Бастапқы әскери даярлау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қараша N 1340. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1995 жылғы 14 қарашадағы N  2635  және "Бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1995 жылғы 30 тамыздағы N  2441  Заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. 1996-1997 оқу жылынан бастап барлық үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектептерде, кәсiптiк-техникалық мектептер мен арнаулы орта оқу орындарында жасөспiрiмдердi бастапқы әскери даярлау "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" деген курспен бiрiктiрiле жүргiзiлсiн. Бастапқы әскери даярлық жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 9-10-11 кластарында, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсiптiк-техникалық мектептерде, арнаулы оқу орындарының 1-3 курстарында оларды кейiн облыс, аудан (қала) әкiмдерiнiң басшылығымен ұйымдастырылған қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiндегi оқу-дала жиындарына қатыстыра отырып жүргiзiледi деп белгiленсiн. 
      Оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген, осы даярлық бойынша оларда аттестацияланбаған немесе қанағаттанғысыз қорытынды баға алған шақырылу жасындағы жасөспiрiмдер оны мерзiмдi әскери шақырылу алдында жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен құрылатын оқу пункттерiнде өтедi. 
      Облыс, қала, аудан әкiмдерi үш ай мерзiм iшiнде бастапқы әскери даярлық бойынша оқу пункттерiн құрсын, аталған пункттердi жергiлiктi бюджет есебiнен материалдық-техникалық, кадрмен және қаржымен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын. 
      2. Жастарды бастапқы әскери даярлау туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 
      3. Қарауында оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен мемлекеттiк комитеттерi, сондай-ақ бағыныстығы мен меншiк нысанына қарамастан, оқу орындары көзделген қаржы шегiнде штаттарына бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы лауазымын енгiзсiн. 
      4. Қызметкерлердiң белгiленген штаттық саны шегiнде шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердi бастапқы әскери даярлықтан өткiзудi үйлестiру мен бақылау үшiн: 
      Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi - орталық аппаратта, облыстық, қалалық, аудандық бiлiм беру органдарында, бiлiм беру жүйесiндегi ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарында; 
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi - орталық аппаратта және әскери комиссариаттарда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жалпы сан шегiнде мамандардың штаттық бiрлiктерiн қарастырсын. 
      Облыс әкiмдерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жалпы сан шегiнде атқарушы органдардың штатына шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен жұмыс жүргiзетiн маманның лауазымын, ал аудандық (қалалық) атқарушы органдардың штатына шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен жұмыс жүргiзетiн маманның - қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерi бастығының лауазымын енгiзсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушыларын даярлауды 1996 жылдан бастап, жыл сайын 100 адамнан қабылдай отырып, жоғары оқу орындарында: 
I. Жансүгiров атындағы Талдықорған университетi мен Е.Букетов атындағы Қарағанды университеттерiнiң штаттық саны шегiнде ұйымдастырсын. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi осы оқу орындарында қажеттi әскери-есеп мамандықтары бойынша запастағы офицерлердi даярлау үшiн әскери кафедралар құру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiне ұсыныстар енгiзсiн. 
      6. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi шығындар Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне, Денсаулық сақтау министрлiгiне, мемлекеттiк комитеттерiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ұстауға бөлiнетiн бюджеттiк қаржы шегiнде жүргiзiлуi тиiс. 

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң              
1996 жылғы 1 қарашадағы       
N 1340 қаулысымен          
Бекiтiлген               

              Жастарды бастапқы әскери даярлау туралы
                             ЕРЕЖЕ 

                         I. Жалпы ережелер

      

      1. Бастапқы әскери даярлық Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың басшылығымен ұйымдастырылады және оқу орындарында, ұйымдарда және меншiк нысанына қарамастан басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде жүзеге асырылады. 
      Жастарды бастапқы әскери даярлау: 
      жастардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет қорғанысының негiздерiн зерделеу; 
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мiндетiн, олардың сипаты мен ерекшелiктерiн, әскери қызметтiң Қазақстан Республикасы азаматтарының ардақты мiндетi екендiгiн, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери анты мен жарғыларының негiзгi талаптарын түсiндiру; 
      әскери бөлiмдердiң қару-жарағы және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасқан жерiмен және өмiрiмен танысу; 
      қажеттi әскери бiлiм мен практикалық дағдыларды игеру; 
      төтенше жағдайларда адам өмiрiнiң қауiпсiздiк негiздерiн меңгеру мақсатында жүргiзiледi. 
      Әскери-патриоттық тәрбие бастапқы әскери даярлықпен тығыз байланыста болады және жастардың әскери iстi, төтенше жағдайларда қорғану құралдары мен тәсiлдерiн жақсы меңгеруiне мүмкiндiк туғызуы қажет. 
      2. Әскер қатарына шақыруға дейiнгi және әскерге шақырылу жасындағы оқушы жастарды бастапқы әскери даярлауды барлық үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектептерде, арнаулы орта оқу орындары және бағыныстығы мен меншiк нысанына қарамастан кәсiптiк-техникалық мектептерде (бұдан әрi - оқу орындары) штаттағы ұйымдастырушы-оқытушылар жүргiзедi. 
      Оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген жасөспiрiмдер оны әскерге шақырылар алдында қалалар мен аудандардың қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi базасында немесе кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен құрылған оқу пункттерiнде өтедi. Оқу пункттерiндегi сабақтар оқу пункттерiнiң штаттан тыс бастықтарымен, олардың тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасарларымен және әскери комиссариаттар арқылы тартылған немесе кәсiпорындар мен мекемелерде жұмыс iстейтiн запастағы офицерлер, прапорщиктер (мичмандар), сержанттар (старшиналар) қатарынан алынған бастапқы әскери даярлықтың нұсқаушыларымен ұйымдастырылады және жүргiзiледi. 
      Мерзiмдi әскери қызметтен өткен, сондай-ақ оқу орнында немесе оқу пунктiнде бастапқы әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған адамдар басқа оқу орнына не кәсiпорынға ауысқан кезде қайтадан бастапқы әскери даярлыққа тартылмайды. Оқу орындарында аталған адамдар оқу сабақтарын өткiзу үшiн бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларына көмекшi ретiнде тартылуы мүмкiн. 

 
            II. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру 
                        және өткiзу тәртiбi 

 
      3. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру, өткiзу және оның нәтижелерiне жалпы басшылық пен бақылау жасауды, бағдарламамен және әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жүзеге асырады. 
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi: 
      белгiленген есеп пен есептiлiктi жүргiзедi; 
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мүдделi басқармаларымен, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi Мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi және Денсаулық сақтау министрлiктерiнiң басқармаларымен (бөлiмдерiмен), Жастар ісi, туризм және спорт жөнiндегi министрлiкпен бiрлесе отырып, бұйрықтардың, директивалардың жобаларын, жастарды бастапқы әскери даярлаудың бағдарламаларын (бұдан әрi - Бағдарлама) табельдердi, нұсқаулықтарды, ережелердi, әдiстемелiк ұсынымдар мен нұсқауларды әзiрлейдi; 
      жастардың бастапқы әскери даярлығы мен әскери-патриоттық жұмысының жай-күйiн өз бетiнше және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi министрлiктерiмен бiрлесе отырып тексерудi ұйымдастырады және жүргiзедi; 
      бастапқы әскери даярлықты өткiзудiң оң тәжiрибесiн жинақтайды және таратады; 
      бастапқы әскери даярлық жөнiнде Қазақстан Республикасының басқа министрлiктерi және басқармаларымен келiсiм жұмыстарын жүргiзедi. 
      4. Облыс, қала және аудан аумақтарында жастардың бастапқы әскери даярлығына басшылықты тиiстi әскери комиссариаттар жүзеге асырады. 
      Әскери комиссариаттар: 
      белгiленген есеп пен есептiлiктi жүргiзедi; 
      бiлiм беру, денсаулық сақтау органдарымен, жастар iсi, туризм және спорт жөнiндегi комитеттермен бiрлесе отырып, бастапқы әскери даярлықтың жылдық қорытындысы жөнiнде облыс, қала, аудан атқарушы органдары қаулыларының, өкiмдерiнiң (шешiмдерiнiң) жобаларын және жаңа оқу жылында өткiзiлетiн негiзгi шаралардың жоспарын әзiрлейдi; 
      оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларымен үш күндiк оқу-әдiстемелiк жиындар және бiр күндiк әдiстемелiк оқу сабақтарын, сондай-ақ кәсiпорындар мен мекемелердiң оқу пункттерi бастықтары мен нұсқаушыларының әдiстемелiк даярлықтарын, оқу орындары мен оқу пункттерiнде жастарды бастапқы әскери даярлаудың жай-күйiн мүдделi ұйымдар өкiлдерiнiң қатысуымен немесе дербес (жекелеген мәселелер бойынша) тексерудi ұйымдастырады және өткiзедi; 
      гарнизон бастықтарымен, құрама, әскери бөлiм командирлерiмен, әскери-оқу орындарының бастықтарымен және бiлiм беру органдарымен бiрлесе отырып, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде лагерь жиындарын өткiзудi жоспарлайды және ұйымдастырады; 
      жастарға әскери-патриоттық тақырыпта ғылыми-танымдық, хроникалық-деректi кинофильмдер көрсетудi ұйымдастырады; 
      тиiстi бұйрықтар шығарады; 
      атқарушы органдарды жастардың бастапқы әскери даярлығы мен әскери-патриоттық жұмыстардың жағдайы туралы хабардар етедi; 
      оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары, оқу пункттерiнiң штаттан тыс бастықтары, олардың тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасарлары және бастапқы әскери даярлық нұсқаушылары лауазымдарына үмiткерлер iрiктейдi; 
      бiлiм беру органдарымен бiрлесе отырып педагогикалық институттардың бастапқы әскери даярлық пен дене тәрбиесi оқытушыларын дайындау үшiн кандидаттарды және белгiленген тәртiппен мөлшерде запастағы офицерлердi даярлау жөнiндегi жиындарға жiберу үшiн запастағы сержанттар мен солдаттар қатарынан келешек әскери басшыларды iрiктеудi жүргiзудi; 
      оқу орындары директорларына, кәсiпорындар мен мекемелер басшыларына жастармен дала оқу-жаттығуларын (жиындарын) ұйымдастыру және өткiзу кезiнде әскери бөлiмдермен, әскери-оқу орындарымен және жеке құрылымдармен шефтiк (демеушiлiк) байланыстар орнатуға көмек көрсетедi; 
      кәсiпорындар мен мекемелерде оқу пункттерiн ашуды (жабуды) ұйымдастыру жөнiнде қала, аудан Әкiмдерi шешiмдерiнiң жобаларын әзiрлейдi; 
      оқу пункттерiнде оқыту үшiн жасөспiрiмдердi iрiктеудi жүргiзедi, оқу пункттерi құрылатын кәсiпорындар мен мекемелер әкiмшiлiктерiмен бiрлесе отырып, оқу топтарын жинақтайды; 
      оқу пункттерiндегi оқу аяқталған соң жасөспiрiмдерден сынақшалар қабылдауды ұйымдастырады; 
      бастапқы әскери даярлықтың толық курсын бiтiрген шақырушылардың тiркеу куәлiктерiне тиiстi жазулар жазады. 
      5. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi: 
      жастардың адам өмiрiнiң қауiпсiздiк негiздерi мен медициналық-санитарлық даярлық жөнiндегi оқуына басшылық жасауды жүзеге асырады; 
      Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi және Денсаулық сақтау министрлiктерiмен бiрлесе отырып, "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсы бойынша Бағдарлама бөлiмiн, сондай-ақ оқу орындарын медициналық-санитарлық даярлық бойынша мүлiкпен жабдықтау Табелiн әзiрлейдi; 
      "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" бөлiмi бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын, плакаттар, оқу кинофильмдерiн, диафильмдердi тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың осы мақсаттарға бөлген қаржысы есебiнен шығаруға қатысады. 
      6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi: 
      оқушыларды бастапқы әскери даярлау мен оларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады; 
      оқушыларды бастапқы әскери даярлау мен оларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етедi; 
      Табельдер, ережелер, нұсқаулықтар мен кепiлдемелердi дайындауға қатысады; 
      бастапқы әскери даярлық жөнiнде бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк және көрнекi құралдарды, оқу кинофильмдерi мен диафильмдердi дайындау мен шығару үшiн осы мақсаттарға тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың ақшаларын ала отырып ұйымдастырады; 
      жергiлiктi жерлердегi бiлiм беру органдарына оқу орындарындағы оқушыларды бастапқы әскери даярлау мен оларға әскери-патриоттық тәрбие берудi ұйымдастыру мен өткiзу, бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларын дайындау және оқу-материалдық базасын құру мәселелерi бойынша көмек көрсетедi және бақылау жасайды; 
      оқушылардың бастапқы әскери даярлығын өткiзу мен оларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарының оң тәжiрибелерiн зерделейдi, жинақтайды және таратады; 
      бiлiм беру жүйесiндегi ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттары жанындағы курстарда бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының мамандығын көтерудi ұйымдастырады; 
      бастапқы әскери даярлық пен дене тәрбиесi ұйымдастырушы-оқытушыларын даярлауды ұйымдастыру үшiн қажеттi ұсынымдар мен оқу құралдарын әзiрлейдi. 
      7. Қарауында оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен Мемлекеттiк комитеттерi, сондай-ақ бағыныстығы мен меншiк нысанына қарамастан оқу орындары, бiлiм беру органдары: 
      оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық пен әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарына басшылық жасауды жүзеге асырады; 
      қажеттi оқу-материалдық базаны жасайды; 
      әскери комиссариаттармен бiрлесе отырып оқу орындары үшiн бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларын iрiктеудi қамтамасыз етедi және олардың әдiстемелiк даярлығын ұйымдастырады; 
      педагогикалық институттардың дене тәрбиесi факультеттерiнде бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi оқытушыларын дайындау үшiн кандидаттарды iрiктеудi жүргiзедi; 
      оқушылардың бастапқы әскери даярлығын өткiзу мен оларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарының оң тәжiрибелерiн зерделейдi, жинақтайды және таратады; 
      жастардың бастапқы әскери даярлық бойынша оқу-сабақтарынан алған бiлiмдерi мен дағдыларын бекiту мақсатында олармен дала оқу-сабақтарын (жиындарын) ұйымдастырады және өткiзедi. 
      8. Қарауында оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен Мемлекеттiк комитеттерi, сондай-ақ бағыныстығы мен меншiк нысанына қарамастан оқу орындары: 
      оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларына еңбек ақы төлеуге, олардың бағдарлы және оқу-әдiстемелiк жиындарға, бiлiмiн жетiлдiру жөнiндегi курстарға, семинар оқу-сабақтарына барған iс-сапарларына кеткен шығындарын төлеуге, бастапқы әскери даярлықтың штаттан тыс мамандары мен мұғалiмдерiне (оқытушыларына) сағаттап ақы төлеуге; 
      оқу-материалдық базаны жабдықтау мен жетiлдiруге, сондай-ақ "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсы мен медициналық-санитарлық даярлық жөнiнде оқулықтар, жарғылар, оқу құралдарын, плакаттар, әскери-оқу кинофильмдерiн, диафильмдердi, мүлiктердi және бастапқы әскери даярлық бойынша басқа да оқу құралдарын алуға қаржы бөледi. 
      9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi: 
      Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi Мемлекеттiк комитетiнiң оқу орындарын және ондағы оқушыларды медициналық-санитарлық даярлау жөнiндегi мүлiкпен жабдықтау Бағдарламасы мен Табелiн әзiрлеу жұмысына қатысады; 
      ведомстволық қарасты органдары арқылы медициналық-санитарлық даярлық бойынша оқытушыларды iрiктеу мен даярлауды қамтамасыз етедi; 
      оқушылармен практикалық оқу-сабақтарын өткiзу үшiн оқу орындарына емдеу мекемелерiн бекiтедi және олардың дайындалуына бақылау жүргiзедi. 
      10. Қазақстан Республикасының жастар iсi, туризм және спорт жөнiндегi министрлiгi облыстық комитеттер арқылы әскерге шақыруға және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердiң дене тәрбиесi даярлығына басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асырады. 
      11. Гарнизон бастықтары әскери комиссариаттармен бiрлесiп, әскери бөлiмдерге, әскери-оқу орындарына және жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына жастармен бастапқы әскери даярлық, әскери-патриоттық және қорғаныс-бұқаралық жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргiзуге шефтiк көмек көрсету үшiн оқу пункттерiн бекiтiп бередi. 
      12. Әскери бөлiмдердiң командирлерi, жоғары оқу орны әскери кафедраларының, сондай-ақ тұрғындарды даярлау және үйрету орталықтарының бастықтары оқу орындары мен оқу пункттерiне жастарды бастапқы әскери даярлау мен әскери-патриоттық тәрбие беруде үнемi шефтiк көмек көрсетiп отырады; жауынгерлiк даярлық озаттарының жастармен кездесуiн ұйымдастырады; оларды жеке құрамның орналасқан жерiмен және өмiрiмен, бөлiмшенiң қару-жарағы және әскери техникасымен таныстырады. Шефтiк көмек ретiнде қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнде оқу-сабақтарын жүргiзу үшiн офицерлердi, прапорщиктер (мичмандар) мен сержанттарды (старшиналарды) белгiлейдi, әскери комиссариаттарға, бiлiм беру органдарына оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларымен, кәсiпорын және мекеме оқу пункттерiнiң штаттан тыс бастықтарымен практикалық, нұсқаулық-әдiстемелiк және көрнектi оқу-сабақтарын өткiзуге, сондай-ақ олардың бастапқы әскери даярлық, әскери-патриоттық және дене тәрбиесi бойынша оқу-материалдық базасын жетiлдiруге көмек көрсетедi. 

 
         III. Оқу орындары, кәсiпорын, мекеме және оқу 
              пункттерi лауазымды адамдарының мiндеттерi 

 
      13. Оқу орнының директоры, оқу пунктi құрылған кәсiпорын, мекеме басшысы жастарды бастапқы әскери даярлау мен оларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруға және оның жай-күйiне жауап бередi. 
      Ол: 
      оқу процесiнiң дер кезiнде жоспарлануын және ұйымдастырылуын, Бағдарламаның толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге; 
      бастапқы әскери даярлықтың практикалық жұмыстарын өтеу үшiн үй-жай, оқу алаңдары мен жұмыс орындарын бөлуге, осы Ережелер мен Бағдарламалардың талаптарына сай оқу-материалдық базаны үнемi жетiлдiру үшiн шаралар қолдануға; 
      жастардың сабақ үлгерiмiне деген жеке жауапкершiлiгiн көтеру жөнiнде жұмыс жүргiзуге, оқушыларды оқу-материалдық базаны құруға және жетiлдiруге тартуға; 
      ұйымдастырушы-оқытушыларға оқу-әдiстемелiк көмек көрсетуге, бастапқы әскери даярлықтың басқа пәндермен байланысын қамтамасыз етуге, үйiрмелiк жұмыстарды (факультеттердi) ұйымдастыруға және жүргiзуге; 
      ұйымдастырушы-оқытушының бастапқы әскери даярлық бойынша оқу-сабақтарын жүргiзуiн, жастардың өткен материалдарды игеру сапасын бақылауға, жастарды бастапқы әскери даярлау мен оларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарының жағдайын оқу жылы бойына кем дегенде бiр рет педагогикалық кеңестерде (мәжiлiстерде) талқылауға; 
      бастапқы әскери даярлық пен оқудың басталуы мен аяқталуы жөнiнде, взвод пен бөлiмше командирлерiн тағайындау жайлы бұйрықтар шығаруға; 
      қалалық, аудандық әскери комиссариаттарға және бағыныстығы бойынша жастардың бастапқы әскери даярлығы мен әскери-патриоттық жұмыстары жөнiнде есеп беруге мiндеттi. 
      14. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысы оқу орнының директорына бағынады және оқушылардың бастапқы әскери даярлығына, оқу-сабақтарын жүргiзу кезiнде белгiленген тәртiп пен қауiпсiздiк шараларының қатаң сақталуына тiкелей жауап бередi. 
      Ол: 
      оқу кезiнде және факультатив ретiнде (оқудан тыс уақытта) бастапқы әскери даярлық жөнiнде оқу-сабақтарын жеке өзi ұйымдастыруға және жүргiзуге, әскери iс негiздерiн зерделеу жөнiндегi үйiрмелердi басқаруға; 
      өздерiнiң кәсiптiк және педагогтiк бiлiмдерiн үнемi көтерiп отыруға, әдiстемелiк дағдыларды жетiлдiруге; 
      кабинеттi, мүлiктi сақтауға арналған бөлменi меңгеруге, бастапқы әскери даярлық бойынша оқу-материалдық базаны құруға және жетiлдiруге; 
      оқу орнының педагогикалық ұжымымен бiрлесе отырып, оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру жөнiнде жұмыстар жүргiзуге; 
      оқу орындарындағы әскери мiндеттiлердi есепке алуға; 
      әскерге шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердi медициналық тексеруден өткiзудi ұйымдастыруға; 
      оқушылардың тәртiптi сақтауын қамтамасыз етуге; 
      әскери-оқу орындарына түсу үшiн жасөспiрiмдердi iрiктеу мен даярлау бойынша жұмыс жүргiзуге және әскери комиссариаттарға көмек көрсетуге мiндеттi. 
      Оқу орнындағы бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы өз жұмысын балалардың кластан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушымен (директордың оқу-тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары) дене шынықтыру мұғалiмiмен (дене тәрбиесi жетекшiсi), класс жетекшiлерiмен (өндiрiстiк оқу шеберлерi) және педагогикалық ұжыммен байланыста жүргiзедi. 
      Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушының жұмысы оқу-сабақ кестесiмен, сабақтан тыс уақытта өткiзiлетiн шаралар жоспарымен және оқу орны директоры бекiткен өзiнiң жеке жоспарымен реттеледi. 
      Негiзгi мiндеттер мен бекiтiлген жоспарларда қаралмаған бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысының жұмысы кейбiр жағдайларда оқу орны директорының келiсiмi бойынша орындалады. Ұйымдастырушы-оқытушылар басқа мұғалiмдер мен оқытушылар сияқты оқу орны бойынша кезекшiлiк атқаруға тартылады. Қолданылып жүрген заңдарда әскери жетекшiлерге қандай болса да әкiмшiлiк мiндеттер, сондай-ақ класс жетекшiлiк мiндет жүктеу қарастырылмаған. 
      Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысы: 
      бастапқы әскери даярлық және "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсының ерекшелiгiн ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Заңдары мен басқа да нормативтi құжаттарды; 
      педагогика, психология негiздерiн; 
      оқушылардың өмiрi мен денсаулығын қорғау ережелерiн; 
      еңбек заңдарының негiздерiн; 
      еңбектi қорғау ережелерiн; 
      төтенше жағдайлардан алдын ала сақтандыру және iс-әрекет жүйесiн ұйымдастыру құрылымын; 
      тұрғындарды табиғи және экологиялық апаттар, iрi өндiрiстiк авариялар, опаттар кезiнде, сондай-ақ қазiргi кездегi ату құралдарынан қорғаудың негiзгi қағидалары мен әдiстерiн; 
      дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек көрсету әдiстерiн бiлуi керек. 
      15. Оқу пунктiнiң бастығы оқу пунктiнде оқып жатқан жастардың бастапқы әскери және дене даярлығы жөнiндегi оқу-сабақтарының сапалы өтуiне, оқу құралдары мен мүлiктерiнiң сақталуына жауап бередi. Ол кәсiпорынның, мекеменiң азаматтық қорғаныс штабымен бiрлесiп, жастарды бастапқы әскери даярлау және олармен жүргiзiлетiн тәрбие жұмыстары бойынша оқу процесiн жоспарлауға және ұйымдастыруға; бастапқы әскери даярлық нұсқаушыларымен әдiстемелiк-нұсқаулық оқу-сабақтарын өткiзуге, оқу-материалдық базаны жетiлдiруге; оқу-сабақтарын өткiзу сапасы мен оқушылардың үлгерiмiне бақылау жасауға; кәсiпорын, мекеме басшыларына оқушылардың тәртiбi, үлгерiмi, сабаққа қатысуы жөнiнде хабарлап отыруға мiндеттi. 

 
          IY. Жастарды бастапқы әскери даярлау жөнiндегi 
                оқу-сабақтарын ұйымдастыру және өткiзу 

 
      16. Мектептерде оқушылардың бастапқы әскери даярлығына 140 сағат, екi жылдық оқу мерзiмдерiндегi кәсiптiк-техникалық оқу орындарында - 85 сағат, үш жылдық оқу мерзiмiндегi кәсiптiк-техникалық оқу орындарында -105 сағат, "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсын зерделеуге бөлiнген сағаттарды қоса, ал бастапқы әскери даярлықтан өтпеген және оны оқу пункттерiнде атқарып жатқан жасөспiрiм-шақырылушыларға 60 оқу сағаттары бөлiнедi. 
      Бастапқы әскери даярлық оқу орындарында немесе қалалар мен аудандардағы қажеттi оқу-материалдық базасы бар оқу орындарының базасында, бiлiм беру органдары ұйымдастырған оқу орталықтарында өтедi. Оқу орталықтары қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi базасында, сондай-ақ дербес мекеме болып та құрыла алады. 
      Жастарды бастапқы әскери даярлау барлық үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 9-10-11 кластарында ведомстволық бағыныстығына қарамастан кәсiптiк-техникалық мектептер мен арнаулы орта оқу орындарының бiрiншi-үшiншi курстарында, оларды оқудың аяқталу кезеңiнде облыс және аудан (қала) Әкiмдерi ұйымдастырған қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiндегi оқу-дала жиындарына қатыстыра отырып өткiзiледi. 
      Оқу орындарында бастапқы әскери даярлық мiндеттi өткiзiлетiн пән болып табылады. 
      Бастапқы әскери даярлық жөнiндегi оқу-сабақтары апта сайын (1-2 сағаттан), "шақырылушы күнi" деген әдiспен немесе жергiлiктi бiлiм беру органдарының келiсiмi бойынша олар оқу орны директорының шешiмiмен сәйкестендiрiлiп ай сайын өткiзiледi. 
      17. Оқу орындарында қыз балалар "Тұрмыс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсы бойынша өткізiлетiн оқу-сабақтарында жасөспiрiмдермен бiрге, "Медицина бiлiмiнiң негiздерi" бөлiмi бойынша бөлек оқиды. "Әскери қызмет негiздерi" және "Қолданбалы дене даярлығы" бөлiмдерi жөнiндегi оқу-сабақтарына қыз балалар тартылмайды. 
      18. Оқу орындарында бүкiл оқу жылы бойынша бастапқы әскери даярлықты өткiзу жөнiнде әр аптаға жоспар жасалынады. Бастапқы әскери даярлық жөнiндегi оқу-сабақтары жалпы оқу кестесiне енгiзiледi және кластар мен оқу топтарында өткiзiледi. Кластар мен оқу топтары взводтар деп аталады және үш бөлiмшеге бөлiнедi. Оқу орны директорының бұйрығымен озат оқушылар қатарынан взвод және бөлiмше командирлерi тағайындалады. 
      Оқушылар оқу сабақтарына дайындалып және жинақы киiнiп келуге мiндеттi. 
      19. Жұмыс iстейтiн жастарды бастапқы әскери даярлауға арналған оқу пункттерi атқарушы органдар шешiмi бойынша әскер қатарына шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы оқитын жасөспiрiмдер саны 20-дан кем болмайтындай етiп бiр немесе бiрнеше кәсiпорындар мен мекемелерде не қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң (бұдан әрi - ҚССЛ) базасында құрылады. 
      Оқу пункттерiн ұйымдастыру үшiн тiкелей жауапкершiлiк осы оқу пункттерi құрылатын кәсiпорындар мен мекемелер басшыларына жүктеледi. Жастардың оқу пункттерiндегi оқу-сабақтарына келулерiне осы жастар жұмыс iстейтiн кәсiпорындар мен мекемелер басшылары жауап бередi. 
      Жұмыс iстемейтiн жастар бастапқы әскери даярлықты қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде, сондай-ақ әскери комиссариаттар басшылығымен атқарушы органдар құрған оқу пункттерiнде өтедi. 
      20. Оқу пункттерiнде жастарды бастапқы әскери даярлауға 60 сағат, оның iшiнде дене тәрбиесiне 20 сағат берiледi. Оқу сабақтары аптасына 6-7 сағаттан өткiзiледi. Оқу пунктiнде кәсiпорын, мекеме басшылары мен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң бастығы бастапқы әскери даярлықтың апта сайынғы жоспарын және оқу-сабақтарының кестесiн әзiрлейдi және бекiтедi. 
      Оқу пунктiнде жастардың бастапқы әскери даярлығын қамтамасыз ету үшiн оқу топтары құрамын, оқу-сабақтарын ұйымдастыру, өткiзу және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету тәртiбiн анықтап, кәсiпорын, мекеме басшылары мен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң бастығы бұйрық шығарады. Оқу топтары мiндеттi әскери қызметке шақыру мерзiмiн ескере отырып 20-25 жасөспiрiмнен жасақталады. 
      21. Бастапқы әскери даярлық жөнiндегi оқушылардың бiлiмi, басқа да пәндер сияқты бес баллдық жүйесiмен бағаланады. 
      Оқушылардың бастапқы әскери даярлық бойынша (денсаулық жағдайына байланысты бастапқы әскери даярлықтан босатылғандардан басқа) алған жылдық (курстық) бағалары негiзiнде берiлген қорытынды баға орта бiлiмi туралы куәлiкке, кәсiптiк-техникалық оқу орнын бiтiргендiгi жөнiндегi куәлiкке, дипломға қосымша берiлетiн семестрлiк және емтихан ведомостарының көшiрмесiне қойылады. 
      Бастапқы әскери даярлық бойынша қанағаттанарлықсыз қорытынды бағасы бар адамдарға орта бiлiмi туралы куәлiк, кәсiптiк-техникалық оқу орнын бiтiргендiгi жөнiнде куәлiк және арнаулы орта оқу орнын бiтiргендiгi жайлы диплом берiлмейдi. 
      22. Бастапқы әскери даярлық Бағдарламасын зерделенгеннен кейiн оқу пункттерiнде сынақшылар өткiзiледi және қорытынды баға қойылады. Сынақшыларды қабылдау үшiн аудан, қала Әкiмдердiң шешiмiмен құрамына әскери комиссариат, жастар iсi, дене тәрбиесi және спорт жөнiндегi комитеттердiң өкiлдерi енетiн комиссия құрылады. 
      Оқу пункттерiндегi оқудан өткен жастарға бастапқы әскери даярлықтан өткендiгi туралы анықтама берiледi. 
      23. Оқу орындары мен оқу пункттерiнде бастапқы әскери даярлықтың толық курсын бiтiрген жастардың тiзiмдерi қорытынды бағалары көрсетiлiп, тiркеу орны бойынша қалалық, аудандық әскери комиссариаттарға жiберiледi. 
      24. Оқу орындары мен оқу пункттерi жоғары идеялы, өзектi, түсiнiктi, маңызды саяси жағдайларды, әскери-патриоттық тақырыптарды қамтып көрсететiн, Қазақстан халқының жетiстiктерiн, соғыс батырлары мен ардагерлерiн, әскери қызметтiң қаhармандық салты мен қызықшылығын насихаттайтын, оқу орнының, кәсiпорынның өмiрiн көрсететiн көрнекi үгiт құралдарымен безендiрiледi. 

 
         Y. Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық 
            ұйымдастырушы-оқытушыларын және кәсiпорындар мен 
            мекемелердiң оқу пункттерiнiң лауазымды адамдарын 
            iрiктеу, қызметке тағайындау және даярлау 

 
      25. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылар лауазымына кандидаттарды әскери комиссариаттар, бiлiм беру органдары және оқу орны басшылары iрiктейдi. Ұйымдастырушы-оқытушылар лауазымына тағайындауды және оларды осы лауазымнан босатуды тек қалалық, аудандық әскери комиссариаттар мен бiлiм беру органдарының келiсiмi бойынша оқу орындарының директорлары жүзеге асырады. 
      Мөлшерден көп параллельдiк кластары, оқу топтары бар оқу орындарында бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушының педагогтiк жүктемесi белгiленген сағат нормасынан асатын болса, ол оқу орындарына қажеттi мөлшерде бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларын қосымша алуға рұқсат етiледi. 
      Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылар лауазымына "Бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын бiтiрушiлер және әдеттегiдей, мерзiмдi әскери қызметтен өткен жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық бiлiмi бар, кәсiби бiлiгi жоғары, жасы мен денсаулық жағдайы жастармен оқу-сабақтарын сапалы өткiзуге мүмкiндiк беретiн запастағы офицерлер тағайындалады. 
      Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушы лауазымын запастағы офицерлерден толықтыру мүмкiндiгi болмаған кезде, ерекше жағдай ретiнде, бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушы лауазымына орта немесе жоғары бiлiмi бар, оқу пункттерiнде даярлықтан өткен, мотоатқыштар, барлау және танк бөлiмшелерiнде сержант лауазымда қызмет атқарған және жастармен жұмыс iстеуге тiлек бiлдiрген, жақсы дайындалған запастағы тәжiрибелi прапорщиктер (мичмандар), сержанттар (старшиналар) және солдаттар (матростар) қатарынан тағайындауға рұқсат етiледi. Әскери комиссариаттар осы санаттағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларды запастағы офицерлердi даярлау жөнiндегi оқу жиындарына белгiленген тәртiппен жiбередi, ал бiлiм беру органдары оларға жоғары педагогикалық оқу орындарына әзiрлену және түсу кезiнде көмек көрсетедi. 
      Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларын қызметке оқу жылы басталуына 2 ай қалғанда тағайындауға рұқсат етiледi. 
      26. Оқу орындары үшiн бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi оқытушыларын даярлау Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмiмен анықталған жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесi факультеттерiнде жүргiзiледi. 
      27. Бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi оқытушыларын дайындау үшiн жоғары оқу орындарының дене тәрбиесi факультеттерiне запастағы офицерлердi даярлау талаптарына сай келетiн 25 жасқа дейiн ер адамдар қабылданады. Әскери бөлiмдер бiлiм алушы талапкерлердi запасқа шығуға iрiктелген сержанттар (старшиналар) және солдаттар (матростар) қатарынан, ал аудандық әскери комиссариаттар бiлiм беру органдарымен бiрлесiп әскери мiндеттiлер қатарындағы жастар арасынан сараптайды. 
      Жоғары оқу орындарында оқудың толық курсын бiтiрген, әскери жиындардан, әскери жетекшiлер ретiнде тағылымдамалардан өткен және толық бiлiм алғандағы жөнiнде емтихан сынақтарынан өткен адамдар запастағы офицерлiк құрамға аттестацияланады. Бұл адамдарға "Бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi оқытушысы" мамандығы бойынша белгiленген үлгiдегi диплом берiледi, ол көбiнесе ауылдық жерлерде орналасқан оқу орындарына әскери жетекшiлiк қызметке жiберiледi. 

 
              YI. Бiлiктiлiктi көтеру 

 
      28. Жоғары оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылардың бiлiктiлiгiн көтеру оқу процестерiн ұйымдастыру мен бастапқы әскери даярлық жөнiндегi оқу-сабақтарын өткiзудiң сапасын жақсарту, педагогтық және әскери-бiлiмдерiн көтеру, жастарды оқыту мен тәрбиелеу әдiстемесiн жетiлдiру, тәжiрибе жинақтау және бастапқы әскери даярлау мен дене тәрбиесi практикасына алдыңғы қатарлы әдiстемелер және оқыту мен тәрбие берудiң техникалық құралдарын енгiзу мақсатында жүргiзiледi. 
      Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының бiлiмiн көтеруге: бiлiм беру жүйесiндегi ғылыми-педагогикалық қызметкерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттары жанындағы курстардағы оқу, оқу жылы басталар алдындағы оқу-әдiстемелiк жиындар, ай сайынғы бiр күндiк оқу-әдiстемелiк оқу-сабақтары, сондай-ақ оқу орнындағы әдiстемелiк комиссия жұмысына қатысу және өз бетiнше жұмыс жатады. 
      29. Үш күндiк оқу-әдiстемелiк жиындар облыстық (қалалық) әскери комиссиялар бекiткен және төтенше жағдайлар жөнiндегi тиiстi басқармалармен және бiлiм беру органдарымен келiсiлген бағдарлама бойынша оқу жылы басталар алдында бастапқы әскери даярлықтың барлық ұйымдастырушы-оқытушыларын қатыстыра отырып өткiзiледi. Бұл жиындарда жастардың бастапқы әскери даярлығының қорытындысы шығарылады, жаңа оқу жылына мiндеттер қойылады, оқу бағдарламасы бойынша практикалық және көрнектi оқу-сабақтары өткiзiледi, ұйымдық-әдiстемелiк құжаттар зерделенедi; жиынға қатысушылар жастарды оқыту мен тәрбиелеу жөнiнде тәжiрибе алмасады. Жиындарды аудандық, қалалық әскери комиссариаттар төтенше жағдайлар жөнiндегi және бiлiм беру басқармаларымен бiрлесе ұйымдастырып, жүргiзiледi. 
      30. Аудандық, қалалық әскери комиссариаттар төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармалармен және бiлiм беру органдарымен бiрге бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларына арналған бiр күндiк әдiстемелiк оқу-сабақтарын ай сайын өткiзедi. Оқу-сабақтары өткiзiлетiн күндi бiлiм беру органдарының келiсiмiмен әскери комиссарлар белгiлейдi. Осы күнi бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларымен нұсқаулық-әдiстемелiк, тәжiрибелiк және көрнектi әзiрлiктi оқу-сабақтары, Бағдарлама тақырыптары бойынша семинарлар мен лекциялар өткiзiледi. Оқу сабақтарын өткiзу үшiн запастағы және отставкадағы офицерлер мен генералдар, жан-жақты әзiрлiктi бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары, сондай-ақ аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға әскери бөлiмдердiң бекiтiп берген офицер-әдiскерлерi тартылады. 
      31. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық, дене шынықтыру (дене тәрбиесi), медициналық-санитарлық даярлық жөнiндегi әдiстемелiк комиссия жұмысына қатысады. 
      Бұл комиссияның негiзгi мiндеттерi: бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысының, дене шынықтыру мұғалiмi (дене тәрбиесi жетекшiсi) мен медициналық-санитарлық даярлық оқытушысының кәсiптiк деңгейi мен әдiстемелiк шеберлiгiн үнемi көтерiп отыру, жастармен жүргiзiлетiн оқу және тәрбие жұмыстарының озық тәжiрибелерiн зерделеу мен насихаттау болып табылады. 
      32. Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларына әдiстемелiк даярлығы (жеке тапсырмаларды орындау, озық тәжiрибелердi жинақтау, бастапқы әскери даярлық әдiстемесiнiң кейбiр мәселелерiн әзiрлеу, оқу-сабақтарын өткiзуге әзiрлену, әдiстемелiк құжаттарды құрастыру) және оқу-материалдық базаны жетiлдiруi үшiн аптасына бiр күн берiледi. 
      33. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының бiлiктiлiгiн көтеру курстары бiлiм беру қызметкерлерiнiң бiлiктiгiн көтеру жүйесiнде екi апталық мерзiм iшiнде өтедi. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары бiлiктiлiктi көтеру курстарына 5 жылда бiр рет шақырылады. 
      34. Медициналық-санитарлық даярлық оқытушылары үшiн әдiстемелiк-оқу сабақтары оқу жылы басталар алдында және қысқы немесе көктемгi каникул күндерiнде жүргiзiледi. Бұл оқу-сабақтарын бiлiм беру органдарымен және азаматтық қорғаныс штабтарымен бiрлесе отырып, қалалық, аудандық денсаулық сақтау органдары өткiзедi. 
      35. Жастарды бастапқы әскери даярлау жөнiндегi оқу-әдiстемелiк жұмысқа басшылық жасауды қамтамасыз ету үшiн әскери комиссариаттар жанына штаттан тыс әдiстемелiк кеңестер құрылады, әскери комиссариаттарға әскери бөлiмдердiң, әскери-оқу орындарының, азаматтық жоғары оқу орындары әскери кафедраларының және төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармалардың офицерлерi бекiтiлiп берiледi. Осы кеңестердiң қызметiне әскери комиссариаттар басшылық жасайды. 
      Штаттан тыс әдiстемелiк кеңес құрамына әскери комиссариаттардың, төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаларының офицерлерi, бiлiм беру мен денсаулық сақтау органдарының, жастар iсi, туризм және спорт жөнiндегi комитеттердiң қызметкерлерi және оқу орындарында бастапқы әскери даярлықты жүргiзетiн озық әдiстер ұйымдастырушы-оқытушылар, сондай-ақ запастағы және отставкадағы генералдар мен офицерлер, әскери бөлiмдер және әскери-оқу орындарының офицерлерi енгiзiледi. 
      Штаттан тыс әдiстемелiк кеңес құрамын қарауына оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар, олардың жергiлiктi жердегi органдарының келiсiмi бойынша әскери комиссарлар, гарнизондар мен төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармалар бастықтары бекiтедi. Штаттан тыс әдiстемелiк кеңестiң төрағасы болып әскери комиссариаттардың бөлiм (бөлiмше) бастықтары сайланады. 
      Әскери комиссариаттар жанынан құрылатын штаттан тыс әдiстемелiк кеңестерге: 
      оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларымен және медициналық-санитарлық даярлық оқытушыларымен, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде оқу орындары жасөспiрiмдерiмен оқу-дала жиындарын өткiзу үшiн тағайындалған бастықпен, оның орынбасарларымен, роталар мен взводтар командирлерiмен оқу-әдiстемелiк жиындар мен әдiстемелiк оқу-сабақтарын ұйымдастыру және жүргiзу; 
      ұйымдардың озық тәжiрибелерiн зерделеу, жинақтау мен тарату және оқу орындары мен қорғаныс-спорттық сауықтыру органдарында жастардың бастапқы әскери даярлығын өткiзу, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру және ГТО кешенi бойынша даярлау; 
      бастапқы әскери даярлық Бағдарламасының бөлiмдерi, тақырыптары мен оқу-сабақтары бойынша әдiстемелiк құжаттар мен құралдарды қарау және бекiту жүктеледi. 
      Штаттан тыс әдiстемелiк кеңес жұмысы бiр жылға жоспарланады. Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларымен, медициналық-санитарлық даярлық оқытушыларымен, қорғанысспорттық сауықтыру лагерi бастықтарымен, олардың орынбасарларымен, рота және взвод командирлерiмен оқу-әдiстемелiк жиындар мен әдiстемелiк оқу-сабақтарын өткiзу үшiн оқу кеңестерi жасалады. Штаттан тыс әдiстемелiк кеңестiң жұмыс жоспарын, оқу-әдiстемелiк жиындар мен әдiстемелiк оқу-сабақтарын оқу кестесiн әскери комиссар бекiтедi. 
      Қалалық, аудандық әскери комиссариаттарда оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының, ал денсаулық сақтау органдарында медициналық-санитарлық даярлық оқытушыларының әдiстемелiк даярлығын есепке алу журналы, сондай-ақ даярлық бөлiмдерi бойынша Қарулы Күштердегi мiндеттi әскери қызметке шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердi даярлаудың барысын бақылау журналы жүргiзiледi. 

