Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереже жөнiнде

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасы 1997 жылғы 21 шiлде N 288 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қаңтар N 429 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы N 473 қаулысымен.

      Екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 237 қаулы) Қазақстан Республикасы Екiншi деңгейдегi банктерiнiң бухгалтерлiк есебi шот жоспарының енгiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
      1. Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктiк қадағалау департаментi (Н.Қ.Абдуллина):
      а) Заң департаментiмен (А.Қ.Өртембаев) бiрлесе отырып екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
      б) осы Қаулыны және Екiншi деңгейдегi банктердiң берген кепiлдiктер шарттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тiркеу тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармаларына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 25 шiлдедегi
N 288 Қаулысымен  
Бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi
банктер берген кепілдiктер шарттарын тiркеу ережелерi

      Ескерту: Тақырып жаңа редакцияда жазылды және барлық мәтiн бойынша "осы Ереже", "осы Ереженiң", "осы Ережеге" деген сөздер  "осы Ережелер", "осы Ережелердiң", "осы Ережелерге" деген сөздермен, тараулардың атауларындағы "I", "II" "III", "IV" деген сандар "1", "2", "3", "4" деген сандармен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 28 қарашадағы N 438 қаулысымен

      Осы Ереженің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң  күшi бар Жарлығына және екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi банктер) қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы басқа да заң актiлерiне сәйкес жасалды, Қазақстан Республикасы банктерiнiң берген кепiлдiктер шарттарын арнайы есепке алу мәселесiн реттейдi және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) тiркеу тәртiбiн айқындайды.

1. Жалпы ережелерге

      1. Тараптардың бiрi банк болып табылатын кепiлдiктердiң шарттары осы Ережелердiң талаптары ескерiле отырып, жазбаша түрде толтырылуы тиiс.
      Банктерге кепiлдiктер беру (теңгемен де, шет ел валютасымен де ) тек қана кепiлдiк шартын жасау жолымен және кепiлдiк операцияларын жүргiзуге Ұлттық Банктiң лицензиясы болғанда ғана жүзеге асырылады.
      - Ескерту. Банктiң шет ел валютасымен кепiлдiктер беруi банктiң шет ел валютасымен банк операцияларын жүргiзуге лицензиясы болғанда ғана және Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

      2. Егер кепiлдiк берушi кепiлдiк берiлген тұлғаға ақша түрiнде көзделген мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк берiп, борышқордың мiндеттемелерiн орындауда өз жауапкершiлiгi туралы жазбаша хабарласа, ал кредитор бұған қажеттi қалыпты мерзiм iшiнде кепiлдiк берушiнiң ұсынысынан бас тартпаса, кепiлдiк шартының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi.

      3. Егер кепiлдiкте басқаша көзделмеген болса, кепiлдiк берушi оны қайтарып ала алмайды.
      Банктердiң тiркеу туралы осы Ережелердегi талаптарды орындамауы, сонымен бiрге кепiлдiк шартын Ұлттық Банкте дер кезiнде тiркемеуi банктердi мәмiлеге қатысушы басқа да тараптар алдындағы жауапкершiлiктен босатпайды.

      4. Банк тек қана басқа тұлғаның мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн кепiлдiктер беруге құқылы.
      Банктiң кепiлдiктерiнiң шарттары 3 данадан кем болмауы тиiс.

      5. Банктiң Ұлттық Банкте кепiлдiк шарттарын тiркеуi кепiлдiк берушi-банктi борышқордың мiндеттемесiн орындаудан босатпайды. Мұндай жағдайда Ұлттық Банк кепiлдiк шартын орындау бойынша кепiлдiк берушi болып саналмайды және кепiлдiк берушi ретiндегi банктiң борышқор мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жауап бермейдi.
      Банктер теңгемен және шетел валютасымен берген сомасы 5 млн. теңгеден асатын кепiлдiктер (кепiлдемелер) Ұлттық Банкте тiркелуге тиiс.
      Ескерту: 5-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 28 қарашадағы N 438 қаулысымен .

