Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарының рыногын одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасы қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу Ережесi" айтылған ескертулер мен ұсыныстар ескерiле отырып бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасы бекiткен (1995 жылғы 26 маусымдағы N 47 Қаулы) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын шығару, айналысқа шығару және өтеу тәртiбi, шарттары туралы Ереженiң" күшi жойылды деп танылсын.
3. Мемлекеттiк бағалы қағаздар басқармасы (Карягин А.В.) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр апта iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық Бас) басқармалары мен екiншi деңгейдегi банктерге жiберiп, оларға Қаулыны және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу Ережесiн алған күннен бастап бiр апта iшiнде бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларына жiберудi мiндеттесiн.
4. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.А. Бектасовқа жүктелсiн.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 30 маусымдағы
N 246 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу
Ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi Ұлттық Банк) қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу тәртiбiн реттейдi.
I. Жалпы ережелер
1.1. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары айналыстағы ақша массасын реттеуге арналған ақша-кредит саясатының құралы болып табылады.
1.2. Ұлттық Банк қысқа мерзiмдi ноттарды 90 күнге дейiнгi айналыс мерзiмiмен айналысқа шығарады және олар алғашқы кезде Ұлттық Банк нақты құнынан төмен бағамен сататын, ал нақты құны бойынша өтелетiн мемлекеттiк дисконттелген заттандырылмаған бағалы қағаздар болып табылады.
1.3. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары айналысқа шығарылатын мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады.
1.4. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының шығарылатын күнi мен айналыс мерзiмi оларды шығару тәртiбi жөнiнде хабарланған сәттен бастап белгiленедi.
1.5. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары құжаттамасыз нысанда шығарылады. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының нақты құны 100 теңге болады.
1.6. Кесiмдi баға - өтiнiмдер қанағаттандырыла бастайтын ең аз дисконттелген баға.
1.7. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары - Алғашқы агенттер арқылы жүзеге асырылады, оларды Ұлттық Банк белгiлейдi.
1.8. Алғашқы агент - бағалы қағаздар рыногында дилерлiк және/немесе брокерлiк қызметiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының лицензиясы бар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарымен операция жүргiзуге қызмет көрсету туралы Ұлттық Банкпен келiсiм жасаған бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылар заңды тұлға бола алады.
1.9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарымен операция жүргiзуге қызмет көрсету туралы келiсiмге Ұлттық Банктiң атынан Төрағаның орынбасары, Алғашқы агенттiң атынан - Бiрiншi басшы немесе ол уәкiлдiк берген адам қол қояды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарымен операция жүргiзуге қызмет көрсету жөнiндегi шарттың үлгiлiк нысаны осы Ереженiң 1-қосымшасында белгiленген.
1.10. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру екi әдiспен:
- Ұлттық Банк жүргiзетiн аукцион әдiсiмен;
- Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарды алғашқы агенттермен келiсiлген баға бойынша Ұлттық Банктiң сату әдiсiмен жүзеге асырылады.
1.11. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастырудың аукциондық әдiсi мен өтiнiмдердi қанағаттандыру неғұрлым аз дисконттен басталып, барлық жарияланған эмиссия көлемi түгесiлетiн дисконт кезiнде аяқталуын айтады.
1.12. Ұлттық Банк өзi жүргiзетiн ақша-кредит саясатының бағыттары мен қаржы рыногында қалыптасатын жағдайларға сәйкес аукционға қатысушылардың Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын аукцион шарттарында белгiленген көлемнен төмен не жоғары мөлшерде сатып алу өтiнiмдерiн қанағаттандыруға құқылы.
1.13. Ұлттық Банк өзi шығаратын қысқа мерзiмдi ноттарды аукцион өткiзiлетiн күнi аукционда қалыптасқан орташа алғандағы дисконттелген бағадан төмен болмайтын баға бойынша Төрағаның Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен операция жүргізуге өкілетті бөлімшесіне жетекшiлiк ететiн орынбасарының өкiлi арқылы белгiленген көлемге жеткенге дейiн орналастыруға құқылы.
Ескерту. 1.13.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
1.14. Ұлттық Банк Алғашқы агентпен келiсе отырып өзi шығаратын қысқа мерзiмдi ноттарды өтеу мерзiмiн ауыстыруға құқылы.