 
          YII. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларына 
                               еңбек ақы төлеу 

 
      36. Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының лауазымдық жалақысы бастапқы әскери даярлық жүргiзiлетiн кластардың (топтардың) санына және осы кластардағы (топтардағы) оқушылардың санына қарамастан оқушылардың жалпы санын ескере отырып, белгiленген мөлшерде айқындалады. 
      Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары мен ҚССЛ бастықтарына жастармен оқу-дала жиындарын өткiзу кезiнде осы лагерлерде арнайы кабинеттi, оқу қару-жарақтарын сақтауға арналған бөлменi және атыс тирiн меңгергенi үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң барлық бюджеттiк салада жұмыс iстейтiндерге белгiлеген тәртiбiмен қосымша ақы төленедi. 
      Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының лауазымдық жалақыларына жалпы бiлiм беретiн мектептерде аптасына педагогикалық жұмыстың 9 сағатына, ал арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарында жылына педагогикалық жұмыстың 360 сағатына ақы төленедi. Егер бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының педагогикалық жұмысының көлемi көрсетiлген нормадан аз болса, оған толық лауазымдық жалақы төленедi. 
      Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының педагогикалық жұмысына бастапқы әскери даярлық бойынша, соның iшiнде ҚССЛ-дегi оқу-дала жиындарында оқу-сабақтарын өткiзу кiредi. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары орындаған лауазымдық жалақыға енгiзiлген аптасына 9 сағаттық (жылына 360 сағат) оқу жүктемесiнен тыс педагогикалық жұмысқа мұғалiмдер мен оқытушылар үшiн көзделген тәртiппен, бiрақ аптасына 9 сағаттан (жылына 360 сағат) көп емес, қосымша ақы төленедi. 
      37. Өздерiнiң тiкелей мiндеттерiн толық көлемде және сапалы орындайтын бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларына қосымша ақы төленетiн басқа да оқу пәндерi бойынша сабақтар өткiзулерiне болады. Сонымен бiрге педагогикалық жұмыстың ақы төленетiн қосымша сағаттары, бастапқы әскери даярлық жөнiндегi оқу-сағаттарын қоса, аптасына 9 сағаттан (жылына 360 сағаттан) аспауы керек. 
      38. Бастапқы әскери даярлық бойынша мұғалiмдер (оқытушылар) және оқу орнының басқа да қызметкерлерi орындаған педагогикалық жұмысқа еңбек ақы мұғалiмдер (оқытушылар) үшiн белгiленген тәртiппен; кәсiпорын, мекеме және ұйымдардан таратылған мамандарға еңбекке сағаттап ақы төлеу жағдайында төленедi. 
      39. Бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларын оқу-әдiстемелiк жиындарға, бiлiмiн жетiлдiру курстарына жiберуге жұмсалған барлық шығындар қарауында оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар және жергiлiктi жерлердегi олардың органдарының қаражаты есебiнен, қызметтiк iссапарлар үшiн қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленедi. 
      40. Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының, бастапқы әскери даярлық жөнiндегi мамандардың педагогикалық өкiлiне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi мiндеттi әскери қызмет мерзiмi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнде, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарында, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерiнде офицерлер, прапорщиктер (мичмандар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарындағы қызметтерi есептелiнедi. 
      41. Мiндеттi әскери қызметтен әскери киiм киюге құқысыз Запасқа немесе отставкаға шығарылып, оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысы, бастапқы әскери даярлық маманы лауазымына тағайындалған запастағы және отставкадағы офицерлерге, сондай-ақ "Бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын бiтiрген адамдарға офицерлiк атақ бергеннен және оларды бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысы ретiнде жұмысқа жiбергеннен кейiн оларға әскери киiм кию құқы берiледi. 

 
        YIII. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi (ҚССЛ) 

 
      42. Әскерге шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердi әскери қызметке даярлау үшiн (аудандық, ауданаралық) қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiн (ҚССЛ) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығымен кәсiподақ комитетiмен, жастар iсi, туризм және спорт жөнiндегi комитеттердi, аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарды қатыстыра отырып, жергiлiктi әкiмшiлiк органдары ұйымдастырады және олар аудандық (қалалық) әкiмшiлiк органдарының қарауында болады. 
      Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi базасында Бағдарлама бойынша шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен оқу-дала жиындары өткiзiледi. 
      Бұл лагерлер оқу-дала жиындарын өткiзуден босаған кездерде шаруашылық, кәсiподақ, спорттық-жастар, туристiк ұйымдарға тұрғындармен қорғаныс-бұқаралық жұмыстар және басқа да шаралар өткiзу үшiн жалға берiледi. 
      Республикалық әскери мектеп-интернаттары оқу-дала жиындарын ҚССЛ орналасқан аудан лагерi базасында немесе ҚССЛ бар аудан әкiмшiлiгiмен уағдаластық бойынша өткiзiледi. 
      43. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiн ұйымдастыру кезiнде оқушылардың еңбек және демалыс лагерлерiн құру, ұстау және ұйымдастыру тәртiбiнiң санитарлық ережелерi басшылыққа алынады. Мүмкiндiгiнше бұл лагерлер орман алқаптары мен суаттарға жақын жерлерде және сумен жабдықтау бұлақтары бар құрғақ жерлерде ұйымдастырылады. 
      44. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiн ашуға тек жергiлiктi бiлiм беру, денсаулық сақтау, iшкi iстер органдары, әскери комиссариат, жастар iсi, туризм және спорт жөнiндегi комитет, санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, мемлекеттiк өрттен қорғау комитетi өкiлдерiнен аудандық (қалалық) атқарушы органдар құрған комиссия олардың жағдайын тексергеннен кейiн ғана рұқсат берiледi. Тексеру кезiнде лагердiң барлық үй-жайлары мен оқу объектiлерiнiң техникалық жағдайына ерекше назар аударылады. Бұл лагерлердi қабылдау актiсiмен ресiмделедi. 
      45. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiндегi оқу-дала жиындарына: 
      10 күндiкке <*> (мiндеттi әскери қызметке шақырулар алдында өндiрiстен қол үзе отырып) - оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген әскерге шақыру жасындағы жастар; 

 
      <*> Ескерту. Жиындарды өткiзудiң нақты мерзiмдерi атқарушы 
                   органдардың шешiмiмен белгiленедi. 

