"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде бағалы қағаздар рыногының жекелеген кәсiптiк қатысушыларына ағымдағы шот ашу туралы" ереже жөнiнде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасы 1997 жылғы 14 тамыз N 302 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 7 ақпан N 447 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2004 жылғы 1 сәуірдегі N 43 қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногының кәсiптiк қатысушылары қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын және қор рыногындағы есеп айырысу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасы қаулы етедi:
      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде бағалы қағаздар рыногының жекелеген кәсiптiк қатысушыларына ағымдағы шот ашу туралы" ереже бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктiк қадағалау департаментi (Н.Қ. Абдуллина):
      а) Заң департаментiмен (А.Қ.Өртембаев) бiрлесе отырып "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде бағалы қағаздар рыногының жекелеген кәсiптiк қатысушыларына ағымдағы шот ашу туралы" ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
      б) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық Бас) басқармаларына және бағалы қағаздар рыногының кәсiптiк қатысушыларына жiберсiн.
      3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
14 тамыздағы 1997 жылғы
N 302 қаулысымен   
БЕКIТIЛГЕН      

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде бағалы қағаздар
рыногының жекелеген кәсiптiк қатысушыларына ағымдағы шот
ашу туралы" ереже

      Осы Ереже банк болып саналмайтын бағалы қағаздар рыногының кәсiптiк қатысушыларына (бұдан әрi - "кәсiптiк қатысушы") қолданылады.
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi ағымдағы шоттар бұл Ұлттық Банктiң:
      - кәсiптiк қатысушыға тиесiлi қолма-қол ақшамен қамтамасыз етумен;
      - кәсiптiк қатысушының пайдасына ақша сомасын қабылдаумен;
      - кәсiптiк қатысушының тапсырмасымен немесе үшiншi тұлғаның өкiмiмен ақша сомасын алып тастауға (шығынға жазуға) байланысты операцияларын жетiлдiру бойынша бағалы қағаздар рыногының кәсiптiк қатысушылары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi Ұлттық Банк) арасындағы шарттық қатынастарды көрсету тәсiлi.
      Ағымдағы шотты тек қана брокерлер мен дилерлерге, Орталық Депозитарийге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жатпайтын қор биржаларына ашуға болады. Ағымдағы шот кәсiптiк қатысушыға теңге түрiнде ғана ашылуы мүмкiн. Кәсiптiк қатысушылар бұл шотты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiптiк қатысушылардың мiндеттерiн орындауына байланысты есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн пайдаланады және өзге қызмет түрлерi бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн пайдалануға болмайды.
      2. Ұлттық Банк жүйесi арқылы есеп айырысу кәсiптiк қатысушылардың Ұлттық Банк бөлiмшелерiнде ашылған ағымдағы шоттары арқылы төлем жасауды жүзеге асыруға негiзделедi.
      3. Ағымдағы шоттар Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң кәсiптiк қатысушылармен жасаған банк шотының шарты негiзiнде Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармаларында (бұдан әрi - бөлiмшелерi) ашылады. Сонымен бiрге кәсiптiк қатысушыларға дербес идентификациялық код берiледi.
      Кәсiптiк қатысушы ағымдағы шот ашу үшiн Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне мына құжаттарды:
      - бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн уәкiлеттi орган берген лицензияны;
      - қойылған қолдар мен мөрдiң үлгiсi бар құжаттарды бередi. Қойылған қолдар мен мөрдiң үлгiсi бар құжаттардың қажеттi санын Ұлттық Банктiң бөлiмшесi анықтайды;
      - шот иесiн салық төлеушi және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына жарна төлеушi ретiнде есепке алу туралы салық органының анықтамасын;
      - мемлекеттiк тiркеу фактiсi болғанын растайтын, уәкiлеттi орган берген, белгiлi нысандағы құжаттың көшiрмесiн не соған бара-бар құжаттың көшiрмесiн;
      - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтайшылық құжаттардың көшiрмесiн бередi.
      Ағымдағы шоттар ашу бойынша құжаттар кәсiптiк қатысушының Ұлттық Банк бөлiмшесi жүргiзiп отыратын iс қағаздарында сақталады.
      Кәсiптiк қатысушының iс қағаздарына жоғарыда аталған құжаттардан басқа электронды төлемдермен алмасудың электронды жүйесiн пайдалану туралы шарт және бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесiн пайдалану туралы келiсiм, егер ағымдағы шот бойынша операциялар мәлiметтердi берудiң электронды жүйесiн пайдалана отырып жүзеге асырылатын болса, сандармен электронды қол қою құжаттары қоса тiгiледi.
      4. Банктiк шоттың шартын жасағаннан кейiн кәсiптiк қатысушыға жеке шот ашылып, оны Ұлттық Банктiң бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1994 жылғы 16 желтоқсандағы N 25 хаттамасымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi жүргiзу ережесiнiң 1-қосымшасы болып табылатын N 061 нысаны бойынша "Талдау есебiн жүргiзудiң ашық жеке шоттарын тiркеу" кiтабына тiркейдi.
      Ұлттық Банктiң бөлiмшелерi ағымдағы шоттардың иелерi туралы мәлiметтердi ағымдағы шоттарды тiркеу журналына енгiзедi және Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне жiбередi.
      Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментi кәсiптiк қатысушылардың барлық ашылған шоттары бойынша жинақтау журналын жүргiзiп отырады.
      5. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi кәсiптiк қатысушының Ұлттық Банк бөлiмшесiндегi өз ақшасына кедергiсiз өкiм жүргiзуiн қамтамасыз етуге және кәсiптiк қатысушының ақша сомасы шегiнде төлем жасауы құқығын жүзеге асыруға мiндеттi.
      6. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi банк шоты шартының негiзiнде:
      - кәсiптiк қатысушыны қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуге;
      - кәсiптiк қатысушының пайдасына келiп түскен ақшаны қабылдау (есебiне жазу);
      - кәсiптiк қатысушының ақшаны үшiншi адамның пайдасына аудару туралы өкiмiн орындау;
      - үшiншi тұлғаның ақша алуы туралы кәсiптiк қатысушы акцептеген талаптарын, сондай-ақ үшiншi тұлғаның акцептi талап етпейтiн талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орындау;
      - кәсiптiк қатысушының талап етуi бойынша ағымдағы шоттағы ақша сомасы туралы және банк шотының шарттарында көзделген тәртiппен жүргiзiлген операциялар туралы ақпарат бередi;
      - кәсiптiк қатысушыға шартта және заңдарда көзделген тәртiппен басқа да қызметтер көрсетедi.
      7. Кәсiптiк қатысушының Ұлттық Банк бөлiмшесiне жiберген төлем тапсырмалары Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес болуы тиiс.
      8. Кәсiптiк қатысушыдан төлем тапсырмаларын қабылдау Ұлттық Банктiң бөлiмшесi жасаған тапсырмаларды қабылдау кестесiне сай жүзеге асырылады. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi қабылданған төлем тапсырмаларын қабылдауды "операциялық күнде" деп көрсетiлген тапсырмаларды өңдеу шарттарымен орындауды ескертуге құқылы.
      9. Ұлттық банктiң бөлiмшесiне келiп түскен төлем тапсырмаларының есебiн жүргiзу және оларды өңдеу бухгалтерлiк есеп және есеп берудi жүргiзу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi кәсiптiк қатысушының және үшiншi тұлғаның талаптарын операциялық күн iшiнде орындайды, бұл жағдайда кәсiптiк қатысушының Ұлттық Банк бөлiмшесiндегi ақшасы жеткiлiктi болуы керек.
      Ұлттық Банк кәсiптiк қатысушыға Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда немесе Ұлттық Банк басшылығының шешiмi бойынша овердрафт беруге құқы бар.
      10. Кәсiптiк қатысушы-жiберушi Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне төлем құжаттарын берген кезде өз ақшасын төлем тапсырмасында көрсетiлген тұлғаның пайдасына аударуға Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне уәкiлеттiк бередi.
      Ұлттық Банктiң бөлiмшесi кәсiптiк қатысушының пайдасына ақша түскен кезде заңдарда белгiленген талаптарға сәйкес оны төлем тапсырмасында көрсетiлген сомада қабылдауға (есепке жазуға) мiндеттi.