1.15. Ұлттық Банк өзi жүргiзетiн ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес өзi шығаратын қысқа мерзiмдi ноттарды мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногында қаржы рыногының жағдайына белсендi ықпал ету мақсатында сатып алуға және сатуға құқылы.
1.16. Инвесторлар Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарымен мәмiлелердi тек Алғашқы агенттер арқылы, олармен мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногында Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарымен мәмiлелерге қызмет көрсетуге келiсiм жасай отырып жүзеге асырады.
II. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының
аукционын өткiзу тәртiбi және оларды
Алғашқы агенттермен келiсiлген баға
бойынша сату жолымен орналастыру
2.1. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыруға байланысы барлық ақпарат Ұлттық банк белгiлеген мәлiметтер берудiң электрондық жүйесi арқылы берiледi.
2.2. Мәлiметтер берудiң электрондық жүйесi арқылы берiлетiн барлық электронды хабарлар Ұлттық Банк белгiлеген ақпараттық-криптографиялық қорғау жүйесiнiң көмегiмен шифрланады.
2.3. Мәлiметтер берудiң электрондық жүйесi арқылы беру техникалық жағынан мүкiн болмаған жағдайда мәлiметтердiң хабарларын осы Ереженiң NN 2, 3, 4, 5 Қосымшаларында көрсетiлген тиiстi үлгi бойынша қағазға түсiрiп беруге рұқсат етiледi.
2.4. Ұлттық Банк қысқа мерзiмдi ноттардың аукционы өткiзiлерден кемiнде 1 жұмыс күнi бұрын мәлiметтер берудiң электрондық жүйесi арқылы Алғашқы агенттерге және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі ЖАҚ-ына (бұдан әрі - Орталық депозитарий) аукционның өткiзiлу шартын хабарлайды, сонымен бiрге оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Ескерту. 2.4.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.5. Мемлекеттiк бағалы қағаздар рыногының қатысушылары аукцион өткiзiлетiн күнi шығарылу шартымен белгiленген бәсекелiк және бәсекелiк емес ұсыныстармен өтiнiмдер бере алады.
2.6. Берiлген өтiнiмнiң бәсекелiк ұсыныстарында Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының саны, бiр ноттың болжамды дисконттелген бағасы, нақты құны мен дисконттелген бағасы бойынша сатып алудың жалпы көлемi көрсетiледi.
2.7. Бәсекелiк емес ұсыныстарда қатысушылар аукционда қалыптасқан орташа алынған бағамен сатып алуға ниет бiлдiрген Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының жалпы саны ғана көрсетiледi.
2.8. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының аукционын өткiзетiн күнi 9.00-ден 11.00-ге дейiн Алғашқы агенттер мәлiметтер берудiң электрондық жүйесi бойынша Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргізуге өкілетті бөлімшесіне Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға бәсекелiк және бәсекелiк емес ұсыныстарымен өтiнiмдер бередi.
Ескерту. 2.8.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.9. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алу өтiнiмдерi оны автоматтық режимде беру үшiн белгiленген үлгiдегi бланк толтыру жолымен ресiмделедi.
2.10. Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргізуге өкілетті бөлімшелері 9.30-дан бастап жинақ ведомосында Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алу өтiнiмдерiн қорытындылайды, оған Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргізуге өкілетті бөлімшесінің бастығы қол қойып, 11.00-де Ұлттық Банк Төрағасының Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен операция жүргізуге өкілетті бөлімшесіне жетекшiлiк ететiн орынбасарына бередi (осы Ережеге N 3 Қосымша).
Ескерту. 2.10.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.11. Ұлттық Банктiң басшылығы 11.00-ден 11.30-ға дейiн аукциондағы Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының бағасының шарттары және сатып алу өтiнiмдерiн қанағаттандыру көлемi туралы шешiм қабылдайды. Аталған шешiм Ұлттық Банк Төрағасының Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен операция жүргізуге өкілетті бөлімшесіне жетекшiлiк ететiн орынбасары қол қойған өкiммен ресiмделедi.
Ескерту. 2.11.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.12. Ұлттық Банк аукцион шарттарын жариялаған кезде қаржы рыногында қалыптасқан жағдайға сүйене отырып бәсекеге түспейтiн өтiнiмдердi қанағаттандыру үлесiн, сондай-ақ Алғашқы агенттерге және резидент емес инвесторларға Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сату көлемiнiң үлесiн өзi белгiлейдi.
Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттар аукционының Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттердiң немесе инвесторлардың сатып алуын, резидент еместердiң қатысуын және бәсекеге түспейтiн өтiнiмдердiң қанағаттандырылуын шектеуге қатысты жарияланған шарттарын Ұлттық Банк жедел, аукцион өткiзiлген күнi өзгертуге құқылы.
Ескерту. 2.12.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.13. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын қосымша орналастыру туралы шешiм қабылданған жағдайда Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргізуге өкілетті бөлімшелері аукцион өткiзiлетiн күнi мәлiметтер берудiң электрондық жүйесi арқылы Алғашқы агенттерге орналастырғанға дейiн көлемiн және орташа алынған дисконттелген бағасын 12.00-ге дейiн хабарлайды.
Ескерту. 2.13.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.14. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын қосымша орналастыру аукцион өткiзiлетiн күнi 14.00-ге дейiн өтiнiмдердiң түсуiне қарай жүзеге асырылады.
2.15. Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын өткiзiлетiн аукционның орташа алынған дисконттелген бағасы бойынша келесi жұмыс күнi қосымша орналастыруға құқылы.
Ескерту. 2.15.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.16. Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргiзуге өкiлеттi бөлiмшесi Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға арналған өтiнiмдердi қанағаттандыру көлемi туралы хабарламаны Алғашқы агенттерге және Орталық депозитарийге Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының аукционы өткiзiлетiн күнгi сағат 15.30-ға дейiн бередi.
Ескерту. 2.16.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.17. Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргiзуге өкiлеттi бөлiмшесi және Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға арналған өтiнiмдердiң қанағаттандырылған көлемi туралы хабарлама негiзiнде оларды шығару талаптарына сәйкес Ұлттық Банк белгiлеген төлем жасау күнгi сағат 17.00-ден кешiктiрмей Орталық депозитарийге Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға арналған ақшаны аударатын "депо" тапсырмасын және Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттiң "депо" есепшотына жазылуын бередi.
Ескерту. 2.17.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.18. Орталық депозитарий тура сол күнi Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары аукционының және Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттiң "депо" есепшотына жазылу қорытындысы бойынша Ұлттық Банктен және Алғашқы агенттерден ақша аударуға арналған "депо" тапсырмаларының түсуiне қарай оларды салыстырып тексередi және салыстырып тексерудiң нәтижесi бойынша ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi Алғашқы агенттiң позициясынан (бұдан әрi - Алғашқы агенттiң позициясы) ақшаны есептен шығаруға және оларды ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi Орталық депозитарийдiң позициясына (бұдан әрi - Орталық Депозитарийдiң позициясы) жазуға арналған төлем тапсырмасын қалыптастырып, оны Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығына бередi.
Ұлттық Банк пен Алғашқы агенттiң Орталық депозитарийге берген "депо" тапсырмалары сәйкес келмеген жағдайда Орталық депозитарий ақшаны Алғашқы агенттiң позициясынан есептен шығаруға және оны Орталық депозитарийдiң позициясына жазуға арналған төлем тапсырмасын тапсырмалардың сәйкес келген тармақтары бойынша ғана Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығына бередi.
Ескерту. 2.18.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.19. Орталық депозитарийге берген төлем тапсырмалары негiзiнде Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы ақша аударудың банкаралық жүйесiнде Алғашқы агенттiң ақшасының барлығын төлем тапсырмасында көрсетiлген ақша сомасымен салыстырып тексередi. Алғашқы агенттiң ақшасы жеткiлiктi болған жағдайда Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы Алғашқы агенттiң ақшасын ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi Орталық депозитарийдiң позициясына аударады. Орталық депозитарий өзiнiң позициясына ақша жазылғаннан кейiнгi 15 минуттiң iшiнде Ұлттық Банктiң пайдасына ақша аударылғаны туралы төлем тапсырмасын жасап, оны Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығына жiбередi.
Банкаралық есеп айырысу орталығындағы Алғашқы агенттiң ақшасы жеткiлiктi болмаған жағдайда Орталық депозитарий ақшаның жетiспейтiндiгi туралы Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығынан алынған хабарлама негiзiнде тапсырманың орындалмағаны туралы Ұлттық Банкке және Алғашқы агентке хабарлама жiбередi.
Ескерту. 2.19.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.19-1. Орталық депозитарий ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi өзiнiң позициясынан ақшаны есептен шығару туралы Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығынан алынған хабарлама негiзiнде Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттiң "депо" есепшотына жазады.
