жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-тармағының 12-бабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi: Берiлiп отырған "Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн жеңiлдiктер мен преференциялар алуға инвесторлардан түскен өтiнiмдердi қабылдаудың тәртiбi туралы нұсқаулық" пен "инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн жеңiлдiктер мен преференциялар алуға арналған өтiнiмнiң" нысаны бекiтiлсiн. Төраға Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы " " _________ N_____ қаулысымен Бекiтiлген Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн жеңiлдiктер мен преференциялар алуға арналған ӨТIНIМ I. Инвестор туралы деректер 1. Инвестордың атауы (жеке немесе заңды тұлға немесе консорциум) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 2. Құрылтай құжаттарының болуы: а) Жарғы; б) Сауда реестрiнен алынған заңды көшiрме немесе шетел мемлекетiнiң заңы бойынша инвестордың заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа құжат, ал қазақстандық заңды тұлға үшiн - мемлекеттiк тiркеу мен статистикалық карточкасы туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi; в) Құрылтай шарты; ___________________________________________________________________ 3. Почталық мекен-жайы _______________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 4. Банктiк реквизиттерi ______________________________________ 5. Компанияның бiрiншi басшысының қысқаша резюмесi____________ ___________________________________________________________________ телефон _______________факс_________________ эл. почта_____________ 6. Жоба менеджерiнiң қысқаша резюмесi_________________________ ___________________________________________________________________ телефон _______________факс_________________ эл. почта_____________ II. Инвестордың таңдап алған экономиканың басым секторы және жобаның қысқаша сипаттамасы (инвестициялардың жалпы көлемi мен жобаның өтелу мерзiмiн көрсете отырып) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ III. Комитеттiң талабына сәйкес орындалған және келiсiм-шарттың сараптамасы шеңберiнде қаралатын жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi (бизнес-жоспар)_______________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ IV. Инвесторға қажеттi жеңiлдiктер мен преференциялардың, олардың мөлшерлерi мен қолданылу мерзiмдерiнiң тiзбесi және негiздемесi 1. Қажеттi мемлекеттiк заттық гранттар: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қолданылу мерзiмi__________________________________________________ 2. Табыс салығы бойынша қажеттi жеңiлдiктер:__________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қолданылу мерзiмi _________________________________________________ 3. Жерге салынатын салық бойынша қажеттi жеңiлдiктер:_________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қолданылу мерзiмi _________________________________________________ 4. Мүлiкке салынатын салық бойынша қажеттi жеңiлдiктер________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қолданылу мерзiмi _________________________________________________ 5. Қажеттi кедендiк жеңiлдiктер:______________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қолданылу мерзiмi _________________________________________________ V. Инвестордың қаржылық мүмкiндiктерiн растау 1. Соңғы үш жыл iшiндегi компанияның, инвестордың (аудиттелiнген) қаржылық көрсеткiштерi; 2. Қаржыландыру көздерi; ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ VI. Инвестордың техникалық және ұйымдастырушылық мүмкiншiлiктерiн растау 1. Алдыңғы жобалардың тәжiрибесi; 2. Ұқсастықтар; 3. Жаңалығы ___________________________________________________________________ VII. Жобаны жүзеге асырудың ұйымдастыру - құқықтық негiздерi ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ VIII. Инвестордың инвестициялық жобаны толық және дер уақытында жүзеге асыруды қамтамасыз ету мiндеттемесi ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
IХ. Инвестордың Комитеттiң инвестициялық өтiнiмдi, сондай-ақ
келiсiм-шартты сараптау мен әзiрлеудi ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегi шығындарын өтеуге әзiрлiгi туралы мiндеттемесi ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Өтiнiмдердi сараптауды, сондай-ақ келiсiм-шартты сараптауды және дайындауды ұйымдастыру мен жүргiзу кезiнде инвестор Комитетке барынша қолдау жасайды және жәрдемдеседi, барлық қажеттi ақпаратты бередi. Өтiнiм жасаушы өтiнiмдегi, қызметкердiң анкетасындағы және қосымшалардағы барлық ақпараттың дәлдiгiн және дұрыстығын мәлiмдейдi және кепiлдiк бередi. Инвестор____________________ (қолы, мөр)
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы " " _________ N_____ қаулысымен Бекiтiлген
Экономиканың басым секторларында инвестициялық
жобаларды жүзеге асыру үшiн жеңiлдiктер мен
преференциялар алуға инвесторлардан түскен
өтiнiмдердi қабылдаудың тәртiбi туралы
НҰСҚАУЛЫҚ
Осы нұсқаулық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Z970075_ Қазақстан Республикасы Заңының 1-тармағының 12-бабын орындау үшiн инвесторлардан түскен өтiнiмдердi қабылдаудың тәртiбiн айқындайды.
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң дербес тарататын және пайдаланатын және Қазақстан Республикасының жеңiлдiктерi мен преференцияларын берудi талап етпейтiн инвестицияларға қолданылмайды.
1. Негiзгi ұғымдар
Осы нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Комитет - Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi;
инвестор - экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыру үшiн жеңiлдiктер мен преференциялар алғысы келетiн жеке немесе заңды тұлға немесе консорциум;
өтiнiм - экономиканың басым секторында инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн жеңiлдiктер мен преференциялар алуға арналған Комитет бекiткен өтiнiм нысанында көрсетiлген құжаттардан тұратын пакет.
2. Өтiнiмдердi қабылдау
Инвестор белгiленген нысандағы өтiнiмдi Комитеттiң әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау Дирекциясына ұсынады.
Егер Комитет аталған өтiнiмдегi немесе оған қоса берiлген құжаттардағы қандай да болмасын фактiлердiң, мәлiметтердiң дұрыстығына күмән келтiрмесе, ол осы фактiлерге немесе құжаттарға сараптама жүргiзуге құқылы.
Барлық санамалап көрсетiлген құжаттар болған кезде өтiнiмге тiркеу жүргiзiледi.
3. Өтiнiмдi қарау
Комитеттiң әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау Дирекциясы қабылдау күнiнен бастап 30 күннен аспайтын мерзiмде өтiнiмге оның тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкестiгiне сараптама ұйымдастырады және жүргiзедi. Сараптама жүргiзу үшiн зерттеулер, жоспарлау және ақпарат Дирекциясы мен келiссөздер жүргiзу және жобаларды бағалау Дирекциясы тартылады, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары, кеңесшiлер, консультанттар тартылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкестiгiне арналған сараптаманың нәтижелерi туралы Комитет инвесторға хабарлайды және оң шешiм қабылданған кезде тараптар келiсiм-шартты сараптауға және әзiрлеуге кiрiседi.
Өтiнiмнiң Қазақстан Республикасының заңына сәйкестiгiне сараптама жүргiзу барысында жарнама және үйлестiру Дирекциясы барлық келiсушi және рұқсат етушi құжаттарды, лицензияларды, визалар мен инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi құқықтар мен өкiлеттiктердi беретiн басқа да құжаттарды алуға әзiрлiк жүргiзедi.
4. Дауларды қарау
Инвестор инвестициялық өтiнiмнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiне арналған сараптаудың нәтижесiмен келiспеген кезде Комитеттiң әрекетiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға құқығы бар.