      11. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi кредит аударымдары бойынша төлем тапсырмаларына байланысты мәселелерде кәсiптiк қатысушының агентi ретiнде iс-әрекет етедi. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi ақшаны әрбiр төлем тапсырмасы бойынша алушы пайдасына қабылдаған (есепке жазған) сәттен бастап агент мiндетiн орындауын тоқтатады.
      12. Кәсiптiк қатысушы және Ұлттық Банктiң бөлiмшесi ақша аудару қауiпсiздiгiн күшейту мақсатында ақша аудару қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң iс-шараларын жасап қабылдайды.
      Егер ағымдағы шот бойынша операциялар мәлiметтердi беру электронды жүйенi пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болса, төлем тапсырмаларын беру барысында байланыс тораптарына санкция берiлмеген кiрулердi болдырмау үшiн арнайы шифрларды, кодтарды, символдарды қолдану, сондай-ақ егер төлем тапсырмалары курьер арқылы берiлетiн болса, кәсiптiк қатысушы-жiберушiнiң жауапты қызметкерiнiң төлем тапсырмаларын телекоммуникациялық байланыс құралдарымен берiлуiн бақылай отырып растау жөнiндегi iс-шараларды орындауы олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Ұлттық Банктiң бөлiмшесi мен кәсiптiк қатысушылар қауiпсiздiк iс-шараларын қамтамасыз етуге және қауiпсiздiк iс-шараларын жүргiзу тәртiбi туралы мәлiметтердiң сақталуын қадағалап отыруға мiндеттi.
      13. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi кәсiптiк қатысушының ағымдағы шоты бойынша кәсiптiк қатысушының ақшасын қабылдау (есебiне жазу), аудару немесе алу (есептен шығару) бойынша әр операция күнi iшiнде бiр ғана операция жасалса да ағымдағы шоттың көшiрмесi жасалып, келесi күнi кәсiптiк қатысушыға берiледi. Кәсiптiк қатысушының пайдасына ақша қабылдағанда (есептегенде) кәсiптiк қатысушының көшiрмесiмен бiрге төлем құжаты да, байланыс торабы болған жағдайда - электронды төлем тапсырмасы, ал байланыс торабы болмаған жағдайда кәсiптiк қатысушының талабы бойынша оған қағазға басылған электронды төлем тапсырмасы берiледi.
      14. Ағымдағы шоттар бойынша жасалған операцияларды тексеру банк шотының шартында белгiленгендей кезең-кезеңiмен жүргiзiледi, бiрақ он күнде бiр реттен кем жүргiзiлмеуi тиiс. Кәсiптiк қатысушының жауапты қызметкерi шарттар белгiленген мерзiм iшiнде Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне ағымдағы шоттар бойынша есеп айырысу жағдайы жөнiнде ведомость тапсырады. Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң жауапты қызметкерi ағымдағы шоттың қалдығын ведомоста көрсетiлген тиiстi сомалармен салыстырады. Сәйкессiздiк болмаған жағдайда Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң жауапты қызметкерi ведомосқа өз қолын және тексерген күнiн қояды және оны кәсiптiк қатысушының iс қағаздарына тiгедi. Егер ағымдағы шот бойынша мәлiметтер ведомоста көрсетiлген сомаларға сай келмесе, онда Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң жауапты қызметкерлерi мен кәсiптiк қатысушысы бұл жөнiнде тиiстi Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң бас бухгалтерiне және кәсiптiк қатысушыға хабарлауы тиiс. Анықталған сәйкессiздiктердi жою жөнiндегi шаралар 3 операциялық күн iшiнде жүзеге асырылуы тиiс.
      Төлем тапсырмаларын бергенде немесе оны өңдегенде табылған қателiктер кезiнде немесе кәсiптiк қатысушының жауапты қызметкерiнiң оны жазып беруге өкiлеттiгi болмаса, кәсiптiк қатысушы осы фактiлердi Ұлттық Банктiң бөлiмшесiне тез арада хабарлауы тиiс. Ұлттық Банктiң бөлiмшесi кәсiптiк қатысушымен бiрлесе отырып анықталған фактiлердi жою бойынша жоғарыда аталған фактiлердi анықтаған соң келесi операциялық күннен кешiктiрмей шаралар қолдануы тиiс.
      15. Кәсiптiк қатысушының ағымдағы шоты банк шоты шартының қолданылуы тоқтатылған кезде және мынадай жағдайларда:
      - кәсiптiк қатысушы болып саналатын заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқанда;
      - кәсiптiк қатысушының бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметiн жүзеге асыру лицензиясын қайтарып алғанда жабылады.