Ескерту. Ереже 2.19-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.19-2. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттiң "депо" есепшотына жазғаннан кейiн Орталық депозитарий Ұлттық Банкке және Алғашқы агенттерге Ұлттық Банктiң ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi позициясына (бұдан әрi - Ұлттық Банктiң позициясына) Ұлттық Банктiң аукционда сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттарын төлеу және Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттiң "депо" есепшотына жазу есебiне ақша жазылғаны туралы хабар жiбередi.
Ескерту. Ереже 2.19-2 тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.19-3. Орталық депозитарийден деректердi берудiң электрондық жүйесi арқылы Ұлттық Банктiң позициясына Ұлттық Банктiң аукционда сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттарын төлеу және Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттiң "депо" есепшотына жазу есебiне ақша аударылғандығы туралы хабар алғаннан кейiн, Алғашқы агенттер, егер инвестордың Алғашқы агентпен жасаған шартында өзгеше көзделмесе, инвесторға оның Ұлттық Банктiң қағаз жазбадағы қысқа мерзiмдi ноттарын меншiктену құқын растайтын куәлiк бередi.
Ескерту. Ереже 2.19-3 тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.20. Алғашқы агенттермен алдын ала келiскен бағасы, ноттарды сату көлемi бойынша Ұлттық Банк өзi шығаратын қысқа мерзiмдi ноттарын сатқан кезде оларға төлем жасау мен өтеу Ұлттық банк белгiлеген шарттарға сәйкес және орналастырудың аукциондық әдiсiне арналған осы Ережеде анықталған тәртiппен жүзеге асырылады.
III. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын
айналысқа шығару және өтеу
3.1. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын айналымға шығару Алғашқы агенттердiң Ұлттық Банктiң аукционда сатып алған қысқа мерзiмдi ноттарын төлеу үшiн Ұлттық Банк белгiлеген және осымен бiр мезгiлде Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру нәтижесi бойынша Алғашқы агенттiң Орталық депозитарийдегi "депо" есепшотына жазылған күннен басталады.
Ескерту. 3.1.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің
1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
3.2. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын есепке алу және олар бойынша құқықтар, сондай-ақ олармен жасалған мәмiлелерге техникалық қызмет көрсету Алғашқы агенттер үшiн - Ұлттық Банк белгiлеген бағалы қағаздардың Орталық депозитарийiндегi "депо" шоты бойынша және Алғашқы агенттердiң инвесторлары үшiн - бiрiншi санатты брокерлiк және/немесе дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар Алғашқы агенттерде ашылған "депо" шоттарында жүзеге асырылады.
Ескерту. 3.2.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің
1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
3.3. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын иеленушiлер оларды кепiлге беруге, РЕПО және керi Репо операцияларын жүргiзуге, қайталама рынокта сатуға және сатып алуға құқылы. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарымен қайталама рыноктағы мәмiлелер жасау өтеу мерзiмi көрсетiлген күнге дейiн бiр жұмыс күнi қалғанда тоқтатылады.
3.3-1. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары өтелген күнгi жұмыс күнiндегi сағат 17.00-ден кешiктiрмей Алғашқы агенттер Ұлттық Банктiң өздерiне тиесiлi өтелуге тиiстi қысқа мерзiмдi ноттары және банктiк деректемелерi туралы мәлiметтердi Орталық депозитарийге бередi.
Ескерту. 3.3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
3.4. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары өтелген күнгi жұмыс күнiндегi сағат 17.00-ден кешiктiрмей Орталық депозитарий Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргiзуге өкiлеттi бөлiмшесiне Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының эмиссиясының болашақта өтелетiндiгi туралы мәлiметтi эмиссиядағы бағалы қағаздардың санын, өтелуге тиiстi соманы және Орталық депозитарийдiң банктiк деректемелерiн көрсете отырып бередi.
Ескерту. 3.4.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
3.5. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары өтелген күнi Ұлттық Банк сағат 11.00-ге дейiн өтелу туралы мәлiметтерге сәйкес Орталық депозитарийдiң позициясына ақша аударады.
Ескерту. 3.5.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
3.5-1 Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын өтеу үшiн Орталық депозитарий өздерiнiң номинальдық құны бойынша Алғашқы агенттердiң позициясына өтелетiн күнгi сағат 12.00-ге дейiн ақша аударады.