 
      6 күндiкке - каникулға берiлген уақыт есебiнен; 
      жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 10 класс оқушы - ер балалары - сәуiр - мамыр айларында; 
      кәсiптiк-техникалық мектептердегi бiтiрер алдындағы курстың жастары - маусымда. 
      Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiндегi оқу-дала жиындарына-жастар келу тәртiбiн аудандық (қалалық) атқарушы органдар айқындайды. 
      46. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiне басшылықты жергiлiктi атқарушы органдар жасайды. Олар күрделi қаржы лимиттерiн, материалдық және қаржылық қорларды бөледi, оларды пайдалану тәртiбiн анықтайды, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi қызметкерлерiнiң штатын белгiлейдi. Облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдар қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi қызметкерлерiнiң мiндеттерiн тиiстi әскери комиссариаттарды, бiлiм беру органдарын, жастар iсi, туризм және спорт жөнiндегi комитеттердi қатыстыра отырып, әзiрлейдi; жыл сайын оқу-дала жиындары басталар алдында өндiрiстен қол үзе және негiзгi жұмыс орны бойынша орташа еңбекақыларын сақтай отырып, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнiң бастықтарымен, олардың оқу және тәрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасарларымен, рота командирлерiмен осы лагерлердiң оқу-тәрбие, шаруашылық және қаржы қызметiн анықтайтын заң актiлерiнiң талаптары, оқу және тәрбие жұмыстарын басқару әдiстерi мен нысандары және оқу жиындарына тартылған жасөспiрiмдердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауды қамсыздандыру зерделенетiн ұзақтығы 3 күннен аспайтын оқу-әдiстемелiк сабақтар өткiзудi қамтамасыз етедi: аталған лагерлердiң ұйымдастырылуы мен оның ұсталуына, оларда оқу-дала жиындарының өткiзiлуiне бақылау жасауды жүзеге асырады. 
      47. Аудандық (қалалық) атқарушы органдар қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнiң оқу-тәрбие, шаруашылық және қаржылық қызметтерiне тiкелей басшылық жасайды. Олар лагерлердiң ұйымдастырылуына, жабдықтармен, керек-жарақтармен, оқу құралдарымен, басқа да мүлiктермен, сондай-ақ автокөлiкпен қамтамасыз етiлуiне және жасөспiрiмдерге оқу-дала жиындарының сапалы өткiзiлуiне жауапты болады, олардағы iшкi тәртiп ережесiн әзiрлейдi және бекiтедi; қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi қызметкерлерiн iрiктеудi және тағайындауды жүргiзедi; оқу-дала жиындары басталар алдында взвод, бөлiмше командирлерiмен, дене шынықтыру және жүзу нұсқаушыларымен бiр күндiк әдiстемелiк оқу-сабақтарын өткiзу уақытын белгiлейдi; оқу-дала жиындарына тартылған жастарды киiм нысанымен, олардың денсаулықтарының сақталуы мен нығаюын, жаттығу қару-жарақтарының, шағын калибрлi винтовка мен оның патрондарының, жабдықтардың, керек-жарақтардың, оқу құралдарының, басқа да мүлiктердiң және азық-түлiктiң сақтауын қамтамасыз етедi; кемiнде бiр рет оқу-дала жиындары кезiнде мүдделi органдар өкiлдерiнiң қатысуымен құрылған комиссия оқу-дала жиындарындағы оқу-тәрбие процесiнiң жағдайын тексередi. 
      48. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде жасөспiрiмдермен оқу-дала жиындарын ұйымдастыру мен өткiзудi аталған лагерлер бастықтары, олардың оқу және тәрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасарлары және есеппен 75-100 адамға тағайындалған рота командирiмен, дене шынықтыру және жүзу нұсқаушылары; 25 адамға - взвод командирi, ал әрбiр взводқа 3-тен тағайындалған бөлiмше командирлерi жүргiзедi. 
      49. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң бастығы лагерге күнделiктi басшылық жасайды. Ол оқу және тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы мен жай-күйiне, лагердiң жеке құрамының тәртiбiне, моральдiк-психологиялық жағдайына; тамақтандыру, шаруашылық және қаржы қызметiн ұйымдастыруға, күн тәртiбiн, еңбек туралы заңдарды сақтауға; оқу-материалдық базаның, жаттығу қару-жарақтарының, шағын калибрлi винтовка мен оның патрондарының сақталуына, жай-күйiне және пайдаланылуына; жастардың денсаулық жағдайына; қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң өрт қауiпсiздiгiне толық жауапты болады. 
      50. Жастар iсi, туризм және спорт жөнiндегi комитет қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiн ұйымдастыруға және оның жұмысына тiкелей қатысады, олардың қызметкерлерiне әскери-патриоттық тәрбие беруде, сондай-ақ жастардың дене тәрбиесiне, спорттың әр түрi бойынша нұсқаушыларды iрiктеуге көмек көрсетедi; әскери комиссариаттармен бiрлесе отырып бiр күндiк әдiстемелiк оқу-сабақтарын өткiзедi, жарыстар ұйымдастырады. 
      51. Әскери комиссариаттар осы лагерлердегi оқу-дала жиындарындағы бастапқы әскери даярлықты оқу орындарында өтпеген шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығына оқу-әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады; жиындар басталар алдында аталған санаттағы жасөспiрiмдермен бастапқы әскери даярлықты, сондай-ақ жасөспiрiмдермен автоматтан соғыс патрондарымен атып-үйренудi өткiзу үшiн тағайындалған взвод және бөлiмше командирлерiмен оқу-әдiстемелiк сабақтарын өткiзедi; шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен оқу-дала жиындарын жоспарлау мен ұйымдастыруға көмек көрсетедi. 
      52. Лауазымдарға: 
      а) қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң оқу iсi жөнiндегi орынбасары және рота командирiне: 
      оқу-дала жиындарына оқушы-жасөспiрiмдердiң 2 немесе одан көп взводы тартылатын оқу орындарының бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушылары қатарынан запастағы офицерлер; 
      б) взвод командирлерiне: 
      оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтушi жасөспiрiмдермен оқу-дала жиындарында - бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысы, сондай-ақ тиiстi әскери даярлығы бар әскери мiндеттiлер қатарынан оқу орындарының мұғалiмдерi, оқытушылары, өндiрiстiк оқу шеберлерi, сондай-ақ жастарды оқыту мен тәрбиелеуде тәжiрибесi бар запастағы офицерлер, прапорщиктер, мичмандар; 
      оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен өткiзiлетiн оқу-дала жиындарында - әдетте, оқу-дала жиындарына бастапқы әскери даярлықтан өту үшiн тартылатын жасөспiрiмдерi бар кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс iстейтiн запастағы офицерлер қатарынан әскери мiндеттiлер, сондай-ақ бiлiм беру органдарының келiсiмi бойынша оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлықтың ұйымдастырушы-оқытушылары тағайындалады. 
      Бұдан басқа, жоғары оқу орындары ректорларының келiсiмi бойынша взвод командирлерiне педагогикалық практика кезiнде "Бастапқы әскери даярлық және дене тәрбиесi" мамандығы бойынша оқып жатқан 4 курс студенттерi стажер ретiнде көмекке жiберiлуi мүмкiн. 
      в) бөлiмше командирлерiне: 
      әдетте, жастармен жұмыс жасау тәжiрибесi және әскери тәжiрибесi бар запастағы әскери мiндеттiлер тағайындалады. 
      53. ҚССЛ-дегi оқу-дала жиындарында жасөспiрiмдермен оқу-сабақтарын жүргiзу үшiн взвод, бөлiмше командирлерiн, дене шынықтыру нұсқаушыларын даярлау оқу-дала жиындары басталар алдында өткiзiлетiн бiр күндiк оқу-әдiстемелiк сабақтарда және оқу-дала жиындары кезiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк оқу-сабақтарында жүзеге асырылады. 
      54. Жергiлiктi жерлердегi бiлiм беру органдары, оқу орындары, кәсiпорын, мекеме, ұйым басшылары жасөспiрiмдердi оқу-дала жиындарына әзiрлеудi жүргiзедi және олардың қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiне оқу-дала жиындарынан өту үшiн белгiленген мерзiмде келуiн қамтамасыз етедi, осы лагерлердегi жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығына бақылау жасайды. 
      55. Оқу-дала жиындары кезiнде қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiндегi жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлық жұмыстарын үйлестiру, взвод, бөлiмше командирлерi мен дене шынықтыру нұсқаушыларына әдiстемелiк көмек көрсету үшiн оқу-әдiстемелiк кеңес құрылады. Оның құрамына қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнiң бастықтары, оның орынбасарлары, рота командирлерi мен медицина қызметкерлерi кiредi. 

 
               Оқу-дала жиындарын ұйымдастыру 

 
      56. ҚССЛ-дегi бастапқы әскери даярлыққа: 
      10 класс (II курс) оқушыларының 6 күндiк жиындарына - 48 сағат; 
      оқу орындарында бастапқы әскери даярлықтан өтпеген шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердiң 10 күндiк оқу-дала жиындарына - 60 сағат берiледi. 
      Аталған санаттағы жасөспiрiмдермен өткiзiлетiн оқу-дала жиындары кезiнде қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң бастығы аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың келiсiмi бойынша жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығын және оларға әскери-патриоттық тәрбие беру, взвод және бөлiмше командирлерiмен әдiстемелiк жұмыс жүргiзу жоспарын әзiрлейдi және оны аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар бекiтедi. 
      Әрбiр рота жеке ауысымға оқу-сабақтарының кестесi, ал взводта - оқу-сабақтарының конспект-жоспарлары жасалады. 
      57. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiне оқу-дала жиындарынан өту үшiн жасөспiрiмдер оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысының (мұғалiмдер, оқытушылар, өндiрiстiк оқу шеберлерi), өздерi жұмыс iстейтiн кәсiпорын, мекеме, ұйым өкiлдерiнiң, ал жұмыс iстемейтiн жасөспiрiмдер әскери комиссариат өкiлiнiң басқаруымен келедi. 
      58. Оқу-дала жиындары кезiнде жасөспiрiмдер қатарынан саны 25 адамнан аспайтын взводтар (үш бөлiмше) жасақталады. 3-4 взводтан рота құрылады. 
      59. Жасөспiрiмдердi қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiне орналастыру, күнделiктi тәртiп пен уақытты бөлу, сондай-ақ қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiндегi iшкi наряд қызметi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi iшкi қызметi Жарғысының тиiстi ережелерiне үйлестiрiле әзiрленген Ережесiне сәйкес қарастырылады. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнiң бастығы бекiткен күн тәртiбiнде: 
      таңертеңгi дене шынықтыруға және жуынып-шайынуға, хабарламаға, сапта тұру мен дене жаттығуына, 6 оқу сағаты оқу сабақтарын өткiзуiне; 
      тамақтануға және түстен кейiн 30 минут демалуға, қару-жарағын тазалауға және оқу сабағында қолданылатын мүлiктер мен құралдарды қалпына келтiруiне; 
      өз бетiнше даярлануға, қаhармандық-патриоттық және бұқаралық-спорт жұмыстарына; 
      жасөспiрiмдердiң жеке қажеттiлiктерiне, кешкi серуенi мен тексерулерiне және ұйықтауларына 8 сағаттан кем емес уақыт қарастырылады. 
      Оқу-дала жиындарының әрбiр ауысымы соңында ҚССЛ бастығының басшылығымен жастар iсi, туризм және спорт жөнiндегi комитетiнiң, соғыс және еңбек ардагерлерiнiң, шефтiк әскери бөлiм жауынгерлерiнiң, әскери-оқу орындарының қатысуымен спорттың әскери-қолданбалы түрлерi бойынша қорғаныс-спорттық мерекелерi өткiзiледi. 
      60. Оқу-дала жиындарында жасөспiрiмдермен бастапқы әскери даярлық сабақтарын взвод командирлерi мен дене шынықтыру нұсқаушылары жүргiзедi. Бұдан басқа, жасөспiрiмдердi төзiмдiлiкке, күштiлiкке, шапшаңдық пен ептiлiкке шыңдауға бағытталған бұқаралық-спорт жұмыстары ұйымдастырылады және өткiзiледi. 
      Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде жасөспiрiмдердiң автоматтан атуын ұйымдастыру мен жүргiзу әскери машиналар мен танкiлерден, атыс қаруынан ату Курсына сәйкес жүзеге асырылады. 
      61. Бiтiрушi кластармен өткiзiлген 6 күндiк оқу-дала жиындарының соңында оқу-дала жиындарынан өткендiгi үшiн қорытынды баға қойылады. 
      Оқушы жастардың осы бағалары класс журналының "Оқу-дала жиындары үшiн" деген белгiсi бар жерiне қойылады және оларға бастапқы әскери даярлық бойынша қорытынды баға қою кезiнде ескерiледi. 
      Шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердiң ҚССЛ-дегi оқу дала жиындарында және бiтiрушi кластарда бақылау сабақтарынан алған бағалары негiзiнде бастапқы әскери даярлық бойынша қорытынды баға қойылады. Әскери комиссариаттар шақырылушының есеп карточкасына және шақыру учаскелерiне тiркеу туралы куәлiгiне бастапқы әскери даярлықтың толық курсынан өткендiгi жөнiнде тиiстi жазулар жазады. 

