Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.
Облыс әкімінің 1995 жылғы 8 желтоқсандағы № 88 "Облыс орман-тоғайларын қорғау туралы" шешімін орындау барысында облыста біршама жұмыстар атқарылғанымен орман-тоғайларды өрттен қорғау жағдайы қанағаттанғысыз. Әсіресе, көктемгі егістік науқаны кезінде өсімдік дүниесіне орны толмас залал келтірілуде. Шаруашылық басшыларының экологиялық жауапсыздығы мен немқұрайлылығынан жайылымдықтар, шабындықтар мен орман-тоғайлардың өртенуінежол берілуде. 1996 жылы мемлекеттік орман қорында 8 орман өрті тіркеліп, 70 га жер өртке шалынып, 54,5 мың теңге шығын келтірілді. Өрттің шығуына кінәлі 4 адам анықталып, онық 3 істері тергеу орындарына берілді. Шаруашылықтарға ұзақ мерзімге бекітілген мемлекеттік орман қорындағы тоғайлардың өртке шалыну фактілерін жылдан-жылға көбеюде. Қармақшы ауданының ІІІ Интенационал шаруашылығында үлкен көлемде орман өртеліп, жарты миллион теңгеге залал келтірілді.
Осындай жағдайлар Шиелі ауданының Қарғалы, Сырдария аудандарының Тартоғай, Айдарлы шаруашылықтарында, машина-сынау станциясы, Қазалы ауданының шаруашылықтарында орын алды.
Облыс орман-тоғайларын өрттен қорғауды күшейту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Аудан әкімдеріне, облыстық орман шаруашылығы бірлестігіне, облыстық экология және биоресурстар басқармасына, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, облыстық су ресурстары жөніндегі комитетіне, жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі облыстық комитетіне, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына, облыстық ішкі істер басқармасына облыс орман-тоғайларын өрттен қорғаудың қосымша шараларын әзірлеп, оны іске асыру тапсырылсын.
2. Аудан әкімдеріне ауданда орман-тоғайларды өрттен қорғау жөнінде арнайы жедел топ құрып, оны қажетті өртке қарсы күрес техникамен және басқа да құралдарымен жабдықталуын қамтамасыз ету, жедел топқа меншік нысанасына қарамастан аудандағы барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерін техникасын, тасымалдау көліктерін, басқа да материалды-техникалық ресурстарын тарту міндеттелсін.
3. Аудан әкімдері тиісті мекемелермен бірлесе орман-тоғайларды өрттен қорғауда шаруашылық басшылары мен ауыл әкімдерінен жауапкершіліктер қатаң сұралып, өрттен қорғау шараларының мүлтіксіз орындалуы қатаң бақылауға алсын.
4. Осы шешімнің орындалу барысы жөнінде әр он күн сайын мәлімен облыстық орман бірлестігіне, облыстық экология және биоресурстар басқармасына тапсырылсын.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Нұрғисаев |