Ескерту. 3.5-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
3.5-2. Орталық депозитарий Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын өтеу үшiн ақша аударумен бiр мезгiлде Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттердiң "депо" есепшоттарынан есептен шығарады (өтейдi).
Ескерту. 3.5-2 тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
3.6. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары өтелгеннен кейiн Орталық депозитарий Ұлттық Банкке өтелгендiгi туралы хабар жiбередi.
Ескерту. 3.6.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
3.7. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарымен операциялар жасау: кепiлге салу, РЕПО және керi РЕПО операциялары, сатып алу және сату, сондай-ақ басқа да операциялар биржалық және биржадан тыс қайталама рыноктарда бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 30 маусымдағы
N 246 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң қысқа
мерзiмдi ноттарын орналастыру,
айналысқа шығару және өтеу
ережесiне N 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарымен операциялар жүргiзуге қызмет көрсету туралы
ҮЛГI ШАРТ
Алматы "____"___________ 1997 ж.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi "Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар
Жарлығының негiзiнде жұмыс жүргiзетiн, бұдан әрi "Ұлттық Банк" деп
аталатын ________________ атынан бiр жағынан және Жарғы негiзiнде
жүргiзетiн, бұдан әрi "Алғашқы агент" деп аталатын ______________________
атынан екiншi жағынан, мына төмендегiлер туралы шарт жасасты:
Шарттың мәнi
1.1. Ұлттық Банк Алғашқы агентке Ұлттық Банктiң бағалы қағаздардың алғашқы рыногындағы қысқа мерзiмдi ноттарымен операциялар жүргiзуге өкiлеттiк бередi, ол "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiне" (бұдан әрi - Ереже) сәйкес жүзеге асырылады.
Тараптардың мiндеттерi мен құқықтары
2.1. Ұлттық Банк:
2.1.1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда болмаса, Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының алғашқы және қайталама рыногында Алғашқы агенттiң iс-әрекетiне бақылау жасау барысында алатын ақпарат туралы мәлiметтердi жарияламауға;
2.1.2. Алғашқы агентке Ережеге енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар туралы осы өзгерiстер мен толықтырулар күшiне енген күннен бастап үш күндiк мерзiмде хабарлап отыруға;
2.1.3. Алғашқы агентпен осы Шарт бұзылған жағдайда Ұлттық Банк ол бұзылардан он күн бұрын бұл жайында Алғашқы агентке, сондай-ақ осы Алғашқы агенттiң барлық инвесторларына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жазбаша хабарлауға мiндеттi.
2.1.3-1. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары номинальдық бағасы бойынша өтелетiн күнi сағат 12.00-ге дейiн өтелсiн.
Ескерту. 2.1.3-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкінің
1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.2. Ұлттық Банк:
2.2.1. Алғашқы агенттiң қызметiне бақылау жасау мақсатында оның Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының рыногында жүзеге асыратын кез-келген операциясы туралы қажеттi ақпарат сұратуға;
2.2.2. Алғашқы агент қолданылып жүрген Ереженi бұзған, сондай-ақ осы Шарттың 2.4.2-1 тармағын орындамаған немесе Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының аукционына түсiрiлген өтiнiмдерге төлем жасауға ақша аударудан iшiнара бас тартқан жағдайда, Алғашқы агент Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының 5 аукционына қатыстырудан бiржақты тәртiппен шектетiлсiн;
Ескерту. 2.2.2. тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкінің
1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.2.3. Алғашқы агент немесе оның инвесторы Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарына төлем жасауға ақша аударудан толық бас тартқан жағдайда немесе iшiнара бас тартуын қайталаған жағдайда, сондай-ақ iс-әрекетiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының бұзылғаны байқалған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Алғашқы агенттен дилерлiк және/немесе брокерлiк қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияны қайтарып алған жағдайда бiржақты тәртiппен Алғашқы агентпен осы шартты бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарымен жасалатын операцияларға қызмет көрсету туралы Шартқа Алғашқы агенттiң қол қоюына құқық берiлмейтiн етiп бұзуға;
2.2.4. Алғашқы агенттiң жазбаша өтiнiшi бойынша осы шарттың күшiн үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға, осыған байланысты Алғашқы агентпен жаңа Шарт жасасуға құқылы.
