Банктiк қадағалау департаментiнiң екiншi деңгейдегi банктердiң кейбiр бөлiгiнiң қаржы жағдайының қойылған талаптарға, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулы) Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге сай келмейтiндiгi туралы ұсынысын қарай келе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
1. Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшуiн қамтамасыз ету бойынша жүргiзiлген жұмыстың нәтижесiн ескере отырып:
а) банктер қайта капиталдандыру және қызметiн жақсарту жоспарын белгiленген тәртiппен бермеген немесе тиiсiнше қосымшаларға сай (N 1, 2 қосымшалар) Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшуi туралы ереженiң талаптарына сәйкес келмейтiн қайта капиталдандыру және қызметiн жақсарту жоспарын ұсынған деп есептелсiн;
б) 1997 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша банктердiң тiзiмi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының жекелеген шешiмдерiмен (N 3 қосымша) айқындалған халықаралық стандарттарға көшудiң шарттары мен негiздемесi бекiтiлсiн.
2. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.Қ.):
а) Заң департаментiмен бiрлесе отырып осы Қаулыны Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
б) осы Қаулыны Қазақстан Республикасының облыстық (Алматы аумақтық
Бас) басқармаларына (филиалдарына) және N 1, 2 және 3 қосымшаларда
көрсетiлген екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.
Ұлттық Банк Төрағасы
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
Басқармасы бекiткен (12.12.96 ж. N 292 қаулы)
Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық
стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге
сәйкес қайта капиталдандыру және қызметiн
жақсарту жоспарын белгiленген тәртiппен
бермеген екiншi деңгейдегi банктердiң
1.09.1997 ж. жағдай бойынша
ТIЗIМI
______________________________________________________________
Рет| Банктiң аты
N |
___|__________________________________________________________
1 | "Интеринвест" ААҚ
2 | "Алтын" АБ
3 | "Алау" АБ
4 | "Жалғас" ЖБ
5 | "Цветмет" АБ
6 | "Ермин" АБ
7 | "Банк жетiсу" ЖАҚ
8 | "Алғабанк" ЖАҚ
9 | "Көкшебизнес" ЖАҚ
___|__________________________________________________________
| Барлығы: 9 банк
___|__________________________________________________________
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
Басқармасы бекiткен (12.12.96 ж. N 292 қаулы)
Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық
стандарттарға көшу тәртiбi туралы ереженiң
талаптарына сай келмейтiн қайта капиталдандыру
және қызметiн жақсарту жоспарын берген
екiншi деңгейдегi банктердiң
1.09.1997 ж. жағдай бойынша
ТIЗIМI
______________________________________________________________
Рет| Банктiң аты
N |
___|__________________________________________________________
1 | "Казкомстройбанк" АБ
2 | "Химтексбанк" ЖАҚ
3 | "КИФТ" ЖАҚ
4 | "БСБ" АБ
5 | "Ақ-Жол" АБ
6 | "Ақтөбе" АБ
7 | "Қуандық" ЖБ
8 | "Сарыарқа" ААБ
9 | "Түркiстан" ААҚ
10 | "Касуб" ЖБ
11 | "Ижевск" АБ
12 | "Пана" АБ
13 | "Айнұр" АБ
14 | "Кредсоцбанк" ААҚ
15 | "Жанарбанк" ААҚ
16 | "Алиса К"
17 | "Игiлiк банк" ААҚ
18 | "Казпочтабанк" АӨБ
___|__________________________________________________________
| Барлығы: 18 банк
___|__________________________________________________________
3-қосымша
Халықаралық стандарттарға өту шарттары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Басқармасының жекелеген шешiмдерiмен
айқындалатын екiншi деңгейдегi банктердiң
1.09.1997 ж. жағдай бойынша
ТIЗIМI
______________________________________________________________
Рет| Банктiң аты
N |
___|__________________________________________________________
1 | "ТұранӘлем" ЖАҚ
2 | "Актан" ААҚ
3 | "Ажи-Банк" ЖАҚ
4 | "Астана" ААҚ
5 | "Ишим" ААҚ
6 | "ЦБСР" ХМБ
7 | "Эксимбанк" МК
8 | "КИБ" ЖАҚ
9 | "Тұрғынүйқұрылысбанкi" ЖАҚ
10 | "Медетшi банкi" МК
11 | "Бюджет банкi" МК
12 | "АБН Амро" ЖАҚ
13 | "Банк Сосьете Женераль Казахстан" ЖАҚ
14 | "Глобал Казкоммерц Инвестициялық Банкi" ЖАҚ
15 | "Қазақстанның Инвестициялық Халықтық Банкi" ЖАҚ
16 | "Береке" АБ
___|__________________________________________________________
| Барлығы: 16 банк
___|__________________________________________________________