"Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 қыркүйектегi N 1396
қаулысының
17-4-тармағын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына (бұдан әрi - Қорларға) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының мынадай тiзбесi бекiтiлсiн:
1) Қордың жарғылық капиталын 20.06.97 ж. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен құрылтайшылар төлеуi тиiс;
2) Қордың қызметiн ұйымдастыруды реттейтiн iшкi құжаттар әзiрленуi тиiс;
3) Қор үй-жайдың, компьютердiң, Қордың қызметiн және Қазақстан Республикасы Еңбекәлеуметминiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгiмен (бұдан әрi - Агенттiк), кастодиан-банкпен, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниямен, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықпен өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн телекоммуникациялық жабдықтардың және бағдарламалық-техникалық құралдардың бар екендiгiн растауы тиiс;
4) Қордың басшы қызметкерлерi Агенттiк белгiлеген тәртiппен бiлiктiлiк емтиханын тапсыруы тиiс.
5) Қор өз құрылтайшыларының қаржылық тұрақты жағдайын растауы тиіс.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.03.09. N 28
бұйрығымен.
II. Бiлiктiлiк талаптарын растау үшiн Қор Агенттiкке мынадай құжаттарды тапсыруы тиiс:
1) Агенттiкке бiлiктiлiк емтиханын тапсырған басшы қызметкерлердi тағайындау немесе сайлау туралы құжаттардың көшiрмесi;
2) жарғылық капиталдың толық төленгендiгiн растайтын қаржылық құжаттың көшiрмесi;
3) оның жоғары басқару органы бекiткен, атқару органының бiрiншi басшысы қол қойған, тiгiлген және Қордың мөрiмен бекiтiлген Қордың зейнетақы ережесi (екi данада);
4) жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң болашағын экономикалық негiздеу (бизнес-жоспар);
5) есеп жүргiзудi, құжат айналысын, кастодиан-банктен, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниядан алынған мәлiметтердiң тұтастығын және ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге iшкi бақылау туралы ереже;
6) Қордың N 1 бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес есептiк саясаты;
7) кастодиан-банкпен жасасылған кастодиалдық шарттың көшiрмесi;
8) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниямен зейнетақы активтерiн басқаруға жасасылған шарттың көшiрмесi;
9) басқару органдарының құрамы және тегi, аты, әкесiнiң аты, қабылданғаны туралы бұйрықтың (хаттаманың) күнi мен нөмiрiн көрсете отырып Қордың штаттық кестесi;
10) бөлiмшелер (егер олар бар болса) туралы ережелер және салымшылармен, кастодиан-банкпен және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниямен жұмысқа тiкелей қатысатын мамандарға лауазымдық нұсқаулықтар;
11) Қордың құрылтайшылары - заңды тұлғалар туралы мәлiметтер:
- мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi туралы куәлiктiң көшiрмесi;
- статистикалық кәртiшкенiң көшiрмесi;
- Жарғының және барлық өзгерiстерi мен толықтыруларымен қоса
құрылтай шартының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
- ашық акционерлік қоғамдар үшін - өтініш беру сәтіндегі
дауысқа ие акциялардың 5% және одан да жоғары иелік ететін бағалы қағаздарды ұстаушыларға тізілімнің көшірмесі;
- толық жұмыс істелген жыл үшін қаржылық есептілік;
- соңғы есептiк күнге бухгалтерлiк баланс;
- құрылтайшылардың соңғы есептік күндегі қаржылық жағдайы және
заңда белгіленген тәртіпте қордың жарғылық капиталын төлеуі туралы аудиторлық қорытынды.
12) құрылтайшылар - жеке тұлғалар туралы мәлiметтер:
- анкеталық мәлiметтер;
- салық қызметi органдары куәландырған соңғы жылдағы табыстар
мен мүлiк туралы декларация;
13) үй-жай, ұйымдастыру техникалары, телекоммуникациялық жабдықтар мен бағдарламалық-техникалық құралдардың бар екендiгiн растайтын құжаттар.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1998.03.09. N 28
бұйрығымен.
III. Тапсырылатын құжаттардың көшiрмелерi тiгiлген және Қордың бiрiншi басшысының, бас бухгалтерiнiң қолымен және мөрмен бекiтiлген болуы керек.
IV. Қор лицензия алу үшiн тапсырылған құжаттардағы өзгерiстер туралы Агенттiкке он күн мерзiм iшiнде жазбаша нысанда хабарлауы тиiс.
V. Қордың лицензия алу үшiн тапсырылған құжаттарға қол қойған лауазымды адамдары осы құжаттардағы мәлiметтердiң растығы үшiн заңда белгiленген жауапкершiлiкте болады. Агенттiк Қордың құжаттарындағы мәлiметтердiң жалғандығы үшiн жауап бермейдi.
VI. Қор лицензиялау үшiн қажеттi құжаттарды толық тапсырмаған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн лицензиялау және реттеу басқармасы қосымша сұрату жiберсiн. Құжаттарды қарау мерзiмi құжаттардың толық пакетiн алған сәттен бастап есептелсiн.
VII. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күннен бастап 1997 жылғы 09.10. N 9-П бұйрықтың күшi жойылған деп есептелсiн.
VIII. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi.
IХ. Осы бұйрықтың атқарылуына бақылау жасау Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн лицензиялау және реттеу басқармасына жүктелсiн.
Еңбекәлеуметминi Ұлттық зейнетақы
агенттiгiнiң директоры