2.3. Ұлттық Банк ережелерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенi туралы Алғашқы агентке хабарламауы салдарынан оның ережелердiң қағидаларын бұзуы Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының аукциондарына Алғашқы агенттiң қатысуы жөнiндегi құқықтарын шектеуге негiз болып табылмайды.
2.4. Алғашқы агент:
2.4.1. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және осы Ережеге сәйкес осы Шарттың қағидаларын сақтауға және Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарымен мемлекеттiк бағалы қағаздардың алғашқы және қайталама рыноктарында мәмiлелердi жүзеге асыруға;
2.4.2. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарына қызмет көрсетуге Ұлттық Банк белгiлеген бағалы қағаздар Орталық депозитарийларымен шарт жасасуға;
Ескерту. 2.4.2.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің
1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.4.2-1 Алғашқы агент өз қызметін орындап жүрген кезде қатарынан үш аукционды жібермей Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционына қатыссын.
Ескерту. 2.4.2-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкінің
1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.4.3. Алғашқы рынокта аукционның бағалық шарттарына, сондай-ақ Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының рыноктық бағасына олардың қайталама рыногында ықпал жасауды мақсат еткен бағалы қағаздар рыногына басқа да қатысушылармен жазбаша немесе ауызша уағдаластық жасамауға;
2.4.4. Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргізуге өкілетті бөлімшелері аукционға қатысуға жазбаша өтiнiм берген өкiлеттi адамдардың қойылған қолдарының үлгiлерiн табыс етуге;
Ескерту. 2.4.4.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
2.4.5. Олар аукционда Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарына төлем жасау үшiн Ұлттық Банктiң шотына тиiстi төлем жасалатын күннiң 17.00 сағатынан кешiктірмей ақшаның түсуiн қамтамасыз етуге мiндеттi, аукционда сатып алынған Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарына төлем жасау үшiн ақша 17.00 сағаттан кейiн түскен жағдайда түсiмнiң кешiгуi бiр күнге кешiктiрiлдi деп қаралады.
2.5. Алғашқы агент:
2.5.1. Бiржақты тәртiппен Ұлттық Банктiң кемiнде бiр ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, Шартты бұзуға құқылы. Мұндай жағдайда Алғашқы агент өзiнiң инвесторларын олар таңдап алған басқа Алғашқы агентке көшiруге мiндеттi.
Тараптардың жауапкершiлiгi
3.1. Осы Шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және осы Шартқа сәйкес жауапты болады;
3.2. Ұлттық Банк аукционда сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттарына
төлем жасауға Алғашқы агенттен және/немесе оның инвесторынан ақшаның
уақтылы түспегенi үшiн Алғашқы агенттен әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн
төлемнiң барлық сомасынан 2% мөлшерiнде өсiмпұл өндiрiлiп алынады.
Дауларды шешу тәртiбi
4.1. Осы Шарт бойынша дау туған жағдайда Тараптар туындаған
дауларды сотсыз шешу үшiн барлық шараларды қолданады. Туындаған дау
бойынша келiсiмге қол жетпеген жағдайда ол Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен шешiлуi тиiс.
Шарттың қолданылу мерзiмi
5.1. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне кiредi және
199__________________ дейiн қолданылады.
5.2. Алғашқы агент осы Шарттың қолданылу мерзiмi бiтерден 10
күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Ұлттық Банкке Шарттың қолданылу мерзiмiн
ұзарту туралы өтiнiш жолдауға құқылы, бұдан кейiн жаңа Шарт жасалады.
Басқа да жағдайлар
6.1. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiрден екi дана етiп
жасалды, әрқайсысының заң күшi бiрдей.
6.2. Осы Шартты орындаған кезде Тараптар ережелердi басшылыққа алады.
6.3. Осы Шартқа енгiзiлген барлық толықтырулар мен өзгерiстер
тараптар жазбаша түрде әзiрлеп, қол қойған жағдайда заңды болады.
Тараптардың тұрған жерi және реквизиттерi
Ұлттық Банк Алғашқы агент
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
1997 жылғы 30 маусымда
бекiткен N 246 Қазақстан
Республикасы Ұлттық
Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарын орналастыру,
айналысқа шығару және өтеу
ережесiне N 2 қосымша
________________ *)
шығыс номерi
Ескерту:
- шығыс номерi мен күнi Алғашқы агенттiң шығыс
хат-хабарларын тiркеу журналының негiзiнде
толтырылады.
"___"_____________ 199__ж.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын
199__ жылғы "___"_________ N _________ эмиссия бойынша сатып алуға**
Ескерту:
- эмиссия номерi аукцион жүргiзу шартына
байланысты толтырылады.
ӨТIНIМ
Алғашқы агент ретiнде қатысатын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой
қатысушысы, N _____________________________________________
(ресми атауы және оның тiркеу коды)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ашылған шоты
________________________________________
МФО ____________ N________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын
күндiк өтеу мерзiмiмен мынадай баға бойынша сатып алуға дайын екенiн
көрсетедi:
___________________________________________________________________
| |Қысқа |Бағалы |Бiр |Нақты |Бiр |Дисконт. |
| |мерзiмдi |қағаздар|ноттың |құны |ноттың |телген |
| |ноттардың|рыногына|нақты |бойынша |дисконттiк|баға |
| |саны |қатысушы|құны |сатып алу|құны |бойынша |
| |(дана) |ның |(теңге)|көлемi | |сатып алу|
| | |тiркеу | |(теңге) | |көлемi |
| | |коды | | | |(теңге) |
| | |(***) | | | | |
|_________|_________|________|_______|_________|__________|_________|
|_________|_________|________|_______|_________|__________|_________|
|жиынтығы | |бәсекелiк | | | |
| | |ұсыныстар | | | |
|_________|_________|________|_______|_________|__________|_________|
|_________|_________|________|_______|_________|__________|_________|
|жиынтығы | |бәсекелiк емес | | | |
| | |ұсыныстар | | | |
|_________|_________|________|_______|_________|__________|_________|
|_________|_________|________|_______|_________|__________|_________|
Ескерту:
- 3-бағанда сатып алушы Алғашқы агенттiң
немесе оның Инвесторының тiркеу коды
көрсетiледi
Басшы:
Бас бухгалтер:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 30 маусымда
N 246 Қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарын орналастыру,
айналысқа шығару және өтеу
Ережесiне N 3 қосымша
Ескерту. 3-қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің
1998.12.31. N 360 V980857_ қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
қысқа мерзiмдi ноттарын сатып
алуға келiп түскен тапсырыстардың
ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСI
/____ N_______ эмиссия/
өтеу мерзiмi _______ күн_______
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттары
аукционының шарттары төмендегiдей болып белгiленедi.
Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатудың белгiленген көлемi
_______________ млн. теңге
Бiр қатысушыға қанағаттандырылған тапсырыстарды шектеу процентi
____________ процент
Жарияланған көлемнiң бәсекелестi емес ұсыныстарын қанағаттандыру
процентi ____________ процент
Қазақстан Республикасының Резидент емес-инвесторларының қатысу
процентi ____________ процент
Резидент емес бiр қатысушыға қанағаттандырылған тапсырыстарды
шектеу процентi ____________ процент
Бәсекелестi емес ұсыныстарды қанағаттандыру процентi
____________ процент
резидент еместер үшiн жарияланған көлемнен ____________ процент
____________________________________________________________________
Тапсырыста |Тапсырыста |Осы дисконт. |Резиденттердiң қысқа мерзiм.|
көрсетiлген |көрсетiлген |телген баға |дi ноттарды сатып алу көлемi|
дисконттел. |сыйақы (мүд-|бойынша келiп|____________________________|
ген баға |де) ставкасы|түскен тап. |Қысқа мерзiмдi|Қанағаттанды.|
/процентпен/|бойынша дис.|сырыстар саны|ноттарды сатып|рылған тапсы.|
|конттелген |/дана/ |алу көлемi |рыстарда |
|баға | |/дана/ |түскен сома |
|/процентпен/| | |(теңге) |
____________|____________|_____________|______________|_____________|
____________|____________|_____________|______________|_____________|
____________|____________|_____________|______________|_____________|
Барлығы | | | | |
____________|____________|_____________|______________|_____________|
____________________________________________________________________
Резидент еместердiң |Аукцион бойынша |Аукционда |Орташа
қысқа мерзiмдi ноттарды |түсетiн ақша |қалыптасқан|дисконт.
алу көлемi |көлемiнiң көбейе |орташа |телген баға
|беруi |белгiленген|бойынша
________________________|_____________________|дисконтт. |жылдық
Сатып алы.|Тапсырыстарды|көрсетiлген|көрсетiл.|баға |сыйақы (мүд.