 
          Қауiпсiздiк шаралары, жасөспiрiмдердiң өмiрi мен 
                         денсаулығын сақтау 

 
      62. ҚССЛ бастығы, оның орынбасарлары, рота, взвод және бөлiмше командирлерi, дене шынықтыру нұсқаушылары, медицина қызметкерлерi лагердегi оқушылардың өмiрi мен денсаулығына жауапты болады. Олар күн тәртiбiнiң талаптарын қатаң орындауға, жасөспiрiмдердiң лагерь қызметкерлерiнiң жетегiнсiз лагерь аумағынан кетулерiне жол бермеуге мiндеттi. 
      63. Жасөспiрiмдердiң 10 адамнан аспайтын бөлiмшелер болып бiр мезгiлде тек бассейнде немесе арнайы жабдықталған суаттарда суға шомылуына (қажет болғанда жүзу әдiсiн үйренуiне) ҚССЛ бастығы рұқсат бередi және оны взвод, бөлiмше командирлерi мен дәрiгердiң (медбикенiң) қатысуымен дене шынықтыру және жүзу нұсқаушылары жүргiзедi. Жасөспiрiмдер суға шомылатын жерлерде қажеттi құтқару құралдары мен арнайы әзiрлiгi бар сүңгуiр құтқарушылар дайын тұрулары керек. 
      64. Жасөспiрiмдердi көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалдау үшiн жауапкершiлiк аудандық (қалалық) әкiмшiлiк органдары мен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң бастығына жүктеледi. Жастарды тасымалдау кезiнде көлiктiң техникалық жағдайына, жүргiзушiлер мен машиналардың әзiрлiгiне, қозғалыс кезiнде қауiпсiздiк шараларының сақталуына ерекше назар аударылады. Жасөспiрiмдердi үстi ашық жүк тасымалдау көлiктерiмен және түнгi уақытта жүруге тыйым салынады. 
      65. ҚССЛ-де найзағайдан қорғану құралы болуы керек, үй-жайды өрт сөндiрудiң бастапқы жабдықтарымен, кедергiсiз өтетiн және шығатын жолдармен қамтамасыз етуi қажет. Шатырларға орналасқан кезде онда темекi шегуге, жылыту құралдарын қондыруға, керосинмен жанатын және электрлiк қыздырғыш приборларды пайдалануға, от жағуға тыйым салынады. Лагерде: өрт қауiпсiздiгiнiң шаралары туралы нұсқаулық, өрт және табиғат апаттары кезiнде адамдарды қоныс аудару жоспары әзiрленуi керек. Взвод командирлерi қатарынан тағайындалған лагерь кезекшiсi, рота бойынша кезекшiлер мен iшкi наряд өрт қауiпсiздiгi шараларының сақталуына жауап бередi. 

 
                        Оқу-материалдық база 

 
      66. Оқу-дала жиындарын өткiзу үшiн ҚССЛ-нiң оқу-материалдық базасын мынадай объектiлер: жаттығу қару-жарақтары мен шағын калибрлi винтовкаларды сақтау үшiн арнайы жабдықталған бөлме; бiр мезгiлде екi взводпен бiрдей оқу-сабақтарын өткiзудi қамтамасыз ететiн тактикалық алаң; қаhармандық-патриоттық жұмыстар жүргiзуге арналған бөлме (қалқа); 200 метрлiк атыс алаңы (тир); 25-30 метрлiк тир; бiр ауысым жасөспiрiмдерiнiң бiр мезгiлде сапқа тұруын және екi взводпен бiрдей саптық әзiрлiк жүргiзудi қамтамасыз ететiн сапқа тұру алаңы; екi взводқа бiр класс (қалқа) есебiмен кластар (қалқалар); жүгiруге арналған жолдары бар спорт қалашығы; футбол алаңы; гимнастикалық қалашық; екi бағытқа бағытталған бiрыңғай кедергiлер алаңы; волейбол, баскетбол, қол добы, стол теннисi алаңдары; табиғи суаттардағы ашық немесе "ОСВОД" үлгiсiндегi жиналмалы-құрастырмалы бассейн; сақшы мiндеттерiн практикалық зерделеуге арналған алаң; рота бойынша кезекшiнiң қызметiн нақты атқаруы үшiн Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi iшкi қызметiнiң Жарғысына сәйкес жабдықталған орын құрайды. 
      ҚССЛ-iн құрал-саймандармен, керек-жарақтармен, оқу құралдары және басқа мүлiктермен қамтамасыз етудi Бағдарламаға қосымша Типтiк тiзiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. 
      Макеттердi - Калашников автоматының көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi арқылы ақы төлеп алады. 
      67. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi оқу-дала жиындарында бастапқы әскери даярлық оқу-сабақтарын жүргiзу үшiн ҚССЛ-iн жаттығу қару-жарағымен, шағын калибрлi винтовка және оның патрондарымен, инженерлiк қару-жарақ құралдары және жеке қорғану құралдарымен, радиациялық және химиялық барлау приборларымен Бағдарламаға қосымша Табель бойынша тегiн қамтамасыз етедi. 
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң үлес берушi органдары қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiне жаттығу қару-жарақтары мен шағын калибрлi винтовкалар мен патрондарды әскери комиссариаттар арқылы бередi. Оларды алу, беру, әскери комиссариаттарға дейiн тасымалдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құрамаларында, бөлiмдерi мен мекемелерiнде атыс қарулары мен оқ-дәрiлердi есепке алуды ұйымдастыру, сақтау және беру жөнiндегi Нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң 1994 жылғы 9 тамыздағы N 151 бұйрығы). 
      68. ҚССЛ-дiң табельдiк жаттығу қару-жарақтары мен техникасы оқу-дала жиындарынан бос уақытта әскери комиссариаттарға сақтау үшiн тапсырылады. Әскери комиссариаттарға қару-жарақ пен техниканы жеткiзу тәртiбiн аудан (қала) Әкiмi белгiлейдi. Жаттығу қару-жарақтарын, шағын калибрлi винтовкалар мен оның патрондарын есепке алу, сақтау, сондай-ақ оларды ҚССЛ-дегi өтетiн оқу-сабақтарына беру "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құрамаларында, бөлiмдерi мен мекемелерiнде атыс қарулары мен оқ-дәрiлердi есепке алуды ұйымдастыру, сақтау және беру жөнiндегi Нұсқаулыққа" (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 1994 жылғы 9 тамыздағы N 151 бұйрығы) сәйкес қатаң жүргiзiледi. 

 
              ҚССЛ-iн қаржыландыру және қызметкерлерге 
                        еңбек ақы төлеу 

 
      69. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiн қамтамасыз етуге кеткен шығындар аудан (қала) Әкiмiнiң осы мақсаттарға бөлген қаражаты есебiнен алдағы жылға бекiткен сметасы бойынша жүргiзiледi. 
      70. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу жалпы бiлiм беретiн мектептердегi жоғары класс оқушыларының мектеп, сауықтыру, қорғаныс-спорттық, еңбек және демалыс лагерлерiнiң қызметкерлерiне көзделген тәртiп пен шарт бойынша жүргiзiледi. 
      Сонымен қызметтiк еңбек ақы: 
      қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң бастығына - лагерь бастығының жалақысы мөлшерi деңгейiнде белгiленедi; 
      әкiмшiлiктiң басқа қызметкерлерiне берiлетiн жалақы мөлшерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң барлық бюджеттiк салаға белгiленген тәртiбiмен реттеледi. 
      Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерi бастығының, оның орынбасарларының, взвод және бөлiмше командирлерiнiң лагерде атқаратын қызметi бойынша лауазымдық жалақысы негiзгi жұмыс орны бойынша алатын еңбек ақысынан төмен болған жағдайда, негiзгi жұмыс орнындағы еңбек ақысы 50 проценттiк үстеме ақымен сақталады. 
      Белгiленген жұмыс уақытынан тыс артық iстеген еңбегi үшiн оларға айлық жалақысының (лауазымдық жалақысының) 15 процентi мөлшерiнде қосымша ақы төленедi. 
      ҚССЛ-де жасөспiрiмдермен бастапқы әскери даярлық сабақтарын өткiзу үшiн тартылған штаттан тыс мамандарға еңбек ақы взвод командирiне берiлетiн жалақы мөлшерi есебiнен педагогикалық жұмыстың нақты көлемiне төленедi. 
      71. ҚССЛ-дегi оқу-дала жиындарына тартылған жасөспiрiмдердi тамақтандыру тегiн жүргiзiледi. Олар республикалық әскери мектеп-интернаттарының оқушылары үшiн белгiленген тамақтандыру шығындарының ақшалай есеп нормасын пайдаланады. 

 
           ҚССЛ-дегi есепке алу және есептiлiк жұмыстары 

 
      72. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзiледi және есептiлiк жасалады. 
      Аудан (қала) Әкiмi азық-түлiктiң келiп түсуiн, сақталуын және дұрыс жұмсалуын, жабдықтардың, керек-жарақтардың, оқу құралдары мен басқа да мүлiктердiң, жаттығу қару-жарағының, шағын калибрлi винтовканың, инженерлiк қару-жарақ құралдары мен жеке қорғану құралдарының нақты қанша екендiгiн, есебiн, есеп құжаттарының жағдайын үнемi тексерудi қамтамасыз етедi. 
      73. Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерiнiң жұмысы аяқталғаннан кейiн жергiлiктi атқарушы органның комиссиясы материалдық құндылықтардың, жаттығу қару-жарақтарының, шағын калибрлi винтовкалар мен оның патрондарының, инженерлiк қару-жарақ құралдары мен жеке қорғану құралдарының барлық түрлерiн мiндеттi түрде түгендей отырып, оның қаржылық-шаруашылық қызметiне құжаттық тексеру жүргiзедi. 

 
         IХ. Жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығын 
             материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету 

 
      74. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бастапқы әскери даярлықты жүргiзу үшiн оқу орындары мен ҚССЛ-iн табель және норма бойынша жаттығу миналарымен, гранаталарымен, кiшкене жол күректерiмен және жеке қорғану құралдарымен, радиациялық және химиялық барлау мен дозиметриялық тексеру аспаптарымен өтеусiз қамтамасыз етедi. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi ҚССЛ-iн жаттығу қару-жарағымен, шағын калибрлi винтовка және оның патрондарымен қамтамасыз етедi. 
      75. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң үлес берушi органдары қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiне жаттығу қару-жарақтарын, техника мен шағын калибрлi винтовкалар мен патрондарды әскери комиссариаттар арқылы бередi. 
      76. Әскери комиссариаттардың жаттығу қару-жарақтарын, оқу құралдары мен техникаларын сұратып алуы Қорғаныс министрлiгiнiң үлес берушi органдарына жыл сайын 1 қазанда ұсынатын оқу мүлiктерi мен техникаларының әрбiр түрi бойынша жеке-жеке жылдық есеп-тапсырыс жөнiндегi Табельде көзделген мөлшер мен мерзiмге сәйкес жүргiзiледi. 
      77. Әскери комиссариаттардың әскери бөлiмдер қоймаларынан жаттығу қару-жарақтарын, оқу құралдары мен техникаларын беру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi үлес берушi органдарының наряды (жүк беру құжаттамасы) бойынша жүргiзiледi. Оқу құралдары мен техника жинақталған түрде техникалық құжатпен бiрге (суреттермен, сызбамен, нұсқаулықтармен және т.б.) берiледi. 
      78. Жаттығу қару-жарақтарын, оқу құралдары мен техниканы алуды әскери комиссариат өкiлдерi өздерiнiң жеке басын куәландыратын сенiмхат пен құжаттарды (паспорт, жеке куәлiгi) көрсеткен соң жүзеге асырады. 
      79. Жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығын өткiзуге арналған жаттығу қару-жарақтарын, оқу құралдары мен техниканы тасымалдау әскери тасымалдау үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Тасымалдау төлемi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң сметасы баптарының кредиттерi есебiнен жүргiзiледi. 
      Әскери комиссариаттардан ҚССЛ үшiн жаттығу қару-жарақтарын, оқу құралдары мен техниканы жеткiзу әкiмшiлiк органдарының күшi мен қаражаты арқылы жүзеге асырылады. 
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң үлес берушi органдары мен әскери бөлiмдерi қоймаларынан оқу мүлiктерi мен техниканы жiберу оларды әскери комиссариаттар өкiлдерi қабылдап алғаннан кейiн немесе өкiлдердiң қабылдануынсыз алушының жазбаша келiсiмi бойынша жүргiзiледi. 
      Жаттығу қару-жарақтары мен техникасын тасымалдауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi үлес берушi органдарының өтiнiмi бойынша әскери қатынас қызметiнiң бастығы жоспарлайды. 
      80. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi оқу орындары мен ҚССЛ-iн олардың өтiнiмдерi бойынша азаматтық қорғаныс мүлiктерiмен бiлiм беру және атқарушы органдардың қаржысы есебiнен қамтамасыз етедi. 
      81. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi оқу орындары мен ҚССЛ-iн өтiнiмдерi бойынша медициналық-санитарлық даярлық жөнiндегi табельдiк медициналық мүлiктермен өздерi қарауына жататын министрлiктер мен ведомстволар қаражаты есебiнен бағынысындағы денсаулық сақтау органдары арқылы қамтамасыз етедi. 
      82. Оқу орындарында бастапқы әскери даярлық Бағдарламасына сәйкес оқу-материалдық база құрылады және ол үнемi жетiлдiрiлiп отырылады. Оған: бастапқы әскери даярлық кабинетi (класы); бастапқы әскери даярлық, өмiр қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс бойынша арнаулы мүлiктердi сақтау бөлмесi; саптық әзiрлiк оқу-сабақтарын өткiзу алаңы, кезекшi мiндеттерiн практикалық зерделеу орны, дене тәрбиесi сабағына арналған орын, оқу-көрнекi құралдары мен оқытудың техникалық жабдықтары жатады. 

