"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiп Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 33-Ө бұйрығымеи бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттар жүйесiне қойылатын негiзгi талаптар туралы ережеге" өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 112 (V053609) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттар жүйесi қызметiнiң нәтижелілігiн арттыру мақсатында бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 33-Ө бұйрығымен бекiтілген "Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттар жүйесiне қойылатын негiзгi талаптар туралы Ережеге" мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      "1. Нормативтiк-құқықтық актiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттар жүйесiн құру ережелерi". 
      2. 1-тараудың 1.1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1.1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттар жүйесiн құру ережелерi" (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес әзiрлендi. Осы Ережелер қорлар өздерiнiң автоматтандырылған ақпарат жүйесiн (бұдан әрi - ААЖ) әзiрлеу, бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу кезiнде, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында (бұдан әрi - Қорлар) ақпараттардың сенiмдiлiгiне, сақталуына және ААЖ-ға заңсыз қол жеткiзуден ақпараттарды қорғауға қойылатын негiзгi талаптарды белгiлейдi". 
      3. 1-тараудың 1.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1.2. Қорлар әзiрлеушiнi өздiгiнен айқындайды және Комитетпен келiсiлгеннен кейiн ААЖ әзiрлеуге арналған техникалық мiндеттердi бекiтедi"; 
      4. I-тараудың I.3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1.3. Комитеттiң жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне қоятын негiзгi талаптары барлық Қорлар үшiн мiндеттi болып табылады". 
      5. 1-тарау мынадай мазмұндағы 1.4-тармақпен толықтырылсын: 
      "1.4. Салымшылардың/алушылардың дербес зейнетақы шоттарының мәлiметтер базасы Қордың дара пайдалануына арналған және ол басқа заңды тұлғаларға берiлуге немесе жалға өткiзiлуге тиiстi емес." 
      6. 2-тараудың 2.4-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: 
      "8) зейнетақы жарналарының және есептелетiн инвестициялық кiрiстердiң есебiн жүргiзу". 
      7. 2-тараудың 2.4-тармағының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Стандарттық есептер "Жинақтаушы зейнетақы қорларында бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есеп беру ережелерiне" сәйкес қалыптастырылады". 
      8. 4-тарау мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Сатып алынатын Қорды бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын негiзгi талаптар 
      4.1. Сатып алынатын Қорды бағдарламалық қамтамасыз ету патенттелген немесе лицензия алған болуы тиiс. 
      4.2. Қор бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу кезiнде бағдарламалық қамтамасыз етуге кемiнде 1 жыл мерзiм бойына қолдау көрсету жөнiндегi талаптарды ескертуге мiндеттi. 
      4.3. Қор автоматтандырылған ақпараттық жүйе бойынша тиiстi техникалық құжаттардың жасалуын талап етуге тиiс. Бағдарламалық қамтамасыз етудi сатушы субъект жеке пайдаланушыларға арналған нұсқаулықты беруге тиiстi". 
      9. мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын: 
      "5. Қорытынды 
      5.1. ААЖ жүйенiң функционалдық сипаттамаларын тұтасымен жақсартатын қосымша кiшi жүйелер мен тапсырмаларды сатуға жол берiледi. 
      5.2. Жүйенiң аппараттық және коммуникациялық құралдарына қойылатын талаптар ААЖ техникалық мiндеттер сатысында жасалады. 
      5.3. Қордың әрқайсысының ААЖ әзiрлеушiнiң құқықтары "Авторлық құқық және аралас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғалған болуы тиiс. 
      5.4. Қорлардың ААЖ-iн құру жөнiндегi мәселелердiң үйлестiрiлуiн Комитет жүзеге асырады. 
      5.5. ААЖ-нi әзiрлеу кезiнде мәлiметтер базасын басқару жүйесi (МББЖ) және төртiншi шығарылған бағдарламалау тiлi қолданылуы тиiс. 
      5.6. Қор құрылымында ААЖ құруға, енгiзуге және алып жүруге жауап беретiн тиiстi бөлiмшелердiң құрылуы көзделуi тиiс." 
      10. Мәтiн бойынша түгелдей "Агенттiк", "Агенттiкпен" деген сөздер тиiсiнше "Комитет", "Комитетпен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Заң бөлiмi (Лысенко Ю.Н.) "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 33-Ө бұйрығымен бекiтiлген "Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттар жүйесiне қойылатын негiзгi талаптар туралы ережеге" өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1999 жылғы 26 қарашадағы N 94-Ө бұйрықты мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберсiн және оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзілгеннен кейiн қолданысқа енгiзсiн.     

      Комитет төрағасының
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады