1. Тауарларды еркiн айналымға шығарудың режимiндегi тауарлардың кедендiк құнына бақылау жасаудың процедурасын орындау кезiндегi тауарлардың кедендiк құнын анықтаудың уақытша тәртiбi (1-қосымша) бекiтiлсiн.
2. Төмендегiдей жағдайлар:
тауарлардың кедендiк құнына бақылау жасаудың процедурасын орындау кезiндегi тауарлардың кедендiк құнын анықтаудың уақытша тәртiбiнiң Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткiзiлетiн барлық тауарларға қатысты қолданылатындығы.
Нақты кеден басқармасы мен кеденнiң қызметi аймағындағы ауданға жиi
әкелiнетiн тауарлардың тiзбесiне тауарлардың шартты бағасын кеден басқармасы мен кеденнiң бастығы бекiтетiнi; тауарлардың шартты бағалары туралы ақпараттарды Мемлекеттiк кеден комитетiнiң Кедендiк кiрiстер басқармасына әр төртiншi айдың 5-күнiне қарата жiберу керектiгi белгiленсiн. 3. Мемлекеттiк кеден комитетiнiң баспасөз қызметi осы бұйрықтың ережелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. 4. Бұйрық баспасөзде жарияланған күннен бастап күшiне енедi. 5. Бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Мемлекеттiк кеден комитетi Төрағасының орынбасары В.Д. Кирдановқа жүктелсiн. Төраға ҚР МКК-нiң 1997 жылғы 4 шiлдедегi N 174-П бұйрығына 1-қосымша Тауарларды еркiн айналымға шығарудың режимiндегi тауарлардың кедендiк құнына бақылау жасаудың процедурасын орындау кезiндегi тауарлардың кедендiк құнын анықтаудың УАҚЫТША ТӘРТIБI
1. Декларанттың мәлiмдеген тауарларының кедендiк құнының және кедендiк бағалаудың шынайылығын анықтау кеден басқармалары мен кедендердiң кеден төлемдерi бөлiмдерiнiң құзырына кiредi.
2. Декларанттың мәлiмдеген тауарының кедендiк құны аталған қосымшада көрсетiлген тауардың шартты бағасына сәйкес келмейтiн жағдайда (яғни, 5% не одан да төмен болса) тiзбе (N 1-қосымшада) көрсетiлген тауарларды олардың кедендiк құнын анықтаудың 1-әдiсiн қолдана отырып кедендiк ресiмдеу сыртқы саудалық мәмiленiң нақты төлеу сомасын растайтын банкiлiк төлем құжаттарын мiндеттi түрде ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
Аталған тауарларға сыртқысаудалық мәмiленiң нақты төлеу сомасын растайтын банкiлiк төлем құжаттары жоқ болатын кезде кедендiк құнды анықтаудың 2-5-әдiстерi қолданылмайды, кедендiк бағалау N 1-қосымшада белгiленген Қазақстан Республикасы франкошекарасы шарттарымен тауарлардың шартты бағасы ескерiлiп жүзеге асырылады.
3. N 1-қосымшада көрсетiлмеген тауарларға қатысты декларанттың мәлiмдеген тауарының кедендiк құны тауардың шартты бағасына <*> 25% кем болатын жағдайда, сатушының шотына сатып алушының төлеген төлеу сомасын растайтын банкiлiк төлем құжаттарын кеден органдарына ұсыну кедендiк құнды 1-әдiс бойынша анықтаудың мiндеттi шарты болып табылады. Оның үстiне төлеу кедендiк жүк декларациясы қабылданған күнi жүзеге асырылуы тиiс. Сыртқысаудалық мәмiленiң нақты төлеу сомасын растайтын банкiлiк төлем құжаттары жоқ болатын кезде немесе келiсiм-шартпен тауарды өткеру ескерiле отырып, бағаны қайта қарау туралы ережеге сәйкес әкелiнетiн тауардың түпкiлiктi бағасы көзделетiн жағдайда сатушының сатып алушыға төлеген жалпы төлеу сомасы бойынша анықталуы мүмкiн болатындығы көзделетiн кезде 2-5-әдiстерi қолданылмайды, тауарларды кедендiк бағалау тауарлардың шартты бағасы ескерiле отырып, 6-әдiстiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Ескертулер:
<*> Тауардың шартты бағасы - импорттық бағалардың қалыптасқан деңгейi ескерiлiп, жеке алынған кеден органының статистикалық деректерiнiң, сондай-ақ баға анықтамалықтарының, баға прейскуранттарының, фирмалар каталогтарының, орташа келiсiм-шарттық анықтамалықтардың негiзiнде тауарларды жеткiзудiң ерекшелiктерi (тауардың түрi, топтаманың мөлшерi, жөнелту елi, шыққан елi, жеткiзiлiмнiң шарттары мен уақыты) ескерiле отырып есептеледi.
Мейлiнше жиi әкелiнетiн тауарлардың тiзбесiне қойылатын тауарлардың шартты бағасы бұдан бұрынғы 90 күн iшiнде осы тауарларға қалыптасқан бағалардың деңгейi ескерiлiп, 3 ай мерзiмiне белгiленедi.
4. Тауарларды шартты түрде еркiн айналымға шығару декларанттың жазбаша өтiнiшi бойынша (N 2-қосымша) тек қана кеден органының депозитiне, кеден төлемдерi мен салықтарының қажеттi сомаларын салудың мiндеттi шарты орындалатын жағдайда жүзеге асырылады.
Бұл ретте кеден органының депозитiне салынатын кеден төлемдерi мен салықтарының қажеттi сомасы кеден органының КҚТ-1 нысанын толтыра отырып, кеден органы жүргiзген тауарларды уақытша (шартты) бағалауы мен декларанттың мәлiмдеген кедендiк құны арасындағы айырмашылық ескерiле отырып есептеледi.
Мұндай жағдайда КҚТ-нiң сыртқы бетiнде "Кеденнiң белгiлерi үшiн" бағанында кеден органының лауазымды адамы "КҚ нақтылануда" деп жазады. "_____"_______________N ________уақытша КҚ. Түзету мерзiмi "_____"__________________", ол белгiленген тәртiппен куәландырылады. Осындай жазу КЖД-нiң "С" бағанында жазылады.
Келiсiм-шарттың шарттарына сәйкес кеден органының белгiлеген мерзiмiнде декларант тауарлардың кедендiк құнын растайтын барлық құжаттарды ұсынғаннан кейiн кедендiк құнды және тиiстi кеден төлемдерi мен салықтарын қайта есептеу, оның iшiнде артық төленген сомаларды қайтару не кем төленген сомаларды өтеу КҚТ-1 нысанын толтыра отырып жүзеге асырылады.
Ондай жағдайда декларанттың алғаш мәлiмдеген кедендiк құн банкiлiк төлем құжаттары арқылы расталады, КҚТ-1 толтырылмайды, КҚД-1-де "Кеденнiң белгiлерi үшiн" бағанында "КҚ қабылданады" деп жазылады және кедендiк құнды растау үшiн ұсынылған құжаттың N көрсетiледi. Осындай белгiлер КЖД-нiң "С" бағанында жазылады.
Мәлiмделген кедендiк құнды растайтын қажеттi құжаттар белгiленген мерзiм өткенге дейiн ұсынылмаса, тауарлардың шартты бағасы қолданылып есептелiнген, кеден төлемдерi мен салықтарының сомасы тауарлардың кедендiк құнына қатысты түпкiлiктi шешiм болып саналатын КҚТ-1-дi кеден органы лауазымды адамының толтыруы жолымен бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
5. Қазақстан Республикасында Экспорттық-импорттық валюталық
келiсiм-шарттарды ұйымдастыру туралы ереже енгiзiлген сәттен бастап импорттық мәмiленi төлеу бойынша хабардар ету сыртқысаудалық мәмiленi растау болып табылады. 6. Кедендiк құнды түзеу нысанын толтыру Ережеге (КҚТ-1 мен КҚТ-2 нысандарын толтыру жөнiндегi уақытша нұсқау) N 3-қосымшаға сәйкес жүргiзiледi. 7. Шартты түрде шығарылған тауарларға толық бақылау жасауды кеден төлемдерi бөлiмi төмендегiдей процедураларды: - төмендегiдей мәлiметтердi: 1) КЖД нөмiрiн; 2) кәсiпорын атауын; 3) тауардың атауын; 4) тауардың кодын; 5) кедендiк ресiмдеудiң күнiндегi төлемнiң валюта коды мен шетелдiк валюта бағамын; 6) кеден органы депозитiне төленген кеден төлемдерi мен салықтарының сомасын, сондай-ақ КҚТ-1 N-iн; 7) кедендiк құнды растаудың белгiленген мерзiмiн; 8) шартты құнды қолдана отырып, кедендiк бағалаудың нәтижесiнде алынған және бюджетке аударылған кеден төлемдерi мен салықтарының сомасын, сондай-ақ КҚТ-1 N -iн; 9) түпкiлiктi кедендiк бағалаудың күнiн бейнелей отырып тауардың кедендiк құнын растаудың қажет болуына байланысты тауарларды шартты түрде шығару жүзеге асырылып отырылған КЖД-нi есепке қою журналын ендiрудi орындай отырып жүзеге асырады. Тауарларды еркiн айналымға шығарудың режимiндегi тауарлардың кедендiк құнына бақылау жасаудың процедурасын орындау кезiндегi тауарлардың кедендiк құнын анықтаудың уақытша тәртiбiне 1-қосымша Сыртқысаудалық мәмiленiң төлену фактiсiн растайтын банкiлiк төлем құжаттарын мiндеттi түрде ұсыну көзделген тауарлардың тiзбесi ____________________________________________________________________ СЭҚ ТН бойынша| Тауардың қысқаша атауы| Өлшем |Әлемдiк бағалар тауардың коды | |бiрлiгi|негiзiнде (өлшем | | |бiрлiгi үшiн АҚШ | | |долларымен) есептелген | | |кедендiк бағалауға | | |арналған шартты баға ____________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 ____________________________________________________________________ 2203 00 |Сыра ашытқысы | литр | 1.00 ____________________________________________________________________ 2204 (2204 10- |Күшейтiлгендерiн қоса | литр | 2.00 нан басқасы) |табиғи жүзiм шараптары | | ____________________________________________________________________ 2204 10 (2204 |Көбiктi шараптар | литр | 2.00 10 110-нан | | | басқасы) | | | ____________________________________________________________________ 2204 10 110 |Шампан | литр | 3.00 ____________________________________________________________________ 2205 |Вермуттар мен өзге де | литр | 2.50 |өсiмдiк не хош иiстi | | |сығындылар қосылған | | |табиғи жүзiм шараптары | | ____________________________________________________________________ 2206 00 |Ашытылған өзге де | литр | 1.50 |сусындар (алма сидры, | | |перри (алмұрт сидры), | | |бал сусыны) | | ____________________________________________________________________ 2207 10 000 |Спирт концентрациясы | литр | 1.50 |кемiнде 80% тазаланбаған | |этил спиртi | | ____________________________________________________________________ 2208 20 |Жүзiм шарабын не жүзiм | литр | 7.00 |сығындысын дистилляция.