      6. Кепiлдiктер шарты мынадай мазмұнда болуы тиiс:
      - кепiлдiктiң номерi және берiлген күнi;
      - кепiлдiк берушi болып саналатын банктiң атауы, мекен-жайы және оның тұрған жерi бойынша Ұлттық Банктiң тиiстi филиалының деректемелерi;
      - заңды немесе жеке тұлға-борышқордың аты;
      - борышқорға қызмет көрсететiн банктiң аты және мекен-жайы;
      - кредитордың аты;
      - борышқор мiндеттемесiнiң пайда болған күнi;
      - кепiлдiктiң мөлшерi (сомасы);
      - кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi;
      - кепiлдiктiң қолданылу мерзiмiнiң тоқтатылу жағдайлары;
      - кепiлдiк берушi болып саналатын банктiң бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң банк мөрiмен расталған қолы;
      - кепiлдiк шартының Ұлттық Банкке тiркелгенi туралы және оны Ұлттық Банк филиалының арнайы есепке алынғаны туралы мәлiметтер көрсетiлген (N 1 қосымша) аталған құжаттың қорытынды бөлiгiндегi мәтiнi.
      Екi немесе одан көп парақ етiп жасалған кепiлдiктердiң (кепiлдемелердiң) шарттары нөмірленiп, тiгiлуi керек, қағаз пломбамен қойылуы және банктiң мөрiмен бекiтiлуi керек.
      Ескерту: 6-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 28 қарашадағы N 438 қаулысымен .

      7. Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiнiң қорытындысы бойынша кепiлдiк шартын тiркеу туралы не тiркеуден бас тарту туралы Ұлттық Банктiң шешiмiн Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары қабылдайды.

      8. Кепiлдiк шартының жалпы шарттары және оны беру, орындау және тоқтату негiздемесi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

      9. Егер кепiлдiк берушi кредитор не Тарап банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болса, кепiлдiк шартын Ұлттық Банкте ресiмдеу және тiркеу банктердi тiркеу тәртiбiмен жүргiзiледi.

2. Банктiң кепiлдiк шартын тiркеуге мiндеттiлiгi
және оны Ұлттық Банктiң есепке алу тәртiбi

      10. Банк кепiлдiктер берген кезде кепiлдiк шартын осы мәмiлелер жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей Ұлттық Банкте тiркеуге мiндеттi.
      Ескерту: 10-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 28 қарашадағы N 438 қаулысымен .   

      11. Банк берiлетiн кепiлдiк сомасын ескере отырып, кепiлдiк шартын жасаған күнге қарай барлық нормативтердi орындаған жағдайда, банк кепiлдiк беруге құқылы.
      Мұндай талап банктерде жекелеген пруденциалдық нормативтердiң бұзылуын жою жөнiнде Ұлттық Банк Басқармасы мақұлдаған (келiскен) iс-шаралар жоспарлары (бағдарламалары) болса және олар орындалған болса қолданылмайды.
      Ескерту: 11-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 28 қараша N 438 қаулысымен .

      12. Банк кепiлдiк шартын тiркеу үшiн Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне:
      - осы мәселе жөнiндегi өтiнiшпен қоса кепiлдiк шартының түпнұсқасының 3 данасын;
      - кепiлдiк берушi болып саналатын банк алдындағы борышқордың қарызының жиынтығы туралы банктiң анықтамасын бередi.
      Қажет болған жағдайда Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментi банктен қосымша ақпарат сұратуға құқы бар.

      13. Ұлттық Банк банктiң берген құжаттарын жеті жұмыс күнінiң iшiнде қарайды. Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментi мәселенi оң шешкен жағдайда өтiнiш берушiге, сондай-ақ Ұлттық Банктiң тиiстi филиалына қабылданған шешiм туралы жазбаша хабарлайды.
      Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкінің басқармасы 2000 жылғы 28 қараша N 438 қаулысымен .

      14. Банктiң кепiлдiк шартын Ұлттық Банкте тiркеудi Ұлттық Банк Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктердiң тiзiмiне тиiстi мәлiметтердi енгiзу жолымен жүргiзедi.

      15. Банктiң кепiлдiк шартын тiркеу туралы мәлiметтерi Ұлттық Банкте барлық берiлген мәтiндерге енгiзiледi, содан соң үш түпнұсқа данасын кепiлдiк берушi болып саналатын банкке қайтарып бередi, ал ксерокөшiрмесi Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiнде сақтау үшiн қалады.

      16. Кепiлдiк шартының тiркелгенi туралы белгiлеуге Ұлттық Банк Төрағасының қолы қойылып, Ұлттық Банктiң мөрiмен куәландырылады.

      17. Екiншi деңгейдегi банктер берген кепiлдiктердiң тiзiмiне Ұлттық Банк мынадай мәлiметтердi енгiзедi:
      - кепiлдiк берушi болып саналатын банктiң аты және тiркеу нөмiрi;
      - кепiлдiк берiлген күнi;
      - берiлген кепiлдiктiң номерi;
      - борышқордың аты;
      - борышқорға қызмет көрсететiн банктiң аты;
      - кепiлдiктiң мөлшерi (сомасы);
      - кепiлдiк шартының қолданылу мерзiмi;
      - кепiлдiк шартына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы белгi;
      - кредитордың аты.

      18. Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментi тiркелген кепiлдiк шартының қайтарылған даналарын банктiң тiкелей бiрiншi басшысына немесе бас бухгалтерiне (олардың уақытша мiндетiн орындаушыға) қол қойғыза отырып бередi, не банк басшысының сенiмхаты бойынша банктiң өзге қызметкерлерiне бередi.

      19. Банк Ұлттық Банк тiркеген кепiлдiк шартын алған соң тiркелген кепiлдiк шартының бiр данасын өзi тұрған жердегi Ұлттық Банктiң тиiстi филиалына есепке қою үшiн үш күннiң iшiнде беруге мiндеттi.

      20. Банк кепiлдiк шартын Ұлттық Банктiң тiркегенi туралы не тiркеуден бас тартқаны жөнiндегi шешiмi туралы мүдделi адамдарға тез арада жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.

      21. Кепiлдiк шартында көрсетiлген мiндеттеменiң ақшалай сомасы Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiнiң осы банк жөнiндегi ақпараттар жиынтығында көрсетiледi.

      22. Тараптар кепiлдiк шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген жағдайда, кепiлдiк берушi болып саналатын банк үш күннiң iшiнде осы Ережелерге сәйкес ресiмделген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу үшiн Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне бередi.
      Ұлттық Банк кепiлдiк шартына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеудi кепiлдiк шартындағыдай тәртiппен жүргiзедi.

3. Банкке берiлген кепiлдiктер бойынша олардың
 мiндеттемелерiн есепке алу тәртiбi

      23. Банк Ұлттық Банкте тiркелген кепiлдiк шартын берген кезде, Ұлттық Банктiң тиiстi филиалы Ұлттық Банк белгiлеген тәртiпке сәйкес осы кепiлдiк шарты бойынша шоттардағы соманы ескередi.

      24. Ұлттық Банктiң филиалы бiрiншi басшы және бас бухгалтер (немесе олардың уақытша мiндетiн орындаушы) қол қойған және мөрмен расталған кепiлдiк шартының есепке алынғаны жөнiнде белгi қояды.

      25. Ұлттық Банктiң филиалы әр айдың 8 күнiнен кешiктiрмей Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне баланстан тыс есеп жүргiзу бойынша кепiлдiк шарттары туралы есеп-ведомостiн қоса берiлiп отырған нысанға сәйкес (N 2 қосымша) қағазға түсiре отырып, "Х-400" электронды почтасы арқылы "alm statistika" белгiсiмен тиiстi нұсқада берiп отырады.

      26. Егер банк кредитор болған жағдайда (бұдан әрi банк-кредитор), кепiлдiк берушi банк басқа тұлғаның пайдасына мiндеттеменi қамтамасыз ету үшiн берген кепiлдiк шартын алғаннан кейiн, банк-кредитор осы келiсiмнiң есепте бар екенiн тексеру үшiн Ұлттық Банктiң тиiстi филиалына сұрау салуға мiндеттi.

      27. Кредиторға кепiлдiк шарты белгiленген тәртiппен тiркелмей түскен жағдайда, кредитор ол жөнiнде Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне тез арада жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.

