"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес облыс әкімі мен әкімиятының кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Қ. Ыдырысовқа жүктелсін.
Облыс әкімі | И. Адырбеков |
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 қаулысына қосымша |
Облыс әкімияты мен әкімінің күшін жойған кейбір актілерінің тізбесі
1. "Қызылорда облыс аумағындағы коммуникациялар жүйелерін қорғауды күшейту туралы" облыс әкімиятының 2001 жылғы 18 шілдедегі № 51 қаулысы (тіркеу саны 1097);
2. "Облыс әкімінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 858 "Жергілікті тауар өндірушілер мен тұтынушылардың құқығын қорғау және бюджетке салық түсімін қамтамасыз ету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" облыс әкімінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 2 шешімі (тіркеу саны 93);
3. "Тұрмыстағы газ баллондарын пайдаланудың қауіпсіздігі туралы" облыс әкімінің 1999 жылғы 1 маусымдағы № 89 шешімі (тіркеу саны 109);
4. "Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша Ережесі туралы" облыс әкімінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 24 шешімі (тіркеу саны. 111);
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 "Әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу мәселелері" қаулысын жүзеге асыру туралы" облыс әкімінің 1999 жылғы 9 тамыздағы № 7 шешімі тіркеу саны 108);
6. "Базарларда тауарларды сату құқығы үшін алынатын алым мөлшерін және базар мен сауда қатарларының санаттарын анықтау туралы" облыс әкімінің 1998 жылғы 24 ақпандағы № 668 шешімі (тіркеу саны 24);
7. "Балалы отбасыларына жәрдемақы төлеудің дұрыстығына жасалған тексерулердің қорытындылары туралы" облыс әкімінің 1998 жылғы 12 қазандағы № 814 шешімі (тіркеу саны 73);
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы" облыс әкімінің 1998 жылғы 12 қазандағы № 821 шешімі (тіркеу саны 69);
9. "Басқарушы органдар лауазымды адамдарының болу және тексеру журналын" енгізу туралы" облыс әкімінің 1998 жылғы 23 қазандағы № 823 шешімі (тіркеу саны 71);
10. "Жергілікті. тауар өндірушілер мен тұтынушылардың құқығын қорғау және бюджетке салық түсімін қамтамасыз ету туралы" облыс әкімінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 858 шешімі (тіркеу саны 82);
11. "Облыс ішілік автобус маршруттарына ашық тендер өткізу комиссиясын құру туралы" облыс әкімінің 1997 жылғы № 372-ө өкімі (тіркеу 16);
12. "Жұмыстық сынау мерзімін өткізу және ұйымдастыру туралы" облыс әкімінің 1997 жылғы 1 сәуірдегі № 462 шешімі (тіркеу саны. 1);
13. "Облыстық бюджеттік мекемелердің желісін оңтайландырудың қорытындысы туралы" облыс әкімінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі № 466 шешімі (тіркеу саны 18);
14. "Облыста мемлекеттік емес оқу орындарын қолдау және дамыту туралы" облыс әкімінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі № 467 шешімі (тіркеу саны 2);
15" "Облыс аумағында азаматтардың жекелеген санаттарына автобустарда тегін жол жүру жеңілдіктерін беру және оларға байланысты шығындарды өтеу тәртібін бекіту туралы" облыс әкімінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі № 471 шешімі (тіркеу саны 5);
16. "Облыста жер учаскелерін және тұрақты жер пайдалану құқығын сату жөнінде аукцион ұйымдастыру және өткізу туралы" облыс әкімінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 475 шешімі (тіркеу саны 19);
17. "Облыс орман-тоғайларын өрттен қорғауды күшейтудің қосымша шаралары туралы" облыс әкімінің 1997 жылғы 17 сәуірдегі № 476 шешімі і тіркеу саны 7);
18. "Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасының Ережесін бекіту туралы" облыс әкімінің 1997 жылғы 24 сәуірдегі № 484 шешімі (тіркеу саны 11);
19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтіру туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы" облыс әкімінің 1997 жылғы 6 маусымдағы № 504 шешімі (тіркеу саны 12);
20. "Төменгі бюджеттерге ресми трансферттер (субвенциялар) бөлу тәртібін бекіту туралы" облыс әкімінің 1997 жылғы 10 маусымдағы № 505 шешімі (тіркеу саны 17);
21. "Төменгі бюджеттерге ресми трансферттер (субвенциялар) бөлу тәртібін бекіту туралы" облыс әкімінің 1997 жылғы 10 маусымдағы № 506 шешімі (тіркеу саны 15).