ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ
ҰЛТТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ АГЕНТТІГІ
БҰЙРЫҚ
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136-1 Заңына , "Шаруашылық серіктестіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заң күші бар Жарлығына сәйкес
I. "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін лицензиатқа, жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары және аталған талаптарды растайтын құжаттар туралы" 1997 жылғы 3 желтоқсандағы N 31-ө
бұйрыққа
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. I тармақ "(бұдан әрі - Қорларға)" деген сөздерден кейін "...жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына және басшы қызметкерлеріне" деген сөздермен толықтырылсын.
2. I тармақ мынадай мазмұндағы 5-абзацпен толықтырылсын:
- Қор өз құрылтайшыларының қаржылық тұрақты жағдайын растауы тиіс;
3. Бұйрықтың II тармағының 11-тармақшасы мынадай мазмұндағы 4-абзацпен толықтырылсын:
- ашық акционерлік қоғамдар үшін - өтініш беру сәтіндегі дауысқа ие акциялардың 5% және одан да жоғары иелік ететін бағалы қағаздарды ұстаушыларға тізілімнің көшірмесі.
4. бұйрықтың II тармағы 11-тармақшасының 4 және 5-абзацтары тиісінше 5 және 6-абзацтар болып саналсын.
5. II тармақтың 11-тармақшасының 5-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"- толық жұмыс істелген жыл үшін қаржылық есептілік."
6. II тармақтың 11-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- құрылтайшылардың соңғы есептік күндегі қаржылық жағдайы
және заңда белгіленген тәртіпте қордың жарғылық капиталын төлеуі туралы аудиторлық қорытынды".
II. Осы өзгерістер мен толықтырулардың атқарылуына бақылау жасау жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау және реттеу басқармасына жүктелсін.
Директордың орынбасары