      28. Кепiлдiк берушi банктiң, кредитор-банктiң және Ұлттық Банк филиалының банктiк шоттарынан кепiлдiк шарттарында көрсетiлген соманы шығынға жазу кепiлдiк шартында көрсетiлген қолданылу мерзiмi өткен соң, борышқордың немесе кепiлдiк берушiнiң өз мiндеттемелерiн орындауына байланысты, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 336-бабында көзделген шарттар кепiлдiк шартында ескерiлген өзге де жағдайларда жүргiзiледi.

      29. Банк алдындағы мiндеттемесiн орындаған борышқордың қарызы бойынша провизияларды жiктеу және қалыптастыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң активтерi мен баланстан тыс талаптарын жiктеу және олар бойынша провизиялар есептеу туралы Ережелерге сәйкес жүргiзiледi.

4. Қорытынды ережелер

      30. Банк Ұлттық Банкте кепiлдiк шартын тiркеу бойынша талаптарды бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленгендей жауапкершiлiкте болады.

      31. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен реттеледi.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Екiншi деңгейдегi банктер
берген кепiлдiктер шарттарын
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкiнiң тiркеу  
тәртiбi туралы ережелерге
N 1 қосымша      

Банктер жасайтын кепiлдiктер шарттарының қорытынды
бөлiгiнiң типтiк үлгiсi

      19__ж. " "__________________ N___ осы кепiлдiк шартын
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тiркедi.

     Қазақстан Республикасы
     Ұлттық Банкi Төрағасының                  ________________
     орынбасары                                    (қолы)

     " " ________________19__ж.                      М.О.

     Кепiлдiк берушiге қызмет көрсететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасының кепiлдiк шартын есепке алғаны туралы белгiсi:
     19__ж. " " ___________________    N__ кепiлдiк шарты.
     19__ж. " " ___________________ есепке алынды.

     _____________________________________________________________
       (Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармасының атауы)

     Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық)
     басқармасының бастығы                         _____________
                                                        (қолы)

     Ұлттық Банкiнiң облыстық (аумақтық)
     басқармасының бас бухгалтерi                  _____________
                                                        (қолы)

      " " ______________ 199_ж.                       М.О.

Екiншi деңгейдегi банктер
берген кепiлдiктер шарттарын
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкiнiң тiркеу  
Тәртiбi туралы ережелерге 
N 2 қосымша       

Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармасы есепке алған
(N 927061 баланстан тыс шотқа (N 9961 "Есеп беруiне жiберiлген
және берiлген әр түрлi құндылықтар мен құжаттар") кепiлдiктер
шарттары туралы
ЕСЕП-ВЕДОМОСI

___________________________________________________________________
рет |Кепiлдiк берушi|Банктiң |Кепiлдiк|Кепiлдiктiң|Кепiлдiктiң
 N  |болып саналатын|тiркеу  |шартының|берiлген   |қолданылуының
    |банктiң атауы  |номерi  |номерi  |күнi       |аяқталу мерзiмi
____________________________________________________________________
  1 |        2      |  3     |   4    |     5     |       6
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________
Займшы.|Займшы |Кредитор.|Кепiлдiк|Кепiлдiк|Кепiлдiк|Ұзартыл.|Пайда-
ның    |банктiң|дың атауы|сомасы  |сомасы  |беру    |ғаны    |ланыл.
атауы  |атауы  |         |теңгемен|шет ел  |валютасы|туралы  |ған
       |       |         |        |валюта. |        |белгi   |кепiл.
       |       |         |        |сымен   |        |        |дiк
       |       |         |        |        |        |        |сомасы
____________________________________________________________________
   7   |   8   |    9    |   10   |    11  |   12   |   13   |  14
____________________________________________________________________
Жиынтығы:

     Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық)
     басқармасының бастығы                           ______________
                                                          (қолы)
     Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық)
     басқармасының бас бухгалтерi                    ______________
                                                          (қолы)

О Правилах регистрации Национальным Банком Республики Казахстан договоров гарантий и поручительств, выданных банками второго уровня

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 1997 г. N 288. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21.01.1998 г.№N 429. Утратило силу - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2002 года N 473

      Примечание. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 1997 г. N 288 утратило силу - постановлением  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 ноября 2002 года N 473.
 