| | |лау (айдау) нәтижесiнде| | |алынған спирт тұнбалары| | ____________________________________________________________________ 2208 30 |Вискилер | литр | 16.00 ____________________________________________________________________ 2208 40 |Ром мен таффия | литр | 10.00 ____________________________________________________________________ 2208 50 |Джин және арша тұнбасы | литр | 10.00 ____________________________________________________________________ 2208 60 |Арақ | литр | 3.5 ____________________________________________________________________ 2208 70 |Ликерлер мен тәттi | литр | 5.00 |сусындар ____________________________________________________________________ 2208 90 110 | Аррак | литр | 6.00 2208 90 190 | | | ____________________________________________________________________ 2208 90 330 |Алша, алмұрт не шиенiң | литр | 3.00 2208 90 380 |спирт тұнбасы, | | |ликерлерден басқалары | | ____________________________________________________________________ 2208 90 410 |Өзге де спирт тұнбалары| литр | 5.00 2208 90 780 |мен өзге де сусындар | | ____________________________________________________________________ 2208 90 910 |Спирт концентрациясы | литр | 2.00 2208 90 990 |кемiнде 80% тазаланбаған | |этил спиртi | | ____________________________________________________________________ 2402 (2402 90 |Сигаралар, ұштары |1000 | 25.00 000-нан басқасы) қырқылған сигаралар |дана | |мен сигарлиллалар (жұқа| | |сигаралар мен темекi | | |сигареттерi | | ____________________________________________________________________ 2710 00 270 |Автомобиль бензинi | литр | 0.20 2710 00 360 | | | ____________________________________________________________________ 7013 21 |Су iшуге арналған | кг | 20.00 |хрусталь ыдыстар | | ____________________________________________________________________ 7013 31 | Үстел жасауға арналған| кг | 20.00 |бұйымдар не ас үйдiң | | |хрусталь керек-жарақтары | ____________________________________________________________________ 7013 91 |Өзге де хрусталь | кг | 25.00 |бұйымдар | | ____________________________________________________________________ 7102 39 000 |Бриллианттар | карат | 1500.00 ____________________________________________________________________ 7113 |Зергерлiк бұйымдар мен | кг | 1500.00 |аса бағалы металдармен | | |жылтыратылған не аса | | |бағалы металдардан | | |жасалған олардың | | |бөлiктерi | | ____________________________________________________________________ 7114 |Шеберлерге арналған | кг | 3000.00 |не күмiс бұйымдар мен | | |аса бағалы металдармен | | |жылтыратылған, не аса | | |бағалы металдардан | | |жасалған олардың | | |бөлiктерi | | ____________________________________________________________________ 7116 |Табиғи не жасанды | грамм | 1.50 |iнжуден, аса бағалы | | |металдармен жылтыратыл.| | |ған, аса бағалы не жар.| | |тылай аса бағалы | | |(табиғи, жасанды не | | |қалпына келтiрiлген) | | |тастардан жасалған | | |бұйымдар | | ____________________________________________________________________ 8703 21 |Iштен жанатын поршеньдi| дана | 10000.00 8703 22 |двигателi бар двигате. | | |лiнiң жұмыс көлемi 1500| | |текше см. жеңiл | | |автомобильдер | | ____________________________________________________________________ 8703 23 |Iштен жанатын поршеньдi| дана | 20000.00 |двигателi бар двигате. | | |лiнiң жұмыс көлемi қоса| | |алғанда 1500 текше см. | | |ден 3000 текше см.ге | | |дейнiгi жеңiл | | |автомобильдер | | ____________________________________________________________________ ҚР МКК-нiң Нұсқауына 2-Қосымша ____________________ ____________бастығына ____________________ ____________________ (декларанттың атауы мен мекен-жайы) Ө Т I Н I Ш __________________________КЖД бойынша кедендiк ресiмдеу үшiн ұсынылған мәлiмделген тауарлардың кедендiк құнын нақтылау мақсатында қосымша құжаттарды көрсету қажеттiлiгiнiң туындауына байланысты Сiзден кеден органының депозитiне кеден төлемдерi мен салықтарының сомаларын төлей отырып, тауарды бiздiң пайдалануымызға берудi сұраймыз. Кедендiк уақытша (шартты) бағалаудың негiзiнде 199__ жылдың "__" ______________ _________________________________ мөлшерiнде есептелген кеден төлемдерi мен салықтарының қосымша сомасын төлеу кеден органының 199__ж. N _________________ от "________" __________________ПП депозитiне соманы салу жолымен: қамтамасыз етiлiп отыр. Құжаттарды ұсыну мерзiмi 199__ж. "___" ______________ Ұйымның мөрi Басшы ____________________ Күнi Бас бухгалтер ____________