Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 1998 жылғы 31 желтоқсан N 360 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 шілдеде N 857 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 30 маусымдағы N 246 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Монетарлық операциялар департаментi (Әлжанов Б.А.):
      1) Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп осы қаулыны, сондай-ақ аталған өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзсiн;
      2) осы қаулыны және аталған өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн, оларға осы қаулыны және аталған өзгерiстер мен толықтыруларды алған күннен бастап бiр апта мерзімде бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберуді міндеттесін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                         Қазақстан Республикасы
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                         1998 жылғы 31 желтоқсандағы
                                         N 360 қаулысымен бекітілген
                                         Тіркеу N ____

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу Ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 30 маусымдағы N 246 қаулысымен бекiтiлген қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу Ережесiне (бұдан әрi - Ереже) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Ереженiң кiрiспесiндегi және бүкiл қазақша мәтiнiндегi "Ұлттық Банк" сөздерi өзгерiссiз қалдырылсын.
      2. Ереженiң бүкiл мәтiнiндегi және оларға N 1 және N 4 қосымшадағы "Мемлекеттiк бағалы қағаздардың басқармасы", "Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздарының басқармасы", "Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздарының басқармасына" деген сөздер тиiсiнше, "Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргiзуге өкiлеттi бөлiмшесi", "Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргiзуге өкiлеттi бөлiмшелерi", "Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргiзуге өкiлеттi бөлiмшесiне" деген сөздерге ауыстырылсын.
      3. Ереженiң 2.4 тармағы "Алғашқы агенттерге" деген сөздерден кейiн "және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi ЖАҚ-ына (бұдан әрi - Орталық депозитарий)" деген сөздермен толықтырылсын.
      4. Ереженiң бүкiл мәтiнiндегi "Депозитарий" сөзi тиiстi септiкте "Орталық Депозитарий" сөздерiне ауыстырылсын.
      5. Ереженiң 2.12. тармағы мына редакцияда жазылсын:
      "2.12. Ұлттық Банк аукцион шарттарын жариялаған кезде қаржы рыногында қалыптасқан жағдайға сүйене отырып бәсекеге түспейтiн өтiнiмдердi қанағаттандыру үлесiн, сондай-ақ Алғашқы агенттерге және резидент емес инвесторларға Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сату көлемiнiң үлесiн өзi белгiлейдi.
      Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттар аукционының Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттердiң немесе инвесторлардың сатып алуын, резидент еместердiң қатысуын және бәсекеге түспейтiн өтiнiмдердiң қанағаттандырылуын шектеуге қатысты жарияланған шарттарын Ұлттық Банк жедел, аукцион өткiзiлген күнi өзгертуге құқылы".
      6. Ереженің 2.15. - 2.19 тармақтары мына редакцияда жазылсын:
      "2.15. Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын өткiзiлетiн аукционның орташа алынған дисконттелген бағасы бойынша келесi жұмыс күнi қосымша орналастыруға құқылы.
      2.16. Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргiзуге өкiлеттi бөлiмшесi Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға арналған өтiнiмдердi қанағаттандыру көлемi туралы хабарламаны Алғашқы агенттерге және Орталық депозитарийге Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының аукционы өткiзiлетiн күнгi сағат 15.30-ға дейiн бередi.
      2.17. Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргiзуге өкiлеттi бөлiмшесi және Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға арналған өтiнiмдердiң қанағаттандырылған көлемi туралы хабарлама негiзiнде оларды шығару талаптарына сәйкес Ұлттық Банк белгiлеген төлем жасау күнгi сағат 17.00-ден кешiктiрмей Орталық депозитарийге Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын сатып алуға арналған ақшаны аударатын "депо" тапсырмасын және Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттiң "депо" есепшотына жазылуын бередi.
      2.18. Орталық депозитарий тура сол күнi Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары аукционының және Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттiң "депо" есепшотына жазылу қорытындысы бойынша Ұлттық Банктен және Алғашқы агенттерден ақша аударуға арналған "депо" тапсырмаларының түсуiне қарай оларды салыстырып тексередi және салыстырып тексерудiң нәтижесi бойынша ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi Алғашқы агенттiң позициясынан (бұдан әрi - Алғашқы агенттiң позициясы) ақшаны есептен шығаруға және оларды ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi Орталық депозитарийдiң позициясына (бұдан әрi - Орталық Депозитарийдiң позициясы) жазуға арналған төлем тапсырмасын қалыптастырып, оны Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығына бередi.
      Ұлттық Банк пен Алғашқы агенттiң Орталық депозитарийге берген "депо" тапсырмалары сәйкес келмеген жағдайда Орталық депозитарий ақшаны Алғашқы агенттiң позициясынан есептен шығаруға және оны Орталық депозитарийдiң позициясына жазуға арналған төлем тапсырмасын тапсырмалардың сәйкес келген тармақтары бойынша ғана Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығына бередi.
      2.19. Орталық депозитарийге берген төлем тапсырмалары негiзiнде Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы ақша аударудың банкаралық жүйесiнде Алғашқы агенттiң ақшасының барлығын төлем тапсырмасында көрсетiлген ақша сомасымен салыстырып тексередi. Алғашқы агенттiң ақшасы жеткiлiктi болған жағдайда Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы Алғашқы агенттiң ақшасын ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi Орталық депозитарийдiң позициясына аударады. Орталық депозитарий өзiнiң позициясына ақша жазылғаннан кейiнгi 15 минуттiң iшiнде Ұлттық Банктiң пайдасына ақша аударылғаны туралы төлем тапсырмасын жасап, оны Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығына жiбередi.