     В целях совершенствования нормативно-правовой базы деятельности банков второго уровня и в связи с введением Плана счетов бухгалтерского учета в банках второго уровня Республики Казахстан, утвержденного Правлением Национального Банка Республики Казахстан (Постановление от 26 декабря 1995 года N 237), Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить Правила регистрации Национальным Банком Республики Казахстан договоров гарантий и поручительств, выданных банками второго уровня, и ввести его в действие с даты государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      2. Департаменту банковского надзора (Абдулина Н.К.):
      а) совместно с юридическим департаментом (Уртембаев А.К.) зарегистрировать в Министерстве юстиции Республики Казахстан Правила регистрации Национальным Банком Республики Казахстан договоров гарантий и поручительств, выданных банками второго уровня;
      б) довести настоящее Постановление и вышеназванные Правила до сведения областных (Главного Алматинского территориального) управлений Национального Банка Республики Казахстан и банков второго уровня.
      3. Контроль за исполнением настоящего Постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

     Председатель
 Национального Банка

                                       Утверждено
                                Постановлением Правления
                                   Национального Банка
                                  Республики Казахстан
                                от 25 июля 1997 г. N 288

                Правила регистрации Национальным Банком
               Республики Казахстан договоров гарантий и
           поручительств, выданных банками второго уровня

      Сноска. Заголовок - в новой редакции согласно постановлению  Правления Нацбанка РК от 28 ноября 2000 года N 438;
      по всему тексту слова "настоящее Положение", "настоящего Положения", "настоящим Положением" заменены словами "настоящие Правила", "настоящих Правил", "настоящими Правилами" согласно постановлению  Правления Нацбанка РК от 28 ноября 2000 года N 438;
      в наименованиях глав цифры "I", "II", "III", "IV" заменены цифрами "1", "2", "3", "4"согласно постановлению  Правления Нацбанка РК от 28 ноября 2000 года N 438.

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Указами Президента Республики Казахстан, имеющими силу Закона, " О Национальном Банке  Республике Казахстан", " О банках  и банковской деятельности в Республике Казахстан" и другими законодательными актами в целях обеспечения финансовой устойчивости банков второго уровня (далее - банки), регулируют вопросы специального учета договоров гарантий и поручительств, выданных банками Республики Казахстан и определяет порядок их регистрации Национальным Банком Республики Казахстан (далее - Национальный Банк).

