Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.11.23 № 17-03/505 Бұйрығымен.
1. Осы тәртіп жойылып кету қаупіндегі (СИТЕС) табиғи фауна мен флораның түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы Конвенцияның талаптарына сай белгіленді.
2. Қосымшаларда аталған жануарлар түрлері "Үлгі" деп аталады және олармен жасалатын экспорттық және реэкспорттық, импорттық операциялар осы тәртіп бойынша реттеледі.
3. Қазақстан Республикасы территориясында Үлгілер экспорты, реэкспорты, импорты және транзитті тасымалы Қазақстан Ғылым министрлігі - Ғылым Академиясының (бұдан әрі "Ғылыми орган") Жануарлар генофонды және зоологиясы институтымен келісілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Табиғи жерлері ерекше қорғалатын жануарлар және өсімдік әлемін үнемді пайдалану және қорғау Басқармасының (бұдан әрі "Басқарма") рұқсатымен жүргізіледі.
4. Хайуанаттар бақтарының үлгілерін экспорттау, реэкспорттау, импорттау немесе транзитті тасымалдаудың өтінімінің бірінші данасы Басқармаға, екінші данасы Ғылыми органға жіберіледі.
Өтінімде мыналар көрсетілуі қажет:
4.1. Өтінім берушінің толық аты (мекен-жайы, реквизиті);
4.2. Үлгілердің аты-жануар түрінің жалпы қабылданған қазақша, орысша және ғылыми (латынша) аты;
4.3. Үлгіні баяндау (тірі, өлі, терісі, тұлпы, жұмыртқасы, мүйізі және т.б.);
4.4. Жасы, жынысы, саны;
4.5. Шығу елі;
4.6. Шығу сипаты (қолда өсірілді немесе шығарылды, табиғатта ұсталды, жергілікті жұрттан қабылданды немесе алынды, реэкспортталады);
4.7. Импорттаушы елде пайдалану мақсаты;
4.8. Экспортқа шығарушы (ел, ұйым және оның мекен-жайы);
4.9. Импорттаушы (ел, ұйым және оның мекен-жайы).
5. Өтінімге мыналар тіркеледі:
5.1. Жануарлардың көбею жағдайының нақтылығын және өмірге бейім төл алуға болатындығын куәландыратын хайуанаттар бағын, жануарлар әлемін қорғаудың облыстық мемлекеттік инспекциясының, Ғылыми органның, Басқарманың мамандарының құрамындағы құзыретті комиссияның акті.
5.2. Үлгінің заңды түсуінің (табиғатта ұсталды, алынды, жұрттан қабылданды және басқалар) актісі.
5.3. Үлгілердің басы артығын өткізу, ғылыми мақсатта уақытша ұстай тұру немесе көбейту мақсатында ауыстыру негізінде хайуанаттар бақтарының немесе зоологиялық сала мекемелері араларында жасалған келісімнің немесе шарттың көшірмесі.
5.4. Осы үлгі туралы қазақ, орыс, латын, ағылшын тілдерінде толық, нақты анықтама беретін биологиялық карта (құжат) немесе АРКС . ______________________________________________________________ АРКС - жануарлар туралы мәліметтер сақтау жүйесі
5.5. Өтінімге хайуанаттар бағының директоры қол қояды.
6. Ғылыми орган экспорт, реэкспорт, импорт, транзитті тасымал өтінімін 10 күн мерзімінде қарап, Басқармаға жібереді.
7. Басқарма үлгілердің экспорт, реэкспорт, импорт, транзитті тасымал өтінімін алған күннен 5 күнге дейін, кешіктірмей және Ғылыми органның қорытындысын есепке ала отырып қарап, рұқсат етудің түпнұсқасын өтінім берушіге, ал көшірмесін Қазақстан Республикасы жануарлар карантині бойынша инспекциясына немесе ветеринарлық инспекцияға немесе мұндай рұқсат беруге болмайтынын дәлелдеп өтінушіге жібереді.
8. Осы Тәртіптің ережесі СИТЕС 1.2.3. қосымшасының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері Тізбесіне енбейтін хайуанаттар бағының жануарлар үлгілерінің экспортына, реэкспортына, импортына, транзитті тасымалына қолданылмайды, олармен операция жасау Басқармамен келісіліп, хайуанаттар бағы дирекциясы арқылы іске асырылады.
9. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының барлық хайуанаттар бақтарында сақталуға жатады.
Қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
хайуанаттар бақтарының жануарлармен
импорттық және экспорттық операциялар
жасауды іске асыру, басқа да зоологиялық
салалық мекемелермен оларды алмастыру
Тәртібіне
Бекітілген Тәртіпке сәйкес Қазақстан
Республикасының хайуанаттар бақтарының
жануарлар түрлерімен импорт, экспорт
және айырбас жасаудың реттелген
ТІЗБЕСІ
Жануарлар Животные
Сүтқоректілер Млекопитающие
Приматтар Приматы
Мақыр лемурлар Карликовые лемуры
Тышқан лемур I Мышиный лемур
Ойналықтар Игрушковые
Қарапайым ойнақты I Обыкновенная игрушка
Капуциндер тұқымдасы II Капуциновые
Түн маймыл II Ночная обезьяна
Кәдімгі (тиін) Обыкновенный (беличий)
Саймири Саймири
Лорилер Лориевые
Жуан лори II Толстый лори
Сенегал галагосы II Сенегальский галаго
Мартышкалар Мартышковые
Қоңыр макак II Бурый макак
/қызылбет, аю/ /краснолиций, медвежий/
Ява макагі II Яванский макак
Жапон макагі II Японский макак
Резуе макагі II Макак резус
Лапундер II Лапундер
/шошқақұйрық макак/ /свинохвостый макак/
Павиан анубис II Павиан анубис
Гамадрил II Гамадрил
Сфинке павианы II Павиан сфинкс
/гвинея/ /гвинейский/
Жасыл мартышка II Зеленая мартышка
Кіші ақмұрын мартышка II Малая белоносая
мартышка
ЖЫРТҚЫШТАР ХИЩНЫЕ
Ит тұқымдас жыртқыштар Псовые
Шибөрі III Шакал азиатский
Қасқыр II Волк
Қара қасқыр /канадалық/ II Черный волк /канадский/
Жалды қасқыр II Волк гривистый
Аюлар тұқымдасы Медвежьи
Қоныр аю II Бурый медведь
Тяньшань қоңыр аюы I Медведь бурый
тяньшанский
Ақ аю II Медведь белый
Уссурий ақтөс II Уссурийский белогрудый
аюы /гималай/ /гималайский/ медведь
Жанат тәрізділер Енотовые
Тұмсықты жанат ІІІ Несуха обыкновенная
Виверралар Виверровые
Малаи мусангі III Мусанг малайский
Мысықтылар Кошачьи
Амур орман мысығы II Кот лесной амурский
Қамыс мысығы немесе хаус II Кот камышовый или хаус
Дала мысығы II Кошка степная или
пятнистая
Сілеусін II Рысь
Европа орман мысығы II Кошка лесная
европейская
Сомбарыс I Ягуар
Қабылан I Леопард
Бенгал жолбарысы I Бенгальский тигр
Амур жолбарысы II Амурский тигр
Тау барысы I Снежный барс, или ирбис
Арыстан II Лев
Сервал II Сервал
Бабыр II Черная пантера
Парсы қабыланы II Персидский леопард
ТҰМСЫҚТЫЛАР ХОБОТНЫЕ
Піл тұқымдастылар Слоновые
Үнді пілі I Слон индийский
ТАҚТҰЯҚТЫЛАР НЕПАРНОКОПЫТНЫЕ
Ат туыстығы Лошадиные
Түркімен құланы II Туркменский кулан
Тұзат I Лошадь Пржевальского
Тапирлар тұқымдасы Тапировые
Жазықтық тапирі II Тапир равнинный
ЖҰПТҰЯҚТЫЛАР ПАРНОКОПЫТНЫЕ
Бегемоттар тұқымдасы Бегемотовые
Кәдімгі бегемот II Бегемот обыкновенный
Түйелер тұқымдасы Верблюдовые
Түйетек II Гуанако
Бұғылар тұқымдасы Оленьи
Бұхар бұғысы II Олень бухарский
Қуысмүйізділер тұқымдасы Полорогие
Жалды қой II Баран гривистый
Гарна киігі III Антилопа гарна
Иірмүйіз ешкі I Козел винторогий
Арқар II Горный баран /архар/
Құстар Птицы
Нанду тәрізділер Нандуобразные
Нандулілер Нандувые
Үлкен нанду II Нанду большой, или с
северный
Бірқазан тәрізділер Пеликанообразные
Бірқазандылар Пеликановые
Бұйра бірқазан I Пеликан кудрявый
Дегелек тәрізділер Аистообразные
Дегелек тәрізділер Аистовые
Қара ләйлек II Аист черный
Дегелек-Марабу III Аист-марабу
Құтандар тұқымдасы Ибисовые
Жалбағай II Колпица обыкновенная
Қоқиқаздылар ІІ Фламинговые
Қоқиқаз II Красный фламинго
Қазтәрізділер Гусеобразные
Үйрек тұқымдасы Утиные
Гавайя қарашақазы I Казарка гавайская, или
нене
Сұңқар тәрізділер Соколообразные
Америка құмайлары Американские грифы
Анд құмайы I Кондор андский
Қарлығалар тұқымдасы Ястребиные
Қаршыға II Ястреб-тетеревятник
