациялық комиссияға дәлелдi себептермен екi рет келмей қалған мемлекеттiк нотариустарды аттестациядан өткiзу, сондай-ақ нотариустарды аттестациядан өткiзу үшiн сұрақтар тiзбесiн бекiту үшiн құрылады.
2. Орталық комиссия Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi тәжiрибелi нотариустар, басқа заң кәсiптерiнiң жоғары бiлiктi мамандары, сондай-ақ ғалым-заңгерлер санынан құрады.
3. Орталық комиссияның қызметiне басқаруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жүзеге асырады.
4. Орталық комиссияның хатшысы Әдiлет министрлiгi аппараты жұмыскерлерiнiң iшiнен тағайындалады.
5. Орталық комиссияның мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi.
6. Аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясының шешiмiне шағымды аттестациядан өте алмаған нотариус аймақтық комиссия шешiмiнiң көшiрмесiн алған күннен бастап он күндiк мерзiм iшiнде бередi.
7. Орталық комиссияға берiлген шағым тiркеуге жатады және оны қарау күнi туралы мәлiмдеушiге комиссия мәжiлiсiне дейiн жетi күн қалғаннан кешiктiрiлмей хабарланады.
8. Орталық комиссия аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясының шешiмiне шағымды аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясынан бастапқы жадығаттардың көшiрмелерiн талап етiп, оның келiп түскен күнiнен бастап отыз күн iшiнде қарайды және мына шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды:
- (аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясының шешiмiн жоя отырып) нотариусты аттестациядан өткiзу туралы;
- аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясының нотариусы аттестациядан өткiзбеу туралы шешiмiмен келiсу туралы.
9. Аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясының шешiмiне шағым берген адам Орталық комиссияның мәжiлiсiне қатысуға және қажеттi түсiнiктемелер беруге құқылы.
10. Шағым берген адамға Орталық комиссия қажет болған жағдайда қосымша сұрақтар қоя алады, оларға жауаптар жазбаша немесе ауызша берiледi.
11. Орталық комиссия аттестациядан өту үшiн аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиясына дәлелдi себептермен екi рет келмей қалған нотариустарды, аймақтық аттестациядан өткiзу комиссиялары үшiн белгiленген тәртiпте аттестациядан өтетiн адамның жазбаша арызы мен аймақтық
аттестациядан өткiзу комиссиясына келмеу себептерiнiң дәлелдiлiгiн
растайтын құжат негiзiнде аттестациядан өткiзедi.
12. Егер Орталық комиссияның мәжiлiстерiне оның мүшелерiнiң кемiнде
төрттен үш бөлiгi қатысса, мәжiлiстер заңды болып табылады.
13. Егер Орталық комиссияның шешiмi үшiн комиссия мүшелерiнiң жалпы
санына кемiнде үштен екi бөлiгi дауыс берсе, шешiм қабылданған болып
есептеледi.
Дауыс теңдiгi жағдайында комиссия төрағасының дауысы шешушi болып
табылады.
Дауысқа салу ашық өткiзiледi.
Қабылданған шешiм туралы мәлiмдеушiге немесе аттестациядан өтушiге
сол күнi жазбаша түрде хабарланады.
Шешiмге мәжiлiске қатысушы барлық комиссия мүшелерi қол қояды.
Орталық комиссияның шешiмi Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлiгiнде сақтауда қалады.
14. Орталық аттестациядан өткiзу комиссиясының шешiмдерi
үзiлдi-кесiлдi болып табылады.