      Банкаралық есеп айырысу орталығындағы Алғашқы агенттiң ақшасы жеткiлiктi болмаған жағдайда Орталық депозитарий ақшаның жетiспейтiндiгi туралы Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығынан алынған хабарлама негiзiнде тапсырманың орындалмағаны туралы Ұлттық Банкке және Алғашқы агентке хабарлама жiбередi."
      7. Ереже мына мазмұндағы 2.19-1, 2.19-2, 2.19-3 тармақтармен толықтырылсын:
      "2.19-1. Орталық депозитарий ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi өзiнiң позициясынан ақшаны есептен шығару туралы Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығынан алынған хабарлама негiзiнде Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттiң "депо" есепшотына жазады.
      2.19-2. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттiң "депо" есепшотына жазғаннан кейiн Орталық депозитарий Ұлттық Банкке және Алғашқы агенттерге Ұлттық Банктiң ақша аударудың банкаралық жүйесiндегi позициясына (бұдан әрi - Ұлттық Банктiң позициясына) Ұлттық Банктiң аукционда сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттарын төлеу және Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттiң "депо" есепшотына жазу есебiне ақша жазылғаны туралы хабар жiбередi.
      2.19-3. Орталық депозитарийден деректердi берудiң электрондық жүйесi арқылы Ұлттық Банктiң позициясына Ұлттық Банктiң аукционда сатып алынған қысқа мерзiмдi ноттарын төлеу және Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттiң "депо" есепшотына жазу есебiне ақша аударылғандығы туралы хабар алғаннан кейiн, Алғашқы агенттер, егер инвестордың Алғашқы агентпен жасаған шартында өзгеше көзделмесе, инвесторға оның Ұлттық Банктiң қағаз жазбадағы қысқа мерзiмдi ноттарын меншiктену құқын растайтын куәлiк бередi."
      8. Ереженiң 3.1. тармағы мына редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын айналымға шығару Алғашқы агенттердiң Ұлттық Банктiң аукционда сатып алған қысқа мерзiмдi ноттарын төлеу үшiн Ұлттық Банк белгiлеген және осымен бiр мезгiлде Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын орналастыру нәтижесi бойынша Алғашқы агенттiң Орталық депозитарийдегi "депо" есепшотына жазылған күннен басталады."
      9. Ереженiң 3.3-1. тармағы мына редакцияда жазылсын:
      "3.3-1. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары өтелген күнгi жұмыс күнiндегi сағат 17.00-ден кешiктiрмей Алғашқы агенттер Ұлттық Банктiң өздерiне тиесiлi өтелуге тиiстi қысқа мерзiмдi ноттары және банктiк деректемелерi туралы мәлiметтердi Орталық депозитарийге бередi."
      10. Ереженiң 3.4 тармағы мына редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары өтелген күнгi жұмыс күнiндегi сағат 17.00-ден кешiктiрмей Орталық депозитарий Ұлттық Банктiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операция жүргiзуге өкiлеттi бөлiмшесiне Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының эмиссиясының болашақта өтелетiндiгi туралы мәлiметтi эмиссиядағы бағалы қағаздардың санын, өтелуге тиiстi соманы және Орталық депозитарийдiң банктiк деректемелерiн көрсете отырып бередi."
      11. Ереженiң 3.5. тармағы мына редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары өтелген күнi Ұлттық Банк сағат 11.00-ге дейiн өтелу туралы мәлiметтерге сәйкес Орталық депозитарийдiң позициясына ақша аударады."
      12. Ереже мына мазмұндағы 3.5-1. және 3.5-2. тармақтармен толықтырылсын:
      "3.5-1 Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын өтеу үшiн Орталық депозитарий өздерiнiң номинальдық құны бойынша Алғашқы агенттердiң позициясына өтелетiн күнгi сағат 12.00-ге дейiн ақша аударады.
      3.5-2. Орталық депозитарий Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын өтеу үшiн ақша аударумен бiр мезгiлде Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарын Алғашқы агенттердiң "депо" есепшоттарынан есептен шығарады (өтейдi)."
      13. Ереженiң 3.6. тармағы мына редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары өтелгеннен кейiн Орталық депозитарий Ұлттық Банкке өтелгендiгi туралы хабар жiбередi."
      14. Ереже жобасының N 1 қосымшасы мына мазмұндағы 2.1.3-1. Тармақпен толықтырылсын:
      "2.1.3-1. Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттары номинальдық бағасы бойынша өтелетiн күнi сағат 12.00-ге дейiн өтелсiн."
      15. N 1 қосымшаның 2.2.2. тармағы мына редакцияда жазылсын:
      "2.2.2. Алғашқы агент қолданылып жүрген Ереженi бұзған, сондай-ақ осы Шарттың 2.4.2-1 тармағын орындамаған немесе Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының аукционына түсiрiлген өтiнiмдерге төлем жасауға ақша аударудан iшiнара бас тартқан жағдайда, Алғашқы агент Ұлттық Банктiң қысқа мерзiмдi ноттарының 5 аукционына қатыстырудан бiржақты тәртiппен шеттетiлсiн;".
      16. Ереженiң N 1 қосымшасы мынадай мазмұндағы 2.4.2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2.4.2-1 Алғашқы агент өз қызметін орындап жүрген кезде қатарынан үш аукционды жібермей Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының аукционына қатыссын".
      17. Ереженің N 3 қосымшадағы "проценттік ставка" деген сөздер "сыйақы (мүдде) ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      18. Ереженің N 4 қосымшасындағы "Ұлттық Банктің мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасының бастығы" деген сөздер мынадай сөздермен ауыстырылсын:

     " __________________________________________________________________

      Мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге уәкілетті

__________________________________________________________________"

      ҚРҰБ бөлімшелері басшыларының лауазымды, аты-жөні
      19. Ережеге N 5 қосымша алынып тасталсын.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      Оқыған:
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады