Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008.12.22 N 302-Ө бұйрығымен.
------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының
40-бабына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
"N 1 тұрғын үй үшін берілетін жәрдемақы нысаны бойынша тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу туралы мемлекеттік статистикалық есепті жасаудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1997 жылғы 8 желтоқсандағы
N 7
бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 443 болып тіркелген).
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сапарбаев
1. Жалпы нұсқау
Тұрғын үй үшiн берiлетiн N 1 жәрдемақы нысаны бойынша тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық агенттiгiнiң 1997 жылғы 1 желтоқсандағы N 72 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк статистикалық есептi аудандардың, қалалардың (Алматы қаласының) Тұрғын үй үшiн жәрдемақы беретiн орталығын жасап, оны есептiк кезең бiткесiн 5-күнi облыстық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына өткiзiледi.
Облыстардың (Алматы қаласының) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары есептi есептiк кезең бiткесiн 30-күнi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне өткiзедi.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi облыстар (Алматы қаласы) шеңберiнде жиынтық есептi есептiк кезең бiткесiн 65-күнi Ұлттық статистикалық агентствоға өткiзедi. Есепке бiрiншi басшы немесе оның мiндетiн атқаратын адам қол қояды. Есеп Тұрғын үй үшiн жәрдемақы беретiн орталықта есептiк кезең бiткеннен кейiнгi айдың алғашқы күнiне қараған кездегi жағдай бойынша құрылатын алғашқы деректер негiзiнде жасалады. Есеп алғашқы жарты жылдық үшiн және жыл үшiн жасалады. 2. Нысандарды толтыру жөнiнде ереже 01 бағанасында есеп беру кезеңiнде тұрғын үй үшiн берiлетiн жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасаған отбасыларының саны көрсетiледi. 02 бағанасында Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен қолданыстағы тәртiпке сәйкес тұрғын үй үшiн жәрдемақы тағайындалған отбасыларының саны көрсетiледi. 03 бағанасында балаларына бiрыңғай жәрдемақы тағайындалған отбасыларының саны көрсетiледi. 04 бағанасында есептiк кезең iшiнде тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалған отбасыларының саны көрсетiледi. 05 бағанасында балаларына бiрыңғай жәрдемақы тағайындалған отбасыларының саны көрсетiледi. 06 бағанасында есептiк кезең iшiнде тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалған отбасыларының саны көрсетiледi. 07 бағанасында балаларына бiрыңғай жәрдемақы тағайындалған отбасыларының саны көрсетiледi. 08 бағанасында есептiк кезең iшiнде тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалған отбасыларының саны көрсетiледi. 09 бағанасында есептiк кезең iшiнде төленген тұрғын үй жәрдемақысы көрсетiледi. 10 бағанасында есептiк кезең iшiнде тағайындалған тұрғын үй жәрдемақысының сомасы көрсетiледi. 11 бағанасында есептiк кезең iшiнде отбасыларына төленген тұрғын үй жәрдемақысының сомасы көрсетiледi. 12 бағанасында есептiк кезең iшiнде тағайындалған тұрғын үй жәрдемақысының орташа мөлшерi көрсетiледi. 13 бағанасында есептiк кезең iшiнде төленген тұрғын үй жәрдемақысының орташа мөлшерi көрсетiледi. 3. Нысандарды толтыру үшiн көрсеткiштердi есептеудiң тәртiбi
Отбасыларының және осы отбасылары мүшелерiнiң саны туралы деректер жәрдемақы алуға өтiнiш жасаған, сондай-ақ есептiк кезең iшiнде жәрдемақы тағайындалған және төленген отбасылары жөнiндегi ай сайынғы мәлiметтерден жасалады.
Мәселен, бiрiншi жарты жылдық iшiнде жәрдемақы алуға 10 отбасы (01 бағана) өтiнiш жасады, ал жәрдемақы 8 отбасына тағайындалып (02 бағана), тек 6 отбасына ғана төлендi (04 бағана). Осы отбасылардың саны отбасы құрамы туралы әрбiр отбасы тапсырған құжат бойынша анықталады. Мәселен, егер 1 отбасының құрамы - 5 адам, 2-отбасынiкi -4, 3-отбасынiкi -6, 4-отбасынiкi -8, 5-отбасынiкi - 2, 6-отбасынiкi - 10, 7-отбасынiкi -1, 8-отбасынiкi -7 адам болса, онда 06 бағанада 43 (5+4+6+8+2+10+1+7) деп көрсеткен жөн.
Есептiк кезең iшiнде тағайындалған және төленген жәрдемақылардың саны туралы деректер:
- есептiк кезең iшiнде жәрдемақы тағайындалған және төленген отбасыларының саны туралы;
- есептiк кезең iшiнде жәрдемақы тағайындалған немесе төленген айлардың саны туралы деректерден құралады.
Бұл ретте бiр отбасына тағайындалған немесе төленген жәрдемақының саны есептiк кезең iшiнде тағайындалған немесе төленген айлардың санына теңестiрiледi.
Мәселен. Тұрғын үй үшiн берiлетiн жәрдемақы орталығына жәрдемақы тағайындау үшiн бiрiншi жарты жылдықта 100 отбасы өтiнiш жасады, олардан:
- 20 отбасына 1 қаңтардан бастап 6 айға жәрдемақы тағайындалды;
- 30 отбасына 1 наурыздан бастап 6 айға тағайындалды, бiрақ алғашқы жарты жылдық үшiн есепке оның 4 айы ғана енедi, ал қалған 2 айы жылдық есептi әзiрлеген кездегi есепке енедi;
- 35 отбасына 1 мамырдан бастап 6 айға тағайындалды, бiрақ алғашқы жарты жылдық үшiн есеп кезеңiнде оның 2 айы ғана енедi, ал қалған 4 айы жылдық есептi әзiрлеген кездегi есепке енедi;
- 15 отбасына 1 маусымнан бастап 6 айға тағайындалды, бiрақ алғашқы жарты жылдық үшiн есеп кезеңiнде оның 1 айы ғана енедi, ал қалған 5 айы жылдық есептi әзiрлеген кездегi есепке енедi.
Сөйтiп, алғашқы жарты жылдықта тағайындалған жәрдемақының саны:
(20 х 6)+(30 х 4)+(35 х 2)+(15 х 1) - 325-ке теңеледi.
Төленген жәрдемақылардың саны да осылай есептеледi.
Тағайындалған және төленген жәрдемақылардың сомасы есептiк кезең iшiнде тағайындалған және төленген ай сайынғы сомаларды қосу арқылы анықталады және мың теңгелеп қойылады;
Жәрдемақының орташа мөлшерi былайша белгiленедi:
тағайындалған: 12 бағана - 10 бағана : 08 бағана.
төленген: 13 бағана - 11-бағана : 09 бағана.