 
            Х. Жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығына 
                           бақылау жасау 

 
      83. Жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығына бақылау жасауды: 
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен, Жастар iсi, туризм және спорт министрлiктермен бiрге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жоспарлары бойынша; 
      атқарушы органдардың жоспарлары бойынша; 
      төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармалармен, бiлiм беру және денсаулық сақтау органдарымен бiрге жастар iсi, туризм және спорт комитетi өкiлдерiнiң қатысуымен әскери комиссариаттар (жеке мәселелер бойынша дербес) жүзеге асырады. 
      Қарауында оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар, сондай-ақ жергiлiктi жерлердегi оларға бағынатын органдар жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығына бақылау жасауды өз жоспарлары бойынша жүзеге асырады. 
      84. Оқу орындарында жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлық жағдайы, сондай-ақ қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде жасөспiрiмдердiң оқу-дала жиындарының ұйымдастырылуы мен өткiзiлуi қажет болған жағдайда тексерiледi. 
      Жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығының жағдайы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған оқу орындары бiр жылдан кейiн қайта тексерiледi. Оқу орындарында жасөспiрiмдердiң Бағдарламаны меңгеру сапасы мен оқу-материалдық базасының жағдайы тексерiледi. Бұдан басқа мынадай мәселелер: 
      Бағдарламаның орындалуы; 
      бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының әдiстемелiк даярлығы мен оқу орны директоры тарапынан бастапқы әскери даярлыққа басшылық жасаудың жағдайы зерделенедi. 
      85. Оқу-орындарындағы жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығының жағдайына жалпы баға беру жасөспiрiмдердiң Бағдарламаны меңгеру сапасына және осы даярлықты өткiзу үшiн оқу-материалдық базасының жай-күйiне берiлген бағадан шығарылады. 
      Осы мәселелердi тексеру және баға беру негiзiнде, бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушыларының оқу Бағдарламасын орындауын, оқу сабақтарын сапалы өткiзуiн есепке ала отырып, мектеп директоры тарапынан бастапқы әскери даярлыққа басшылық жасау деңгейi, бастапқы әскери даярлық ұйымдастырушы-оқытушысының кәсiптiк және әдiстемелiк даярлығы жөнiнде қорытынды жасалады. 
      86. 10, 11 кластардағы (2-3 курстардағы), кем дегенде бiр взводты (20-25 адам) құрайтын жасөспiрiмдердiң Бағдарламаның өткен материалдарын меңгеру сапасы, әдетте жеке баға қоюмен тексерiледi. 
      Бiр взводты тексеру үшiн бастапқы әскери даярлыққа бөлiнген оқу уақытының кем дегенде үш сағаты берiледi. Жеке баға алу үшiн жасөспiрiм бiр тексеру сауалына жауап бередi және Бағдарламаның бiр бөлiмi бойынша бiр практикалық жұмысты (нормативтi) орындайды. 
      Практикалық жұмыстың (нормативтiң) орындалуына берiлген баға айқындаушы болып табылады. 
      Жасөспiрiмдердiң алған жеке бағалары негiзiнде Бағдарламаны меңгеру сапасы үшiн оқу орындарына мынадай: 
      егер тексерiлген барлық оқушылардың кем дегенде 90 процентi дұрыс баға, оның iшiнде 50 процентi "үздiк" деген баға алғанда "үздiк"; 
      егер тексерiлген барлық оқушылардың кем дегенде 80 процентi дұрыс баға, оның iшiнде 50 процентi "үздiк" және "жақсы" деген бағалар алғанда - "жақсы"; 
      егер тексерiлген барлық оқушылардың кем дегенде 70 процентi дұрыс баға алғанда - "қанағаттанарлық"; 
      егер тексерiлген барлық оқушылардың кем дегенде 30 процентi қанағаттанарлықсыз баға алғанда - "қанағаттанарлықсыз" деген баға берiледi. 
      87. Оқу орны оқу-материалдық базасының жағдайы: 
      егер арнайы жабдықталған бастапқы әскери даярлық кабинетi, бастапқы әскери даярлық, өмiр қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс бойынша арнаулы мүлiктердi сақтау бөлмесi, саптық әзiрлiк сабақтары алаңы, кезекшi мiндеттерiн практикалық зерделеу орны, дене тәрбиесi бойынша оқу-жаттығу орны бар болса; табельдiк оқу-мүлкi мен техниканы сақтау және есепке алу белгiленген талаптарға сәйкес қатаң түрде ұйымдастырылса - "үздiк"; 
      егер "үздiк" деген бағаға сай оқу-материалдық базаның барлық элементтерi болып, бiрақ кезекшi мiндеттерiн практикалық зерделеу орны толық жабдықталмаған болса, оқу мүлкi мен техниканы сақтау және есепке алу белгiленген талаптарға сәйкес қатаң түрде ұйымдастырылса - "жақсы"; 
      егер "үздiк" деген бағаға сай оқу-материалдық базаның барлық элементтерi болып, бiрақ мүлiктердi сақтау бөлмесi, кезекшi мiндеттерiн практикалық зерделеу орны толық жабдықталмаса, оқу мүлкi мен техниканы сақтау және есепке алу белгiленген талаптарға сәйкес қатаң ұйымдастырылса - "қанағаттанарлық"; 
      егер барлық тиістi элементтердiң үш немесе одан да көп элементтерi жабдықталмаса, "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады. 
      88. Оқу орындарындағы шақыруға дейiнгi және шақырылу жасындағы жасөспiрiмдердi бастапқы әскери даярлаудың жалпы жағдайы: 
      егер оқып жүргендердiң Бағдарламаны меңгеру сапасы "үздiк" деп бағаланса, ал оқу-материалдық базасының жағдайы "жақсы" деген бағадан төмен болмаса - "үздiк"; 
      егер оқып жүргендердiң Бағдарламаны меңгеру сапасы "жақсы" деп бағаланса, ал оқу-материалдық базасының жағдайы "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен болмаса - "жақсы"; 
      егер оқып жүргендердiң Бағдарламаны меңгеру сапасы, оқу-материалдық базасының жағдайы "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен болмаса - "қанағаттанарлық"; 
      егер көрсеткiштердiң бiрi "қанағаттанарлықсыз" болса - "қанағаттанарлықсыз" деп бағаланады. 
      Жеке мәселелердi тексеру кезiнде оқу орнындағы бастапқы әскери даярлықтың жағдайына жалпы баға қойылмайды. Тексеру аяқталған соң талдау жасалады. 
      Оқу орындарындағы бастапқы әскери даярлықтан өтпеген шақырылу жасындағы жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн оқу-дала жиындарын тексеру кезiнде қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiндегi оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру деңгейi, оқу-материалдық базасының Бағдарламаға сәйкес келуi, iшкi тәртiп жағдайы мен күн тәртiбiнiң орындалуы, тиiстi атқарушы органдар, әскери комиссариаттар, жастар iсi, туризм және спорт жөнiндегi комитеттер тарапынан осы жиындарға оқу-әдiстемелiк басшылық жасаудың деңгейi жайлы қорытынды жасалады. Жасөспiрiмдердiң бiлiм сапасы мен дағдысы тек Бағдарламада көзделген тексеру сабақтарында ғана тексерiледi. 
      89. Оқу орындарындағы жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлық, сондай-ақ аудан, қала, облыстардағы қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерiнде жасөспiрiмдермен оқу-дала жиындарын ұйымдастыру мен өткiзу жағдайын тексерудiң нәтижелерi жөнiнде тексеру қорытындысының актiсi жасалынады және қарауында осы оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар өкiлдерiнiң қатысуымен талдау жүргiзiледi. 
      Тексерудiң нәтижелерi жергiлiктi атқарушы органдарға хабарланады. Актiлер (бiр данадан) республика, облыс әскери комиссарларына, ал әскери комиссариаттардың комиссиялары тексерген кезде қалалық, аудандық әскери комиссарларға жiберiледi. Кез келген комиссияның тексеру жөнiндегi барлық актiлерi (бiр дана) қарауында оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволарға жiберiледi. 
      Жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығы жайлы Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жүргiзген тексерудiң нәтижелерi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне жеткiзiледi, ал, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi өздерi жүргiзген тексерудiң қорытындыларын Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне хабарлайды. 
      Жеке мәселелер бойынша тексерудi өткiзу кезiнде оқу орындарындағы жасөспiрiмдердiң бастапқы әскери даярлығын, ҚССЛ-дегi оқу-дала жиындарын тексеруге нұсқау берген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жоғары оқу орындары және әскерден тыс даярлау бөлiмi бастығының атына анықтама-баяндама дайындалады. 
      90. Жасөспiрiмдердi бастапқы әскери даярлау мәселелерi жөнiндегi қызметтiк қатынас хаттары бағыныстығы бойынша қатаң түрде жүргiзiледi. 
      Әскери комиссариаттар, бiлiм беру органдары өткен оқу жылындағы жастардың бастапқы әскери даярлығы жөнiндегi қорытынды баяндамаларды бағыныстығы бойынша, ал қарауында оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне жыл сайын 30 қыркүйекте ұсынады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады