Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 3 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы қарашаның 1-дегi "Бастапқы әскери дайындық туралы" N 1340 P961340_ Қаулысын орындау үшiн, жастарды әскери қызметке сапалы даярлау мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
1. 1997-1998 оқу жылынан бастап жалпы бiлiм беретiн, кәсiптiк- техникалық мектептерде және барлық үлгiдегi орта арнаулы оқу орындарында жастарды бастапқы әскери дайындық жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 9-10-11 сыныптарында, кәсiптiк-техникалық мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында, олардың бағыныштылығына және меншiк түрлерiне қарамастан, кейiн жастарды қорғаныс-спорт сауықтыру лагерьлерiнде өтетiн дала жағдайында даярлау жаттықтыруларға қатыстырып, өткiзiлетiнi белгiленсiн.
Оқу орындарында әскери даярлықтан өтпеген әскерге шақырылатын жастағы жiгiттер жедел әскери қызметке шақыру алдында оқу пункттерiнде оқуға қатыстырылатын болсын.
2. Облыстың қалалары мен аудандардың әкiмдерi:
- қорғаныс-спорт сауықтыру лагерьлерiн және бастапқы әскери дайындық жөнiндегi оқу пункттерiн құрып, олардың жұмысын ұйымдастырсын, оларды жергiлiктi бюджеттер қаржысы есебiнен материалдық-техникалық, кадрлар және қаржы жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданатын болсын;
- атқарушы органдардың штаттарына әскерге шақыруға дейiнгi және әскерге шақырылатын жастағы жiгiттермен жұмыс жүргiзетiн маман-қорғанысспорт сауықтыру лагерiнiң бастығы лауазымын қызметкерлердiң штаттық құрамы шеңберiнде енгiзетiн болсын;
- ауданның /қаланың/ оқу орындарында бастапқы әскери дайындық жұмыстарының оқу-материалдық негiзiн қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолданатын болсын.
3. Облыстық бiлiм департаментi /Ахметова/, оқу орындарының басшылары, бағыныштылығына және меншiк түрлерiне қарамастан:
- оқушыларды бастапқы әскери даярлау және әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырып, оған басшылық жасауды қамтамасыз ететiн болсын;
- бастапқы әскери дайындық жөнiндегi қажеттi оқу-материалдық қор құрсын;
- оқу орындарының штатына бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы- оқытушы лауазымын енгiзсiн;
- әскери комиссариаттармен бiрлесе отырып оқу орындарына бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушыларды iрiктеп таңдауды қамтамасыз етiп, оларды әдiстемелiк жағынан даярлау жұмысын ұйымдастырсын;
- бастапқы әскери дайындықтан өтетiн жiгiттермен дала жағдайында жаттықтыру сабақтарын /жиналуларын/ ұйымдастырып өткiзетiн болсын;
- облыстық бiлiм департаментiнiң және қалалық /аудандық/ бiлiм беру бөлiмдерiнiң штаттарына әскер жасына дейiнгi және әскерге шақырылатын жастағы жастарды бастапқы әскери даярлау жұмысын үйлестiрiп бақылайтын маманның лауазымын қызметкерлердiң штаттық саны шеңберiнде енгiзетiн болсын.
4. Төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарма /Сержанов/ адамның өмiр сүру қауiпсiздiгiнiң және дәрiгерлiк-санитарлық дайындық негiздерi жөнiнде жастарды оқыту жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық жасауды қамтамасыз ететiн болсын.
5. Облыстық денсаулық сақтау департаментi /Орағалиев/:
- дәрiгерлiк-санитарлық дайындық жөнiндегi оқытушыларды iрiктеп даярлауды қамтамасыз ететiн болсын;
- оқушылармен тәжiрибелiк сабақтарды өткiзу үшiн оқу орындарына емдеу мекемелерiн бекiтетiн болсын;
- дәрiгерлiк-санитарлық дайындық жөнiндегi сабақтар барысына бақылау жасайтын болсын.
6. Облыстық жастар iстерi, туризм және спорт жөнiндегi басқарма /Мамашев/ әскер жасына дейiнгi және әскерге шақырылатын жастағы жiгiттердiң дене шынықтыру даярлығына және патриоттық тәрбиесiне басшылық және бақылау жасауды ұйымдастыратын болсын.
7. Облыстық әскери комиссариат /Хомяк/;
- жастарды бастапқы әскери даярлау жұмысын ұйымдастыруға, өткiзуге және оның қорытындыларына бақылау жасауды қамтамасыз етiп, оқу үрдiсiн әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ететiн болсын;
- бiлiм департаментiмен бiрлесе отырып оқу орындарының бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушыларының, оқу пункттерінің штаттан тыс бастықтарының, тәрбие жұмысы жөніндегі олардың орынбасарларының және нұсқаушыларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жұмысын өткізетін болсын;
- бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушылармен үш күндiк оқуәдiстемелiк оқуларын және бiр күндiк әдiстемелiк сабақтарын ұйымдастырып өткiзетiн болсын:
- бiлiм беру органдарымен бiрлесе отырып бастапқы әскери даярлықтан өтетiн жiгiттердi қорғаныс-спорт сауықтыру лагерьлерiнде дала жағдайында жаттықтыруға жинауды жоспарлап, ұйымдастыратын;
- оқыту пункттерiнде оқыту үшiн жiгiттердi жинап, олардың даярлығына бақылау жасауды ұйымдастыратын болсын.
8. Жастарды әскери қызметке даярлау жұмысын өткiзудi үйлестiру және бақылау үшiн облыс әкiмi аппаратының штатына қызметкерлердiң штаттық саны шеңберiнде әскер жасына дейiнгi және әскерге шақырылатын жастағы жiгiттермен жұмыс жөнiндегi маманның лауазымы енгiзiлсiн.
9. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмi аппараты әлеуметтiк-мәдени бөлiмiне және облыстық әскери комиссарға жүктелсiн.
Облыс әкiмi