                        1. Общие положения

      1. Договор гарантии или поручительства, в котором одной из сторон является банк, должен быть оформлен в письменной форме, с учетом требований настоящих Правил.
      Выдача гарантий или поручительств (как в тенге, так и в иностранной валюте*) осуществляется банками только путем составления договора гарантии (поручительства) и при наличии лицензии Национального Банка на проведение гарантийных операций.
      Примечание. Выдача банкам гарантий и поручительств в иностранной валюте производится только при наличии у банка лицензии на проведение банковских операций в иностранной валюте и в соответствии с валютным законодательством Республики Казахстан.
      2. Письменная форма договора поручительства или гарантии считается соблюденной, если гарант или поручитель письменно уведомили лицо, которому они гарантируют выполнение обязательства, предусмотренного в денежной форме (далее - кредитор), о своей ответственности за исполнение обязательства должника, а кредитор не отказался от предложений гаранта или поручителя в течение нормально необходимого для этого времени.
      3. Гарантия (поручительство) не может быть отозвана гарантом (поручителем), если в ней не предусмотрено иное.
      Невыполнение банками требований настоящих Правил о регистрации, в том числе несвоевременная регистрация договора гарантии (поручительства) в Национальном Банке, не снимает ответственности банков перед другими участвующими в сделке сторонами.
      4. Банк вправе выдавать гарантию или поручительство только в обеспечение обязательства другого лица.
      Договор гарантии (поручительства) банка составляется не менее чем в 3-х экземплярах.
      5. Регистрация договора гарантии (поручительства) банка в Национальном Банке не освобождает от ответственности банк-гарант или банк-поручитель по исполнению обязательств должника. При этом Национальный Банк не выступает гарантом или поручителем по договору гарантии (поручительства) и не несет ответственности за неисполнение банком, являющимся гарантом или поручителем, обязательства должника.
      Регистрации в Национальном Банке подлежат гарантии (поручительства), выданные банками в тенге и иностранной валюте на сумму свыше 5 млн.тенге. 
      Сноска. Пункт 5 - с дополнениями, внесенными постановлением  Правления Нацбанка РК от 28 ноября 2000 года N 438.
      6. Договор гарантии и договор поручительства должны содержать следующее:
      - номер и дата выдачи гарантии (поручительства);
      - наименование, адрес банка, выступающего гарантом или поручителем, и реквизиты соответствующего филиала НациональногоБанка по месту его нахождения;
      - наименование должника - юридического или физического лица;
      - наименование и адрес банка, в котором обслуживается должник;
      - наименование кредитора;
      - дата возникновения обязательства должника;
      - размер (сумма) гарантии (поручительства);
      - срок действия гарантии (поручительства);
      - условия прекращения действия гарантии (поручительства); 
      - подпись первого руководителя и главного бухгалтера банка (или лиц их замещающих), выступающего гарантом (поручителем), скрепленные печатью банка;
      - текст заключительной части договора гарантии (поручительства) с указанием сведений о регистрации названного документа в Национальном Банке и о принятии его к специальному учету филиалом Национального Банка (Приложение N 1).
      Договоры гарантий (поручительств), составленные на двух и более листах, должны быть пронумерованы, прошиты, скреплены бумажной пломбой и печатью банка.
      Сноска. Пункт 6 - с дополнениями, внесенными постановлением  Правления Нацбанка РК от 28 ноября 2000 года N 438.
      7. Решение о регистрации либо об отказе в регистрации Национальным Банком договора гарантии (поручительства) принимает заместитель Председателя Национального Банка по заключению Департамента банковского надзора Национального Банка.
      8. Общие условия и основания выдачи, исполнения и прекращения договора гарантии (поручительства) регулируются законодательством Республики Казахстан.
      9. Оформление и регистрация договора гарантии (поручительства) в Национальном Банке в случае, если кредитором либо стороной, выдающей гарантию (поручительство), является организация, осуществляющая отдельные виды банковских операций, производится в том же порядке, что и для банков.

            2. Обязательность регистрации банком договора
            гарантии (поручительства) и порядок его учета
                         Национальным Банком