Қырғи II Ястреб-перепелятник
Тазқара II Гриф черный
Бүркіт II Беркут
Қарақұс I Орел-могильник
Дала қыраны II Орел степной
Кіші шаңқылдақ II Подорлик малый
Жамансары II Канюк обыкновенный
Қыс жамансары II Зимняк или канюк зимняк
Тілеміш II Канюк-курганник
Жыланжегі II Змееяд
Түз құладыны II Лунь болотный
Шалғын құладыны II Лунь луговой
Сақалтай II Бородач
Ақбас құмай II Сип белоголовый
Құмай II Кумай или сип
гималайский
Аққұйрықты субүркіт I Орлан-белохвост
Ақиық субүркіт I Орлан белоголовый
Ақиық субүркіт I Орлан белоплечий
Қырғи қыран II Орел ястребиный
Кезқұйрық II Коршун черный
Жұртшы II Стервятник
Аражегіш II Осоед /обыкновенный/
Сұңқарлар тұқымдасы Соколиные
Жерорта теңіз қыраны II Средиземногорский сокол
Ителгі II Балобан
Ақ сұңқар I Кречет
Лаггар II Лаггар
Дала құйкентайы II Пустельга степная
Бидайық I Шахин, или сокол
рыжеголовый
Жағалтай II Чеглок
Күйкентай II Пустельга обыкновенная
Бөктергі II Кобчик
Тауық тәрізділер Курообразные
Қырғауылдақ тұқымдасы Фазановые
Құлақты тибет қырғаулы I Фазан ушастый
тибетский
Тайвань қырғаулы I Фазан тайванский, или
Суинхо
Эллиот қырғаулы I Фазан Эллиота
Хьюм қырғаулы I Фазан Хьюма
Микадо қырғаулы I Фазан-микадо
Тырна тәрізділер Журавлеобразные
Ақбас тырна II Журавль-красавка
Тырна II Журавль серый
Үнді тырнасы II Индийский журавль
/антигона/
Тәжді тырна II Восточный венценносный
журавль
Дуадақтар тұқымдасы Дрофиные
Дуадақ I Дрофа-красотка, или
джек
Тоты тәрізділер Попугаеобразные
Гоффин какадуы I Какаду Гоффина
Крамера алқалысы III Попугай ежероловый
Крамера
Көкек тәрізділер Кукушкообразные
Тураковтілер тұқымдасы Тураковые
Пере туракосы II Турако перса
/гвинейский/
Жапалақ тәрізділер Совообразные
Жапалақтар тұқымдасы Настоящие совы
Саз жапалағы II Сова болотная
Құлақты жапалақ II Сова ушастая
Байғыз II Сыч дымовой
Үкі II Филин
Ақ жапалақ II Сова белая
Сұр жапалақ II Неясыть серая
Ұзын құйрық жапалақ II Неясыть длиннохвостая
Торғай тәрізділер Воробьинообразные
Сулыкештер тұқымдасы Овсянковые
Қызылайдарлы кардинал II Кардинал краснохохлый
БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАУЛАУШЫЛАР РЕПТИЛИИ
Тасбақалар Черепахи
Далалық тасбақалалар Сухопутные черепахи
Дала тасбақасы II Степная черепаха
Қызылаяқ тасбақа II Красноногая /угольная/
черепаха
Сейшел тасбақасы II Сейшельская черепаха
Крокодилдер Крокодилы
Аллигаторлар Аллигаторовые
Қытай аллигаторы I Китайский аллигатор
Қайман крокодилі I Крокодиловый кайман
Кәдімгі крокодилдер Настоящие крокодилы
Ніл крокодилі I Нильский крокодил
Куба крокодилі I Кубинский крокодил
Кесірткелер Ящерицы
Геккондылар Гекконовые
Пуссила күндік гекконы II Дневной Геккон Пуссила
Мадагаскар күндік гекконы II Дневной мадагаскарский
гекконы /фельзума/ геккон /фельзума/
Агамдылар Агамовые
Кәдімгі тікенқұйрық II Обыкновенный шипохвост
Үнді тікенқұйрық II Индийский шипохвост
Әшекейлі тікенқұйрық II Украшенный шипохвост
Құбылғылар Хамелеоновые
Иемен құбылғысы II Иеменский хамелеон
Кеселділер Варановые
Сұр кесел I Серый варан
Игуандылар Игуановые
Жасыл игуана II Зеленая игуана
Жыландар Змеи
Жыландар немесе жалған Удавы или ложнологие
аяқты жыландар змеи
Тарғыл питон II Темный тигровый питон
Король питоны II Королевский питон
Торлы питон II Сетчатый питон
Индонезия су питоны II Индонезийский водяной
питон
Кәдімгі жылан II Обыкновенный удав
Куба жыланы II Кубинский удав
Сұнғақ жылан II Стройный удав
Парагвай анакондасы II Парагвайская анаконда
Құм жылан II Удавчик восточный
оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.