--------------Қаулыдан үзінді-------------
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы
N 392 қаулысына Қосымша
Күшi жойылды деп танылатын нормативтiк
құқықтық актiлердiң тiзбесi
3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Акционерлiк қоғамдардың қоғамға тиесiлі активтердi беру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу тәртiбi туралы" 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 106 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 357 тiркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, 2001 жыл, 3-том)...
------------------------------------
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына акционерлiк қоғамдардың қатысу рәсiмiн реттеу және акционерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
1. Жарғылық капиталына қоғамның активтерiн беру арқылы заңды тұлғалардың қызметiне акционерлiк қоғамдардың қатысуының мынадай тәртiбi белгiленсiн:
а) заңды тұлғаның жарғылық капиталына активтерiн беру арқылы акционерлiк қоғамдардың қатысуы туралы шешiмдi қоғамның уәкiлеттi органы оның жарғысының ережелерiне сәйкес қабылдайды.
Осындай шешiмдi қоғамның атқарушы органы қабылдаған жағдайда Бақылау кеңесi оған заңды тұлғаның жарғылық капиталына активтерiн беруге ресми рұқсат беру керек;
б) қоғам оның активтерiн беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап 30 күн iшiнде бұл туралы хабарлама қағаз жiберу немесе осы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау арқылы акционерлердi хабардар етуге мiндеттi;
в) мөлшерi қоғамға тиесiлi барлық активтердiң 25 және одан көп процентiн құрайтын сомадағы қоғамның таза активтерiнiң бiр жолғы немесе бiрнеше бөлiгiн беру туралы шешiм тек акционерлердiң жалпы жиналысында қабылданады.
Қоғамның активтерiн өзге заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру жөнiндегi дауыс беруге қатыспаған немесе қарсы дауыс берген акционер қоғамның оған тиесiлi акцияларын бастапқы бағасынан төмен емес, ал рыноктiк баға кесу болған жағдайда бастапқы бағадан асатын төлеудi талап етуге құқықты.
Акционер аталған талаптарды қойған жағдайда акционерлiк қоғам оған тиесiлi акцияларды қоғамның акцияларын беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап 30 күн iшiнде сатып алуға мiндеттi.
Егер, акционер қабылданған шешiм туралы естiмеген жағдайда, ол қоғамның активтерiн өзге заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру туралы бiлген күннен бастап 3 айдың iшiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң талап ету мерзiмдерi туралы нормаларын ескере отырып, акционерлiк қоғамға акцияларды төлеу туралы талап қоюға құқығы бар;
г) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қоғамның активтерiн беру берiлетiн мүлiктiң құнын тәуелсiз аудитордың немесе бағалаушының белгiлеулерi және мүлiктi беру-өткiзу актiсiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. Енгiзiлген қаражаттарға одан әрi есеп жүргiзу қоғамның балансында заңға сәйкес жүзеге асырылады;
д) егер активтер берiлгеннен кейiн жеке капиталдың мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының мөлшерiнен төмен болып қалса және егер осы мәмiле қоғамның төлем қабiлетсiздiгiне немесе шамасыздығына (банкроттыққа) әкеп соқса, өзiнiң активтерiн берудi жүзеге асыруға акционерлiк қоғамның құқығы жоқ.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
Ұлттық комиссияның
Төрағасы