      10. При выдаче гарантии или поручительства банк обязан в срок не позднее пяти рабочих дней с даты совершения данной сделки произвести регистрацию договора гарантии (поручительства) в Национальном Банке.
      Сноска. Пункт 10 - с изменениями, внесенными постановлением  Правления Нацбанка РК от 28 ноября 2000 года N 438.
      11. Банк вправе выдавать гарантии или поручительства, при условии выполнения банком всех пруденциальных нормативов на дату заключения договора гарантии (поручительства), с учетом суммы выдаваемой гарантии (поручительства).
      Названное требование не применяется при наличии у банков и выполнении ими одобренных (согласованных) Правлением Национального Банка Планов (Программ) мероприятий по устранению нарушений отдельных пруденциальных нормативов.
      Сноска. Пункт 11 - с изменениями и дополнениями, внесенными постановлением  Правления Нацбанка РК от 28 ноября 2000 года N 438.
      12. Для регистрации договора гарантии (поручительства) банк представляет в Департамент банковского надзора Национального Банка:
      - ходатайство по данному вопросу с приложением 3-х экземпляров договора гарантии (поручительства) в подлиннике;
      - справку банка о совокупной задолженности должника перед банком, выступающим гарантом (поручителем).
      При необходимости Департамент банковского надзора Национального Банка вправе запросить у банка дополнительную информацию.
      13. Представленные банком документы рассматриваются Национальным Банком в течение семи рабочих дней. О принятом решении Департамент банковского надзора Национального Банка письменно сообщает заявителю, в случае положительного решения вопроса также в соответствующий филиал Национального Банка.
      Сноска. Пункт 13 - с изменениями, внесенными постановлением  Правления Нацбанка РК от 28 ноября 2000 года N 438.
      14. Регистрация договора гарантии (поручительства) банка производится Национальным Банком путем внесения соответствующих данных в Регистр гарантий и поручительств, выданных банками второго уровня.
      15. Данные о регистрации договора гарантии (поручительства) в Национальном Банке вносятся в его текст на всех представленных экземплярах, после чего 3 подлинных экземпляра возвращаются в банк, выступающий гарантом (поручителем), а ксерокопия оставляется в Департаменте банковского надзора Национального Банка для хранения.
      16. Отметка в договоре гарантии (поручительства) о его регистрации заверяется подписью заместителя Председателя Национального Банка и печатью Национального Банка.
      17. В Регистр гарантий и поручительств, выданных банками второго уровня, Национальный Банк включает следующие сведения:
      - наименование и регистрационный номер банка, выступающего
гарантом или поручителем;
      - дата выдачи гарантии (поручительства);
      - номер выданной гарантии (поручительства);
      - наименование должника;
      - наименование банка, в котором обслуживается должник;
      - размер (сумма) гарантии (поручительства);
      - срок действия договора гарантии (поручительства);
      - отметка об изменениях и дополнениях, внесенных в договор
гарантии (поручительства);
      - наименование кредитора.
      18. Департамент банковского надзора Национального Банка передает возвращаемые экземпляры зарегистрированного договора гарантии (поручительства) непосредственно первому руководителю или главному бухгалтеру банка (лицам их замещающим) под роспись, либо иным работникам банка по доверенности руководителя банка.
      19. После получения зарегистрированного Национальным Банком договора гарантии (поручительства) банк обязан в трехдневный срок представить один экземпляр зарегистрированного договора гарантии (поручительства) для постановки на учет в соответствующий филиал Национального Банка по месту своего нахождения.
      20. О регистрации договора гарантии (поручительства) либо о решении Национального Банка об отказе в регистрации банк обязан безотлагательно в письменной форме уведомить заинтересованных лиц.
      21. Сумма денежного обязательства, указанная в договоре гарантии (поручительства), отражается Департаментом банковского надзора Национального Банка в информационной базе по данному банку.
      22. При внесении сторонами дополнений или изменений в договор гарантии (поручительства), банк, выступающий гарантом (поручителем), обязан в трехдневный срок представить в Департамент банковского надзора Национального Банка оформленные в соответствии с настоящими Правилами изменения и дополнения в договор для их регистрации.
      Регистрация изменений и дополнений в договор гарантии (поручительства) производится Национальным Банком в том же порядке, что и договор гарантии (поручительства).

         3. Порядок учета обязательств банка по выданным им
                      гарантиям и поручительствам

      23. При представлении банком зарегистрированного в Национальном Банке договора гарантии (поручительства), соответствующий филиал Национального Банка учитывает сумму по данному договору гарантии (поручительства) на счетах, согласно порядку, установленному Национальным Банком.
      24. Филиал Национального Банка проставляет отметку о принятии договора гарантии (поручительства) на учет, которая подписывается первым руководителем и главным бухгалтером (или лицами их замещающими) и скрепляется печатью.
      25. Филиал Национального Банка не позднее 8 числа каждого месяца представляет в Департамент банковского надзора Национального Банка Отчет-ведомость о договорах гарантий (поручительств), по которым ведется внебалансовый учет, на бумажном носителе согласно прилагаемой форме (Приложение N 2), и электронной почтой "Х-400" на позывной "aim statistika" по соответствующему макету.
      26. В случае, если кредитором выступает банк (далее банк-кредитор), после получения договора гарантии (поручительства), выданного банком-гарантом в обеспечение обязательства в пользу другого лица, банк-кредитор обязан сделать запрос в соответствующий филиал Национального Банка для проверки наличия учета данного договора.
      27. При поступлении кредитору договора гарантии (поручительства) без его регистрации в установленном порядке кредитор обязан незамедлительно в письменной форме сообщить об этом в Департамент банковского надзора Национального Банка.
      28. Списание суммы, указанной в договоре гарантии (поручительства), с банковских счетов банка, выдающего гарантию (поручительство), банка-кредитора и филиала Национального Банка производится после истечения срока действия договора гарантии (поручительства), в связи с исполнением должником или гарантом (поручителем) своих обязательств, а также в иных случаях, предусмотренных статьей 336 Гражданского кодекса Республики Казахстан (общая часть), если данные условия оговорены договором гарантии (поручительства).
      29. Классификация и формирование провизий по задолженности должника перед банком, исполнившим обязательство, производится в
соответствии с Положением о классификации активов и внебалансовых требований и растете провизий по ним банками второго уровня Республики Казахстан, утвержденным постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан.