      Төраға

О Положении "Об открытии текущих счетов отдельным профессиональным участникам рынка ценных бумаг в Национальном Банке Республики Казахстан"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 14 августа 1997 г. N 302. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 07.02.1998 г. № 447. Утратило силу - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 апреля 2004 года N 43

   Извлечение из постановления Правления Национального Банка
         Республики Казахстан от 1 апреля 2004 года N 43
 
     В целях приведения нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан в соответствие с действующим законодательством Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
     1. Признать утратившим силу постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 14 августа 1997 г. N 302 "О Положении "Об открытии текущих счетов отдельным профессиональным участникам рынка ценных бумаг в Национальном Банке Республики Казахстан"...
     2. Настоящее постановление вводится в действие со дня принятия.
 
     Председатель
 Национального Банка
--------------------------------------------------------------------

     В целях совершенствования нормативно-правовой базы деятельности профессиональных участников рынка ценных бумаг и совершенствования системы расчетов на фондовом рынке Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить Положение "Об открытии текущих счетов отдельным профессиональным участникам рынка ценных бумаг в Национальном Банке Республики Казахстан" и ввести его в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      2. Департаменту банковского надзора (Абдулина Н.К.):
      а) совместно с юридическим департаментом (Уртембаев А.К.) зарегистрировать в Министерстве юстиции Республики Казахстан Положение "Об открытии текущих счетов отдельным профессиональным участникам рынка ценных бумаг в Национальном Банке Республики Казахстан";
      б) довести настоящее Постановление и вышеназванное Положение до сведения областных (Главного Алматинского территориального) управлений Национального Банка Республики Казахстан и профессиональных участников рынка ценных бумаг.
      3. Контроль за исполнением настоящего Постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

     Председатель
     Национального Банка

                                             Утверждено
                                     Постановлением Правления
                                        Национального Банка
                                        Республики Казахстан
                                    от 14 августа 1997 г. N 302

                Положение "Об открытии текущих счетов
       отдельным профессиональным участникам рынка ценных бумаг
             в Национальном Банке Республики Казахстан"

