Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының
1997 жылғы 25 қыркүйектегi
N 152 қаулысымен бекiтiлдi
Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының
және биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының
қызметтерiн лицензиялау тәртiбi туралы
Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн лицензиялау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - БҚҰК) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қатысушылар қауымдастықтарының қызметiн лицензиялауының, сондай-ақ лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасауды жүзеге асыруының тәртiбiн және шарттарын белгiлейдi.
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 көкектегi "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар N 2200 Жарлығының негiзiнде әзiрлендi.
2. Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн лицензиялауды лицензия алған бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қатысушылар қауымдастықтарының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзетiн БҚҰК жүзеге асырады. Аталған тiзiлiмге лицензияны берудiң, тоқтата тұрудың және қайтарып алудың барлық фактiлерi туралы мәлiметтер енгiзiледi.
4. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын, күшiне енгiзiлген халықаралық келiсiмдерi бар басқа да мемлекеттердiң аумағында қолданылады.
II. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
5. Лицензия алу үшiн БҚҰК мынадай құжаттар ұсынылуы қажет:
а) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген үлгi бойынша өтiнiш;
б) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
в) барлық өзгерiстерiмен және толықтыруларымен қоса, тiгiлген және нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
г) мүшелерiнiң тiзiмi;
д) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қолданылып жүрген заңдардың талаптарына сәйкес жасалған, тiгiлген және өтiнушiнiң лауазымды тұлғасы қол қойған ережесi (екi дана);
е) лицензиялық алымды төленгендiгi туралы төлем тапсырысының көшiрмесi.
7. Лицензиаттың жоғарыда аталған барлық құжаттарға қол қойған лауазымды тұлғасына ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң анық еместiгi үшiн заңмен белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi.
III. Лицензия бергендiк үшiн алым
9. Лицензиялық алымның мөлшерi және оны төлеудiң тәртiбi қолданылып жүрген заңдармен айқындалады.
IV. Лицензияны беруден бас тарту
10. Егер:
а) субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң актiлерiмен тыйым салынса;
б) осы Ереженiң 3-бабына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтiнушi аталған кедергiлердi жойғанда өтiнiш жалпы негiздерде қаралады;
в) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия бергендiк үшiн алым төленбесе;
г) өтiнушi қолданылып жүрген заңдармен белгiленген бiлiктiлiк
талаптарына сәйкес келмесе;
д) өтiнушiге қатысты, оған қызметтiң осы түрiмен шұғылдануға тыйым салатын соттың шешiмi болса, лицензия берiлмейдi.
11. Лицензия беруден бас тартқан кезде өтiнушiге жазбаша түрде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде дәлелдi жауап бередi.
12. Лицензия берудiң мерзiмдерi бұзылса немесе лицензия беруден бас тартылса өтiнушi бiр ай мерзiмде БҚҰК әрекетi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
13. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдардың және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келсе, өтiнушiге лицензия берiледi. Лицензия бекiтiлген үлгi бойынша ресiмделедi. Сонымен қатар өтiнушiнiң ережелерiне лицензиялаушы органның штампы қойылады. Ережелерiнiң бiр данасы өтiнушiге қайтарылады. Екiншi данасы лицензиялаушы органда сақталады.
VI. Лицензияны қолдануды тоқтату
15. Лицензия:
а) лицензияны қайтарып алған;
б) лицензия берiлген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда өзiнiң күшiн тоқтатады.
VII. Лицензияны қайтарып алу және оны
қолдануды тоқтата тұру
17. Лицензия:
а) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарды лицензиат орындамаған;
б) лицензияны қолдануды тоқтата тұру себептерi жойылмаған;
в) лицензиатқа оның иеленген лицензия бойынша жүзеге асыратын
қызметтiң түрiмен шұғылдануына сот тыйым салған жағдайларда қайтарылып алынуы мүмкiн.
18. Лицензияны қолдану:
а) лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттарда анық емес ақпараттар анықталған;
б) осы Ереженiң 27 және 28-тармақтарының талаптары бұзылған;
в) лицензия берiлген сәттен бастап бiр жыл iшiнде, онда көрсетiлген қызмет жүзеге асырылмаған;
д) бағалы қағаздар рыногын реттейтiн заңдар бұзылған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
19. Лицензиар тоқтата түру себептерiн көрсете отырып лицензияны қолдануды алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
20. Лицензияны қолдану тоқтата тұрылған жағдайда лицензиат анықталған заң бұзушылықтарды жоюға мiндеттi, одан кейiн лицензияны қолдану БҚҰК жазбаша ескертпесi бойынша жаңаруы мүмкiн. Лицензиаттың лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы жазбаша ескертпенi алғаннан кейiнгi қызметi заңсыз болып саналады және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
21. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда, лицензиат ресми жазбаша ескертпе алған сәттен бастап он күн iшiнде лицензияны БҚҰК қайтару керек.
22. БҚҰК лицензияны қайтарып алу немесе қолдануды тоқтата тұру туралы шешiмi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға болады.
VIII. Лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасау
23. Лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасауға:
а) лицензиаттардың қызметiне және қызметтерiнiң iшкi ережелерiне олардың қолданылып жүрген заңдармен қызметтiң осы түрiне қойылатын талаптарға сәйкестiлiгiн тексеру;
б) лицензияда көрсетiлген талаптарға лицензиаттың қызметiнiң сәйкестiлiгiн тексеру;
в) есепке алудың, есеп берудiң және ұсынылатын талаптарға бақылау жасаудың жайын тексеру кiредi.
24. Мерзiмдiлiк және лицензиаттарды тексерiстермен қамту көзделетiн бекiтiлген күнтiзбелiк жұмыс жоспары бойынша бақылау жасауды БҚҰК жүзеге асырады.
25. Қолданылып жүрген заңды бұзу туралы ақпараттар келiп түскен жағдайда жоспардан тыс тексерiстер жүргiзiлуi мүмкiн.
26. Тексерiстердiң нәтижелерi актiмен ресiмделедi.
27. Лицензияттар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте БҚҰК есептер беру, сондай-ақ осы Ереженiң 5, 6-тармақтарына сәйкес лицензиялауға ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы он күндiк мерзiмде БҚҰК жазбаша нысанда ескерту керек.
28. БҚҰК талап етуi бойынша лицензиаттар лицензияда көрсетiлген қызмет туралы барлық қажеттi ақпаратты сұрауды алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде беруге мiндеттi. Айрықша жағдайларда БҚҰК ақпараттар берудiң мерзiмiн ұзатуға құқылы.
БҚҰК әрекетi жөнiнде сот тәртiбiмен шағым жасауға лицензиаттың құқығы бар.