Ескерту. Нормативтiк-құқықтық актiнiң атауы, мәтiн бойынша түгелдей "Агенттiк", "Агенттiкпен" деген сөздер тиiсiнше "Комитет", "Комитетпен" деген сөздерге өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө бұйрығымен .
1. Жалпы ережелер
1.1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттар жүйесiн құру ережелерi" (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес әзiрлендi. Осы Ережелер қорлар өздерiнiң автоматтандырылған ақпарат жүйесiн (бұдан әрi - ААЖ) әзiрлеу, бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу кезiнде, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында (бұдан әрi - Қорлар) ақпараттардың сенiмдiлiгiне, сақталуына және ААЖ-ға заңсыз қол жеткiзуден ақпараттарды қорғауға қойылатын негiзгi талаптарды белгiлейдi. <*>
Ескерту. 1-тараудың 1.1-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө
бұйрығымен
.
1.2. Қорлар әзiрлеушiнi өздiгiнен айқындайды және Комитетпен келiсiлгеннен кейiн ААЖ әзiрлеуге арналған техникалық мiндеттердi бекiтедi. <*>
Ескерту. 1-тараудың 2.1-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө
бұйрығымен
.
1.3. Комитеттiң жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне қоятын негiзгi талаптары барлық Қорлар үшiн мiндеттi болып табылады. <*>
Ескерту. 1-тараудың 3.1-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө
бұйрығымен
.
1.4. Салымшылардың/алушылардың дербес зейнетақы шоттарының мәлiметтер базасы Қордың дара пайдалануына арналған және ол басқа заңды тұлғаларға берiлуге немесе жалға өткiзiлуге тиiстi емес. <*>
Ескерту. 1-тарау 4.1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө
бұйрығымен
.
2. Жүйеге қойылатын функционалдық талаптар
Жүйе функционалдық тұрғыдан мынадай міндетті ішкі жүйелерден тұруы керек:
2.1. "Жүйелерді әкімшіліктендіру және ішкі аудит" ішкі жүйесі
Пайдаланушылардың жүйеге қол жеткізуін басқаруды қамтамасыз етуге және мына функцияларды орындауға арналған:
1) Жаңа пайдаланушыларды қосу;
2) Пайдаланушыларға құқық белгілеу;
3) Операциялық күнді ашу/жабу;
4) Жұмыс күнінің ауысуы;
5) Жүйені тұйықтау/ашу;
6) Пайдалану паролін өзгерту;
7) Жүйенің ішкі аудиті;
8) Архивтік және резервтік көшірме жасау.
2.2. "Зейнетақы активтері мен пассивтері" ішкі жүйесі
Қор салымшысының (алушысының) дербес есебін жүргізуге, міндетті және ерікті жарналар бойынша зейнетақы шарттарының дербес есебін жүргізуге, дербес зейнетақы шоттарымен операциялардың талдау және синтетикалық бухгалтерлік есебін жүргізуге, инвестициялық табысты салымшылар (алушылар) арасында бөлуді жүзеге асыруға, зейнетақы төлемдерін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге, зейнетақы активтерімен жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуге арналған. Ішкі жүйе мынадай міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді:
2.2.1. Салымшылар мен алушылар жөніндегі қор клиентурасының дербес есебін жүргізу бойынша мынадай функциялар орындалуы тиіс:
1) Жаңа клиентке кәртішке ашу;
2) Бұрынғы кәртішкеге өзгерістер енгізу;
3) Клиенттерді түрлі өлшемдер бойынша іріктеу.
2.2.2. Міндетті және ерікті жарналар бойынша зейнетақы шарттарының дербес есебін жүргізу бойынша мына функцияларды орындауды қамтамасыз етуі тиіс:
1) Шарт бойынша кәртішке ашу;
2) Бұрыннан бар кәртішкелерге өзгерістер енгізу;
3) Шоттарды барлық өлшемдері бойынша іріктеу.
