"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 4 тармағына сәйкес және Ақтөбе қалалық Мәслихаты мен Әкiмiнiң, облыс әкiмi жанындағы ономастикалық комиссиясының ұсыныстары негiзiнде облыстық Мәслихат және облыс Әкiмi шешiм еттi:
1. Ақтөбе қалалық Мәслихаты мен Әкiмiнiң,облыс әкiмi жанындағы ономастикалық комиссиясының Актюбинск қаласы атауының транскрипциясын Ақтөбе қаласы деп өзгерту туралы ұсыныстары қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Облыстық Мәслихаттың Облыс Әкiмi
сессия төрағасы