натын қыс.|қанағаттан. |шектеудi |ген шек. | |де) ставкасы
қа мерзiм,|дырғанда |есептеме. |теулердi |___________|_________
дi ноттар.|/сома теңге/ |генде |ескерген.|процент |процент
дың саны | |/теңге/ |де /теңге| |
__________|_____________|___________|_________|___________|_________
__________|_____________|___________|_________|___________|_________
__________|_____________|___________|_________|___________|_________
Барлығы | | | | |
__________|_____________|___________|_________|___________|_________
Бiр қысқа мерзiмдi нотқа орташа белгiленген дисконттелген
бағасы, берiлген тапсырыс _____________% болды
Бiр қысқа мерзiмдi нотқа орташа белгiленген дисконттелген
бағасы, жарияланған көлемiне _____________% болды
Барлық өткiзiлген аукционның қысқаша талдамасы
____________________________________________________________________
Көрсеткiш |Аукционға ұсынылған барлық|Аукционның жарияланған көлемi
атауы | тапсырыстар |деңгейiндегi тапсырыстар
|__________________________|_____________________________
|Алғашқы|Инвес. |Рези.|Бар.|Алғашқы|Инвес.|Рези. |Барлығы
|агент. |тор |дент |лығы|агент. |тор |дент |
|тер |рези. |емес | |тер |рези. |емес |
| |денттер|инвес| | |дент. |инвес.|
| | |тор. | | |тер |торлар|
| | |лар | | | | |
___________|_______|_______|_____|____|_______|______|______|_______
Бәсекелестi| | | | | | | |
тапсырыс | | | | | | | |
саны (дана)| | | | | | | |
___________|_______|_______|_____|____|_______|______|______|_______
Бәсекелестi| | | | | | | |
емес | | | | | | | |
тапсырыс | | | | | | | |
саны (дана)| | | | | | | |
___________|_______|_______|_____|____|_______|______|______|_______
Тапсырыстың| | | | | | | |
жалпы саны | | | | | | | |
(дана) | | | | | | | |
___________|_______|_______|_____|____|_______|______|______|_______
Келiп түс. | | | | | | | |
кен көлемi | | | | | | | |
(теңге) | | | | | | | |
___________|_______|_______|_____|____|_______|______|______|_______
Тапсырыстың| | | | | | | |
орташа | | | | | | | |
белгiленген| | | | | | | |
дисконттел.| | | | | | | |
ген бағасы | | | | | | | |
___________|_______|_______|_____|____|_______|______|______|_______
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 30 маусымдағы
N 246 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарын орналастыру,
айналысқа шығару және өтеу
ережесiне N 4 қосымша
Ескерту. 4-қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің 1998.12.31. N 360 V980857 қаулысымен.
(толық атауы, оның тiркелген шартты белгiсi)
Қазақстан Республикасының Алғашқы агентке
Ұлттық Банкi Бiрiншi Басшы
(лауазымы, аты-жөнi)
орналасқан жерi
________"___"_____________
N ________________
ЖАЗБАША ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осымен мынаны хабарлайды,
Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға берген Сiздiң
тапсырымыңыз "___"_______________ 199___ жылғы N________ эмиссия бойынша
____________ теңге сомаға қанағаттандырылды. Аукционның орташа алынған
дисконттелген бағасы бiр қысқа мерзiмдi нотқа __________% болды.
___________________________________________________________________
|Тапсырыс |Қатысушының |Қысқа мерзiмдi|Бiр қысқа |Қанағаттанды. |
|пунктi |тiркеу коды |ноттар (дана) |мерзiмдi |рылған сатып |
| N | | |дисконттелген|алу көлемi |
| | | |баға (%) |(теңге) |
|_________|_____________|______________|_____________|______________|
|_________|_____________|______________|_____________|______________|
|Жиыны: | | | | |
|_________|_____________|______________|_____________|______________|
_________________________________________________________________
Мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге уәкілетті
__________________________________________________________________
ҚРҰБ бөлімшелері басшыларының лауазымды, аты-жөні
"_____"____________ 199___ж.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 30 маусымдағы
N 246 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң қысқа мерзiмдi
ноттарын орналастыру,
айналысқа шығару және өтеу
ережесiне N 5 қосымша
Ескерту. 5-қосымша алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкінің
1998.12.31. N 360 V980857 қаулысымен.