2.2.3. Дербес жинақтаушы зейнетақы шоттарымен жасалатын операцияларға талдамалық және синтетикалық бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша мына функциялардың орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс:
1) шоттар ашу;
2) шот бойынша кез келген операцияны көрсету (жарнаның түсуі инвестициялық табысты есептеу жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу және басқа қорғау аудару және т.б.);
3) дербес сұратулар, сондай-ақ пакеттік режим бойынша да берілген уақыт аралығында кез-келген шот бойынша баланс құру;
4) берілген уақыт аралығында операциялар бойынша баланс құру;
5) салымшының дербес кітапшасындағы берілген уақыт кезеңінде шоттың жай-күйінің өзгеру динамикасы туралы белгілердің орындалуы.
2.2.4. Инвестициялық табысты салымшылар (алушылар) арасында бөлуді жүзеге асыру бойынша. Инвестициялық табыс Қорға және Компанияға комиссиялық сыйақыны ұстап қалғаннан кейін жарнаның түскен күндерін ескере отырып, жарналарға сайма-сай салымшылардың (алушылардың) шоттары бойынша тең мөлшерде бөлінеді. Табысты бөлген кезде пайда болған қалдық бөлек жеке шотта есептеледі. Келесі инвестициялық табысты есептеу кезінде бұрынғы қалдық ағымдағы инвестициялық табысқа қосылады. Міндет мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
1) Әр салымшы бойынша инвестициялық табыс сомасының есебі;
2) Инвестициялық табысты бөлу кезінде алынған қалдықтың есебі;
3) Қажетті төлем және өзге құжаттарды жасау;
4) Әр салымшы бойынша инвестициялық табысты есептеудің дұрыс орындалуына бақылау жасау.
2.2.5. Зейнетақы жарналарының түсуіне бақылау жасау бойынша мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
5) Тапсырма берілген күнге зейнетақы жарналарының түсуін жоспарлау;
6) Тиісті есептердің жасалуымен бірге зейнетақы жарналарының түсу жоспары мен нақты түсуін салыстыру;
7) Зейнетақы жарналарын аудару жөніндегі шарттардың сақталмауына тіркелген есеп жүргізу;
8) Әр жұмыс беруші бойынша дербес сұрату бойынша және пакеттік режимде жарналардың түсуі туралы есеп жасау.
2.2.6. Зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру жөнінде мынадай функцияларды орындау қамтамасыз етілуі тиіс:
1) Орталушы бойынша зейнетақы төлемі сомасының есебі;
2) Тапсырма берілген күнге зейнетақы төлемін жоспарлау;
3) Қажетті төлем және өзге құжаттарды жасау;
4) Тиісті есептердің жасалуымен бірге зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жоспары мен нақты төлеуді салыстыру;
5) Есептелген зейнетақы төлемі сомасынан табыс салығын ұстау. 2.2.7. Зейнетақы активтерімен жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша. Міндет шегінде мынадай функциялар орындалуы тиіс:
1) Жасалған операциялардың есебі;
2) Инвестициялар портфелі;
3) филиалдарды басқару (операциялық қызмет);
4) бюджетті басқару (операциялық қызмет).
2.3. "Бас бухгалтерлік кітап" ішкі жүйесі
Бас бухгалтерлік кітапты жүргізуге, жүйенің барлық қаржы мәліметтерін қаржылық жұмылуды орындауға, жүйенің негізгі модульдерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыруға арналған. Мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
1) Шоттардың жоспарын жүргізу;
2) Баланстық шоттар бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу;
3) Күн сайынғы балансты жасау.
2.4. "Есептілік" ішкі жүйесі
Комитеттің және басқа ұйымдардың ішкі пайдалануына стандарттық ішкі есепті жасауға арналған. Есептер экрандық нысан, файлдар мен қағаз таратқыштар түрінде жасалады. Есептер теңге - тиынмен жасалады, содан кейін мың теңгеге дейін дөңгелектеледі. Ішкі жүйе мына функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
1) Дербес сұратулар бойынша жедел есептерді жасау;
2) Оларды кейін басу және архивте сақтаумен жедел (күн сайынғы, апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) есептерді орталықтандырып автоматтандырып жасау;
3) Бір-біріне байланысты есептік мәліметтерді (мың теңгеге дейін) дөңгелектеу - барлық есеп дөңгелектелгеннен кейін баланспен салыстырылады;
4) Дербес сұратулар бойынша архивтен жедел есептерді іздеу және беру;
5) Жедел есептерді электрондық архивпен басқару;
6) Дербес сұрату бойынша кез келген күннің кез келген жедел есебін жасау (егер ол архивте болмаған жағдайда);
7) Комитетке жіберу үшін әр есеп бойынша электрондық макет жасау.