      Настоящее Положение распространяется на профессиональных участников рынка ценных бумаг (далее - "профучастник"), не являющихся банками.
      1. Текущий счет в Национальном Банке Республики Казахстан - это способ отражения договорных отношений между профессиональными участниками рынка ценных бумаг и Национальным Банком Республики Казахстан (далее - Нацбанк) по совершению Нацбанком операций, связанных:
      - с обеспечением наличия денег, принадлежащих профучастнику;
      - с принятием (зачислением) сумм денег в пользу профучастника;
      - с изъятием (списанием) сумм денег по поручению профучастника или распоряжениям третьих лиц.
      Текущий счет может открываться только брокерам и дилерам, Центральному Депозитарию и фондовым биржам, не являющимся организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций. Текущий счет профучастнику может быть открыт только в тенге. Данный счет используется профучастниками для осуществления расчетов, связанных с выполнением функций профучастниками функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан и не может быть использован для осуществления расчетов по иным видам деятельности.
      2. Расчеты через систему Нацбанка основываются на осуществлении платежей через текущие счета профучастников, открытые в подразделениях Нацбанка.
      3. Текущие счета открываются в областных (территориальном) управлениях Нацбанка (далее - подразделения) на основании договора банковского счета, заключенного подразделением Нацбанка с профучастником. При этом профучастнику присваивается индивидуальный идентификационный код.
      Для открытия текущего счета профучастник представляет подразделению Нацбанка следующие документы:
      - лицензию на право осуществления профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг, выданной уполномоченным органом;
      - документ с образцами подписей и оттиска печати. Необходимое количество экземпляров документов с образцами подписей и оттиска печати определяется подразделением Нацбанка;
      - справку налогового органа о постановке владельца счета на учет в качестве налогоплательщика и плательщика взносов в Пенсионный фонд Республики Казахстан;
      - копию документа установленной формы, выданного уполномоченным органом, подтверждающего факт прохождения государственной регистрации либо копию приравненного к нему документа;
      - копию(-и) учредительного(-ых) документа(-ов), заверенного(-ых) в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      Документы по открытию текущего счета хранятся в деле профучастника, которое ведется подразделением Нацбанка.
      Кроме вышеперечисленных документов к делу профучастника приобщается договор об использовании электронных систем обмена электронными платежами и соглашение об использовании системы программно-криптографической защиты и электронной цифровой подписи, если операции по текущему счету будут осуществляться с использованием электронной системы передачи данных.
      4. После заключения договора банковского счета профучастнику открывается лицевой счет, который регистрируется подразделением Нацбанка в "Книге регистрации открытых лицевых счетов аналитического учета" по форме N 061, являющейся Приложением N 1 к Правилам ведения бухгалтерского учета и отчетности в банках Республики Казахстан, утвержденным протоколом Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 декабря 1994 года N 25.
      Сведения о владельцах текущих счетов заносятся подразделениями Нацбанка в журнал текущих счетов и передаются в департамент банковского надзора Нацбанка.
      Департамент банковского надзора Нацбанка ведет сводный журнал по всем открытым текущим счетам профучастников.
      5. Подразделение Нацбанка обязано обеспечивать право профучастника беспрепятственно распоряжаться своими деньгами, находящимися в подразделении Нацбанка, и осуществлять платежи в пределах сумм денег профучастника.
      6. По договору банковского счета подразделение Нацбанка обязано:
      - обеспечить наличие денег профучастника;
      - принимать (зачислять) деньги, поступившие в пользу профучастника;
      - выполнять распоряжения профучастника о переводе денег в пользу третьих лиц;
      - исполнять акцептованные профучастником требования третьих лиц об изъятии денег, а также требования третьих лиц, не требующих акцепта в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      - предоставлять по требованию профучастника информацию о сумме денег на текущем счете и произведенных операциях в порядке, предусмотренном договором банковского счета;
      - производить иное обслуживание профучастника, предусмотренное договором и законодательством.
      7. Платежные поручения, направляемые профучастником в подразделение Нацбанка, должны соответствовать требованиям нормативных правовых актов Нацбанка.
      8. Прием платежных поручений от профучастника осуществляется согласно графику приема поручений, составленному подразделением Нацбанка. Подразделение Нацбанка вправе оговаривать принятие платежных поручений к исполнению условиями обработки поручений в "операционном дне".
      9. Учет поступающих в подразделение Нацбанка платежных поручений и их обработка осуществляется в соответствии с Правилами ведения бухгалтерского учета и отчетности. Подразделение Нацбанка исполняет требования профучастника и третьих лиц в течение операционного дня, при условии достаточности денег профучастника в подразделении Нацбанка в течение операционного дня.
      Нацбанк в случаях, предусмотренных нормативными правовыми актами Нацбанка, или по решению руководства Нацбанка вправе предоставить профучастнику овердрафт.
      10. При представлении платежного поручения в подразделение Нацбанка, профучастник-отправитель уполномочивает подразделение Нацбанка на перевод своих денег в пользу лица, указанного в платежном поручении.
      При поступлении денег в пользу профучастника подразделение Нацбанка обязано принять (зачислить) их в сумме, указанной в платежном поручении, в соответствии с требованиями, установленными законодательством.
      11. В отношении платежных поручений по кредитовым переводам подразделение Нацбанка действует исключительно как агент профучастника. Подразделение Нацбанка прекращает исполнять функции агента по каждому платежному поручению с момента принятия (зачисления) денег в пользу получателя.
      12. В целях повышения безопасности перевода денег профучастник и подразделение Нацбанка могут разработать и принять процедуры обеспечения безопасности перевода денег.
      Процедура обеспечения безопасности заключается в применении специальных шифров, кодов и символов в процессе подачи платежных поручений для предотвращения несанкционированного доступа к каналам связи, если операции по текущему счету будут осуществляться с использованием электронной системы передачи данных, а также в выполнении ответработником профучастника-отправителя процедуры контрольного подтверждения передачи платежных поручений посредством средств телекоммуникационной связи, если платежные поручения передаются через курьера.
      Подразделение Нацбанка и профучастник обязаны соблюдать процедуры обеспечения безопасности и следить за сохранностью сведений о порядке процедур безопасности.
      13. Подразделением Нацбанка по каждому операционному дню, в течение которого по текущему счету профучастника была совершена хотя бы одна операция по приему (зачислению), переводу или изъятию (списанию) денег профучастника, составляется выписка из текущего счета, которая выдается профучастнику на следующий день. При принятии (зачислении) денег в пользу профучастника вместе с выпиской профучастника передается и платежный документ, при наличии канала связи - электронное платежное поручение, а при отсутствии каналов связи по требованию профучастника, ему выдается распечатанное на бумажном носителе электронное платежное поручение.
      14. Проверка совершенных операций по текущему счету производится с периодичностью, определенной в заключенном договоре банковского счета, но не реже одного раза в десять дней. Ответственный работник профучастника в сроки, установленные договором, представляет в подразделение Нацбанка ведомость состояния расчетов по текущему счету. Ответственный работник подразделения Нацбанка сравнивает остаток по текущему счету с соответствующими суммами, указанными в ведомости. В случае отсутствия расхождений ответственный работник подразделения Нацбанка на ведомости ставит свою подпись и дату проверки и помещает ее в дело профучастника. Если данные по текущему счету не совпадают с суммами, указанными в ведомости, то ответственные работники подразделения Нацбанка и профучастника должны сообщить об этом соответственно главным бухгалтерам подразделения Нацбанка и профучастника. Меры по устранению выявленных расхождений должны быть осуществлены в течение 3 операционных дней.
      При обнаружении ошибки при передаче платежного поручения или его обработке, или отсутствии полномочий ответработников профучастника на его выписывание, профучастник немедленно должен сообщать о данных фактах в подразделение Нацбанка. Подразделение Нацбанка совместно с профучастником должны принять меры по устранению выявленных фактов не позднее следующего операционного дня после выявления вышеназванных фактов.
     15. Закрытие текущего счета профучастника производится при прекращении договора банковского счета, а также в случае:
     - прекращения деятельности юридического лица, являющегося профучастником;
     - при отзыве у профучастника лицензии на осуществление профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг.

     Председатель