                      4. Заключительные положения

      30. Банк, нарушивший требования по регистрации договорагарантии (поручительства) в Национальном Банке, несет ответственность, установленную законодательными актами Республики Казахстан.
      31. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, определенном действующим законодательством.

     Председатель
 Национального Банка

                                        Приложение N 1
                       к Правилам регистрации Национальным Банком
                         Республики Казахстан договоров гарантий
                             и поручительств, выданных банками
                                         второго уровня

         Типовая форма заключительной части договора гарантии
              (поручительства), составляемого банками

     Настоящий договор гарантии (поручительства) зарегистрирован Национальным Банком Республики Казахстан за N____ от "___" ______________________19__г."

     Заместитель Председателя             _____________
       Национального Банка                  (подпись)
      Республики Казахстан

        "____"_________199 г.                  М.П.

     Отметка Областного (территориального) управления (филиала) Национального Банка Республики Казахстан, обслуживающего гаранта (поручителя), о принятии на учет договора гарантии (поручительства):

     Договор гарантии N ________ от ____________ 199 г.
     Принято на учет "_____"_________________199 г.
_______________________________________________________________
(наименование областного (территориального) управления (филиала)
Национального Банка)

     Начальник областного (территориального)
     управления (филиала) Национального Банка        ____________
                                                       (подпись)

     Главный бухгалтер областного (территориального)
     управления (филиала) Национального Банка        _____________
                                                       (подпись)

     "___"____________199 г.                              М.П.

                                     Приложение N 2
                     к Правилам регистрации Национальным Банком
                      Республики Казахстан договоров гарантий
                           и поручительств, выданных банками
                                     второго уровня

                        Отчет-ведомость
             О договорах гарантий (поручительств),
         принятых на учет областным территориальным)
         управлением (филиалом) Национального Банка
           (на внебалансовый счет N 927061 (N 9961
         "Разные ценности и документы, отосланные и
                     выданные под отчет")
---------------------------------------------------------------
N  |Наименование |Регистра-|Номер    |Дата    |Срок     |Наиме-
п/п|банка,       |ционный  |Договора |выдачи  |окончания|нова-
   |выступающего |номер    |гарантии |гарантии|действия |ние
   |гарантом     |банка    |(поручи- |(поручи-|гарантии |заем-
   |(поручителем)|         |тельства)|тельства|(поручи- |щика
   |             |         |         |        |тельства)|
---------------------------------------------------------------
   |             |         |         |        |         |
---------------------------------------------------------------
   |             |         |         |        |         |
---------------------------------------------------------------
   |             |         |         |        |         |
---------------------------------------------------------------

Продолжение таблицы
---------------------------------------------------------------
Наимено-|Наимено- |Сумма   |Сумма      |Валюта  |Отметка |Сумма
вание   |вание    |гарантии|гарантии   |выдачи  |о про-  |исполь
банка-  |кредитора|в тенге |в иностран-|гарантии|лонгации|зован-
заемщика|         |        |ной валюте |        |        |ной
        |         |        |           |        |        |гаран-
        |         |        |           |        |        |тии
---------------------------------------------------------------
        |         |        |           |        |        |
---------------------------------------------------------------
        |         |        |           |        |        |
---------------------------------------------------------------
        |         |        |           |        |        |
---------------------------------------------------------------

     Итого:

Начальник Областного (территориального)
управления (филиала) Национального Банка          _____________
                                                    (подпись)

Главный бухгалтер Областного (территориального)   _____________
управления (филиала) Национального Банка            (подпись)