Әр есеп бойынша жасалған электрондық макеттерді Комитет бекітеді.
8) зейнетақы жарналарының және есептелетiн инвестициялық кiрiстердiң есебiн жүргiзу.
Стандарттық есептер "Жинақтаушы зейнетақы қорларында бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есеп беру ережелерiне" сәйкес қалыптастырылады. <*>
Ескерту. 2-тараудың 2.4-тармағы 8)-тармақшамен толықтырылды және 3-абзац жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө
бұйрығымен
.
2.5. "Ішкі жүйесі бар интерфейс" ішкі жүйесі
Түрлі ұйымдар мен ведомстволардың, атап айтқанда:
1) Жеке өз филиалдарының - өз филиалдарымен ақпарат алмасу мәліметтерді берудің жеке жүйесін (корпоративтік жүйе) пайдаланумен немесе жалпы пайдаланудағы мәліметтер беру жүйесін пайдаланумен жүзеге асырылуы мүмкін;
2) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшелерінің;
3) Кастодиан-банктің - кастодиан-банкпен ақпараттар алмасу банк-кастодианның мәліметтерін берудің корпоративтік жүйесін пайдаланумен жүзеге асырылады. Талаптар осы жүйеге қойылатын техникалық талаптармен айқындалады. Немесе электрондық почта пайдаланылады;
4) Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның - зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниямен ақпарат алмасу күн сайын электрондық почтаны пайдаланумен жүзеге асырылады;
5) Ұлттық зейнетақы агенттігінің - Ұлттық зейнетақы агенттігімен ақпарат алмасу күн сайын және Х-400 электрондық почтаны пайдаланумен жүзеге асырылады;
6) Қызмет көрсететін банктің ақпараттық жүйелерімен электрондық ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге арналған.
Барлық ақпарат алмасу файлдар түрінде жүзеге асырылады Файлдар электрондық құжат нысанында ресімделеді және электрондық жазбасы болуы керек.
Осы ішкі жүйе шеңберінде мына функциялардың орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс:
1) Кілттер алмасу;
2) Нақты ішкі жүйе мәліметтерінің негізінде ақпараттар беру макетін жасау;
3) берілетін ақпаратты криптеу және авторландыру;
4) қолданылатын ақпараттағы жазуларды крипсіздендіру және салыстыру;
5) Ақпарат алмасу журналы;
6) Мәлімдемелер мен кілттердің архиві.
ААЖ құрамына міндетті ішкі жүйелерден басқа мынадай ішкі жүйелерді енгізу ұсынылады.
2.6. Өз құрылтайшылары мен акционерлерінің есебін жүргізуге, өз капиталын басқаруға, құралымы мен үстеме шығыстардың көлемін талдауға, түрліше болжамдар жасауға, болып жатқан процестердің модельдерін жасауға, Қордың шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге, Қордың бухгалтерлік есебін жүргізуге арналған ішкі жүйелерді Қор өздігінен жасайды және реттеуді қажет етпейді.
3. Сенімділікке қойылатын талаптар
3.1. Ақпаратты қорғау
Жүйе пайдаланылатын ақпараттардың мына талаптарға сәйкес қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс:
1) сыртқы арналар бойынша жіберілетін ақпараттар сертификатталған аппараттық немесе бағдарламалық криптограммалық қорғалуы тиіс;
2) жергілікті жүйелерде жұмыс істеген кезде пайдаланушылардың мәлімет алуға, функциялық және жүйенің ресурстарына құқық анықталуы қамтамасыз етілуі тиіс;
3) жүйені әрбір пайдаланушының көрінбейтін және пайдаланушы өзі немесе басшылық қана өзгерте алатын өзінің паролі болуы керек.
3.2. Ақпараттық сақталуы
Жүйе ақпараттардың электрондық архивтер мен мәліметтер базаларындағы ақпараттардың:
1) жүйенің кез келген учаскесінде және кез келген уақытта электр қоректендірудің толық немесе ішінара ажыратылған;
2) жұмыс станцияларында, аймақтық және телекоммуникациялық жабдықтарында ақау болған кезінде толық сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сервер істен шыққан жағдайда соңғы резервтік көшірмені жасаған сәттен бастап, технологияны бұзбай және мәліметтердің бүтіндігін сақтай отырып жүйенің штаттық құралдарымен ақпараттарды қалпына келтіру мүмкіндігі болған жағдайда ғана ақпараттың жойылуына жол беріледі.
Серверге арналған үздіксіз қоректендіру көзі сервердің техникалық сипаттамасына сәйкес келуі және оның қоректі айырған сәттен бастап бір сағат бойына жұмыс қабілеттілігіне қолдау көрсетуі тиіс, сонымен бірге Shut Down операциясы өздігінен орындалуы тиіс.
3.3. Ақпараттың растығы
Ақпаратқа енгізу мен түзету жасау қосарлап енгізу әдісімен немесе орындалған ақпарат туралы тіркелген ақпаратты міндетті енгізумен рұқсат беру әдісімен орындалуы керек. Ақпаратты енгізу мен түзету қандай жағдайда болмасын, ақпараттың хронологиялық үздіксіздігі мен бүтіндігін бұзбауы тиіс.
Қаржы операцияларының есебін жүргізу қосарлап жазу әдісімен орындалуы тиіс. Енгізілген операциялардың бірде біреуі алынып тасталмауы тиіс. Жаңылыс енгізілген қаржылық құжаттар алынып тасталмайды, бірақ іріктелуі тиіс.
3.4. Ақпараттарды көшірмелеу және қалпына келтіру мен
бағдарламалық қамтамасыз ету
Ақпараттардың бағдарламалық көшірмелерін жасау мен бағдарламалық қамтамасыз ету тәртібі жүйенің көшірмесін жасау сәтіндегі толық қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс, сонымен бірге қалпына келтіру мәліметтердің жалпы тұтастығын бұзбауы керек.
4. Сатып алынатын Қорды бағдарламалық қамтамасыз етуге
қойылатын негiзгi талаптар <*>
4.1. Сатып алынатын Қорды бағдарламалық қамтамасыз ету патенттелген немесе лицензия алған болуы тиiс.
4.2. Қор бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу кезiнде бағдарламалық қамтамасыз етуге кемiнде 1 жыл мерзiм бойына қолдау көрсету жөнiндегi талаптарды ескертуге мiндеттi.
4.3. Қор автоматтандырылған ақпараттық жүйе бойынша тиiстi техникалық құжаттардың жасалуын талап етуге тиiс. Бағдарламалық қамтамасыз етудi сатушы субъект жеке пайдаланушыларға арналған нұсқаулықты беруге тиiстi.
Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө
бұйрығымен
.
5. Қорытынды
5.1. ААЖ жүйенiң функционалдық сипаттамаларын тұтасымен жақсартатын қосымша кiшi жүйелер мен тапсырмаларды сатуға жол берiледi.
5.2. Жүйенiң аппараттық және коммуникациялық құралдарына қойылатын талаптар ААЖ техникалық мiндеттер сатысында жасалады.
5.3. Қордың әрқайсысының ААЖ әзiрлеушiнiң құқықтары "Авторлық құқық және аралас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғалған болуы тиiс.
5.4. Қорлардың ААЖ-iн құру жөнiндегi мәселелердiң үйлестiрiлуiн Комитет жүзеге асырады.
5.5. ААЖ-нi әзiрлеу кезiнде мәлiметтер базасын басқару жүйесi (МББЖ) және төртiншi шығарылған бағдарламалау тiлi қолданылуы тиiс.
5.6. Қор құрылымында ААЖ құруға, енгiзуге және алып жүруге жауап беретiн тиiстi бөлiмшелердiң құрылуы көзделуi тиiс.
Ескерту. 5-тараумен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө
бұйрығымен
.